Материалдар / ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЛАНДШАФТТЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ МЕН ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЛАНДШАФТТЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ МЕН ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал оқушымның ғылыми жобасы, Қазақстанның ландшафттық ерекшелігі мен даму кезеңдері туралы оқушылардың ғылыми түсінігін дамыту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Тамыз 2021
1301
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігі













ҒЫЛЫМИ ЖОБА ТАҚЫРЫБЫ:



ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЛАНДШАФТТЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ МЕН ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ















Оқушы: Нұрланқызы Аружан









Мазмұны

І. Кіріспе

ІІ.Негізгі бөлім

2.1 Ландшафт дегеніміз не

ІІІ. Практикалық бөлім

3.1 Қазақстанның ландшафттық – географиялық ерекшелігі мен даму кезеңдері

ІІІ. Қортынды

ІҮ. Қолданылған әдебиеттер тізімі





































Аңдатпа

Ландшафттарды территория типі ретінде қарастырған кезде екі жол бар. Біріншіден, берілген аймақты өзінің аумағы ішінде біркелкі аудандарға бөлу; екіншіден, ұқсас үлескілерді бір-біріне кезектесіп қосу, ал ұқсас еместерін бөліп, ерекшелеу. Бірінші жағдайда (жоғарыдан «аудандастыру») табиғи компоненттерді іріктеу іске асады және олардың қасиеттерінің градациясы анықталады. Екінші жағдайда бұл тізбек келесідей оорналасады: нысандарды анықтау – олардың қасиеттерін, сипаттарын анықтау – жіктеу (класиффикациялау) – жеке кластар мен олардың жиынтығын таралу облыстарын анықтау, табу. Нысандар ретінде жеке нүктелер, нақты бір пішінге ие емес үлескілер мен тұтастай табиғи жүйе де саналады және олар зерттелетін территорияда кездейсоқ та орналасуы мүмкін немесе бір тізбек бойынша да. Осыдан кейін нысанның ең маңызды және тез өлшенетін нысандары анықталып, таңдалған бір тәсіл арқылы сандық әдістемелерді пайдалану арқылы оларды ұқсастықтарына байланысты топтастырады. Әрбір алынған класс үшін картада арнайы белгі немесе түс беріледі.

Аннотация

При рассмотрении ландшафтов как типов территорий существует два пути. Во-первых, равномерно распределить заданную площадь внутри своей территории; во-вторых, добавить поочередно друг к другу сходные доли, а не сходные разделить и выделить. В первом случае («зонирование» сверху) осуществляется отбор природных компонентов и определяется градация их свойств. Во втором случае эта цепочка выглядит следующим образом: определение объектов – определение их свойств, свойств – классификация (класификация) – определение, нахождение отдельных классов и областей распространения их совокупности. В качестве объектов рассматриваются как отдельные точки, доли, не имеющие определенной формы, так и естественная система в целом, причем они могут располагаться как случайным образом на исследуемой территории, так и по одной цепи. После этого выявляются наиболее важные и быстро измеримые объекты объекта и группируются в зависимости от их сходства с использованием численных методик одним из выбранных подходов. Для каждого полученного класса на карте дается специальный знак или цвет.











Annotation

When considering landscapes as a type of territory, there are two ways. First, the division of a given area into uniform areas within its territory; second, the alternation of similar shares with each other, and the separation and separation of dissimilar ones. In the first case ("zoning" from above), the selection of natural components is carried out and the gradation of their properties is determined. In the second case, this chain is formed as follows: definition of objects – definition of their properties, properties – classification (classification) – definition, detection of individual classes and their set of distribution areas. Objects are also considered as separate points, shares that do not have a specific shape, and a whole natural system, and they can be either randomly located in the territory under study, or in a single chain. After that, the most important and rapidly measurable objects of the object are identified and grouped according to their similarity, using numerical methods using a single selected approach. For each received Class, A special mark or color is assigned to the card.







































Жобаның мақсаты: Қазақстанның ландшафттық – географиялық ерекшелігі мен даму кезеңдерін оқу мен дәріптеу және насихаттау.

Жобаның міндеттері:

Оқушылардың бойында Қазақстанның ландшафттық – географиялық ерекшелігі мен даму кезеңдері жайлы білімдерін және зерттеу мәселесін қарастыру;

Қазақстанның ландшафттық – географиялық ерекшелігі мен даму кезеңдерін ізденуді дәріптеу;


Жоба өзектілігі: Қазақстанның ландшафттық – географиялық ерекшелігі мен даму кезеңдерін танымдық тұрғыдан зерттеу.


Ғылыми жобаның деректік негізі: ғылыми жұмысты жазу барысында осы уақытқа дейін ғылыми айналымға тартылмай келген баспа сөз материалдары мен тарихи түрлі әдебиеттер, ғылыми зерттеулердің мәліметтері сұрыпталып алынды.


Зерттеудің болжамы: Зерттеу жұмысы Қазақстанның ландшафттық – географиялық ерекшелігі мен даму кезеңдері жайлы еңбектерді зерттеу арқылы оқушылардың өзін өзі тәрбиелеуі және зияткер ұрпақтың қалыптасуына тарихи көмек.



Зерттеудің кезеңдері: Зерттеу жұмысының мақсаты мен тақырып ерекшелігіне байланысты әдеби-тарихи, жүйелі-сипаттамалық, баяндау, салыстырмалы талдау мен жинақтау, жүйелеу және оны түсіндіру әдістері қолданылды.


Ғылыми жобaның ғылыми жaңaлығы: Қазақстанның ландшафттық – географиялық ерекшелігі мен даму кезеңдерін танымдық тұрғыдан зерттелуі.



















Кіріспе

Қазақстандағы географиялық ландшафт – құрамындағы табиғат құраушы (жер бедері, климат, су, топырақтың, өсімдік бірлестігі мен жануарлары) мен морфологиялық бөліктері (фация, қоныс, жергілікті жер) өзара үйлескен, өзіндік құрылымы бар, географиялық қабықтардың салыстырмалы түрдегі біртектес бөлігі.

Қазақстандағы географиялық ландшафқа тән негізгі көрсеткіштер қатарына аумақтардың біртекті сипаты, құрастырушылардың кешенді сипаты мен біртұтастығы, тұрақтылығы, зат және энергия алмасуының біртектілігі жатады.



2.1 Ландшафт дегеніміз не

Ландшафт терминін орыс ғалымы Л.С. Берг енгізген. Географиялык ландшафтқа тән негізгі көрсеткіштер қатарына аумақтың біркелкі сипаты, құраушыларының біртекті ұштасуы, құрылымының кешенді сипаты мен біртұтастығы, тұрақтылығы, зат және энергия алмасуының біртектестігі жатады. Географиялык ландшафт терминінің “тарихи қалыптасып, біртұтастығын сақтай отырып, ұдайы дамитын табиғат кешені” немесе “табиғи геожүйе” деген де анықтамасы бар. Ландшафтар типке, тип тармағына және түрге жіктеледі. Ландшафтарды жіктеуде жылу және ылғалмен қамтамасыз етілу жағдайлары, геоботан. белгілері ескеріледі. Жер шарындағы барлық ландшафтардың жиынтығын ландшафтық сфера деп атайды. Ландшафтық түсірімдер нәтижесінде әр түрлі масштабтағы ландшафтық карталар жасалынады. Қазіргі кезде Географиялық ландшафттардың матем. моделі жасалынып, олар жайлы мәліметтер компьютерлік өңдеуден өткізіледі. Адам әрекетінен өзгерген ландшафт антропогендік (жасанды) ландшафт деп аталады. Географиялық ландшафт - геожүйе түрлерінің бірі. Барлық негізгі құрамбөліктері: бедер, климат, су, топырақ, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі өзара күрделі әрекетте және өзара шарттылықта болып, біртұтас үздіксіз жүйе құрайтын табиғи географиялық кешен. Ландшафттануда географиялық ландшафтының бірнеше топтық анықтамалары қалыптасты. Қоғамдық іс-әрекетте географиялық ландшафтының жүйенің ресурс өндіруші, орта құрушы және генетикалық қорды сақтаушы жүйе ретінде және табиғи ресурстарды жайғасты пайдалану мен қоршаған органы қорғаудың ең басты нысандарының бірі ретінде көрінеді.







