Материалдар / Қазақстан тарихынан кездесетін қиындықтар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақстан тарихынан кездесетін қиындықтар

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды қорытынды аттестаттау мен ҰБТ-ға дайындауға мүмкіндік береді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Маусым 2018
629
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың мақсаты: оқушыларға қайталау тақырыптары бойынша білім сынақтарында кездескен мәтінді сұрақ арқылы жұмыс жасай отырып, сол тақырыптар аясында нақты деректерді мәліметтер оқып үйрету. Сұрақтан туындаған тақырыпты дәлелдеме арқылы мазмұндап айтуға баулу.

  1. Сұрақ жауаптарын жаттап алам, ал мазмұнын түсінбеймін. Мысалы:

«Сардоба», «коммендация» т.б.

Құдық үстіне тұрғызылған ғимарат...

А) Сардоба

В) кемпіртас

С) терракота

Д) балбық

Е) ташнау

2. Архитектуралық құрылыстарды қай жерде, кімге және қай жылы тұрғызғанын шатастырамын. Мысалы:

Қазақстан мен Қарақалпақстан аралығында тұрғызылған кесене?

А) Көккесене

В) Бабаджа-қатын

С) Білеулі

Д) Жошы хан

Е) Дәуітбек

Көккесене – орта ғасырлардан сақталған архитектуралық ескерткіш, Сырдария өзенінің жағасына (қазіргі Қызылорда облысы Төменарық темір жол торабынан солтүстікке қарай – 5, Сығанақтан оңтүстікке қарай – 8 км) тұрғызылған сәулетті күмбез. Мамыш бектің (Алып Мамыш, Алпамыс) жұбайы Баршын сұлудың (Гүлбаршын) қабіріне салжұқтар заманы сәулет өнерінің үлгісімен биік мұнаралы етіп салынған. Күйдірілген кірпіштен соғылған.

Жошы хан күмбезі – Жезқазған қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 50 км жерде, Кеңгір өзенінің жағасында орналасқан көне архитектуралық ескерткіш. Күмбезде сақталған таңтаңбаларға қарағанда, оны салуға Жошыға бағынған тайпалардың бәрі (оғыз, арғын, қыпшақ, керей, найман, қоңырат, қаңлы т.б.) қатысқан. Тарихи дәстүр бойынша күмбезді қайтыс болған кісінің жылдық асын беруден бұрынырақ жасайтын болған. Соған қарағанда 1227 жылы қайтыс болған Жошыға 1228 жылы күмбез тұрғызылған болу керек.

ҮІІ-ҮІІІ ғ. – Білеулі ғимараты Қазақстан мен Қарақалпақстан шекарасы.

Х – ХІ ғ. – Боран мұнарасы – Жетісуда.

Х – ХІ ғ. – Бабаджа – қатын кесенесі – Таразда 18 км

ХІ – ХІІ ғ. – Айша –бибі кесенесі – Таразда 18 км.

ХІІІ ғ. – Жошы хан. Қаракеңгір

ХІҮ – ХҮ ғ. Алаша хан күмбезі – Ұлытау ауданы Қаракеңгір өзені оң жағында

Алаша хан ордасы – Жезқазған аймағы Жаңғабыл өзені.



  1. Алтын Орда, Ақ Орда, Моғолстан, Батыс Сібір, Ноғай Ордасында т.б. мемлекеттерде ел билеушілерін ретімен жазуға қиналамын.

Мысалы: Ноғай Ордасының негізін қалаған тұлға

А) Едіге

В) Нұраддин

С) Әбілқайыр

Д) Тоғылық – Темір

Е) Ұрыс хан

Ақ Орда хандар тізбесі:

Орда Ежен 1266-1280 жж

Сасы Бұқа 1309 – 1315 жж

Ерзен 1315 – 1320 жж

Мүбәрак 1320 – 1344 жж

Ұрыс хан 1361 – 1376 жж

Тоқтамыс 1376 – 1379 жж

Барақ 1423 – 1428 жж

  1. Қазақ хандарының кестесін шатастырамын. Мысалы: қазақ хандығын басқарған Шығай ханның ұлы?

А) Хақназар

В) Бұрындық

С) Тәуке

Д) Тәуекел

Е) Жәңгір

Тест сұрақтарына дұрыс жауап беру жолдары.

