Қазақстанның киелі жерлерінің ұлттық
бірегейлігі жайлы сапалы білім
дарыту
Ұлы Дала киелі жерлерге толы. Ол жерлерді
қадірлеп-қастерлеу — ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе
жатқан дәстүріміз.
Ал Тәуелсіздік жылдарында бұл бағыттағы
жұмыстар күрт жанданды. Соның ішінде, «Мәдени мұра» мемлекеттік
бағдарламасы аясында сандаған тарихи-мәдени ескерткіштер мен
нысандар жаңғыртылғанын көпшілік
біледі.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар:
рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында жалпыұлттық қасиетті
орындар ұғымының ерекше маңыздылығын атап өтті. «Қазақстанның
қасиетті жерлерінің мәдени-географиялық белдеуі — неше ғасыр өтсе
де, бізді кез келген рухани жұтаңдықтан сақтап, аман алып шығатын
символдық қалқанымыз әрі ұлттық мақтанышымыздың қайнар бұлағы. Ол —
ұлттық бірегейлік негіздерінің басты элементтерінің бірі» — деді
Елбасы.
Халық санасына жалпыұлттық қасиетті орындар
ұғымын сіңіру мақсатында «Қазақстанның киелі жерлерінің
географиясы» жобасы қолға алынып және оның ауқымды жоба болып
қалыптасты.
Осыған
орай мектебімізде «Қазақстанның киелі жерлерінің белдеуі — рухани
жұтаңдықтан сақтайтын қалқанымыз әрі ұлттық мақтанышымыз»
тақырыбында бірқатар іс-шаралар өткізілуде.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев
Үкіметке «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасын
әзірлеуді тапсыра отырып, өз мақаласында идеяның түпкі мақсатын:
«Мәселе еліміздегі ескерткіштерді, ғимараттар мен көне қалаларды
қалпына келтіруде тұрған жоқ. Идеяның түпкі төркіні Жетісудың киелі
мекендерін және басқа да жерлерді өзара сабақтастыра отырып, ұлт
жадында біртұтас кешен ретінде орнықтыруды меңзейді. Мұның бәрі
тұтаса келгенде халқымыздың ұлттық бірегейлігінің мызғымас негізін
құрайды», — деп атап көрсетті. Осыған негіздей келе,өзіміздің туын
өскен Жамбыл ауданымыз ақындар мен батырлар елі атанған киелі
жер.бі
«Қазақстанның киелі жерлерінің
географиясы» жобасын әзірлеу барысында қолға алынған істерге
келсек, А.Қарсақбаев мектебінде «Өлкетану» бағыты бойынша жұмыстар
ұйымдастырылды. Оның құрамына мектебіміздің география,тарих және
биология пәнінің мұғалімдерінен құрылған топ жұмыс жасады.
Ауданымыздағы Киелі жерлер туралы мәліметтер оқушыларға берілді.
Осыған байланысты іріктеліп алынатын нысандарға экскурсия жасау
жоспарланды.
2017-2018 оқу
жылында химия, биология,
география пән бірлестігінің апталығының ашылу салтанаты «Туған
өлкем-қандай көркем» тақырыбында ұйымдастырылып, туған жерлер
туралы деректер айтылып,бейнебаян
көрсетілді.
Бұл нысандар арасында Жыр
алыбы Жамбылдың әдеби-мемориалдық мұражайы, «Айтыс өнерінің алтын
діңгегі» атанған әйгілі өнер саңлағы Сүйінбай Аронұлы, «Өлеңнің
қара жорғасы» атанған Үмбеталы Кәрібаевтің мұражайына, ЮНЕСКО-ның
Бүкіләлемдік мұралар тізіміне «Таңбалы археологиялық ландшафтының
петроглифтері» енген тарихи-мәдени қорық мұражайларына оқушылармен
саяхат жасалды, биылғы жылы да бұл
жұмыстар жалғасын таппақ. Осындай
танымжорықтар мен саяхаттар оқушының мотивациясын
тудырып,белсенділігін арттырады оқушылардың деректерді пайдалану
қабілеті дамиды,өз мүмкіндіктерін пайдалануға толық ықпал
етеді.
Сүйінбай Аронұлы
музейінде
Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»
мақаласындағы басым бағыттарының бірі «Туған жер». Сонау бағзы
заманнан ата-бабаларымыз киелі жерлерге тағзым етіп келді. Осыдан
барып туған жерге тағзым ету деген дәстүр қалыптасқан. Бүгінгі күні
дәстүр сабақтастығы ретінде өңіріміздегі қасиетті орындардың
мерзімделуі, орналасуы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу,
туризмді дамыту мақсатында қасиетті орындарға туристік
маршруттардың бағытын қалыптастырып, осы бағыттағы жұмыстар
атқарылды.
Туған жердің тарихын білмей
болашаққа бағдар жасау мүмкін емес. Ауылдың тарихы 1930 жылы
құрылған. Ауылдың атын Шарынбаев Әміре деген кісі ұсынған. Ауыл мал
және егін шаруашылығымен
айналысады.
Ауылдың оңтүстік батысын
Алатау сілемдері көмкеріп жатыр. Бұл таулардын Қарасу өзендері
бастау алып,кең далаға сән береді. Оңтүстік өлкесін көмкерген
Алатау шыңдарының бергі бөліктерін Құмбел,Үлкенсаз, Кіші саз,
Көктөбе сияқты шөбі шүйгін көкмайсалы салқын жайлаулар,далалы
аймақтар алып жатыр.