3.1 Қазақстанның ландшафттық – географиялық ерекщелігі мен даму кезеңдері

Еуразия құрлығының ішкі бөлігінде Атлант және Тынық мұхиттарынан бірдей дерлік қашықтықта орналасқан Қазақстан Республикасы қоңыржай белдеудің орталық және оңтүстік ендіктерін (55°26' және 40°59' с.е. аралығын) алып жатыр. Оның Жер көлемі 2,72 млн км2. Жерінің ауданы Орта Азия республикалары – Түркіменстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан жерлерінің аумағынан 4 есе үлкен. Жерінің аумақтылығына байланысты Қазақстан ландшафттары әр алуан болып келеді. Республика аумағында жылу режимі әр маусымда әр түрлі, климатының қалыптасуына қыста арктикалық, жазда тропиктік массалары әсер етеді.

Жер бедерінде әр текті жазықтар мен әртүрлі биіктікті таулардың кездесуіне, климаттың континенттілігіне байланысты Қазақстан ландшафттарының өзіндік сипаты анықталады.

Республика аумағы төрт ландшафттық зонаға бөлінеді:

1 Қоңыржай белдеудің орманды далалық ландшафттық зонасы;

2 Қоңыржай белдеудің далалық ландшафттық зонасы;

3 Қоңыржай белдеудің шөлейт ландшафттық зонасы;

4 Қоңыржай белдеудің шөл ландшафттық зонасы.

Қазақстан ландшафттары жазық жерлер және таулы жерлер ландшафттық кластарына бөлінеді.

Жазық жер ландшафттары. Республика жерінің 90%-ы жазық. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 1600 км-ге, батыстан шығысқа қарай 3000 км-ге созылып жатыр. Аумағында 201 ландшафт түрлері қалыптасқан. Олардың жартысынан астамын аридті табиғи-аумақтық кешен құрайды.

Орманды дала ландшафттары

Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Ақмола облыстарының территориясын қамтиды. Орманды дала зонасының басты ерекшелігі – орман және дала өсімдіктерінің үйлесімді бірлігі болып табылады. Бұл ландшафттық зонаның климаты қоңыржай континенттік болып келеді. Жылдық жауын-шашынның мөлшері 250-400 мм шамасында. Жауын-шашынның 60%-ы жаз айларына сәйкес келеді. Ең мол жауын-шашын шілде айында жауады. Вегетациялық кезеңнің ұзақтығы – 120-145 күн, қуаңшылық жылдардың қайталануы – 20-30% 10°С-тан жоғары оң мәнді температуралардың жылдық қосындысы 2100°-1900°. Ылғалдану коэффициенті – 0,77-0,56. Жылу мен ылғалдылықтың мөлшеріне қарай орманды дала ландшафттары қоңыржай белдеудің астық тұқымдас өсімдіктері мен техникалық дақылдардын өсіруге қолайлы болып келеді. Жаз кезінде оңтүстік-батыстан соғатын аңызақ желдер мәдени өсімдіктер үшін үлкен қауіп туғызады.



