Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Қазақстанның киелі жерлері
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Қазақстанның киелі жерлері»
Бағыты:
Автор:
Жетекші:
2021-2022 оқу жылы
Мазмұны:
І. Кіріспе............................................................................................9
ІІ.Негізгі бөлім
1. Қазақстанның 100 киелі орындарының тізімі..........................11
2. Саяси, тарихи оқиғаларға байланысты орындар....................13
3. Қазақстанның киелі орындарының келешегі............................14
4. Қазақстанның киелі жерлерінің — туризмді дамытуы..........16
ІІІ. Қорытынды.............................................................................19
ІҮ. Қолданылған әдебиеттер тізімі...............................21
Аннотация
Зерттеудің мақсаты: Ұлы даладағы киелі жерлер ұлтымыздың байлығы. Халқымыздың өткенінен сыр шертетін қастерлі мұра. Әр халықтың, әрбір өркениеттің жалпыұлттық сипаттағы және осы халықтың әрбір өкілі білетін қасиетті жерлері бар. Бұл рухани дәстүрдің негіздерінің бірі. Республика көлеміндегі киелі жерлерді танымал ету, сақтау, қалпына келтіру, насихат жұмысын жүргізу.
Зерттеу жұмысының өзектілігі: 2 сәуір 2017 жылы жарыққа шыққан Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында еліміздегі киелі орындарға мән беру, экологияны жақсарту, олардың картасын жасауды көздейтін бағдарлама. Тарих пен мәдениетке, адамның рухани дамуына және оның туған жеріне деген байланысына негізделе отырып адам мен оның өміріне бағытталған. Кейбір тұлғаларды мәңгі еске сақтауда ұлтты мәдени байыту мен мінәжат етуге арналған орындар түріндегі ұлы ата-баба ерліктерін осындай бағдарға жатқызуға болады.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарнамалық құжатында жалпыұлттық қасиетті мекендер ұғымының маңыздылығын атап өткен болатын. Президент өз сөзінде: «Қазақстанның қасиетті жерлерінің мәдени-географиялық белдеуі – неше ғасыр өтсе де, бізді кез келген рухани жұтаңдықтан сақтап, аман алып шығатын символдық қалқанымыз әрі ұлттық мақтанышымыздың қайнар бұлағы. Ол – ұлттық бірегейліктің басты элементтерінің бірі», – дей келе, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» құжаты аясында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» атты жобаның қолға алынатындығы туралы айтқан еді.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
-
Еліміздің киелі жерлері туралы ақпараттармен танысу;
-
Киелі жерлердің орналасу орны мен маңыздылығын анықтау;
-
Алынған нәтижелерге қорытынды жасау.
Зерттеу нысаны: Қазақстанның киелі жерлері
Зерттеудің әдіс-тәсілдері: сараптау, ой қорыту, жалпылау салыстыру, жинақтау және талдау.
Зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығы: Зерттеу кезінде талданған деректерді таңдау курстары мен үйірме жұмыстарына көмекші құрал ретінде пайдалану. Зерттеу барысында алынған нәтижелерді Қазақстан тарихы, география, өлкетану сабақтары мен тәрбие сағаттарда қолдануға болады.
Аннотация
Цель исследования: Сакральные места Великой степи - достояние нашего народа. Это заветное наследие нашего народа, рассказывающее о его прошлом. У каждой нации, каждой цивилизации есть священное место национального характера, известное каждому этой нации. Это одна из основ духовной традиции. Проведение пропагандистской работы по исследованию и охране сакральных мест республики.
Актуальность исследования: В рамках статьи Назарбаева «Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания» была реализована программа, направленная на то, чтобы обратить внимание на священные места страны, улучшить окружающую среду, создать их карту. Он фокусируется на человеке и его жизни, основанной на истории и культуре, духовном развитии человека и его связи с родиной. К такому ходу можно отнести героические подвиги наших предков в виде создания мест культурного обогащения и поклонения нации в вечной памяти некоторых людей.