Осындай қыры мен сыры көп
киелі өлке «Таңбалы» тарихи-мәдени және табиғи қорық мұражайы.
Алматы облысы,Жамбыл ауданы, Қарабастау ауылынан солтүстік батысқа
қарай 4 шақырым жерде орналасқан. 2003 жылы «таңбалы» мемлекеттік
тарихи-мәдени және табиғи қорық –мұражайы болып ұйымдастырылды.
2004 жылы Таңбалы дүниежүзілік мұралар тізіміне
еңгізілді.
Қоныс негізінен таулы аймақта
орналасқан. Таулы аймақ 300-ден 1200 шаршы метр жерді алып жатыр.
Сонымен қатар «Ілулі сілемдер» бар. Таңбалы шатқалының аумағында
100-ден астам әртүрлі уақыттағы ескерткіштер- қола дәуірінен біздің
заманымызға дейінгі XIII-XIV ғасырлардың ортасында XV-XX ғасырларға
дейінгі аралықты қамтылған қоныстар,молалар,ертедегі тас қашалған
орындар, петроглифтер және табыну ғимараттары (құрбан шалатын
жерлері орналасқан). Олардың барлығы бірігіп 3000 жыл бойғы біздің
еліміздің көптеген ертедегі және қазіргі кездегі халықтарының
тарихын нақтылы көрсететін археологиялық кешенді құрайды. Кешеннің
барлық жәдігерлері саналатын негізгі жартастарында 3 мыңға жуық
петроглифтер сақталған.
Таңбалы
тас
Еліміз егемендік алып,өз
мәдениетімен тарихи ескерткіштерін дәріптеуге әдеби мұраларын
насихаттауға қолы жеткен кезден бастап бұл әлемде теңдесі жоқ өткен
тарих құпиясын қойнына бүккен орынды көруге саяхатшылырдың жиі
келетіні, Ата тарихымыздың сырына қанығатын мекені ретінде сақтау
бағытында жұмыстар жүргізіп келеді. Атап айтсақ, жас ұрпақтың
алдында болашақта тарихи жәдігерлерді ғаламдық дәрежеде насихаттау
мақсатында 9 «А» сынып оқушысы Серік Мирас аудандық «Дарын» ғылыми
жобасында «Таңбалы тас» тақырыбында ғылыми жобасын қорғап,1-орынды
иеленді.
Танымжорыққа барған
оқушылар
Туған жерге деген
сүйіспеншілік туған елге – Қазақстанға деген патриоттық сезімге
ұласады» – деп күллі қазақтың, қала берді бүкіл қазақстандықтардың
ортақ ісіне айналдыру мақсатында мектеп оқушыларын ауданымыздың
Киелі жерлеріне саяхатқа апару дәстүрге
айналуда.
«Тарихын білмеген ұлттың
болашағы бұлыңғыр» дегендей, тарихын білмеген туған жердің қасиетін
қайдан түсінсін. Біздің өңірде де өмір сүріп, елге қалтқысыз қызмет
еткен жандар мен тұлғалары баршылық. Осы киелі өлкенің суын ішіп,
топырағын басып жүрген жас ұрпақты өлкесінің топырағы мен өсімдік
және жануарларын білу баты мақсатым. География сабақтарында,атап
айтсақ 8-сыныпта Зерттеу нәтижелерін ұсыну формалары тақырыбындағы
шағын зерттеу жобаларында «Топырақ жамылғысын қорғау/туған өлкенің
мысалында/ оқушылар жоба жасап,қорғап өз өлкесінің жер бедерінің
топырақ түзудегі рөлімен топырақ жамылғысын қалыптастырудағы
климаттың маңызы топырақтың типтерін зерттеп жоба жасады. 2018 жылы
ұйымдастырылған аудандық IQ (айкю) интелектуалдық олимпиадасына
қатысып, марапатқа ие болды.
Есік қаласындағы Алтын адам
музейі мен Аюлы сарқырамасы
Қазақстанның қасиетті
жерлерінің мәдени-географиялық белдеуі- неше ғасыр өтсе де бізді
кез келген рухани жұтаңдықтан сақтап,аман алып шығатын символдық
қалқанымыз әрі ұлттық мақтанышымыздың қайнар бұлағы десек, халықтың
ұлттық бірегейлігін және құндылықтарын бекемдеу арқылы жат
идеологияға төтеп беретін қалқанды
нығайту мақсатында Қазақстанның киелі жерлері
ішкі туризмді дамытуға үлкен серпін береді деп
үміттенемін.
Әдебиеттер
тізімі
-«Ақындар мен батырлар елі»
ред.алқасының төрағасы Е.Жақыпбеков 2009ж.
-«Атамекен» аудандық
газеті
-«Таңбалы» фотоальбом
Алматы.,2012ж
-«Ескерткіштер-елдіктің
белгісі» фотоальбом Алматы., 2011ж.
Алматы облысы Жамбыл ауданы
Жаңақұрылыс ауылы
«А.Қарсақбаев атындағы орта
мектеп» КММ
Қазақстанның киелі жерлерінің
ұлттық
бірегейлігі жайлы сапалы білім
дарыту
География пәні мұғалімі
Козбагарова Г.М.
2018-2019 оқу
жылы