1-сурет – Орманды дала ландшафттары


Қазақстанның орманды даласы тегіс жазық болып келеді (Батыс Сібір ойпатының оңтүстік бөлігі). Жер бедерінде көптеген ұсақ көлдермен толған, жағалаулары жайпақ болып келетін қазаншұңқырлар кездеседі. Жер беті солтүстікке қарай еңіс, осы бағытта абсолют биіктігі 180 м-ден 120-ға дейін азаяды. Жер бедеріне солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай бағытталған жалдар тән. Олардың ұзындығы 20-25 м -ге дейін же­теді.

Жер бедерінің жалпы ойпатты сипатын қазіргі өзен аңғарлары бұзады. Ең ірі өзен – Есіл өзені.

Батыс Сібір ойпатының негізін палеозойлық және басқа да ежелгі жыныстар құрайды. Фундамент бетіндегі 700 м -ге дейін жететін шөгінді қабат кезектесіп келетін сазды және құмды жыныстардан құралған.

Петропавл қаласынан солтүстікке қарай оңтүстік орманды дала зоналығы орналасқан. Мұнда орманды далаға тән ылғалды қоңыржай климат қалыптасқан. Бұл аумақ жер беті және жер асты суларымен жақсы қамтамасыз етілген. Ылғалдану коэффициенті 0,77-0,63. Саздақты жерлер мен өзен беткейлерінің жоғарғы бөліктеріндегі қара топырақты аумақтарда астық тұқымдас шөптесін өсімдіктер мен қатар батпақтанған шымтезекті топырақта өлең шөпті қамыс өседі.

Петропавлдан оңтүстікке қарай (55°солтүстік ендіктен оңтүстікке қарай) орманда далаға тән емес белдем орналасқан. Сұр орман топырағында өсетін көктеректі-қайыңды орман шоқтары бірте-бірте сирей береді. Орман шоқтары тек көтеріңкі жерлерде ғана кездеседі. Ландшафттарында сазды-көлдік және эолдық жазықтардың қара топырақтарында өскен жусанды-бетегелі-бозды дала өсімдіктері таралған. Өзен жайылмасының шалғынды және шалғынды сор топырақтарында әр түрлі астық тұқымдас шалғынды өсімдіктер кездеседі.

Орманды дала зонасында орманның да, даланың да аңдары кездеседі. Жалпы алғанда орманды дала мен дала ландшафттарының жануарлар дүниесінде табиғи шекара әлсіз болып келеді. Көбінесе орман фаунасы басым. Мұнда дала тышқандары, ақ қоян, түлкі, қасқыр көп кездеседі. Орманды дала Қазақстандағы бұлан мекендейтін бірден-бір орын болып табылады. Үкі, қаршыға, бұлдырық, ителгі, ұзақ, қарға құстары тіршілік етеді. Орманды даладағы көп ұсақ көлдерде үйрек, шағала, т.б. жыл құстары ұя салады. Өзен бойындағы ну қамыстарда жабайы шошқа да мекендейді.

Дала зонасының ландшафттары

Қазақстан аумағында дала зонасы республиканың 30%-дай жерін алып жатыр (77 млн га). Ол Каспий маңы ойпатының солтүстігінде, Жалпы Сыртта, Орал тау алды үстіртінде, Торғай үстіртінде, Сарыарқаның көп бөлігі мен Теңіз, Қорғалжын көлдерінің маңында орналасқан. Батыстан шығысқа қарай мөлшермен алғанда 2200 км-ге созылып жатыр. Дала ландшафттары орналасқан жерлердің тектоникалық құрылымы мен геологиялық құрылысы әртүрлі болып келеді. Орал, Мұғалжар тауларына дейінгі батыс бөлігі ежелі платформаның плиталық жазығынан тұрады. Дала ландшафтысы бұл аумақтарда теңіз табанды саз балшықты, борлы жыныстардың негізінде қалыптасқан. Бұл жерлердің шөгінді жыныстары теңіз басуы мен құрлық көтерілуінің нәтижесінде қабаттаса орналасқан лесс тәрізді саздақтан, қиыршық тасты саздақтар мен сазды жыныстардан түзілген. Жер бедері ойпатты, қыратты, үстіртті болып келеді. Сарыарқада ежелгі калеодондық тау жүйелерінің аласа жұрнақтары кездеседі.



