Материалдар / Қазақстандағы «Алаш» қозғалысы тарихының тарихнамасы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақстандағы «Алаш» қозғалысы тарихының тарихнамасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстандағы «Алаш» қозғалысы тарихының тарихнамасы
Авторы:
23 Мамыр 2024
193
2 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады




Тарих және экономика,құқық факультеті.


ҚР тарихы кафедрасы





КУРСТЫҚ ЖҰМЫС


Тақырыбы:Қазақстандағы «Алаш» қозғалысы тарихының тарихнамасы











Орындаған студент:

Тексерген:










Мазмұны




Kipicпe...........................................................................................................3-7


I ТАРАУ Кеңестік билік кезеңіндегі Алаш тарихнамасы..........................8


    1. 1920-1930 жылдардағы мерзімді басылымдардағы Алаш мәселесі......8-10

    2. 1930-1990 жж. Кеңестік және шетелдік тарихнамадағы зерттелуі.....11-14


II ТАРАУ Қазіргі кезеңдегі (1995-2018 жж.) Алаш тарихының зерттелуі..............................................................................................................15


    1. Алаш тарихын зерттеудегі қазіргі заманғы тұжырымдамалар…..........15-17

    2. Алаш қозғалысы отандық және шетелдік тарихнамада.........................18-20


Қорытынды ...................................................................................................21-23


Пайдаланған әдебиеттер тізімі.........................................................................24


Кіріспе



Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасы өзін егемен, тәуелсіз мемлекет ретінде жариялай отырып, өткен тарихы мен келешек мемлекеттің дамуында демократиялық ел болуды таңдап алды. Азаматтық қоғам құра отырып, заңның барлық жағдайда жоғары тұруын қалайтын қоғамдық институттар, елдің, халық әлеуетінің жоғары тұруын бірінші жолға қояды. Қазақ халқы текті ұрпақтың өкілі ретінде, ежелден, яғни алғашқы тайпалық одақтар мен мемлекеттер құрылған тұстан бастап ақ, табиғатына сай, ғасырлар бойы сұрыпталып, өмірге бейімделген ұлттық идеологияны жоғары қойды.

Әртүрлі жағдайлармен, саяси ойынмен Патшалық Ресейдің ықпалына түскен Қазақ хандығының хандары қашан да ел мүддесі үшін күресті. Қазақ жері талай күрескер, батыр тұлғаларды дүниеге әкелді. ХІХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың басында Ресейдің білім беру жүйесін тәмамдаған, қазақ халқының ұлттық мәдениетін бойына сіңірген жаңа зиялы ұрпақ дүниеге келді. Бұған дейінгі кезеңде ашық қақтығысқа келіп, көтерілістер ұйымдастырып, қарулы күреске шығатын тұлғалардан ерекшелігі сонда, олар білім-ілімді негізгі күрес құралына айналдыра алуында еді. Батысша білім алған, сол заманның озық ойлары мен жетістіктерінен хабардар болды. Қазақша тәлім-тәрбие мен ұлт құндылықтарын дәстүрлі қазақ қоғамында тәрбиелене отырып сіңірді.

ХІХ ғасырдағы Еуропаның дамыған бірқатар елдеріндегі халық игілігі үшін күрестің жетістіктерін оқып білген олар, осы жолды қазақ халқының егеменді үшін, қазақ халқының әл-ауқатының көтерілуі үшін күресте қолдануға бел байлады.

ХІХ ғасырдың соңында алғаш мерзімді баспасөздер пайда болып, патшалық Ресей мүддесі үшін қызмет етті. Осы сәтте қоғамдағы айтылуы тиіс, ауыр да өзекті мәселелерді көтерген мерзімді баспасөздер пайда болды. Басылымдар басында тұрғандар, келешек алашордашылар еді. Мерзімді баспасөз беттері үлкен даулы, қоғамдағы сол сәтте шешімін табуы тиіс жағдаяттардың бетін ашты, халық санасын оятты.

Патшалық Ресейдің түрлі реформалары нәтижесінде өз жерінде өгейдің күйін кеше бастаған қазақ халқының жоқтаушылары пайда болды. Бұл мәселеге де қырын келіп, патша әкімшілігінің назарын аудартуға тырысқан да болашақ алашордашылар.

