Бекітемін: мектеп
директоры
Шығыс Қазақстан
облысы,Ұржар ауданы,Жаңатілек ауылы.
Әуезов атындағы орта
мектеп коммуналдық-мемлекеттік
мекемесі.
Географиядан бағдарлы
оқыту курсы.
География пәні.
Жаратылыстану-математика
бағыты.
Тақырыбы:Қазақстанның
экологиялық жағдайы мен рекреациялық
ресурстары.
10-сынып.
Апталық
жүктеме:1
сағат.
Пән
мұғалімі:Нұғыманов Ерлан
Болатханұлы.
Бағдарламаны дайындау
мерзімі:1.09.2018ж.
2018-2019 оқу
жылы.
Курстың
мақсаты:жалпы білім беретін мектептің
жоғарғы сыныптарында оқушыны еңбек нарығының нақты
сұраныстарынескере отырып, әлеуметтендіруге бағытталған арнайы
дайындау және қазіргі дүниенің өзара байланысы мен бір-біріне
тәуелділігі жағдайында жылдам өзгермелі аспектілерін
көрсету.
Міндеті: а) Қазақстанның экологиясы
нашар және апатты аудандарының жылдан-жылға артуына байланысты
оқушылардың экологиялық білімдерін арттыра отырып, экологиялық
проблемалардың оңтайлы шешімдерінтабуға үйрету.
б) Қазақстанның рекреациялық
ресурстарыментаныстыра отырып, дамыту жолдарын іздестіруге
баулу.
Курстың мазмұны.
Географияны бағдарлы оқыту –
жалпы білім беретін мектептің жоғарғы буынында оқытуды даралауға,
оқушыны әлеуметтендіруге, сонымен бірге, мектептің жоғарғы сатысы
мен орта южәне жоғары кәсіби білім берудегі сабақтастықты жүзеге
асыруға бағытталған арнайы дайындау жүйесі.
География пәні бойынша бағдарлы оқытуды
енгізудегі мақсатым – жалпы білім беретін мектептің жоғары
сыныптарында оқушының еңбек нарығының нақты сұраныстарын ескере
отырып, әлеуметтендіруге бағытталған арнайы дайындау жүйесін
жасау.
Бүгінгі күні жастарды жалпы адамзаттық
құндылықтардың басым бағыттарының бірі ізгілікке тәрбиелеуде,
адамгершілік сана-сезімін дамытуда география пәнінің алар орны
ерекше.
Қазіргі дүниенің өзара
байланысы мен бір-біріне тәуелділігі жағдайында біздің алдымызда
ғаламшарымыздың жылдам өзгермелі аспектілері мен аумақтық алуан
түрлілігін құрылымдық және проблемалық игерудің жаңа және жауапты
міндеттері тұр.
Курстың мазмұны оқушылардың дүниетанымдық
түсініктерін қалыптастыруға, табиғат пен қоғамның бір-бірінен
бөлінбейтін біртұтастығын түсінуге, адам және табиғат арасындағы
үйлесімді түсінудегі географияның ролін білуге үйретеді.
Курстың мазмұны екі бөлімнен тұрады:
І.Қазақстанның қазіргі экологиялық қолайсыз және апатты
аудандарымен таныстыру; осы аудандардың экологиялық жағдайының
динамикасымен таныстыра отырып, оларды шешу жолдарын іздеуге
үйрету.
ІІ.Қазақстанның рекреациялық ресурстары жайлы болады.Қазіргі кездегі қолданыстағы
рекреациялық ресурстар және оларды одан әрі дамыту жолдары; қолға
алынбаған рекреациялық ресурстар және оларды қалай қолға алып
дамытуға болатыны жайлы айта отырып, оқушыларды да осы проблеманы
шешуге үйрету қарастырылады.
Бағдарламаның құрылымы қазіргі
Қазақстанның экологиялық проблемаларының шығу тегін түсіндіретін
тарихи-географиялық және геоэкологиялық тәсілдері негізінде
құрылған. Сонымен қатар Қазақстанның географиялық орнының, жер
бедерінің және климаттық ерекшеліктеріне байланысты рекреациялық
ресурстарының көптігін түсіндіретін физика-географиялық және
климатологиялық тәсілдеріне негізінде құрылған.
Сабақты өткізу түрлеріне лекция, семинар,
практикалық жұмыстар, тірек конспектілер және сынақ пайдаланады.
Оқушылар жыл бойы бағаланбай, тек жыл соңында сынақ арқылы
қорытындыланады.
Курсқа 34 сағат бөлінген. Апталық жүктеме 1
сағат.
Оқу тақырыптық
жоспар.
10-сынып.
(барлығы 34 сағат, аптасына 1
сағат.)