В программном документе «Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания» Лидер нации Нурсултан Назарбаев подчеркнул важность концепции национальных святынь. В своем выступлении Елбасы сказал: «Культурно-географический пояс священных мест Казахстана - это символический щит и источник нашей национальной гордости, который, несмотря на прошедшие века, защищает нас от любой духовной нищеты. Это один из ключевых элементов национальной идентичности»
Задачи исследования:
- знакомство и сбор информациеии о сакральных местах страны;
- Определение местоположения и важности священных мест;
- Подведение итогов.
Объект исследования: Сакральные места Казахстана.
Методы исследования: рассуждение, обобщение, сравнение, обобщение и анализ.
Теоретическая и практическая значимость исследования: использование данных, проанализированных в ходе исследования, в качестве дополнительного материала при элективних курсов. Результаты исследования могут быть использованы на уроках истории Казахстана, географии, краеведения и в воспитательных часах.
Abstract
Purpose of the research: The sacred places of the Great Steppe are the property of our people. This is the cherished heritage of our people, telling about its past. Every nation, every civilization has a sacred place of national character, known to every nation. This is one of the foundations of the spiritual tradition. Carrying out propaganda work to research and protect the sacred places of the republic.
Relevance of the research: Within the framework of Nazarbayev's article "Looking into the future: modernization of public consciousness", a program was implemented aimed at drawing attention to the country's sacred sites, improving the environment, and creating a map of them. It focuses on a person and his life based on history and culture, the spiritual development of a person and his connection with his homeland. This move includes the heroic deeds of our ancestors in the form of creating places of cultural enrichment and worship of the nation in the eternal memory of some people.
In the program document "Looking into the future: modernization of public consciousness" the Leader of the Nation Nursultan Nazarbayev emphasized the importance of the concept of national shrines. In his speech, Elbasy said: “The cultural and geographical belt of the sacred places of Kazakhstan is a symbolic shield and a source of our national pride, which, despite the past centuries, protects us from any spiritual poverty. This is one of the key elements of national identity "
Research objectives:
- acquaintance and collection of information about the sacred places of the country;
- Determination of the location and importance of sacred sites;
- Summarizing.
Research object: Sacred places of Kazakhstan.
Research methods: reasoning, generalization, comparison, generalization and analysis.
Theoretical and practical significance of the research: using the data analyzed during the research as additional material in elective courses. The research results can be used in the lessons of the history of Kazakhstan, geography, local history and educational hours.
І. Кіріспе
Әр халықтың, әрбір өркениеттің жалпыұлттық сипаттағы және осы халықтың әрбір өкілі білетін қасиетті жерлері бар. Бұл рухани дәстүрдің негіздерінің бірі.
Қазақстан үшін бұл ерекше маңызды. Біз рухани бай тарихы бар кең елміз.
Бұл рухани географиялық белдеудегі адамдар арасында байланыс ешқашан үзілген емес.
Зерттеудің мақсаты, Ұлы даладағы киелі жерлер ұлтымыздың байлығы. Халқымыздың өткенінен сыр шертетін қастерлі мұра. Әр халықтың, әрбір өркениеттің жалпыұлттық сипаттағы және осы халықтың әрбір өкілі білетін қасиетті жерлері бар. Бұл рухани дәстүрдің негіздерінің бірі. Республика көлеміндегі киелі жерлерді танымал ету, сақтау, қалпына келтіру, насихат жұмысын жүргізу.
Зерттеу жұмысының өзектілігі, 2 сәуір 2017 жылы жарыққа шыққан Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында еліміздегі киелі орындарға мән беру, экологияны жақсарту, олардың картасын жасауды көздейтін бағдарлама. Тарих пен мәдениетке, адамның рухани дамуына және оның туған жеріне деген байланысына негізделе отырып адам мен оның өміріне бағытталған. Кейбір тұлғаларды мәңгі еске сақтауда ұлтты мәдени байыту мен мінәжат етуге арналған орындар түріндегі ұлы ата-баба ерліктерін осындай бағдарға жатқызуға болады.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарнамалық құжатында жалпыұлттық қасиетті мекендер ұғымының маңыздылығын атап өткен болатын. Президент өз сөзінде: «Қазақстанның қасиетті жерлерінің мәдени-географиялық белдеуі – неше ғасыр өтсе де, бізді кез келген рухани жұтаңдықтан сақтап, аман алып шығатын символдық қалқанымыз әрі ұлттық мақтанышымыздың қайнар бұлағы. Ол – ұлттық бірегейліктің басты элементтерінің бірі», – дей келе, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» құжаты аясында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» атты жобаның қолға алынатындығы туралы айтқан еді.