Мемлекеттің дамуының ең негізгі көрсеткіштерінің бірі халқының әл- ауқатының жоғары болуы болса, халқының жағдайын көтеру үшін инженер, орман шаруашылығы маманы, кенші, заңгер, ұстаз, психолог т.б. мамандықтарды игерген де алашордашылар еді.

Жалпы айтқанда Отандық тарих ғылымында көлемді орын алған тақырыптардың бірі – Алаш тарихы. Алаш тарихы қарастырылды дегеннің өзінде, көп зерттелмеген тақырыптардың бірі қозғалыс, кейін партияның тарихнамасы. Отандық және шетелдік тарихшылардың еңбектеріндегі Алаш көсемдері, бағдарламаларын жүзеге асырудағы әрекеттері жайлы тұжырымдар

бір зерттеу жұмысы ретінде жарияланбады. Отандық тарихшылардың алашорда мәселесімен жарияланған еңбектері өте көп. Дегенмен тарихнамасының кезеңдер бойынша бөлінуі кездеспейді.

Патшалық өкіметке де ашық сындарымен қолайсыз болған, кеңес өкіметі үшін де қазақ жерін әрі қарай отарлауға мүмкіндік бермеген алашордашылардың сол тұстардағы тарихнамасы билік тапсырысымен жазылғандықтан кері пікір қалыптасқаны белгілі. Тәуелсіз тарихымызды жазудағы негізі міндеттердің бірі, сол зерттеулерді сараптау мақсатында осы диплом жұмысы таңдалып алынды.

Курс жұмысының зерттелу деңгейі. Алаш тарихы көп жылдар бойы тыйым салынған тақырыптардың бірі болды. Билік ауысқанымен, билік басына келген саяси күштердің жоспарларына пікірлері қарама-қайшы болған алашордалықтар халық санасынан мүлдем жойылуы тиіс еді. Мемлекеттік Думаға әртүрлі жолдар арқылы сайлана отырып, көкейкесті мәселелерді көтергендіктен қудаланған қазақ зиялылары, кеңес өкіметі орнаған тұста да саяси қуғындалды.

Ф. Голощекин Қазақ өлкелік партия комитетінің басшылығына келген кезден бастап «Алаш» деген атқа қатысы бар өнер, ғылым, мәдениеттің түрлі салаларында халық үшін жемісті еңбек етіп жүрген барлық қазақ зиялыларының соңына түсіп, қудалай бастады. Қазақ халқына қарсы жасалған геноцидтік саясатын іске асыру үшін Голощекин 20-шы жылдардың өзінде жекелеген қызметкерлерге алаштың «контрреволюциялық ұлтшылдық мәнін» әшкерелейтін еңбектер жазуға арнайы тапсырмалар береді.

Сондай тапсырма алған республика мемелекеттік баспаның директоры А.К. Богачов «Алашорда» [1] деген кітапша жазып, онда алашты бастан-аяқ қаралап шығады.

«Алаш» жөнінде құжаттар жинағын жазған БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің насихат бөлімінің меңгерушісі Николай Мартыненко «Алаш» жинағына енгізді [2]. «Алаш» партиясы бағдарламасының орыс тіліне А.Кенжин аударған, түпнұсқаға жақын нұсқа бола тұра, сапасыз аударма түпнұсқасын енгізген жинақ, Алаш партиясының бағдарламасы, мүшелерінің қызметі мен назар аударған негізгі мәслелерін көтерген жинақ болды. Кейіннен бұл нұсқа шетелдік басылымдарға да енді.

Богачев пен Мартыненко еңбектері шыққан тұста, алаш зиялыларын қудалап, сотқа тарту ісі қатар жүрді. Бұл еңбектер Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін қайта басылып шықты.

БКП (б) Қазақ өлкелік комитетінің жанындағы Партия тарихы институтының ұйымдастыруымен 1933 жылдың желтоқсанында өткен

«Алашорда және Алаш партиясы тарихына» арналған пікір-сайыста институт қызметкерлері С.Брайнин мен Ш. Шафиро «Алашорданың тарихи рөлі» деген баяндама жасады. 1935 жылы екеуінің авторлығымен «Алашорда тарихы бойынша очерктер» [3] деген кітабын жарыққа шықты.