№
|
Тақырыптың аты
|
сағаттар саны
|
өткізілуі
|
оқушының білім өнімі
|
дидактикамен
қамтамас. ету
|
лек.
|
прак.
|
барл.
|
1
|
Табиғат қорғау және табиғат қорларын тиімді
пайдалану.
|
4
|
1
|
5
|
Қазақстанды физикалық және экологиялық тұрғыдан
зерттеу.
|
кескін картаға экологиялық апатты аудандарды
түсіру.
|
кескін карта
|
2
|
Сортаң топырақтардың физика-географиялық
жағдайлары
|
2
|
1
|
3
|
Қазақстанның сортаң топырағының пайда болуы,
дамуы, қалыптасуы, таралуы, өзара байланыстағы факторлар әсерінің
физика-геогра- фиялық жағдайын қарастыру.
|
Сортаң топырақ және оның таралу аймақтарына жалпы
сипаттама жасау.
|
Қазақстанның топырақ картасы.
|
3
|
Семей полигоны аумағы топырақ жамылғысы-ның
радиону- клидтермен ластануы.
|
2
|
1
|
3
|
Семей полигоны аумағы,топырақ құрамы,топырақ
үлгілеріндегі альфа- және бетта- белсенділіктің таралуы жайлы
айту.
|
Семей полигоны аумағын кескін картаға
түсіру. Зиянды заттардың құрамымен танысу.
|
кескін карта, ПДК кестелері
|
4
|
Ауыр металдардың топырақ биотасына
әсері.
|
2
|
1
|
3
|
ауыр металдардың таралу аймақтарымен таныстыру,
топырақ құрамындағы болатын ауыр металдармен таныстыру.
|
ауыр металдардың топырақта пайда болу себептерін
айтып, олардың алдын алу жолдарын іздестіру.
|
топырақ үлгілеріндегі микроағзалардың саны
кестесі.
|
5
|
Қорғасынның өсімдікке
өтуін тежеу.
|
2
|
1
|
3
|
Қорғасынның өсімдікке өтуін тежеу жайлы
оқушыларға мәлімет беру,өсімдікке қорғасынның әсерін тәжірибе
жүзінде тексеру.
|
Топырақ-өсімдік жүйесіндегі қорғасынның миграция
процессін қадағалау мүмкіндіктерін білу.
|
Зерттелген объектілердегі топырақтағы және
өсімдіктердегі қорғасынның мөлшері.
|
6
|
Бүлінген жерлер өсімдігінің өздігінен
қалыптасуы.
|
1
|
|
1
|
бүлінген жерлер өсімдігінің өздігінен қалыптасу
ерек- шеліктерімен таныстыру.
|
өсімдіктердің өздігінен қалыптасуына кететін
уақытты білу.
|
|
7
|
Қоршаған орта және адам
денсаулығы.
|
2
|
|
2
|
адам денсаулығына қоршаған ортаның
әсері.
|
медициналық география
түсінігімен толығырақ танысу.
|
|
8
|
өлкетану және туризм негізін қалау
жолдары.
|
1
|
1
|
2
|
Туризм түрлері және бағыттарымен
таныстыру.
|
туристік-рекреациялық объектілерді кескін картаға
түсіру.
|
Қазақстанның физикалық және кескін
карталары.
|
9
|
Туристік нарықты қалыптастыру механизмінің
ерекшеліктері.
|
1
|
1
|
2
|
Туристік нарыққа түсініктеме беру.
|
туристік нарыққа әсер ететін факторларды
білу.
|
Географиялық журналдар.
|
10
|
Қорымдар мен
қорғандардың туризмді дамыту мүмкіншілік-тері.
|
1
|
1
|
2
|
Қорымдар мен қорғасындарда туризмді дамыту
мүмкіншіліктері мен танысу.
|
Қазақстанн физикалық
картасынан әйгілі қорымдар мен қорғандарды табу.
|
Қазақстанның физикалық картасы.
|
11
|
Қасиетті Алакөл, Шипалы Барлық-арасан
|
1
|
1
|
2
|
Шипалы
Алакөл және Барлық-арасан
Суларының қасиеттерімен таныстыру
|
Қазақстанның және Шығыс Қазақстанның физикалық
карталарынан орнын табу.
|
Қазақстанның және Шғысыс Қазақстанның физикалық
карталары.
|
12
|
Қасиетті Қапал-арасан
|
1
|
1
|
2
|
Қапал-арасанның емдік қасиеттерімен
танысу.
|
Су құрамын білу және қандай аурулар түрін
емдейтінін білу.
|
|
13
|
Қазақстанның жер асты минералды суларының
таралу географиясы
|
1
|
1
|
2
|
Жер асты суларының қалыптасуын-дағы
физика-географиялық, геологиялық, гидрохимиялық, гидрогеология-лық
әртүрлілігі қарастырылады.
|
Қазақстанның емдеу-сауықтыру орындарының
ерекшелігімен танысу.
|
Қазақстанның емдеу сауықтыру орындары
кестесі.
|
14
|
Туристік рекреациялық іс әрекеттердің
теориялық-әдіснамалық аспектілері.
|
1
|
|
1
|
“туризм” терминін кең және терең түрде
түсіндіру.
|
Туризмнің негізгі түсініктерін
анықтау.
|
|
15
|
Қорытынды сабақ(сынақ)
|
1
|
|
1
|
|
|
тест
|
Күтілетін нәтижелер.
Географиялық бағдарлы оқыту курсын оқу барысында:
оқушылар географиялық зерттеу тәсілдерін, экологиялық мониторингті,
экологиялық апатты аудандармен, олардың ауданымен, топырақ құрамы
және оның құрамындағы ауыр металдардың түрлерімен, рекреациялық
ресурстар түсінігі, түрлері, құрлымымен, оларды жіктеу жолдарымен
таныса отырып, экологиялық және рекреациялық ресурстарды
пайдаланудағы туатын эколо-экономикалық проблемалардың шешімін таба
алады.
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі.
1.Бейсенова Ә., Карпеков Қ.
Қазақстанның физикалық
географиясы: Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған
оқулық. – Алматы: Атамұра, 2004. – 256 бет.
2.География және табиғат: ғылыми-педагогикалық
журнал. 2007 №1,№2,№3,№4,№5,№.67