Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Қазақстан «Тоқырау» кезеңінде (1965-1985 жылдар)» және «Кеңестік Қазақстанның мәдениеті: әдебиет пен өнер» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау

Материал туралы қысқаша түсінік
«Қазақстан «Тоқырау» кезеңінде (1965-1985 жылдар)» және «Кеңестік Қазақстанның мәдениеті: әдебиет пен өнер» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қазақстан «Тоқырау» кезеңінде (1965-1985 жылдар)» және «Кеңестік Қазақстанның мәдениеті: әдебиет пен өнер» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау

Тақырып: 1965-1985 жылдардағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы. XX ғасырдың 60-80-жылдарындағы Қазақстанның қоғамдық саяси дамуындағы қарама-қайшылықтар. XX ғасырдың 40-80-жылдарындағы әдебиет пен өнердің дамуы

Оқу мақсаты: 9.4.1.1 Кеңес үкіметі кезіндегі ауыл шаруашылығында орын алған өзгерістерге баға беру

Бағалау критерийі:

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Орындау уақыты: 20 минут

1 мәтін: Ауыл шаруашылығын өркендетуге арналған іс-шаралар. Жеке жұмыс

КОКП ОК-нің наурыз Пленумы 1965 жылы өтті. Пленумда ел басшылары аграрлық саясатты тиімді жүргізудің кезекті әрекеттерін жасау туралы шешім қабылданды.

КСРО үкіметі ауыл шаруашылығында қалыптасқан проблеманы шешудің жаңа жолдарын іздестіре бастады. 1967 жылы сәуірде КОКП ОК мен КСРО Министрлер Кеңесі «Совхоздар мен өзге мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындарын толық шаруашылық есепке көшіру туралы» қаулы қабылдады. Ауыл шаруашылығына жүргізілетін тәжірибелер жалғаса берді.

Қазақстан үкіметінің шешіміне сәйкес 18 совхоз толық шаруашылық есепке көшірілді. Басшылардың құқықтары кеңейтілді және жауапкершілігі арттырылды. Олар әрбір совхоздың өндірістік қызметінің нәтижелері үшін жауап берді. Совхоздарды шаруашылық есепке көшіру жағдайды біршама жақсартты. Астық, сүт, жұмыртқа, ет өндірудің өзіндік құны төмендеді. Алайда ауыл шаруашылық өндірісінің әкімшіл-әміршіл жүйесі өзгеріссіз қалды. Шаруалардың экономикалық мүдделеріне нұқсан келтіру жалғаса берді. Нәтижесінде ауылдық адамдар қалаға қоныс аудара бастады.

Кеңес үкіметі ауыл шаруашылығын интенсивті дамытуда шаруашылық жүргізудің тиімді әдістерін пайдалану керек еді. Бірақ үкімет оның орнына қымбат тұратын шараларды жиі қолданды. Мамандардың жетіспеушілігінен үкімет совхоздар мен колхоздарда егін орағы науқаны кезінде механизаторларды, комбайыншыларды сырттан әкелді. Мысалы, 1968 жылы Қазақстанға басқа республикалардан 16 мың комбайыншы мен Кеңес армиясының мыңдаған әскери қызметшілері жіберілді. Мамандарды сырттан тарту республикадағы ауыл шаруашылығы проблемасын біржола шешкен жоқ. Осы кезең ішінде мал шаруашылығы техникалық мамандарға сұраныс проблемаларын бастан кешірді. Соның нәтижесінде мал шаруашылығы қиыншылық көріп, баяу дамыды. Соған байланысты ауылдық жерлерде жұмыс күшін толықтыру мақсатында студенттік құрылыс отрядтары мен комсомол жастар бригадалары құрылды. Студенттік құрылыс отрядтары малшыларға арналған үйлер мен мал қораларын салуға, ірі өнеркәсіп орындарының құрылысына пайдаланылды. Комсомол-жастар бригадалары жастарды ауылда қалдыру мақсатында жасақталды.

