Материалдар / Қазақстандағы балаларға арналған еңбекпен түзету лагері.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақстандағы балаларға арналған еңбекпен түзету лагері.

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге репрессия тақырыбы бойынша көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Қараша 2018
443
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы, Арықты орта мектебі.

Исабекова Айнур Галыжановна

Тарих пәні мұғалімі.

Қазақстандағы балаларға арналған еңбекпен түзету лагері.

Тәуелсіз Қазақстанның жиырма жылдық тарихында өткен «кеңестік» дәуірдің жерімізге, халқымызға тигізген зардаптары туралы аз жазылып жатқан жоқ. Сол кезеңде айтылмай, дәлірек айтсақ, айтқызбай келген «ақтаңдақтар» туралы бүгініде көптеген зерттеулер жарық көрді. Алайды осы бір толғағы жетіп, шындығы ашылуға тиісті нәубет заманның өзекжарды мәселелері әлі де болса өзінің жан –жақты әділ бағасын алуы тиісті деп ойлаймыз. Анасын баласынан айырған сол бір зұламат жылдардың тарихын зерделеп зертеуді жөн көрдік. Алайда репрессия, қуғын сүргін, «қызыл террор» тарихы жанында балалардың тағдыры, көбінесе көлеңкеде қалып жатады. Тарих ғылымының докторы Дүйсетай Шаймұхановтың пікірінше, Карлаг сталиндік саяси қуғын-сүргіннің адам айтқысыз аюандықпен жүргізілген азалы тарихы: «Карагандинский лагер сол 1931 жылдан бастап 1956 жылға дейін Карлаг болып келді. 1956 жылдан бастап лагерлер қалды, бірақ, Карлаг деп аталмайтын болды. Ең алғашқы 1932 жылдың басында 22 мың адам болды мұнда. 22 мың адамның 87 проценті қазақтар болды. Кейін Карлагтың тұтқындарының саны өсе бастады. 1931-1956 жылдар арасында Карлагта 1,5 миллион адам болып кетті. Мен өзім көп жерді аралаған адаммын. Бухенвальдті көрдім, Освенцимді көрдім. Бұлардың тәртібі осы Карлагтың тәртібімен бірдей болды ғой. Мысалы, қой бағып жүрген әйелдерге қасқыр шапқандағы, бір екі-үш қойды жарып кеткен. Сол үшін лагердегі бүкіл әйелдерді жинап әкеп, жаңағы әйелдерді солардың көзінше атып тастаған. Мінеки, бір қой үшін, екі қой үшін, Освенцимдегі, Бухенвальдтағы озбырлықтардың бір түрі деген сөз бұл».[1]
Лагердің мақсаты – социализм құрудың сталиндік бағдарламасын жүзеге асыру үшін тұтқындардың тегін еңбегін жаппай пайдалану еді. Сол 1,5 миллион тұтқынның дені «халық жауы» деген айыппен сотталғандар немесе cолардың отбасы мүшелері ретінде бас бостандығынан айырылғандар. Тұтқындар арасында әлемдік деңгейдегі ғалымдар, мәдениет қайраткерлері, бұрынғы партия-кеңес қызметкерлері, шала сауаттылар мен әліпті таяқ деп білмейтін сауатсыздар да болыпты.[2] «1937 жылы ноябрь айында Мәскеуден жоспар келеді, Қазақстанға. 5 мың адамды соттау керек, соның екі мыңы жоғары жаза алу керек – атылуы тиіс, ал 2 мыңы ұзақ мерзімге сотталу керек деген нұсқаумен. Содан келедідағы, жаңағы 5 мыңды облыстарға бөледі. Содан кейін Қарағандыдағы белсенділер не істеу керек? Колхозшы ма, малшы ма, сауатты ма, сауатсыз ба - жоспарды орындау керек. Әлгі комитеттің адамдары көп соттаса қызметі өседі, атақ-дәрежесі өседі, жалақысы өседі. Сонда мына 4-бөлімше мен 9-бөлімшенің арасында кәдуілгідей социалистік жарыс болған. Бұл документтерде бар, аспаннан алып отырған жағдай емес» дейді профессор Дүйсетай Шаймұханов.