ІІ. Негізгі бөлім
1. Қазақстанның 100 киелі орындарының тізімі
Киелі жерлер екі топқа бөлінген – макро киелі және микрокиелі. Қасиетті орындар келесі критерийлер бойынша бөлінген: табиғи-ландшафтілі, археологиялық және сәулет ескерткіштері, қасиетті діни қажылық орындар, сондай-ақ тарихи тұлғалармен, саяси оқиғалармен байланысты жерлер. Қазақстанның жалпыұлттық киелі нысандарының толық тізімі: Ерекше тағзым етілетін табиғи мұра ескерткіштер Ұлытаудағы Ақмешіт Әулие биігі, «Хан Тәңірі» шыңы, Алтайдағы Мұзтау шыңы, Шарын каньоны, Қазығұрт тауы, Жамбақы тауындағы және Абай ауданындағы «Қоңыр әулие» үңгірлері, «Отпан тау» тарихи-мәдени кешені, «Бектау ата» тауы және үңгірі, Жылаған-ата үңгірі./2/
Археологиялық және архитектуралық ескерткіштер «Бозоқ» ортағасырлық қалашығы, «Боралдай сақ қорғандары», «Есік-сақ» қорғаны, Таңбалы (Тамғалы) археологиялық кешені, Теректі әулие, «Беғазы» археологиялық кешені, Ботай қонысы, Берел қорымы, Шілікті қорымы, Мерке-Жайсан түркі ғұрыптық кешені, Қосбатыр - Қумай ескерткіші (шамамен VI-VIII ғғ.), Ақыртас бекінісі (VIII-IX ғғ.).
Ірі орта ғасырлық қалалық орталықтар және Қазақ хандығының астаналары Қойлық қалашығы, Жанкент қалашығы (V-ХV ғғ.), Сығанақ қалашығы (VІ-ХІХ ғғ.), «Шірік-Рабат» қалашығы, «Жент» қалашығы, «Ежелгі Тараз қалашығы» (І-ХІХ ғғ.), Сарайшық қалашығы (ХІІІ-ХVI ғғ.), Сауран қалашығы (ХІІІ-ХVІІІ ғғ.), Отырар қалашығы (І-ХVІІІ ғғ.), Созақ қалашығы (Х-ХVІІІ ғғ.), Сайрам (Испиджап) қалашығы (XIII-XVII ғғ.), Ақкөл-Жайылма қалашығы, «Жайық» (Теке) қалашығы./2/
Діни және ғибадат орындары Қ.А.Яссауи кесене-кешені (Рабиға Сұлтан Бегім кесенесі XV ғ.), Үлкен Қылует ХІІ ғ., Күлтөбе (Ясы) қалашығы, Гауһар ана кесенесі, Арыстан баб кесенесі (ХII ғ.), Ибраһим ата кесенесі (XI-XII ғғ.), Қарашаш ана кесенелері (XI-XII ғғ.), Қарабура кесенесі, Баба Түкті Шашты Әзіз кесенесі, Бәйдібек би кесенесі, Домалақ ана кесенесі, Үкаш ата мазары (ІХ-Х ғғ.), Исмайл-ата сәулет кешені (ХІ-ХІХ ғғ.), Маңғыстау жеріндегі қорымдар мен жерасты мешіттері (Оғыланды жеріндегі Бекет ата ХVIII ғғ., Шопан ата Х-ХIХ ғғ., Көне Бейнеу және Бекет-ата ХI-ХIХ ғғ., Қараман ата, ХIII-ХIХ ғғ., Масат ата, Х-ХIХ ғғ., Шақпақ ата IХ-Х ғғ., Сұлтан-епе б.