Дескриптор: оқушы ауыл шаруашылығындағы іс-шаралар мен өзгерістерді түсінеді және бағалай алады.

1.1965 жылы наурызда қандай оқиға болды?.......................................................................................................

2. 1967 жылы сәуірдегі қаулы не үшін қабылданды?..........................................................................................

3. Ауыл шаруашылығын басқару қалай жүзеге асырылды?...............................................................................

...................................................................................................................................................................................

2 мәтін: И. Худенконың шаруашылықты басқарудағы жаңа әдісі. Жеке жұмыс.

1970 жылдары республика ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің бірқатары шаруашылық жүргізудің қалыптасқан құрылымын өзгертуге тырысты. Сондай адамдардың бірі И. Худенко еді. Ол Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы «Іле» совхозын, кейін Алматы облысы Күрті ауданының «Ақши» совхозын басқарды. Ол ауыл шаруашылығын басқарудың жаңа формасын енгізді. Мысалы, ол сол кездің өзінде фермерлік шаруашылықты дамытуға әрекеттенді. И. Худенко қағазбастылықты күрт азайтып, шаруаларға бірқатар еркіндіктер берді. Совхоздағы жағдай анағұрлым жақсарып, еңбек өнімділігі артты, тәртіп нығая түсті. Бірақ И. Худенконың бастамасы бұрынғыша шаруашылық жүргізудің ескі әдістерімен бұйрық беріп, әмір етуге үйренгендерге ұнаған жоқ. Совхозға бірінен соң бірі Ауыл шаруышылығы министрлігінен бастап партияның аудандық, облыстық комитеттерінен әр түрлі комиссиялар жиі келе бастады.

И. Н. Худенконың тиімді әрі болашағы зор әдісінің тамырына балта шабылды. Оған қоса ол сотталды, түрмеге отырғызылды және сонда қайтыс болды. Тек бірнеше жылдан соң, елде қайта құрулар басталған кезде И. Худенко Қазақ КСР Жоғарғы Сот шешімімен ақталды.


Дескриптор: оқушы И. Худенконың ауыл шаруашылығын басқарудағы әрекетін анықтап, баға бере алады.

1. 1970 жылдары ауыл шаруашылық қызметкерлері нені өзгертуге тырысты?........................................

...................................................................................................................................................................................

2. И. Худенко деген кім?.........................................................................................................................................

3. И. Худенко нені енгізді?.....................................................................................................................................

4. И. Худенконың бастамасы қандай нәтижелер берді?.....................................................................................

5. Неліктен И. Худенконың ауыл шаруашылығындағы әрекеттері Кеңес үкіметіне ұнаған жоқ?.................

...................................................................................................................................................................................

6. И. Худенко Қазақ КСР Жоғарғы Сот шешімімен қашан ақталды?...........................................................

...................................................................................................................................................................................

Қорытынды ой: .....................................................................................................................................................









Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Балл

Білім алушы


Кеңес үкіметі кезіндегі ауыл шаруашылығында орын алған өзгерістерге баға беру


1

1965 жылы наурызда қандай оқиға болғанын жазады;

1

1967 жылы сәуірдегі қаулы не үшін қабылданғанын жазады;

1

Ауыл шаруашылығын басқару қалай жүзеге асырылғанын жазады;

1

2

1970 жылдары ауыл шаруашылық қызметкерлері нені өзгертуге тырысқанын жазады;

1

И. Худенко деген кім

1

И. Худенко нені енгізгенін жазады;

1

И. Худенконың бастамасы қандай нәтижелер бергенін жазады;

1

И. Худенконың ауыл шаруашылығындағы әрекеттері Кеңес үкіметіне неліктен ұнамағанын жазады;

1

6. И. Худенко Қазақ КСР Жоғарғы Сот шешімімен қашан ақталғанын жазады;

1

Қорытынды ойын жазады;

1

Жалпы балл

10


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.02.2024
613
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12