2-сурет – Құрғақ дала ландшафттары


Дала зонасы ландшафттарына құрғақ, континентті климат тән болып келеді. Орманды дала ландшафтымен салыстырғанда мөлшері көбірек, бірақ жауын-шашын мөлшері азырақ болып келеді. Жылдық жауын-шашынның мөлшері – 200-300 мм 10°С -тан жоғары температуралардың жылдық жиынтық мөлшері – 2000-2300°. Вегетациялық кезең – 135-170 күн. Ылғалдану коэффициенті – 0,57-0,27.

Қазақстанның дала зонасы климатының нашар сипаты – ылғалдың тұрақты әрі жеткілікті болмауында. Қатты аяздың топырақтың беткі қабаттарын қалың тоңға айналдыруы да ауыл шаруашылық дақылдарын өсіруге өз әсерін тигізеді. Қуаңшылық жылдардың қайталануы солтүстігінде – 40-50%, ал оңтүстігінде – 70-80%. Жылу мен ылғалдың шамасына байланысты дала зонасы мынандай ландшафттық бөліктерден құралады: 1) қара шірік қабаты орташа болып келетін, шөптесінді боз өскен қоңыржай қуаң дала; 2) қара шірік қабаты шамалы болып келетін шөптесінді – бетегелі боз өскен қуаң дала; 3) күңгірт қызыл қоңыр топырақта өскен бетегелі – бозды дала. Ландшафт құрамындағы сортаң­дық топырақ пен грунттың сулы – тұздық режимінің ерекше дамуымен байланысты. Топырақ пен грунттағы ылғал мен тұздың бөлінуіне жер бедерінің мезо және микроформалары мен топырақ түзуші жыныстардың литогендік негіздері әсер етеді.

Қара шірік қабаты орташа болып келетін, шөптесінді боз өскен қоңыржай қуаң дала. Бұл ландшафт түрлері Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарының территорияларында дамыған. Бұлар Орал сырты үстіртінің денудациялық-акумуляциялық жазығында, Көкшетау маңындағы қыраттарда, Қазақ­станға жалғас жатқан Батыс Сібір көлтабанды жазығында қалыптасқан. Бұл жерлерде кәдімгі және оңтүстіктің қара топырағы таралған. Жазық­тағы ойыс жерлер мен ұсақ шоқыларда сортаң топырақтар кездеседі. Әрбір ағынсыз тұйық ойпаң жерлер белгілі өсімдік тобымен сипат­талатын микроландшафт болып табылады.

Қара шірік қабаты шамалы болып келетін шөптесінді-бетегелі-боз өскен қуаң дала – Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Павлодар облыстарының жерін алып жатыр. Ландшафттың құрылымы саздақты жондар мен сазды жалды – қолатты көлдік, баяу еңістенген сазды абразиялық, сазды-құмдақты денудациялық жонды төбелер мен террасалы алювийлік жазықтардан құралған. Бұл ландшафт аумағындағы қара топырақта түрлі шөптесінді боз дала орналасқан. Мұнда шалғындық-далалық және далалық-сортаңдар жиі кездеседі. Субдоминант типіне жататындар: орман шоқтары өскен жыралар мен сайлар, шалғын­ды және бұталы суффозиялық ойыстар, тұзды және қатқылды сорлар.

