400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"ҚАЗАҚСТАН ТАУЛАРЫ"

Материал туралы қысқаша түсінік
Жалпы орта білім беретін орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар


Сабақтың тақырыбы:

Қазақстан таулары

Мұғалімнің аты-жөні: Жаппаспаева Ж.С.

Күні: 15.10.2018ж.

СЫНЫП: 6 «В»


Қатысқан оқушылар саны:


Қатыспаған оқушылар саны: 0

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

6.3.1.1 - мәтіндегі негізгі және жанама ақпаратты анықтау, өмірдегі кейбір жағдаяттармен байланыстыру;

6.2.5.1 - коммуникативтік жағдаят бойынша диалогке қатысушылар өзара түсінісіп, ойларын толықтырып отыру

Сабақ нәтижесі:

Тірек сөздер мен ұсынылған суреттер арқылы тақырыпты болжау

Бағалау критерийі

Сұраққа жауап береді, жауаптарын дәлелдейді. Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Тілдік құзіреттілік

Белгілі таулар, жоталары, ұзындығы, танымал, жергілікті тұрғындар.

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

география, музыка, әдебиет

Алдыңғы оқу

Жинақтық сан есім

Сабақтың жоспары

Жоспарланған уақыт

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері

Басталуы

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі 2 минут

Телефон ойынын ойнаймыз. Бір оқушыға сөз жасырамын, сол сөзді соңғы адам дауыстап айтып, түсінігін береді.

Топтарға бөлу.

Жасыл, сары, көк түстермен топқа бөлінеді.




1-топ:

Алатау

2-топ: Оқжетпес

3-топ: Тарбағатай


Жаңа білім

10 минут












Оқушыларға тау туралы бейнежазба көрсету.

Жаттығудың сипаттамасы:

Мәтінмен жұмыс.

  1. Алатау тобына туристермен сұхбаттасу.

  2. Оқжетпес берілген мәтін бойынша жарнама құрастыру.

  3. Тарбағатай тобына тауды зерттеуші ретінде жұмыс жасау.

Бағалау критерийлері:

1.Қатесіз жазу

2.Сөздерді дұрыс қолдану

3.Қызықты жасау

4.Таза, анық сөйлеу

5.Сұрақтарды дұрыс құрастыру


1 мәтін.

Алатау — Орталық Азия мемлекеттері мен Ресей Федерациясының Сібірдегі тау жоталарының жалпы атауы. Оларға Күнгей Алатауы, Кузнец Алатауы, Талас Алатауы, Қырғыз Алатауы, Жетісу Алатауы, Iле Алатауы, т.б. жатады. Алыстан қарағанда мұндай таулардың төбесінен етегіне қарай мұздықтар мен көп жылдық қар жапқан ақтаңдақтары тау жоталарына ала түс береді. Атауы соған байланысты. Әдетте, мұндай таулар заңғар биік болып келеді. Тау етектерінде орман, аңғарында таулық шалғын және дала белдемдері алма-кезек орналасқан.

Жетісу және Iле Алатауының халық ұғымындағы жалпылама атауы.

  • 1.Жетісу Алатауы, Жоңғар Алатауы

  • 2.Күнгей Алатауы – Тянь-Шаньдағы тау жотасы

  • 3.Қырғыз Алатауы - Қырғызстандағы таулы жота

  • 4.Талас Алатауы – Тянь-Шаньның батыс сілеміндегі жота

  • 5.Іле Алатауы – Тянь-Шань тау жүйесінің солтүстігіндегі жота.

  • Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында. Ұзындығы 35 км. Бірқатар шыңдары 4500 – 5000 м биіктікке жетеді (Талғар шыңы, 4973 м). Қазіргі мұздықтар да сонда шоғырланған. Іле Алатауы кембрийге дейінгі дәуірдің және төменгі палеозойдың гранит, конгломерат, әктас, құмтас, тақтатастардан түзілген. Іле Алатауында жалпы ауданы 478 км2 болатын 381 мұздық бар. Тау бастарын мәңгі қар мен мұз басқан. Жотаның солтүстік бөктерінде Алматы қаласы, солтүстік беткейінде Іле Алатауы ұлттық табиғи саябағы орналасқан.