  1. Әрбір сұраққа дұрыс жауап беруге тырысыңыз, дәл сол сұрақ алдыңыздан шығуы мүмкін. Жауап бере алмаған жағдайда, дұрыс жауабын іздеп тап. Күнде бір мөлшерде сұраққа жауап бере отырып, өз-өзіңізді дағдылаңыз.

  2. Тапсырманы, сұрақты түсінбей жатып, жауаптарын оқуға асықпаңыз. Алдымен сізден не сұрап тұрғанын анықтап алыңыз.

  3. Сұрақтағы бес немесе бірнеше жауапты оқып шықпай тұрып, біліп тұрған жауапты білгілемеңіз, өйткені кейбір сұрақтар нақты жауапты қажет етеді.

  4. Бір сұрақтың жауабына күмәндансаңыз, ол сұраққа басқа сұрақтарға жауап бергеннен кейін қайта оралуыңызға болады.

  5. Қателескен сұрақтарыңызға қарап, уайымдамаңыз, өйткені әрбір қате сұрақтың дұрыс жауабын үйренесіз. Сіз үшін ол үлкен олжа.

  6. Мәтін сұрақтарды көріп, «ұзын сұрақ қиын» деп ойлап, оны оқымай тастап кетпеңіз.

  7. Ұзын мәтінді сұрақтардың жауабы көбіне сол мәтіннің ішінде жасырын тұрады.

  8. Тестілеуде дұрыс жауапты тез тапқыңыз келсе, қате деп тапқан жауаптарды сызып тастап, қалған жауаптарға мән беріңіз.

  9. Қазақстан тарихын оқыған кезде «туған елімнің, туған халқымның тарихын біліп алуым керек» деген мақсат қою керек.

  10. Тарихқа дайындалуға жоспар құру қажет. Мысалы күніне 1 – 2 сағат кітапты ашып дайындық жасау қажет, дайындық тұрақты түрде болғаны жақсы.

  11. Дайындық кезінде Қазақстан тарихын ежелгі дәуірден бастап, қазіргі күнге дейінгі аралықты толығымен бір рет оқып шығу қажет. Сол кезде Қазақстан тарихы бойынша жалпы түсінік қалыптасады. Егер дайындықты бірден тест жаттаудан бастасаңыз, онда жатталған сұрақ 2 – 3 аптадан кейін ұмытылып кетеді.

  12. Келесі кезең конспектілеп дайындалу кезеңі басталады. Конспекті жазғанда әдемі және қысқа түрде жазғаны дұрыс. Оның ең тиімді әдісі: белгілі бір тақырыпты оқып шыққаннан кейін, оны қағаз бетіне түсіру. Солкезде мәлімет есіңізде жақсы сақталады.

  13. Тестілерді шешкен кезде жауап беруге қиналған сұрақтарға сұрақ белгісін қойыңыз. Кейін мектеп оқулығынан немесе көмекші оқу құралдарынан іздеп тауып, астын сызып қойыңыз.

  14. Тарихи даталар немесе тарихи тұлғалардың есімдерін есіңізге сақтаған кезе ассоциациялар құрғаныңыз жөн. Мысалы: Кенесары көтерілісі 1837-1847 жылдары болған, яғни 1837 жылындағы «7» санын және 1847 жылындағы «7» байланыстыру арқылы есіңізге сақтаңыз.

  15. Дайындық кезінде жолдастарыңызбен бір-біріңізге сұрақ-жауап қою әдісі де тиімді.

  16. Түрік билеушілерін ретімен айтуға қиналамын.

қағанаттар

билеушілері

Түрік қағанаты

Бумын, Қара Еске, Мұқан, Тобо, Иштеми

Батыс Түрік қағанаты

Тардуш, Шегу, Тон, Ешбар Елтеріс

Түргеш қағанаты

Үшлік, Сұлу, Жыпыр, Тұқарсан Құтшар

Назар аударып (концентрированно) жаттағаннан бөліп жаттаған жақсы. Қатарынан жаттай бергенше үзілістермен жаттаған, бәрін бірден жаттағаннан аздап жаттаған жақсы.

Қайта-қайта жай оқи бергеннен ойша қайталаған анағұрлым тиімді.

Егер үлкен және күшкентай материалмен жұмыс істесең, үлкеннен бастаған дұрыс.