Күңгірт қызыл қоңыр топырақта өскен бетегелі – бозды қоңыржай құрғақ дала. Бұл даланың ірі массивтері Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Торғай, Ақмола, Павлодар облыстарында көптеп кездеседі. Жаз маусымында байқалатын қолайсыздау гидротермиялық жағдаймен ерекшеленеді. Ландшафттардың генетикалық әртектілігі олардың биоклиматтық ерекшеліктерімен үйлесімді болып келеді. Ландшафттары жыралы-төбешікті және сортаңды ойпаңдардағы қоңыр, қызғылт қоңыр топырақ типтерінде қалыптасқан бетегелі-бозды өсімдіктер мен шоқ тоғайлар өскен акумулятивті жазықтар болып келеді.



3-сурет – Селеулі боз дала


Қолатты-қазаншұңқырлы акумулятивті жарықтардың қызғылт қоңыр шал­ғындық топырағында астық тұқымдастар мен шалғындық өсімдіктер, абразиялық сазды жазықтардың сортаң топырағында жусанды – астық тұқымдас өсімдіктер, ежелгі шоқылардың жұрнақтарындағы қызыл-қоңыр шалғындық топырағында далалық бетеге мен көде араласқан шалғындық өсімдіктер таралған.

Дала зонасы аумағындағы жер бедерінің генетикалық әртектілігі мен жылу және температуралық жағдайдың әртүрлігі келесі ландшафт түрлерін ажыратуға мүмкіндік береді:

1 Шығыс Еуропалық ландшафт типі Жалпы Сыртты, Орал тау алды жазықтары мен Каспий бойы ойпатының жайпақ акумулятивті жазықтарын алып жатыр. Егістік жерлер үшін қолайлы болып келеді.

2 Батыс Сібірлік ландшафт типі Батыс Сібір ойпатының көлді-ылдилы, қолатты жазықтарында таралған.

3 Ұсақ шоқылы ландшафттар аздаған мөлшерде тосқауылдық-орографиялық рөл атқарады.

4 Торғайлық ландшафт типі сатылы жер бедерімен ерекшеленеді. Шалғынды, сортаңды аумақтар жиі кездеседі. Ауыл шаруашылығында қосымша мелиоративтік шараларды қажет етеді.

5 Ормандық-далалық аңғарлық ландшафт типі алювийлі топырақ қабатымен, орманды, бұталы, шалғынды өсімдік жамылғысымен сипатталады.
Шөлейт зона ландшафттары

Шөлейт зона дала мен шөл зонасының аралығындағы өтпелі зона болып табылады. Ол батыстан шығысқа қарай Қазақтың ұсақ шоқысының орталық және оңтүстік бөлігімен, Торғай төрткүл өлкесі мен Каспий бойы ойпатының солтүстігін ала созылып жатыр.

Шөлейт зонаның негізгі ерекшелігі – ландшафттарының әр алуандығы мен өзіндік ерекшеліктерінің болуы, гидротермиялық режимінің күрделілігі және өсімдік-топырақ жамылғысының әртүрлігі. Шөлейт зонаға жалпы алғанда, құрғақ әрі шұғыл континентті климаттық жағдай, гумус қабаты аз ашық қоңыр және қоңыр топырақ, сортаң және сор жерлер, жусанды – астық тұқымдас өсімдіктердің сирек жамылғысы тән болып келеді. Бұл зона батыстан шығысқа қарай 2900 км-ге созылып жатыр. Қазақстан аумағының 23%-ын құрайды. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 280-180 мм, 10°С-тан жоғары температуралар жиынтығы 2900-3300°С, вегетациялық кезең ұзақтығы 170 күн­нен астам. Ылғалдану коэффициенті – 0,28-0,20.

Шөлейт зона ландшафттары: қызғылт қоңыр сортаңды және карбонатты топырақтағы жусанды-бетегелі, жусанды-көделі – еркекшөпті шөлейттер. Құмды массивтері бар жазық жерлер, ашық қызғылт қоңыр топырақтағы жусанды-бетегелі-бозды шөлейттер, жер бедері толқынды-аңғарлы саздақты қабаттық жазықтар, төбешікті-қырқалы, эолды жазықтардағы құмды топырақтардағы жусанды-көделі еркекшөпті шөлейттер болып табылады.