д. Х- ХIХ ғғ.). Сисем ата қорымы (ХIII-ХIХ ғғ.), Абат-Байтақ кесенесі (ХІV-ХV ғғ.), Алаша хан кесенесі, Жошы хан кесенесі, Домбауыл кесенесі, «Екідің» (Сарыторғайдағы ерте кезең ескерткіштері), Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары, Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы кесенесі, «Оқшы ата» кесенесі, «Қорасан Ата» кесенесі мен «Төлегетай-Қылышты ата» кешенді-мазары (ХІ-ХІІ ғғ.),/3/ Тектұрмас кешені (ХІV ғ.), Қарахан кесенесі (ХІІ ғ.), Айша бибі кесенесі мен Бабажы Хатун мазары (ХІ-ХІІ ғғ.), Бегім ана мұнарасы (Х-ХІ ғғ.), «Қорқыт ата» мемориалды кешені, Ұшқан ата қорымы, Ақмешіт қорымы, «Бұқар жырау» кесенесі, Ырғызбай Ата кесенесі, Вознесенск кафедралы шіркеуі, «Жаркент мешіті» сәулет-көркемөнер кешені, Құнанбай қажы мешіті, Христос Спаситель шіркеуі (XIXғ.)./2/
Тарихи тұлғаларға қатысты киелі 20 орын Жиренқопадағы «Қобыланды батыр» мемориалдық кешені, Есім хан кесенесі (ХVІІ ғ.), «Абылай хан» алаңы, «Хан моласы» мемориалдық кешені (XVIII ғ. Әбілқайыр хан), «Абылай хан резиденциясы» кешені, «Қабанбай батыр» кесене-қорымы, «Райымбек батыр» кесенесі, Тама Есет Көкіұлы кесенесі (ХVІІІ ғ.), Қарасай және Ағынтай батырлардың мемориалдық кешені, Махамбет Өтемісұлының кесенесі, 1916 жылғы көтеріліс басшылары кесенесі (Амангелді Имановтың бейіті; Әбдіғаппар және Кейкі батыр кешені), А. Байтұрсыновтың Алматыдағы үйі, Ш.Уәлихановтың Алтынемелдегі мемориалдық кешені, «Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені, Ы.Алтынсарин кесенесі, Ж.Жабаев кесенесі, Ф.М.Достоевскийдің Семейдегі әдеби-мемориалды үйі, Міржақып Дулатовтың кесенесі, Тарас Шевченконың мемориалды кешені, Теміртаудағы Тұңғыш Президент тарихи-мәдени орталығы. /5/
2. Саяси, тарихи оқиғаларға байланысты орындар
«Таңбалы тас» ескерткіші, Орбұлақ шайқасы болған жер, Бұланты шайқасы болған жер, Аңырақай шайқасы болған жер, Ордабасы тауындағы «Бірлік» монументі, «Бөкей Ордасы» тарихи кешені, Нұр-Сұлтандағы «Отан қорғаушылар» монументі, «Саяси қуғын-сүргін құрбандарының «АЛЖИР» мемориалды кешені, Республика алаңы (Тәуелсіздік монументі, «Тәуелсіздік таңы»), Долинка кентіндегі саяси қуғын-сүргін құрбандарын есте сақтау музейі, Семейдегі «Алаш арыстары» үйі, Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі, Нұр-Сұлтандағы «Ашаршылық құрбандарына ескерткіш» монументі, «Астана-Бәйтерек» монументі, «Қазақ елі» монументі және «Мәңгілік Ел» салтанатты аркасы.
Тізім ҚР Ұлттық мұражайының «Киелі Қазақстан» орталығымен ұсынылып отыр./1/
3. Қазақстанның киелі орындарының келешегі
Қазақстанның киелі жерлерінің ертеден келе жатқан тарихы бар. Діни сәулет ғимараттары, қалалар, елді мекендер, қорғандар, қорымдар, ғибадатханалар рухани дәстүрдің басты негіздерінің бірі. Оның ішінде діни сәулет ескерткіштері ерекше танымалдылыққа ие, олар осы күнге дейін жақсы сақталып, ел арасында құрметтеліп келеді./4/