[1] Карлагтың әкімшілік орталығы, Қарағандыдан 35 шақырым жердегі Долинкада 4 жасқа дейінгі балаларға арналған «Мамочкин дом», қазақшалағанда, «Анашымның үй» атты арнаулы мекеме жұмыс істеген. Долинканың бір шеті сол сәбилердің қорымына ұласады. Көп ұзамай жермен-жексен болып тегістеліп кеткен қорымның ауқымын анықтау мүмкін емес. Тұрғындар бертінде салынған шеткі үйлердің зираттардың үстіне тұрғанын айтады. Қорымның екінші жағы өзен суымен шайылып, жарлауыттанған жағаға тіреледі. Өткен ғасырдың 90 жылдарына дейін көктемгі су тоғысы кезінде өзен бетінде қалқыған сүйектер үйреншікті көрініс болыпты[3]. «Мұнда қанша сәбидің қырылғаны туралы нақты дерек жоқ. Бірақ, балалардың баудай түскен кездері аз болмаған. Архивтер әлі толық ашылған жоқ. Ал, қолда бар анықтамалық құжаттарға қарағанда, 1943 жылы ғана 450 бала бір мезгілде өкпе қабынуынан қырылып қалған» дейді Долинка мұражайдың меңгерушісі Марина Ивановна Кушникова.[4] Людмила Константиновна Гирковая бүгінде Долинкада тұрады. Әкесі 1937 жылдары «халық жауы» деген айыппен Латвияда сотталып, атылып кеткен. Анасы «халық жауының» әйелі ретінде алғашқыда абақтыға, кейіннен Карлагқа жөнелтіледі, сәби жасындағы екі ағасы балалар үйілеріне алынады. Өзі абақтыда туған ол жоғарыда аталған «Анашымның үйі» атты сәбилер мекемесінде болғандардың бірі. Кейіннен ата-анасы толық ақталған Людмила Константинова: «3-4 жастағы сәбилердің ойында не қалады дейсіз? Бірақ, бәрібір жадыңа өшпестей болып таңбаланатын айрықша сәттер болады екен. Мысалы, біздерді топтап орманға серуенге шығаратыны есімде. Жерден кесіртке не қоңыз сияқты бір нәрсе көрсек жалма-жан ауызға салып, акулаша жұта салатынбыз. Аштықтан бұралған соң солай еткен шығармыз деп ойлаймын қазір. Бізге су берілмейтін, өйткені, іш ауруы асқынып тұрды. Өзімінің де өлім аузынан қайтқанымды білем. Кейіннен анамнан естігенім, сол кезде сәбилер жүз-жүздеп шетінеп жатыпты. Дұрыс күтім болмаған соң, солай болады да. Көзімді жұмсам да әлгі бір көрініс әлі де көз алдымда тұрады» дейді[4]. Профессор Дүйсетай Шаймұхановтың айтуынша, Карлагтың балалар үйлерінде болғандардың лагерге анасына еріп барғандары да, анасының құрсағында барып, дүние есігін ашқандары да бар. Карлагтың айрықша бөлімшелерінің бірі - АЛЖИР, тарқатып айтқанда, «Отанын сатқандардың әйелдерінің Ақмоладағы лагері» деген ұғымды білдіреді. Карлагтағы ең үлкен балалар үйі де сонда болған. Ал, жалпы Карлаг бойынша некесіз туған балалардың саны 1937-1946 жылдар аралығында 1500-ден асқан екен. Бұл дерек ақын Серік Ақсұңқарұлын да бейжай қалдырмапты: «Репрессия жылдары АЛЖИР-де балалар бақшасы болғаны да анықталып отыр. Шешелері белгілі, әкелері белгісіз тірі жетімдердің басын қосқан осы балалар бақшасының маңдайында «Бақытты балалық шағымыз үшін Сталинге рахмет!» деген қызыл матаға жазылған ұран ілулі тұрған екен[1].  КСРО бойынша барлық лагерлерде ересектер мен бірдей балаларда жазаларын өтеді. Карлаг бөлімшелерінде де тұтқын балалар болды. Оларды мектеп қабырғасынан әкетіп, көшеде жүрген жерлерінен тұтқындаған. Олар өз ата –аналарына жабылған жала айып үшін жауап беруге мәжбүр болды. Көбі өліп жатты. Дәлел ретінде бір-екі мысал келтірейік: Куйбышев облыстық атқару комитетінің қызы Муся Полбыцина осы лагерде туберкулезден көз жұмған. Батыс – Сібір Өлкелік атқару комитетінің бұрынғы басшысы В.