Аталған еңбектер «Правда» газетінде (1935 жылы 14 сәуір) жарияланып. П.Русановты


Өлкелік Комитеті 1935 жылы 15 сәуірде пленум өткізіп, «контрреволюциялық ұлтшылдық идеологияны таратуға қызмет етуіне» байланысты «Алаш» атауын пайдаланудан шұғыл алып тастауға қаулы қабылдады. Осылау, 1989 жылдың шілде айына дейін «Алашты» айтуға тиым салынады.

Қазақ ұлт-азаттық қозғалысын бүгінгі қоғамдық сұранысқа сай зерттеуде М. Қозыбаев еңбектерінің орны ерекше [4]. Ол бұл күрделі мәселені ескі, ұлыдержавалық мүдде тұрғысынан емес, ұлттық ерекшеліктер мен мүддеге, жалпы адамзаттық қасиеттерге негізделген жаңа әдістемелік және теориялық деңгейде зерттеуді меңзейді. Академик М.Қозыбаев «Алаш» партиясының бағдарламасының жобасын және бүкілодақтық екінші съездің құжаттарын талдай келіп, партияны ұлтшыл саяси ұйым деп айыптаудың негізсіз екендігін дәлелдеп берді.

Интеллигенция тарихын зерттеудегі жаңа кезеңнің тағы бір белгісі бұл мәселені кең тарихи хронологиялық ауқымда және нақты деректік негізде зерттеуді қуаттайтын еңбектердің жарық көре бастауы. Ұлттық интеллигенция тарихын Кеңес билігі дәуірімен шектеген Қарағұсов және басқа авторлардың пікірін Х.Әбжанов орынды сынаған [5].

М.Қойгелдиев пен Т.Омарбеков «Алаш» қайраткерлерінің негізгі мақсаттары қазақ елін отарлық езгіден азат ету және қазақ қоғамын ортағасырлық мешеуліктен өркениетті әлеуметтік-экономикалық, мәдени даму жолына алып шығу болғандықтан, «Алаш» партиясын «Ұлттық демократиялық партия» деп атады [6].

М.Қойгелдиевтің тұжырымы бойынша - «сол тарихи кезеңде қазақ қоғамына терең дағдарыстан өркениетті жолға шығу үшін, тарихи тәжірибе көрсеткендей, большевиктер ұсынған жол анағұрлым тиімді және азабы кем еді. Себебі алаштық интеллигенция ұсынған жол қазақ елінің сан ғасырлық даму тәжірибесін, салт-дәстүрін революциялық әдіспен күрт өзгертуді емес, қайта оларды эволюциялық жолмен, басқа өркениетті елдердің өмір тәжірибесін ескере отырып, одан әрі жетілдіре түсуді көздеді.

Қазіргі таным тарихында кеңестік саясатқа ұлттық тұрғыдан баға берген академик Манаш Қозыбаев «Кеңестік Орталық пен большевизм жүргізген геноцид-отаршылдық шыңы болды» [7] деп ой қорытуы негізсіз еместі. Осы орайда ұлт зиялыларын зерттеп жүрген белгілі тарихшы Мәмбет Қойгелдиевтің

«Алаш өкілдерінің осы аралықтағы ұстанған позициясы мен көздеген мақсаты біреу, ол мақсат қазақ қоғамын ояту, халқын, жұртын тәуелсіздікке үндеу болатын» [8] деген тұжырымы да орынды.

Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметінің шын тарихы тек Қазақстан тәуілсіздік алғаннан кейінгі жылдары жаңаша парадигма негізінде зерттеле бастады. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін, тарихымыздың осы мәселесін зерттеуге бет бұрған тарихшы ғалымдардың бірі академик М. Қозыбаев болды. 1992 жылы М. Қозыбаевтың осы тақырыпқа және Қазақстан тарихының басқа да өзекті мәселелеріне арналған «Ақтаңдақтар ақиқаты» атты еңбегі жарық көрді. Осы еңбектің «Тарихтың ащы сабағы» дейтін мақаласы [4, 17-18.б.] аталмыш мәселеге арналған. Академиктің пікірінше И. Сталин кезіндегі жеке

басқа табынушылық идеологиясының әсерінен тарихшылар «Алашорда» қозғалысын арнайы зерттеген емес, Ресейдегі үш төңкеріс кезіндегі қазақ зиялыларының Алаш қозғалысына саяси топталуы кеңес үкіметіне қарсы контрреволюциялық ұйым ретінде беріліп, оларға «ұлтшыл», пиғылдағы

«зиялылар» дейтін айдар тағылды. М.Қозыбаев пікірінше, «Алаш»- қазақ халқының ежелгі атауы. Ендеше, Алаш қозғалысы- ұлт-азаттық қозғалысы. Осылайша М.Қозыбаев «Алаш» қозғалысын ұлт-азаттық қозғалысқа теңеп, қазақ сахарасындағы ұлт-азаттық қозғалыс тек таза пролетарлық қозғалысы болуы мүмкін еместігін, бұл қозғалыс ортағасырлықтан буржуазиялық демократияға төңкерісінен кейін қазақ даласындағы ұлт-азаттық қозғалысының туын жоғары байқуатты отбасылардан шыққан, оқыған, зиялы қауымның саяси аренаға көтергенін жазады [7, 18 б].

Қазақ мемлекеттігін жаңғырту жолында күрес жүргізген Алаш қозғалысы туралы жазылған іргелі зерттеу К. Нұрпейісов Алаш қозғалысы туралы жазылған іргелі зерттеу К. Нұрпейісовтің «Алаш һәм Алашорда» атты монографиясы. Қ. Нұрпейісов Алаш қозғалысы бірнеше құрамдас бөлімдерден тұратын күрделі ұғым екендігін, бұл ұғымға біріншіден, саяси партия ретіндегі Алаш, екіншіден, мемлекеттік құрылым түріндегі Алаш автономиясы, үшіншіден, осы автономияны (Алаш атты қазақтың мемлекеттігін) бақаруға тиісті болған Алаштың ордасы (Алашорда үкіметі) кіретіндігін жазады [9]. Д. Аманжолованың «Казахский автономизм в России. История движения Алаш»

[10] Р. Нұрмағанбетованың «Проблемы Алаш и Алашорды в казахстанской историографии 20-90 годов XX века» [11] еңбектерін бөліп көрсеткен жөн. Бұларда Алаш қозғалысы тарихын зерттеудегі жетістіктерімен қатар, әлі де назардан тыс қалып келе жатқан мәселелер кеңінен талданды.

Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ ұстаздары да ХХ ғасырдың басындағы зиялы қауым тақырыбымен, оның ішінде Алаш мәселесімен де айналасып келеді. Монографиялар мен оқу құралдары жазылып, Алашордашылар көтерген мәселелер насихатталып отыр. Университет ғалымдарының еңбектері арасында Н.А. Бейсенбекова, Л.К. Шотбакова мен Қ.С. Өскембаевтың «Алаш» қозғалысының тарихы» оқу құралын ерекше атап өту керек [12]. «Алаш» партиясы мен Алашорда үкіметінің қызметі жайлы жазылған оқу құралы, диплом жұмысын жазудағы негізгі ұстанымдарды айқындаған еңбектердің бірі болды.

Осы мәселемен бірнеше жылдар айналысып келе жатқан ғалым Қ.С. Өскембаевтың зерттеулері бар. «Алаштың Әлімханы» [13], «Ә.Ә.Ермековтің қоғамдық–саяси және ағартушылық қызметі (1891-1970 жж.)» [14] монографиялары Алаш тарихының белді мүшелерінің бірі Әлімхан Ермековтың қоғамдық-саяси қызметіне арналды.

Кешегі таптық саясат келмеске кетті десек те, кеңестік саясат пен кеңестер билігі бүгіндері ұлттық тұрғыдан қайта жазылуы керек. Қазіргі тәуелсіз Қазақстан тарихында ұлт зиялыларының саяси қызметтері қайтадан жазыла бастады. Бұл - құптарлық жайт. Болашақ ұлт бірлігі, мемлекет тұтастығы қазақ

қоғамының болуында десек, қоғамның бірлігі ұлт өкілдерінің саяси танымының, біліктілігінің болуына байланысты.

Зерттеулерге сараптама жасауда бір қуантарлық жайт, КСРО дәуіріндегідей тақырыптарды тек қана үлкен ғылыми зерттеу ордаларында ғана емес, аймақта орналасқан тұлғалардың, ЖОО ұстаздары мен кәсіпқой тарихшы, өлкетанушылардың ат салысуында. Бірақ солай болуы заңдылық, себебі

«Алаш» ол жалпы қазаққа, аймағына, тегіне бөлінбей қолданылатын ортақ түсінік.

Курс жұмысының мақсаты мен міндеттері: Диплом жұмысының мақсаты отандық және шетелдік тарихшылардың зерттеулеріндегі Алаш қозғалысының қалыптасу тарихы мен дамуы, бағдарламалық ұстанымдары, көтерген ел проблемалары мен оған жетудегі күрес жолын, кезеңдер бойынша жарияланған еңбектер негізінде талдау.

Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттер айқындалды:

  • Ұлт-азаттық «Алаш» қозғалысының қалыптасуын, осыған байланысты ХХ ғасырдың басындағы қазақ өлкесіндегі Ресей империясының отарлау саясатын, ұлт зиялыларының теңдік және бостандық туралы ой-пікірлерін талдау;

  • Алаш қозғалысының саяси рөлін тарихи тұрғыдан кезеңдеу;

  • Алаш қозғалысының бастау көздерін және тарихшы ғалымдардың тұжырымдамалары негізінде тарихнамалық шолу жасау;

  • Қазіргі таңда жарық көрген әдебиеттер мен материалдар негізінде алаш мұрасы жайлы тұжырымдамалар жасау;

  • Кеңес дәуірінде жарияланған еңбектер мен қазіргі уақытта жарияланған зерттеулерді салыстыра отырып, Алаш қозғалысының тарихтағы орнын анықтау;

  • Қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ұлт-азаттық күресінің қалыптасу, өрістеу, бәсеңдеу сатыларындағы Алаш, Алаш қозғалысына құқықтық тұрғыдан баға беру;

  • Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов Ж. Ақбаев бастаған қазақ зиялыларының саяси мұрасын және Алаш және Алаш қозғалысының конституциялық құжаттарын саралай келіп, олардың Қазақстанда зайырлы қоғам құруды мақсат еткенін дәлелдеу.

Зерттеу жұмысының пәні. Қазақстан тарихының тарихнамасы.

Курстық жұмыстың құрылымы. Курс жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.

I ТАРАУ Кеңестік билік кезеңіндегі Алаш тарихнамасы


    1. 1920-1930 жылдардағы мерзімді басылымдардағы Алаш мәселесі



Ресейдегі қосөкіметгілік жүйесінде болып өткен қазақ съездерінің күн тәртібі, олардың өтілу барысы және қабылдаған қаулы-қарарларының орындалу деңгейі туралы алғашқы түпнұсқалық деректерді Алаш қозғалысының өзі тудырғаны баршамызға аян. Сондай тарихи деректерді болашақ ұрпаққа мұра етіп қалдыру да ұлт зиялыларының назарынан тыс қалмаған.

1917 жылғы ақпан төңкерісі жеңіске жетіп, патшаның тақтан түсірілуі Ресей империясы құрамында болып келген халықтардың ұлттық қозғалыстарының жаппай өрбуіне ерекше ықпал етті. Ресейлік басқа ұлттар сияқты қазақ халқы да ендігі сәтте жаңа қоғам құру ісіне белсене араласу қажеттілігін түсінді. Өйткені, ақпан революциясы бүкіл ресей халықгарына жаңа тұрғыда даму мүмкіндігін туғызды. Ақпан төңкерісінің қазақ халқының саяси санасының жандануына ерекше ықпалды болғанын сол кездің өзінде-ақ жазылды. Мәселен, қазақ өлкесінде ерекше беделді басылым болған «Қазақ» газетінің 1917 жылғы көктем айларындағы сандарында «Зор өзгеріс», «Реттелу керек», «Тендік» және

«Алаш ұлына» атты мақалалар жарық көрді [15]. Бұл мақалалардың мазмұның Ресейдегі ақпан төңкерісінің ең басты жемісі азаттық, бостандық пен теңдіктің қадыр-қасиетін жете түсініп, елдің жаңару жолындағы жасап жатқан алғашқы қадамдарына жақтас болып, қолдау көрсету. Сонымен қатар қазақ үшін бұл зор өзгеріс азаттық таңы атқанмен бірдей деп бағалаған пікір алдымен айтылған. Азаттық, теңдік пен бостандыкқа ие болған шақга жаңа үкіметке (Уақытша Үкімет) қолдау көрсете отырып, ұлттық мақсат-мүддемізді іске асыратын шараларды бастау керектігі, алаш ұлдарының қоғамдық-саяси қызметтерге белсене араласуы қажеттілігі осы мақалаларда баса айтылады [15, 521 б].

Соңғы уақытта халық өкілдерінің саяси тұлғасын, жалпы азаматтық болмысын сомдауға жол ашылғанымен, жергілікті жерлердегі, айталық уездік, облыстық қазақ комитеттерінің белсенділерін толығымен зертгеу әлі де шешімін таппай отыр. Сондықтан, осындай тұлғалардың артында қалған ұрпақтары мен замандастарының естеліктерінде және жергілікті жерлердегі тарихи мұраларды бір жүйеге келтіріп жинастырып жүрген өлкетанушыларда сақталған деректерге сүйеніп, оларды шама келгенше халқымен қайта қауыштыру арқылы зерттеу жұмысының қатпарлы тұстарын ашуға талпыныс жасалып отыр. Бұл мәселеге байланысты «Бірлік туы» газеті: «... осы күні халық күшін бастап жүрген Алаштың әрбір азаматы әр қадамын аңдап басуға міндетті. Өйткені, тарихтың қатты жазасын қалың халық жалпы көтерсе де, ол жазаның кінәсін әр уақыт бірнеше көсемсінген адамдар-ақ істеп тастайтын ... Болашаққа көз жіберіп, алдыңда белгілі бір қарақшың болмаса, өмірдің қателері де көп болады ... Алаштың көз тігіп, ұмтылатын мақсаты - бірлік, түгелдік»,- деп ұлт өкілдерінің әрбір басқан қадамы, жасаған әрбір іс-әрекеті келешек

ұрпақтың тағдырын шешетіндігін, сондықтан ел басында жүрген азаматтарға үлкен жауапкершілік жүктелетіндігін айтады [16].

Қазақ съездеріне қатысты алғашқы пікірлерді Алаштың танымал жетекшілері Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Шоқай, А.Кенжин, Ж.Досмұхамедов, Х.Досмұхамедовтермен қатар бүркеншік есімді авторлардың деректік негіздегі мәліметтері мен сол кезеңнің шынайы келбетін сипаттайтын саяси-әлеуметтік тақырыптарға жазылған мақалалалары [17] береді. Мәселен, Уақытша үкіметтің қызметіне орай «Бірлік туы» газеті: «...оның ең бірінші міндеті – мемлекетті аман-есен Учредителъное собраниеге жібертіп, тапсыру еді. Бірақ ол өзінің бұл міндетін атқара алмады» - дей келіп, - «мұның себептерін тексеріп, Уақытша үкіметті ақтап, иә қаралап шығару тарихтың ісі. Бұған Россияның сол күндердегі әртүрлі ахуалы себеп болды ма, жоқ Уақытша үкіметтің өзінің тұтынған бағыты бастан-аяқ теріс болды ма, мұны айырып, бұл жұмбақты шешетін тарих екендігін, әйтеуір, не қылғанымен, Уақытша үкімет өзінің мойнына алған міндетін атқара алмай, мемлекет тізгінін қолынан шығарып алғандығын» жазады [18]. Осы басылымның 15-ші санында:

«...өзгеріс болғаннан бері ... Россиядағы әртүрлі жұрттар әлденеше рет сиездер құрып, бас қосып келешектегі жаңа тіршілікке әзірліктерін жасап, ата тілектерін жарыққа шығаруға ұмтылған іс- әрекеттеріне мемлекеттегі