  • Алатау - жеріміздің көркі, еліміздің сәні болып саналады. Тауқойнауларындағы сандаған демалыс және сауықтыру орындары, Медеу мұз айдыны, шаңғы спортына арналған кешенді орындар Алатаумәртебесін арттыра түсіп, баурайына жұртшылықты жинай түсуде. Еліміздегі ең ірі, жануарларға бай хайуанаттар бағы да осында. Ал, Алатау бөктерінде, Алматы облысының аумағында өсімдіктер мен хайуанаттарды қорғауға, табиғатты, табиғи ескерткіштерді сақтауға арналған мемлекеттік қорықтар да бар.
    Еліміздің жетпіс жылдай астанасы болған жұмақ қала - Алматы да Алатаудың баурайында. Мұнда сәулет өнерінің жетістіктері саналатын небір ғимараттар, ғылым мен өнер ордалары, демалыс, ойын-сауық орындары, спорт кешендері бар.

2 мәтін.

Оқжетпес[1] – Ақмола облысындағы Бурабай және Шабақты көлдерінің аралығындағы биік жартас.

Оқжетпес.

Көкшетау қыратының ең биік жері – Көкше жанында. Герцин қатпарлығы тауларының мүжіліп жазыққа айналуы нәтижесінде пайда болған. Төңірегінің табиғаты көрікті. Гранитті жартастан түзілген, беткейі тік, қарағай, қайың өседі. Оқжетпес маңында қаңтардың орташа температурасы –9 – 16қС, шілдеде 19қС. Жылдық жауын-шашын мөлш. 200 – 300 мм. Төңірегінде бұғы, түлкі, шіл,құр мекендейді, ұшар басына бүркітұя салады. Қазақ халқының талай атақты ақын-әншілері (Сәкен Сейфуллин, т.б.) Оқжетпесті жырға қосқан, өздерінің ән-өлеңдерін арнаған. Оқжетпес маңы туристік саяхат жасайтын өңір.


3 мәтін.

Тарбағатай – Қазақстанның оңтүстік-шығысы мен Қытай аумағындағы орташа тау. Тарбағатай моңғол тілінің "тарбаған" сөзінен пайда болған деген жорамал бар. Аударғанда "азыр" (кемірушілердің бір түрі) деген сөзді білдіреді.

Жер бедері

Тарбағатай тауы Аягөз өзенінен Хабар асуына дейін 180 шақырымға созылып жатыр. Ең биік жері - Тастау шыңы (2992 м). Ірі өзендері болмаса да, Аягөздің салалары және Үржар өзені ағады. Қалған кішігірім өзендері бастауын бұлақтан алып, төменгі етегіндегі құмдықтарға сіңіп кетеді.

Табиғаты

Тау Алтай мен Жетісу Алатауының аралығында орналасқандықтан, табиғаты екеуіне де ұқсас болып келеді. Таудың 80%-ға жуығы ауыл шаруашылығына пайдаланылады. Жері ылғалды болғандықтан, суармай-ақ астық пен бау-бақша егіледі. Жоғарғы жағындағы шалғынды жерлерде мал жайылады. Марал, тауешкі, арқар, арша, солтүстік беткейінде тал басым өседі.

Қолдану

Ортақ сұрақ:

Мәтіндегі сан есімдерді реттік сан есімдерге айналдырып, 2 сөйлем құраңдар.

Оқулықпен жұмыс. 7-тапсырмадағы жаңылтпаштарды жаңылмай айтыңдар. Сан есімдерді жинақтық сан есімдерге айналдырыңдар.


















Оқулық.















Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер


Сергіту сәті

2 минут

«Қызылгүлім-ай» би.

Оқушылар би билеп сергіп қалады.

Аяқталуы

Сабақты бекіту

10 минут


«Шеңбердегі доп» әдісі

Оқушылар шеңберлене отырып, бір-біріне кішкене допты лақтырады. Доп қолына тиген оқушы жаңа білім туралы бір сөйлем айтады.


Шеңберге отырғызу, доп.

Бағалау

Кері байланыс

3 минут


Топ жинаған тау суреттерін санап, бағалайды. Топтар бір –бірін бағалайды.



Бағалау парақшасы





Қосымша ақпарат


Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?





Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес

келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
22 қаңтар
815
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі