Материалдар / Қазақстанның жаһандық бастамалары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақстанның жаһандық бастамалары

Материал туралы қысқаша түсінік
Бүгінгі қарастырылатын тақырып Қақақстанның жаһандық бастамалары, және проблемалары. Жаһандық бастамалары осы арқылы өзге мемлекеттермен жарысуымен. Көгалдануымен дамуы. Мәселе ретінде осы Қазақстанның жаһандық бастамаларын алуға болады. Жаһандық бастамалар арқылы ғана біз осы дамыған 30 ел қатарына енуге немесе мінекей дамыған 30 мемлекет ішінде нақты, орнықты орын алуымыз. Көркейуіміз дамуымыз осының бәрі біздің айамай еңбек етуміздің арқасы.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Желтоқсан 2021
502
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Баяндама

Тақырып; Қазақстанның жаһандық бастамалары;

Қазақстан Республикасының халыққаралық қауіпсіздікті сақтауға қосқан үлесі.



Ғылыми жетекшісі; Айткалиев Бейбіт Мақсұтұлы.

Түйіндеме сөздер; Қазақстан Республикасы, халық, призедент, ғылими жұмыстар, атом станциясы.

Мақсаты; Қазақстан Республикасынның біздің қауіпсіздігіміз үшін жасаған істерін елге таныту, көрсету.

Зерттеу нысандары; Қазақстан Республикасының халыққаралық бастамаларын және біздің қауіпсіздігіміз үшін істеген істерін толық қанды зерттеу





























Қазақстан бейбітшілік пен келісім, тұрақтылық пен қауіпсіздік идеяларын белсенді түрде жүзеге асыруда. Тәуелсіздіктің 29 жылында республика бітімгершілік бастамаларын, оның ішінде ядролық қарусыздану мен оны таратуды тоқтату саласындағы бастамаларын алға тартты. Әлемдегі бітімгершілікке жету әрі оны сақтау жолындағы ең маңызды қадамдар мен шараларды атап айтар болсақ:

Семей ядролық полигонының жабылуы. Қазақстанның қарусыздандыру процесіне қосқан зор үлесі 1991 жылы 29 тамызда Семей ядролық полигонының жабылды. Кейіннен Нұрсұлтан Назарбаев әлемдегі қуаты жағынан төртінші ядролық арсеналдан өз еркімен бас тарту туралы шешім қабылдады.

Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шарт (ЯСЖТШ). Қазақстан шартқа алғашқылардың бірі болып 1996 жылы қол қойып, оны ратификациялады және шартты ратификацияламаған немесе қол қоймаған (және оның күшіне енуі ратификациялауға байланысты) мемлекеттерді мүмкіндігінше тезірек орындауға шақырды. 2015 жылы Қазақстан мен Жапонияның сыртқы істер министрлері Нью-Йоркте ЯСЖТШ күшіне енгізуге қатысты 9-конференция өткізді. ЯСЖТШ күшіне ену барысындағы Қазақстан мен Жапонияның бірлескен жұмысындағы маңызды қадам 2015 жылдың қазан айында Нұрсұлтан Назарбаев пен премьер-министр Синдзо Абэнің бүкіл әлемде ядролық сынақтарға заңнамалық тұрғыда тыйым салуға қатысты бірлескен мәлімдемесі болды.

Орталық Азия – ядролық қарудан азат аймақ. 2006 жылы Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақ құру туралы келісімге қол қойылды.

АТОМ жобасын құру. 2012 жылғы 29 тамызда Н. Назарбаев Астанада өткен «Ядролық сынақтарға тыйым салудан – ядролық қарудан азат әлемге» халықаралық парламенттік конференциясында АТОМ жобасын іске қосты. Жоба аясында жер бетіндегі ядролық қаруға қарсы кез келген адам ядролық сынақтардан біржола бас тартуға және ЯСЖТШ мерзімінен бұрын күшіне енуге шақыратын әлемнің үкіметтеріне онлайн-петицияға қол қоя алады. 2016 жылы әлемнің 120-дан астам елінен 300 мыңнан астам адам онлайн-жоба петициясына қол қойды. Еске алу акциясы. ATOM жобасының бастамасы бойынша, 29 тамызда Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы әрекет күні бүкіл әлемде жергілікті уақыт бойынша 11:05-те барлық ядролық сынақтардың құрбандарын еске алу үшін бір минуттық үнсіздік акциясы өткізіледі.

Иранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі жағдайды шешудегі Қазақстанның практикалық үлесі. 2013 жылдың ақпан-сәуір айларында кезекті «алтылық» мемлекеттері мен Иран арасында Алматыда кезекті келіссөздер жүргізілді, оның нәтижелері келіссөздер процесін бұғаттауға мүмкіндік берді және нәтижесінде P5+1 тобы және Иран (БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің бес тұрақты мүшесі және Германия арасында) Бірлескен іс-қимыл жоспарына (JCPO) қол қойды. 2015 жылдың соңында Қазақстан осы жоспарды іс жүзінде жүзеге асыруға тікелей қатысты.

Қазақстан мен Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ) арасындағы келісім. Атомды қауіпсіз және бейбіт мақсатта пайдалану процесіне Қазақстанның қосқан үлесін көрсететін тағы бір маңызды бастама Астана мен Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ) арасында 2015 жылы 27 тамызда Астана қаласында қол қойылған Өскемен қаласындағы Үлбі металлургиялық зауытына төмен байытылған уран банкін орналастыру туралы келісім. БҰҰ-ның ядролық қарусыз әлем туралы жалпы декларациясын қабылдау. Қазақстан БҰҰ Бас Ассамблеясы 2015 жылдың желтоқсанында қабылдаған Ядролық қарусыз әлем құру туралы жалпы декларациясына бастамашы болып, оған демеушілік етті. Сонымен қатар, Қазақстанның бастауымен БҰҰ Бас ассамблеясы 29 тамызды Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы әрекет күні деп жариялау туралы резолюцияны бірауыздан қабылдады.

«Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі. 2016 жылғы 31 наурызда Вашингтон қаласында өткен Төртінші ядролық қауіпсіздік саммиті аясында Н.Назарбаев өзінің «Әлем. ХХІ ғасыр» деп аталатын баяндамасында әлемдік қауымдастыққа ядролық қарусыз әлем құру үшін келісілген әрекет жасасуға шақыратын соғыс пен қақтығыс вирусымен күресу стратегиясын ұсынды.

Сириядағы азаматтық қақтығыстарға қатысты мәселені шешу барысында Қазақстан бейбіт келіссөздер жүргізуде, соның ішінде Таяу Шығыс аймақтарында маңызды рөл атқарады. Қазақстанның Сириядағы азаматтарын елге қайтару аясында атқарған «Жусан» операциясын да өзге мемлекеттер аса жоғары бағалады.

Халықаралық сарапшылардың пікірінше, көптеген елдер Қазақстанның ядролық қарудан бас тарту тәжірибесін зерделеуге ниет білдіруде. Нигериялық сарапшы Коллер Шеху Мусаның ойынша, Солтүстік Корея мемлекеті халықаралық қауымдастықтан, аймақтық маңызды елдерден, бейбітшілік процесін басқаратындардан көп нәрсені талап етеді.

: Халықаралық сарапшылардың пікірінше, көптеген елдер Қазақстанның ядролық қарудан бас тарту тәжірибесін зерделеуге ниет білдіруде. Нигериялық сарапшы Коллер Шеху Мусаның ойынша, Солтүстік Корея мемлекеті халықаралық қауымдастықтан, аймақтық маңызды елдерден, бейбітшілік процесін басқаратындардан көп нәрсені талап етеді. Сондықтан оларға өздеріне сенімді болу үшін осындай сұрақтар қою өте маңызды. Мұны сенім шаралары деп атайды. Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалығы кезінде терроризмнен азат әлемге қол жеткізу үшін Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы жүзеге асырылды. 2018 жылдың қыркүйегінде Нұрсұлтан Назарбаев қол қоюшыларға қауіпсіздікті қамтамасыз етуге міндеттейтін арнайы кодекс әзірлеуді ұсынды. 70-тен астам елдің басшылары осы құжатқа қол қойды. Осы және басқа да көптеген ұсыныстарды шетелдік сарапшылар жоғары бағалайды.

Халықаралық құқық фирмасын басқарушы Габриель Ланский: «Егер біз Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде жақында атқарған рөлі туралы, ЭКСПО-2017 туралы, ДСҰ-ға кіру және басқа да маңызды мәселелер туралы айтар болсақ, Қазақстанның осы аймақтағы Еуразия үшін де, Еуропа үшін де болашаққа апаратын шешуші ойыншы екенін түсіну керек. Осылайша, Қазақстанның Еуропа мен Азия арасында қажетті көпір салуға көмектесетін серіктесі бар болғанына біз өте қуаныштымыз. Сарапшылардың пікірінше, Қазақстанның БҰҰ жүйесіне кіруі сыртқы саяси мақсаттарға қол жеткізудегі маңызды қадам болған. Атап айтқанда, Қазақстанның БҰҰ-ға мүшелігі әлеуметтік-саяси, экономикалық, гуманитарлық және басқа бағыттардағы көптеген салаларды одан әрі жетілдіруге және модернизациялауға қолайлы жағдай жасады», – дейді.

Канадалық медиа агенттік директоры Гарри Нанданың айтуынша, Қазақстан елі жас та болса, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып әрі оған төрағалық етіп те үлгерді. Саясаткер ретінде Н. Назарбаев Қазақстанды әлемдегі жаһандық ойыншылардың біріне айналдырды. Оның G-Global идеясы – бұл қазіргі уақытта 26 қатысушысы бар АӨСШК құруға бағытталған жас бастама. G-Global таяудағы жылдары, соның ішінде жаһандық қауіпсіздік мәселелерін талқылауға арналған үлкен алаңға айналуы мүмкін. Өйткені, Қазақстан – ядролық қарудан өз еркімен бас тартушы, бітімгершіліктің хабаршысы атанған мемлекет.

Осылайша Қазақстан Республикасының бітімгершілік аясындағы жаһандық бастамалары әлем назарын аударып отыр, ал даму жолындағы елімізге халықаралық сарапшылар оң бағасын беруде.

Еліміз егемендіктің бастапқы ке­зінде-ақ өңірлік және жаһандық қауіпсіздік Қазақстанның сырт­қы саясатының негізгі басым­дық­тарының бірі болатынын төрт­күл дүниеге жария еткен еді. Содан бері еліміз халық­аралық аренада сол бағытты берік ұстанып, оны бел­сенді түрде жүзеге асырып келеді.

Қазақстанның және оның басшы­сы­ның жаһандық және өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету бойын­ша көтерген, сондай-ақ іске асырылған бас­тамалары аз емес. Бүгін­де олар әлемдік қоғамдастық пен ха­лық­­аралық ұйымдар тарапынан жоға­ры бағаланып, үлкен қолдауға ие бо­лып отыр. Бұл мәселелерде, ең алдымен, өткен ғасырдағы тоқсаныншы жыл­дардың басы көз алдымызға келеді. Сол 1991 жылы Қазақстан әлеуеті бойын­ша әлемде төртінші орында тұрған ядро­лық қарудан өз еркімен бас тартты. Бұ­рын-соңды тарихта болмаған мұндай іс-әрекет тың және батыл қадам деп та­нылды. Сондай-ақ бұл өзге елдерді айт­пағанда, ядролық қаруы бар мүйізі қа­рағайдай мемлекеттердің өзін қайран қалдырды. Бұл еліміздің бейбіт­сүйгіш саясатын паш етіп қана қоймай, сол кездегі ядролық арсеналы бар ірі елдер – АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания және Францияның ядролық сынақтарға мораторий жариялауына себеп болды.