Мұнда ландшафттардың Шығыс Еуропалық, Торғайлық, Орталық Қа­зақстандық және аңғарлық орманды-шалғынды типтерін бөлуге болады.

Шығыс Еуропалық тұрпаттағы ландшафттар Каспий бойы ойпатының сазды жайпақ жазықтары мен Орал тау алды үстіртінің мергельді, жонды жазықтарында қалыптасқан. Ландшафттың Торғайлық тұрпаты көлді-қолатты және сор, сортаң кешендерге тән болып келеді.



4-сурет – Шөлейт зона ландшафттары


Орталық Қазақстандық типтегі ландшафттар ксероморфтық сипатта дамыған. Көбінесе шөлейт зонаның лндшафттары жайылымдық жерлер есебінде пайдаланылады. Шөл зонасының ландшафттары

Шөл зонасы Қазақстандағы жазық жерлер аумағының шөлейт зонасынан оңтүстіктегі бөлігін алып жатыр. Шөл зонасының Қазақстандағы аумағы 117 млн га, республика жерінің 40%-дан артығын алып жатыр. Каспий бойы ойпатының оңтүстігін, Маңғыстау түбегін, Үстіртті, Солтүстік Арал маңын, Бетпақдаланы, Сырдария бойын, Қызылқұм мен Мойынқұмды, Солтүстік және Оңтүстік Балқаш маңын қамтиды. Шөл Іле өзенінің, Балқаш және Зайсан көлдерінің тау аралық жазықтарында да кездеседі.

Шөл зонасы атмосфералық жауын-шашынның өте аз мөлшерімен, буланудың көптігімен, мен топырақ температурасының тәуліктік және жылдық ауытқуының едәуір мөлшерімен және беткі тұрақты ағыстың болмауымен сипатталады. Сонымен қатар топырақтың беткі горизонттарында көп мөлшерде тұз жиналады, өсімдік қабаты сирек, көбінесе ксерофитті, сортаң топырақта өсетін түрлер кездеседі. Шөл ландшафттарындағы ылғалдану коэффициенті 0,22-0,10, жауын-шашынның жылдық мөлшері 190-120 мм. 10°С-тан жоғары, оң мәнді температуралардың жылдық жиынтығы 3200-4200°С, вегетациялық кезең 200 күннен астам.

Қазақстанның қазіргі шөл зонасы ұзақ геологиялық дәуірлер бойы жер қыртысының майысу аймақтары болды. Соның нәтижесінде теңіздік және құрылықтық шөгінді жыныстардың қалың борпылдақ қабаты қалыптасты. Олардың кезектесіп келуі теңіз басуы мен қайтуының бірнеше рет қайталанғанын дәлелдейді.

Қазақстанның шөл зонасында жер бедері мен субстрат ерекшелігіне қарай шөлдердің бірнеше типі қалыптасқан, олар: құмды, сазды, тасты, сортаң және лесстік-сазды шөлдер.



5-сурет – Сазды шөлдер


Құмды шөлдер Каспийден Тянь-Шань мен Жоңғар Алатауына дейінгі үлкен аумақты алып жатыр.

Құмды жер бедері әр алуан болып кезеді: қырқалы, шағылды және төбелі құмдар. Құмды шөлдер қысқы жайылым ретінде пайдаланылады.

Сазды шөлдер. Бетпақдала мен Үстірттің аумағында орналасқан. Бұларда топырақ қабаты қалыптаспаған. Сазды, тақыр жерлер кейде құмды массивтер арасында да кездеседі. Жауын-шашынды мезгілдерде тақырлар беті батпаққа айналады, ал құрғақ кезеңдерде көпжақты жарықшалармен тілімделеді. Тақыр жерлер – шөлдердегі тіршілік дамымаған аумақтар болып саналады.

Тасты шөлдер көбінесе шөл зонасында орналасқ

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!