«қызғаншақ» таптардың «олардың бұл істері асығыстық. Россияның мынадай қиын сәтін пайдаланып қалу» деген сөздеріне орай түбінде ұлттық халықтарды айыптауға болмайтындығын, өйтккені найзадан бұрын туған халық тілегінің бостандық шуағы астында бұлайша тасып шығуы - табиғи іс. Сондықтан, оны асығыстық деп тоқтатуға тырысу – адасқандық», - деп, автономияға халықтардың бас қосып, өз алдына әрекет адамзаттық қасиеттер тұрғысынан баға береді [19]. Уақытша үкіметтің соғыс саясатына «...бұл зор қатесі еді», - деген баға беріп, оны түсіндіреді: «Уақытша үкімет соғысты тоқтатпай, аяғына дейін жеткізуде екі мақсатты, атап айтқанда, елде һәм Россияның сыртқы жауларын жеңуді» Уақытша үкімет «екі кеменің күйрығын ұстаған кейпіне ұшырап, үлкен өзгерістің қисық жолға түсіп кетіп, оның осы күнге дейін қиратқаннан басқа ешнәрсе күнгі «жұмысшылар қожайындығы» большевиктердің жүгенсіз кетуі - бәрі де сол қатесінің кесірінен туған бәлелер» [20]. Бұдан Уақытша үкіметтің саяси бағытындағы осындай қателіктерінің салдарынан мемлекетті тұрақты басқару мүмкін болмағандығы аңғарылады, Осылайша, Уақытша өзіне зор сенім артқан халқының күнделікті түзеудің орнына, сыртқы саясатты бірінші кезекке қойып, соның әуресімен халық арасында өз беделін түсіріп қалжыраған халықтың діңкесі құрып, соғысты тоқтатамыз , «жер береміз» деген большевиктердің соңынан кете баруының бір ұштығы осы соғыс саясатына байланысты болған.

Ақпан төңкерісі Ресей халықтарын серпілткен зор оқиғаның қазақ халқы үшін қандай маңызды болғанын кезінде А.Байтұрсынов былай деп көрсеткен:

«Қазақтар үшін бірінші төңкеріс түсінікті болды және оны қуанышпен қарсы алды, өйткені ол біріншіден, патшалық үкіметтің езгісі мен зорлығынан құтқарды және екіншіден, олардың өзіндік зор арманы- өзін-өзі басқаруға

жеткізеді деген үмітін бекіте түсті» [9, 239 б.]. Кезінде кеңестік тарихнамада Ақпан төңкерісінің Ресей халықтары үшін, соның ішінде қазақ халқына тигізген әсерін біржақты, яғни теріс мағынада баяндап келді. Ал соны зерттеулер бұл революцияның қазақ қоғамы үшін алға даму (қарқынды) бағытында ықпал еткенін көрсетіп отыр. Зерттеуші К.Нұрпейісов ақпан төңкерісінің қазақ қоғамына тигізген ықпалы жөнінде былай деп көрсетеді: «Іс жүзінде революция Россияда кең көлемді халықтың демократиялық қалыптасуына жол ашты. ...Ақпан революциясының жеңісі саяси жүйенің жоғары сатысы - республикалық құрылысқа көшуге жағдай туғызып қана қойған жоқ; сонымен қатар ұлттық езгінің күш-қуатын әлсіретуге мүмкіндіктер берді. Осының нәтижесінде ұлттық өзін-өзі билеу проблемасын шешу мәселесін қоюға, қазаққауымының әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдетуге мүмкіндіктер туды. ...Ақпан революциясы қогамда азаматтық келісім орнатуға жағдай туғызды. ...Ақпан революциясы жеңісінің ең маңызды нәтижесі елде кең көлемінде саяси бостандықтар мен бүкіл қоғамдық өмірдің демократияландырылуы болды» [9, 74-75 бб.]. Шынында да Ақпан төңкерісі патшалық Ресей тұсында бұратана халықтар санатындағы қазақ сияқты ұлттардың титулды ұлтпен тең екендігін заңдастырды, олардың ресми үкімет органдарында қызмет қылуына мүмкіндіктер туғызды. Ұлттың езілуінің (саяси және экономикалық тұрғыдан) тоқтатылуына жағдай туғызды. Зерттеуші М.Қойгелдиевтің сөзімен айтсақ: «...А.Байтұрсынов пен оның серіктестері ақпан революциясымен бірге келген саяси өзгерістер ұлт-азаттық қозғалыстың негізгі мақсаттарының орындалуына, яғни ұлттық мемлекеттік дербестік алуға, жер мәселесін ұлттық мүдде тұрғысынан шешуге, мәдениетті өркендетуге және басқа міндеттерді шешуге жол ашады деп түсінді» [8, 214-215 бб.]. А.Байтұрсынов Алаштың жетекші қайраткері ретінде қазақ қоғамында танымал тұлға болды.