Жалпыға ортақ осындай игі істер кейін де жалғасын тапты. Мысалы, Президенттің бастамашы болуымен 2006 жылы Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақ құру туралы шартқа қол қойылды. Осы аймақтағы мемлекеттерге БҰҰ шеңберінде ірі ядролық державалар тарапынан күш қолданбау кепілдіктері берілді. Ал БҰҰ-ның 29 тамызды Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күні деп жариялағанын Қазақстанның ядролық қарусыздану және ядролық қаруды таратпау мәселесіндегі маңызды рөлінің мойындалуы деп бағалаған жөн.

Қазақстан бастамаларына, сондай-ақ 2015 жылғы желтоқсан айында БҰҰ Бас Ассамблеясы Ядролық қарудан азат әлем құру туралы жалпыға ортақ декларация қабылдағанын қосар едік. Осы орайда Мемлекет басшысының «Әлем. XXI ғасыр» манифесінде ай­қын­далған үш қағидат пен бес нақ­ты бағыттың біріншісі – ядролық қару­мен қатар, жаппай қырып-жоятын қарудың басқа да түрлеріне, оның ішінде БҰҰ-да жаппай қырып-жоятын қаруды жасау және оны жетілдіруге арналған ғылыми жаңалықтарды есепке алу реестрі арқылы тыйым салуды ұсынды. Бұл мәселе Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі қызметінің жеті басымдықтарының қатарына кіреді.

Семей сынақ полигонының жабылу­ы­на 25 жыл толуы аясында 2016 жылғы 29 тамызда Астанада әлемнің 50-ден астам елінен келген мемлекеттер басшылары және халықаралық ұйымдардың жетекшілері мен танымал саяси қайрат­керлер қатысқан «Ядролық қарусыз әлем» атты халықаралық конференция өтті. Қазақстандағы G-GLOBAL форумы аясында XXI ғасырда ядролық қарусыз әлемді қалыптастыру бойынша кең ауқымды мәселелерді интерактивті форматта жүргізуге болатыны дәлелденді.

Әлемде қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етудің бірден-бір жолы – татулық пен өзара келісім орнату. Бұл бағыттағы Қазақстанның дінаралық және өркениетаралық диалог өрбітудегі маңызды бастамасы – 2003 жылдан бері шақырылып келе жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі. Өз жерінде түрлі этностар мен дін өкілдері бейбіт өмір сүріп жатқан Қазақстан Астанада бір үстелдің басында мұсыл­ман, христиан, буддизм, иудаизм және басқа да діндердің қайраткерлерін жинап, өзекті халықаралық мәселелерді бірлесіп шешу жолдарын талқылауға мүмкіндік жасады.

Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесті құру маңызды әрі дер кезінде жасалған қадам болды. Президент аталған ұйымды құру туралы ұсынысын 1992 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында көтерген болатын.

Бүгінде бұл Кеңес Еуропадағы қауіп­сіздік және ынтымақтастық ұйы­мы­ның азиялық үлгісіне айналып ке­леді. Мұнда ұжымдық қауіпсіздіктің механизмдерін қалыптастыруда инсти­тут­тық шаралардан басқа құқық­тық және бағдарламалық шаралар кешені де іске асырылады.

Жаһандық ядролық қауіпсіздік мәселесі осы өткен 2018жылы Нью-Йоркте Қазақстанның бірінші Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен өтеткен «Жаппай қырып-жою қаруын таратпау: сенім шаралары» та­қырыбындағы ауқымды іс-шарада да жан-жақты сөз болды. Осының барлығы еліміздің халықаралық деңгейде әлемдегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған белсенді де жемісті еңбегінің нақты көрінісі.

















































































































































































































































































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!