П Шубриковтың қызы Маня 16 жасында қайтты. Осылар сияқты кезінде жоғары билікте отырғандардың балаларының талайы көз жұмды[4]. Лагерде Николай Булка деген жас жеткіншек отырды. Оның бар айыбы мектепте қонырау кезінде, жүгіріп келе жатып абайсызда М.И Калининнің портретін шынтағымен кесіп өткені. Сол үшін ол 58 бап бойынша сотталған. Лагердегі балалар жағдайы өте нашар болатын. Аш, жалаш балғындар жерге төселген жұқа қамыстың үстінде ұйықтайтын.[4] Он сағаттық жұмыс уақыты, аш, жұмыстан қалжыраған аналар, тіптен сәбилерін тамақтандыруғада шамалары келмеген. Сүт таусылған аналардың балалары ауруға шалдығып, қайтыс болған. Деткомбинат – олда зонаның бірі, тікен сымдар, вахта, күзет, тар бөлмелі барақтар. Гулаг жүйесіндегі колониялар, лагерлер бір-бірінен ешқандай айырмашылықтары болмады. Сәбилер топта өмір сүрді. Олар лагер балалары, олардың түсінігінде «әке», «әже» т.б туыстық атаулар болмады. Балардың сана сезімі лагермен байланысты болды. Егер тақтада үйдін суретін салса, онда бәрі шулап «барақ» деп айқайлайтын. Балабақша қызметкерлері де тұтқын әйелдер арасынан еді, оларды балаларға бір нәрсе үйретуге шамалары да келмейтін. Сондықтан лагерь балалары даму жағынан, «бостандықтағы» балалардан едәуір артта қалатын[4]. Отанын сатқандардың балаларын шулатып, қойдай қуып, кең байтақ Отанымыздың түкпір-түкпіріндегі балалар үйлеріне апарып тықты. Соның ішінде туыс адамдар мен таныстардан да қасақана бөліп жіберді. Алайда түбінде балаларымен бір кездесуді армандаған өжет әйелдердің үкілі үміттерін АЛЖИР-дің қатаң тағдыры да сындыра алмады. Ұзақ күткен мерзімнен кейін бостандыққа шыққан олардың барар жері, басар тауы қалмаған еді. Бұрынғы тұтқындар лагерь маңындағы қоныстардан алысқа кете алмады, өйткені олардың «еркін» өміріндегі төлқұжаттарында елдің 39 қаласына баруға тыйым салынғаны жайлы белгі болатын. Балалардың өмірінің жалғыз шырағы ол-аналары еді. Алайда, аналары этаппен кеткенде балаларын алып қалатын. Лагердегі аналардың ең қорқатыныда осы еді. 1947 жылы бір топ аналарды Қиыр Шығысқа этаппен айдап, балаларын Карлагта алып қалған оқиғаларда кездеседі. Төрт жасқа толған сәбилерде Осакаровка жетімдер үйіне жіберген. Қарағанды облысы, Осакаровка ауданындағы № 9 пионерлік жетімдер үйі, 1935 жылдың қазан айында құрылған. Басында мекеме жер ауып келегендердің балаларына арналып салынған болатын. Сонымен қатар, бұл жер арнайы комендатура қарамағына қарасты болды. Алғашқы жылдары жетімдер үйінде 50-ге жуық тәрбиеленуші болды. 1937 жылы мекеме КСРО –ның ХК қарады. Соғыстын алғашқы ширегінде бұл жерге ата-анасы майданда қайтыс болған, қараусыз панасыз қалған балаларды орналастырыды[5]. ЕТЛ құрылғанынан аналар мен балалар мәселесі тез арада шешілді. Аяғы ауыр әйелдерге жазаны өтеу мерзімі шегерілмеді. Лагерлерде әйел мен ерлер арасындағы қатынастарға қаншалықты тыйым салғанымен, олар ондай тыйымға да қарамады. Тіпті лагер басқармасы әйелдерді бөлек, ерлерді бөлек жұмыс орындарын белгілеседе ешқандай нәтиже болмады. «НКВД балалары» деген ат 30 жылдардағы сталиндік лагерлердегі барлық балаларға тағылған таңба болатын. Түрме қызметкерлері аналарынан сәбилерін алып жатқанда «енді бұлар сендердің балаларын емес біздікі, мемелекеттік қауіпсіздік қызметінің балалары, енді бұларды біз асыраймыз»-дейді екен[6]. Карлагтың тұтқыны Э.