ЛОГИКАЛЫҚ ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАР

Логикалық тест тапсырмаларына дұрыс жауап беру үшін оқушы:

  • Тарихи оқиғалардың бір-бірімен байланысын, тарихи үдерістің тұтастығын түсінуі, білуі;

  • Тарихи материалды талдай алуы, негізгісін ажырата алуы, қоғамдық үдерістер себеп-салдарын, даму заңдылықтарын іріктей алуы;

  • Тарихи фактілерді, оқиғаларды салыстырып, негізгі өзгерістерді тани білуі;

  • Фактілер мен деректерге сүйеніп, өзіндік ой-пікірін логикалық тұрғыдан қорытындылап,тұжырымдай алуы қажет.

Ерте ортағасырлық мемлекетті атаңыз:

А) Ноғай Ордасы

В) Қыпшақ хандығы

С) Қарахан мемлекеті

Д) Оғыз мемлекеті

Е) Найман мемлекеті

Дұрыс жауабы – Д

Тапсырманың бір ғана нақты дұрыс жауабы бар. Оғыз мемлекетінен басқа А,В,С және Е нұсқаларында көрсетілген мемлекеттер дамыған ортағасырлық мемлекеттерге жатады.

Азамат соғысына қатысты термин:

А) Әскери коммунизм

В) Индустрияландыру

С) Жекешелендіру

Д) Жылымық

Е) Ұжымдастыру

Дұрыс жауабы – А

Тапсырманың бір ғана нақты, дұрыс жауабы бар. 1918-1920 жж. Азамат соғысы кезінде әскери коммунизм саясаты жүргізілді. Индустрияландыру ісі 1920 жылдардың екінші жартысында басталса, Жекешелендіру 1921 жылғы ЖЭС уақытына сәйкес келеді. Ал, Қазақстанда Ұжымдастыру 1920 жылдардың екінші жартысына сәйкес келсе, «Жылымық» ұғымы 1950 жылдарда Н.Хрущевтің билік жүргізген уақытында қолданылды.



Алтын Орда хандары. Артығын алып тап.

А) Берке

В) Ахмет

С) Тохты

Д) Ілияс-Қожа

Е) Өзбек

Дұрыс жауабы – Д

Тапсырманың бір ғана дұрыс жауабы бар. А,В,С,Е нұсқаларында берілген тұлғалар Алтын Орданың белгілі хандары. Ал, Ілияс-Қожа Моғолстан мемлекетінің билеушісі.

Оқушыларға кеңес:

Көп оқушыларда емтихан жағдайы айқын жағымсыз эмоцияларды тудырады. Оның нәтижесі емтиханды ойдағыдай тапсыру үшін күштерін жұмсамай, емтиханға байланысты қорқуға көп көңіл бөлінеді.

Энергияны зая жібермей емтиханға қалай максималды тиімді әрі қарай жоғары дайындалуға болады? Емтиханда өзінің жақсы жақтарын көрсетуге және жақсы нәтижеге қалай қол жеткізуге болады?

ҰБТ-ға дайындық бойынша кейбір ұсыныстар:

  • Уақытты ұйқыға үнемдеу қажет емес! Уақытты ұйқыға үнемдеу – тәуліктің басқа уақытында интеллектуалды қызметінің нәтижелілігі төмендеуіне әкеп соқтырады;

  • Емтихандарға мағынасына жетіп қарау керек және интеллектуалдық күшті басты сұрақтарды, курстық мағыналық топтамасын анықтауға бөлу керек;

  • Шағын конспекті, жауаптардың мағыналық топтамасын анықтауға бөлу керек;

  • Өзін сәттілікке бейімдеу.

Қорытынды аттестаттуға және оның дайындығына небір кедергіге төзу ретінде қарамай, маңызды оқу бөліміне сияқты қатысу керек.



Өзін-өзі сендіру формуласы:

Мен толығымен өзімнің тәртібімді қадағалаймын. Мен өз жолымдағы қиындықтарды көріп тұрмын және бұл менің жеке өсуімнің мүмкіндіктері.

  • Мен өз ойым мен сезімімді бақылаймын

  • Менің өзіме деген сенімділігім күн сайын артуда.

  • Менің өз мақсаттарыма қол жеткізуге жағдайым бар және мен қол жеткіземін.

  • Мен өзімді бақытты, дені сау және сәтті оқушы сияқты елестетемін

  • Мен өзімді қалай елестетсем, сондай боламын.

  • Мен сабырлымын және өзіме өзім сенімдімін.



























Е.Ниетқалиев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп









Shape1

Қазақстан тарихынан қорытынды аттестаттауға дайындық кезінде кездесетін қиындықтар және оларды шешу жолдары



12.jpg



















































Мукатов Р.Г.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!