Мичурин орта мектебі
ММ
Аяужан
Темировна
География пәні
мұғалімі.
Қазақстандағы
туризм
Ұлы Жібек Жолы бойында
орналасқандықтан Қазақстан аумағындағы қалалар мен табиғаты ғажайып
көрікті жерлер ежелден саяхат және туризм нысандары болып табылған.
Қазақстандағы алғашқы туристік ұйымдар 20 ғасырдың 20 – 30-жылдары
пайда болды.
Туризм – мемлекет жарнамасы.
Қазіргі таңда дүниежүзілік мәнге ие болып отырған бұл сала тек
көркем табиғатымен ғана шектелмей, тарих пен археологиялық
қазбалардың, мәдениет пен өркениеттің, ел мен жердің, сәулет пен
ескерткіштердің тартымдылығы мен ерекшеленіп отыр. Осы тұста
еліміздің туристік шаңыраққа айналуына әбден мүмкін деген болжаумен
келісуге болады. Себебі, әр аймақтың өзіне тән тарихы,
археологиялық қазбалары, табиғаты, елі және салт-дәстүрі бар. Дәл
осы тәрізді біздің көркем де, әсем жеріміздің түкпір-түкпірінде
өзіне ғана тән гаухарларын табуға болады. Мәселен, Жамбылдың
Мыңбұлағы, Көкшетаудың Оқжетпесі, Алматының шөлейт аймақтарында
орналасқан. Қазақстанда 400-ден астам туристік фирмалар қызмет
етеді. 80 елдің туристік фирмаларымен келісім жасаған. Туризмнің
дамыған аймақтары – Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар,
Оңтүстік Қазақстан облыстары, сондай-ақ Алматы және Алматы
қалалары. Осы облыстардың және қалалардың туристік фирмалары қызмет
көрсетудің 88%-ін құрайды. Қазақстан туристердің мейлінше көп
баратын елдері: Ресей, Қытай, Германия, Корея, Польша, Түркия, БАӘ.
Ал біздің елге келетін туристердің елдері: Ресей, Қытай, Германия,
Пәкістан, Польша, және Түркия
Қазақстан 1993 жылы Дүние жүзі
туристік ұйымының мүшелігіне енді. Дәл осы жылы туризмді дамыту
бағдарламасы дайындалып, содан бері туризм сан-салалы шаруашылықты
шалқытып, экономиканы нығайтудың маңызды саласы ретінде қаралып
келеді.
Осы еліміздегі туризм саласын
дамыту әлемге таныту жолдары қазіргі таңда қолға алынып келе
жатқаны қуантады. Елбасы Н.Назарбаев өткен жылғы Қазақстан халқына
Жолдауында ел экономикасының басымды бағыттарының бірі ретінде
туризмді дамыту қажеттілігін ерекше атап өткен болатын. Осыған орай
Қазақстан Республикасы Үкіметінің бастамасы бойынша Маркетингтік
сараптамалық зерттелім орталығы, Экономика және бюджеттік жоспарлау
министрлігі мен американдық консалтингтік компаниясы «Қазақстан
экономикасының қызмет көрсетіп отырған бәсекеге қабілетті және
потенциалды перспективті секторларына баға беру және олардың дамуы
жөнінде ұсыныс» жобасы іске асырылады. Жобаның мақсаты – Қазақстан
экономикасының болашағы бар салаларының бәсекеге қабілеттілігін
көтеру. Сарапшылардың қорытындысы бойынша Қазақстанның бәсекелестік
басымдылығы оның таңғажайып мәдениетінде (мәдени –танымды), бай
табиғи әлеуетіне (экологиялық туризм), қызмет белсенділігінің
өсуіне байланысты қызмет туризмімен, сонымен қатар демалыстың
белсенді түрімен, мысалы, спорт және сол сияқты басқа да туризм
түрлерімен айналысуға болатындығымен
ерекшеленеді.
Туризм – әлемдегі экономикалық
кірісі ең жоғары саланың бірі. Оның елдің экономикалық қуатын
күшейтіп, халықтың тұрмысын жақсартудағы, жұмыссыздықты азайтып,
кәсіптену орайын арттырудағы өнімі өзгеше. Туризм кеш өркендеген
сала болғанымен, оның қазіргі даму аяқ алысы өте тез. Өткен
ғасырдың 60-жылдарынан бастап туризм әлемдегі жаңадан гүлденген
салаға айналды. 90-жылдарға жеткенде туризмнен кіретін кірістің
халықаралық экспорт кірісіндегі үлесі 8 пайыздан асып, одан түскен
табыс мұнай өнімдері мен автомобиль экспорты табысынан кейінгі
маңызды кіріс қайнары болды. Халықтың тұрмысы жақсарып, мәдениет
өресі өскен сайын туризм де ішкі жақтан түрленіп, мазмұны жақтан
байып барады. Атап айтқанда, бұрын сыртқы және ішкі туризм деп
бөлінсе, қазір бұрынғыдай көркем жер, әдемі аумақтарды саяхаттаудай
дәстүрлі туризм тәсілі таңсық болудан қалып, демалыс туризмі,
ойын-сауық туризмі, жиналыс туризмі, жастар туризмі сияқты жиырмаға
жуық түрлері пайда болды.
Қазақстанда туризмнің барлық
түрін (танымдық, ойын-сауық, этника, экология, сауықтыру, спорттық,
аң аулау, балық аулау, серуендеу) дамытуға қажетті шарт-жағдай
толық. Географиялық және климаттық жақтан алып айтсақ, Қазақстанның
оңтүстік, солтүстік, батыс, шығыс өңірлерінің табиғаты, ауа райы
бір-бірінен өзгеше. Бұл Қазақстанда жыл бойы, төрт маусымда да
туризм шаруашылығын шалқытуға аса тиімді. Атап айтқанда, көрінісі
көз сүріндіретін Бурабай, Баянауыл, Марқакөл, Катонқарағай,
Қарқаралы, Алатау, Хан Тəңірі баурайы, Түлкібас сияқты көрінісі көз
сүріндіретін көркем өңірлер де, Шарын шатқалы, Сақ қорғаны,
Маңғыстау түбегі сияқты ғажайып жерлер де, Қожа Ахмет Ясауи
кесенесі, Айша бибі, Арыстан баб кесенесі сияқты мәдени, тарихи
мұралары да, Каспий, Балқаш көлі, Алакөл сияқты жағажайдың
кереметін сезіндіретін сулы алқаптар да көп. Əлемдегі әсем
қалалардың қатарында тұратын Нұр-Сұлтан мен Алматы да туристердің
арнайы келіп, аялдайтын қалалары қатарында. Шыңға шығушыларды,
тауға өрмелеушілерді, құмды, шөлді, жаяу немесе велосипедпен
аралаушыларды, шаңғы тебушілерді баурауға да Қазақстанның
мүмкіндігі мол. Ал мәдениет, салт-дәстүр тұрғысынан сөз қозғасақ,
қазақ ұлтының бай салт-санасымен, дәстүрімен, ұлттық ойындарымен де
саяхатшыларды баурауға болады. Ұлы жібек жолының бойына орналасқан
Қазақстанның географиялық орны да ерекше.Осы Еліміздің әсем де
коркем жерлерін әлем танып туризм саласы жоғары дәрежеде дамып,
еліміздің экономикасының дамуына үлесін қосары
анық.