Середа Белградтан «НКВД балалар саны» 800 мынан миллионға»дейін жеткен. Бірақ олардың тағдыры белгісіз»-деп жазады[7]. Архив құжаттарына сүйенер болсақ, Сәбилер үйінде өлімнің жоғарғы көрсеткіші болған. 1941-1944 жылдары 924, 1951-1952 жж. 1130 сәби шетінеген. 1950 жылы 22 тамызда КСРО үкіметі « Жас сәбиі және лагерден тыс кәмелетке толмаған баласы бар, тұтқындалған әйелдерді босату» бұйрығы шығарады. Бұл бұйрық бойынша лагерден 785 аяғы ауыр әйел, 706 кішкентай сәбилері бар әйелдер босатылды. Осы бұйрық бойынша барлығы 2886 әйел босатылды[1]. Осындай жан түршігерлік жағдайдан кейін балалрдың тағдыры елең еткізбей қоймайды. Әлеуметтік зардабы ол қазақ санының азаюы еді. Кеңес үкіметінің орнаған алғашқы күнінен бастап-ақ үзіліссіз жүргізіп отырған бұл шараның қанды шеңберіне қоғамның саяси өміріне белсенді түрде араласқан адамдардың барлығы да іліккен еді. Сондықтан, бұл қанды террордың зұлматы зардабынан қазақ халқының ұлттық даму демографиялық детерминизм, яғни амалсыз санға тәуелділік жағдайында қалып қойды. Жазықсыз жазалағандар саны әлі күнге дейін әртүрлі мөлшерде айтылады. Жоғарыда сараланған деректер негізінде өткен ғасырдың 20-30 жылдарында ел басына түскен өткір әлеуметтік мәселелердің бірі- балалар панасыздығымен күресте халықтың жеткен жетістіктері мен кемшіліктері, қазіргі қоғам үшін тарихи, практикалық маңызды жақтарын жете танысып білуге болады. Панасыздар мәселесінің көп жағдайда мемлекеттің саяси –экономикалық түбегейлі өзгерістерінен туындайтынын сол заманғы құжаттар айқын дәлелдейді. Әлеуметтік зардабы ол қазақ санының азаюы еді. Кеңес үкіметінің орнаған алғашқы күнінен бастап-ақ үзіліссіз жүргізіп отырған бұл шараның қанды шеңберіне қоғамның саяси өміріне белсенді түрде араласқан адамдардың барлығы да іліккен еді. Сондықтан бұл қанды террордың зұлматы зардабынан қазақ халқының ұлттық даму демографиялық детерминизм, яғни амалсыз санға тәуелділік жағдайында қалып қойды. Жазықсыз жазалағандар саны әлі күнге дейін әртүрлі мөлшерде айтылады.

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Шаймуханова С.Д. Политические репрессии в Казахстане (30-40-е-начало 50-х гг.). -Караганда, 2000. -180с.

  2. Дильманов С. Қазақстан аумағындағы НКВД КСРО ІІМ еңбекпен түзету лагерлері. –Алматы, 2002. -240б

  3. Шаймуханов Д, Шаймуханова С.Д. Карлаг. –Караганда, 1999. -179с.

  4. Страницы трагических судеб. –Алматы, 2002. -355с.

  5. Кукушкина А.Р. АЛЖИР. -Караганда, 2000. -195б.

  6. ALASH-ALZHIR. -Астана: Сарыарқа, 2011. -2т.

  7. «АЛЖИР» мұражай қорларындағы котолог коллекциялары. –Астана, 2012.

  8. Историки спорят. Сборник материалов. - Москва, 1988. -160с.

  9. Суровая драма народа. Сборник материалов. – Москва, 1989. -279с.

  10. Волкогонова Д.А. Триумф и трагедия. -Москва, 1989. -200с.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!