1917 жылғы ақпанда Ресейде жеңіске жеткен буржуазиялық-демократиялық революция нәтижесінде қоғамдық өмірдің барлық дерлік мәселелері толықтай шешілді деуге болмайды. Жалпы Ресей кеңістігінде бас көтерген ұлт-азаттық қозғалыстар даму жолы (тактикасы мен стратегиясы), ресми билік иесі Уақытша Үкімет тарапынан толықтай қолдау таппады [9, 75-76 бб.]. Бұл мәселе туралы сөз алда болады. Қазақ халқының көшбасшысы ретінде кеңінен танылған, 1917 жылға дейін халыққа жағымды істерімен жұртшылыққа мәлім болып келген Алаш қозғалысы қайраткерлері ақпан төңкерісінен кейін қалыптасқан күрделі жаңа жағдайда саяси күрес жолына шықты. Дәл 1917 жыл Алаш қозғалысы тарихындағы ең бір маңызды да, шешуші жыл болғаны тарихтан белгілі болып отыр. Алаш қозғалысының өлкедегі жетекші саяси күші ретінде танылыуының өзіндік тарихы бар. Қазақ қоғамының Алаш қозғалысына қолдау көрсетіп, оған ілесуінің әр түрлі сипаттағы мән-мағынасы бар.

    1. 1930-1990 жж. Кеңестік және шетелдік тарихнамадағы зерттелуі



Бұл кезең Алаш өкілдерін қудалаумен басталғаны белгілі. Себебі, саяси биліктің ауысуы нәтижесінде елде қалыптасқан тоталитарлық тәртіп жағдайында басқаша дамуы мүмкін емес те еді.

1934 жылдары жазылған Б.Қаратаевтың «Краткий очерк истории Алашорды» атты қолжазбасы, 1935 жылдары жазылған Ә.Әйтиевтің естеліктері, 1936 жылы жарық көрген «Из истории партийного строительства в Казахстане» деп аталатын құжаттар мен мақалалар жинағы [31]. І.Қабыловтың

«Сосредоточить огонь против казахского национализма» мақаласы [32], БК(б)П Ақтөбе облыстық комитетінің хатшысы қызметінде болған А.Мусиннің партия активтеріне арналған «Об истоках национал-уклонизма в Казахстане» атты лекциясындағы мәліметтер және т.б. осы сияқты зерттеулер мен мақалалардың көпшілігі Алаш қозғалысына қатысты мәселелердің анық-қанығына көз жеткізбестен, «контрреволюциялық әрекеттер жасады» деп айыпталған қазақ

зиялыларының саяси қуғын-сүргінге ұшырауын ғылыми негіздеуте бағытталды. Сөйтіп, олар кеңестік тарихнамаға қызмет етті.

Бұрын ғылыми айналымға енбеген Б.Қаратаевтың 1934 жылдары жазылып, баспаға даярланған, бірақ көзінің тірісінде жарыққа шығып үлгермеген 33 тараудан, 137 беттен және қосымша беттерден тұратын «Краткий очерк истории Алашорды» атты қолжазбасын ерекше атап өткіміз келед. Ал ондағы құжаттарды толық пайдалану мүмкіндігі тек соңғы жылдардың еншісіне тиіп отыр. Аталған қолжазба Б.Қаратаевтың 1918 жылдары Орал әскери үкіметі тарапынан большевик ретінде айыпталып, соттың үкімімен Орал түрмесінде отырған кезінде жаз

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!