400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Қазақстанның физикалық - географиялық аудандастырылуы" тарауына арналған тест тапсырмалары

Материал туралы қысқаша түсінік
"Қазақстанның физикалық - географиялық аудандастырылуы" тарауына арналған тест тапсырмалары 8 сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан аумағын физикалық – географиялық аудандастыру

1 – нұсқа


  1. Қазақстанға Шығыс Еуропа жазығының қай аумағы кіреді?

а) Оңтүстік – шығыс

ә) Оңтүстік – батыс

б) Солтүстік – шығыс

в) Солтүстік – батыс


  1. Шығыс Еуропа платформасы қай эрада қалыптасқан?

а) Архей, Кайназой

ә) Мезозой, Палеозой

б) Архей, Протерозой

в) Протерозой, Палеозой


  1. Шығыс Еуропаның жануарлар дүниесіне қандай фаунаның әсері күшті?

а) Азиялық

ә) Африкалық

б) Еуропалық

в) Америкалық


  1. Қызылқұмның Қазақстанға қай бөлігі кіреді?

а) Оңтүстік

ә) Шығыс

б) Батыс

в) Солтүстік


  1. Шу мен Сарысу өзендерінің төменгі ағысында жатқан құмды жазық?

а) Қарақұм

ә) Мойынқұм

б) Қызылқұм

в) Бетбақдала


  1. Бетбақдаланың орташа биіктігі?

а) 400 м

ә) 500 м

б) 300 м

в) 700 м


  1. Тұран жазығының көп бөлігін қандай табиғат зонасы алып жатыр?

а) Шөл

ә) Шөлейт

б) Дала

в) Орманды дала


  1. Солтүстік Қазақ жазығының Қазақстандық бөлігі қанша ауданға бөлінеді?

а) 1

ә) 2

б) 3

в) 4


  1. Павлодар облысының күңгірт қара қоңыр топырақты ауданын қамтитын жазық?

а) Тобыл – Обаған

ә) Есіл – Ертіс даласы

б) Есілдің жазық орманды даласы

в) Ертіс – Құланды жазығы


  1. Солтүстік Қазақ жазығының негізгі өзені?

а) Жайық

ә) Жем

б) Ертіс

в) Сырдария


  1. Солтүстік Қазақ жазығының өзендері мен көлдерінде Солтүстік Америкадан әкелінген қандай жануар тіршілік етеді?

а) Итбалық

ә) Пингвин

б) Ондатр

в) Шабақ


  1. Орталық Қазақстанның көп жерін алып жатқан физикалық географиялық аймақ?

а) Шығыс Еуропа

ә) Тұран

б) Алтай

в) Сарыарқа


  1. Сарыарқаның шығысындағы ең биік тау?

а) Қызыларай

ә) Қарқаралы

б) Баянауыл

в) Ұлытау


  1. Сарыарқадағы жылдық ылғал мөлшері?

а) 400 – 500 мм

ә) 100 – 200 мм

б) 200 – 300 мм

в) 300 – 400 мм


  1. Сарыарқаның қарағайлы ормандарында кездесетін жануар?

а) Ақбөкен

ә) Қарақұйрық

б) Барс

в) Бұғы, елік


  1. Сарыарқада кездеспейтін табиғат зонасы?

а) Дала

ә) Орманды дала

б) Шөлейт

в) Шөл


  1. Орал тауының Қазақстанға кіретін оңтүстік бөлігі қалай аталады?

а) Сарыарқа

ә) Мұғалжар

б) Орал алды үстірті

в) Жем үстірті


  1. Мұғалжардың ең биік нүктесі?

а) Үлкен Боқтыбай

ә) Ақсораң

б) Бесшоқы

в) Мұзтау


  1. Мұғалжар қандай қатпарлықта пайда болған?

а) Байкал

ә) Каледон

б) Герцин

в) Альпі


  1. Оңтүстік Мұғалжар құмынан қандай бұйым шығарады?

а) Мрамор

ә) Шыны

б) Әк

в) Бояу























































Қазақстан аумағын физикалық – географиялық аудандастыру

2 – нұсқа


  1. Шығыс Еуропа жазығының климаты?

а) Теңіздік

ә) Континеттік

б) Муссондық

в) Қоңыржай континетті


  1. Шығыс Еуропа жазығында кездеспейтін табиғат зонасы?

а) Дала

ә) Шөлейт

б) Шөл

в) Орманды дала


  1. Маңғыстаудың аласа таулы өлкесі қай дәуірде қалыптасқан?

а) Мезозой

ә) Кайназой

б) Палеозой

в) Архей


  1. Мұғалжардың жылдық жауын – шашын мөлшері?

а) 100 мм

ә) 200 мм

б) 400 мм

в) 300 мм


  1. Қазақстанға Алтайдың қай бөлігі енеді?

а) Оңтүстік – батыс

ә) Солтүстік – батыс

б) Оңтүстік

в) Солтүстік


  1. Алтайдың 1449 м биіктігінде орналасқан қазаншұңқыр?

а) Балқаш

ә) Зайсан

б) Марқакөл

в) Алакөл


  1. Қазақстандық Алтай қанша ауданға бөлінеді?

а) 4

ә) 3

б) 2

в) 1

  1. Алтайдың пайдалы қазбаларға бай бөлігі қалай аталады?

а) Қалба жотасы

ә) Оңтүстік Алтай

б) Солтүстік Алтай

в) Кенді Алтай


  1. Алтайдағы қыс айларының орташа температурасы?

а) – 330 С

ә) – 150 С

б) – 210 С

в) – 440 С


  1. Жетісу Алатауының ұзындығы?

а) 450 км

ә) 600 км

б) 390 км

в) 570 км


  1. Жетісу Алатауының Ебінұр, Алакөл қазаншұңқырларымен шектесетін жерін қалай атайды?

а) Орқашар Барлық

ә) Жайыр Майлы

б) Жетісу (Жоңғар) қақпасы

в) Қазақ қақпасы


  1. Жетісу Алатауының ең биік нүктесі?

а) Ақсораң

ә) Мұзтау

б) Бесшоқы

в) Бесбақан


  1. Жетісу қақпасынан қандай жел соғады?

а) Ебі

ә) Қордай

б) Арыстанды – Қарабас

в) Мұғалжар


  1. Жетісу Алатауындағы биіктік белдеу неден басталады?

а) Шөлейт

ә) Дала

б) Шөл

в) Тайга


  1. Зайсан ойпатының оңтүстігі қандай тау жүйесіне тіреледі?

а) Алтай

ә) Сауыр – Тарбағатай

б) Жоңғар Алатауы

в) Тянь – Шань


  1. Тарбағатайдың жалпы ұзындығы?

а) 500 км

ә) 800 км

б) 600 км

в) 300 км


  1. Сауыр тауының ең биік нүктесі?

а) Мұзтау

ә) Бесбақан

б) Ақсораң

в) Хан – Тәңірі


  1. Сауыр, Тарбағатай қандай тау көтерілу кезінде қайта көтерілді?

а) Мезозой

ә) Герцин

б) Альпі

в) Каледон


  1. Іле Алатауында қанша мұздық бар?

а) 380

ә) 460

б) 214

в) 503


  1. Шу – Іле тауларындағы Іле өзеніне құятын өзен?

а) Шілік

ә) Шарын

б) Күрті

в) Есік











































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 желтоқсан
1272
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі