Материалдар / Қазақтың абыз ақыны
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақтың абыз ақыны

Материал туралы қысқаша түсінік
кітапханашыларға, сынып жетекшілерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Маусым 2018
534
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ы. Алтынсарин атындағы ЖОББМ

2017 – 2018 оқу жылы


















«Қазақтың абыз ақыны»

10-сынып сынып сағаты















Кітапхана меңгерушісі: Сисенгалиева А.Т.















Тақырыбы: «Қазақтың абыз ақыны»

Мақсаты: оқушыларға жерлес ақын жазушының өмірбаянымен шығармашылығын насихаттау, өз өлкемізді, туған жерімізді, өз өлкемізден шыққан ұлы адамдарды тани білуіне үйрету, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру.



Көрнекілігі: газет қиындылары, БҚО картасы, слайд, «Алаштың Абызы, қазақтың Қадыры» атты кітап көрмесі.

Түрі: сынып сағаты 10 - сынып

«Қадырды білмейтін қазақ әсте жоқ. Қадырды әлі әріп танымаған бүлдіршін бөбектен бастап, әріпті көзілдіріксіз көре алмайтын қарияға дейінгінің бәрі біледі. Өзін білмесе де сөзін біледі»

Әбіш Кекілбаев

1. Кіріспе

Кітапханашы: Құрметті Ұстаздар және оқушылар «Әдеби Ақжайық» жобасы бойынша Қадыр Мырза Әліге арналған сынып сағатына қош келдіңіздер.

Қасиетті Сырым елінен түлеп ұшқан қыран, сыншы, аудармашы, драматург, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік, халықаралық және Тарлан сыйлықтарының иегері Ақ Жайықтың ақиық ақыны Қадыр мырза Әлі.

Ақ Жайық өңірі қашанда ақынға да, азаматқа да ежелден кенде болмаған. Әр ақыны мен азаматының өз биігі бар. Солардың ішінде Қадыр Мырза Әлі ақындық жағынан да, азаматтық жағынан да ел тарихында биіктен көрінген, Халқының сый құрметіне бөленген қайраткер.

2. «Жырыңыз елмен бірге жасай берсін!» Оқушыларға сөз кезегін береміз бірнеше өлеңдерін мәнерлеп оқиды.

3.«Болу үшін жаралғам туған жердің жырауы...» Ақынның әнге арнап жазған өлеңдерінің саны 200 ден астам. Олардың көбі халық арасында кеңінен тарап «Үндер –ай» атты жеке кітап ретінде басылып шықты.

Ән: «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» орындайтын кітапханашы А. Сисенгалиева.

4. «Алаштың Абызы, қазақтың Қадыры» атты кітап көрмесіне шолу кітапхана меңгерушісі А. Сисенгалиева

5. «Өмір дерек» Сынып жетекшісі М. Айбекова баяндайды

Қадыр Мырза Әлі 1935 жылы 5 қазанда Орал облысының Жымпиты кентінде туған. 1958 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін тамамдаған. Еңбек жолын “Балдырғаннан” бастаған. “Жұлдыз” журналы редакциясында поэзия және сын бөлімінің меңгерушісі, , 1968-1973 жж. “Жазушы” баспасында қазақ поэзиясы бөлімінің меңгерушісі, Тұңғыш туындысы 1954 жылы “Пионер” журналында жарияланды. Содан бергі уақыт ішінде 40-тан астам жыр жинақтары мен әдеби-сын, ән өлеңдері мен прозалық кітаптары: “Көктем” (1959), “Данышпан” (1961), “Сабақ”, “Ой орманы” (1965), “Дала дидары” (1966), “Бұлбұл бағы” (1967), “Ақ отау” (1968), “Күміс қоңырау”, (1970), “Домбыра” (екі кітап, 1971 және 1974), “Кеш” (1973), “Жерұйық” (1976), “Қорамсақ”, “Көкпар”, “Қызыл кітап”, “Алақан” (1981), “Саз сиқыры” (1982), “Күндер-ай” (1984), сондай-ақ тоқсаныншы жылдары таңдамалы шығармаларының бес томдығы, ал 2001 жылы “Қазығұрт” баспасынан 15 томдығы шыққан. Бірнеше пьесасы сахнада қойылған. Өлеңдері көптеген шетел тілдерін аударылған. 1966 жылы “Ой орманы” жинағы үшін Қазақстан Ленин комсомолының сыйлығы берілді. 1980 жылы “Жерұйық” жыр кітабы үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақстан Республикасының алғашқы Әнұраны жаңа мәтіні авторларының бірі. 2001 жылы тәуелсіз “Тарлан” сыйлығын алды.

6. Қай ақын қай жеде дүниеге келді.

Батыс өңірінен шыққан ақындардың туған жерлерін табу. БҚО картасына ақындарды туған жеріне ауданына я болмаса ауылының тұсына стикермен жапсыру қажет.

Ақұштап Бақтыгереева

Еңбек ауылы

Жұбан Молдағалиев

Тайпақ ауд, Жыланды ауылы

Хамза Есенжанов

Шалқар ,Сары өмір ауылы

Бауыржан Губайдуллин

Қызылжар ауылы

Сағынғали Сейітов

Тайпақ ауд, Құрайлысай

Айтқали Нәріков

Тасқала ауд, Ширяев ауылы

Жанғали Набиуллин

Орда ауд, Искра ауылы

Қадыр Мырза Әлі

Жымпиты ауд, (сырым ауд)

Ораз Исаев

Ақжайық ауд

Қайрат Жұмағалиев

Орда ауд, Бисен ауылы

Тайыр Жароков

Бөкей ордасы

Ғайсағали Сейтақ

Орда ауд, орда ауылы



7. Библио бешбармақ.

Оқушыларға тәттілер үйлестіріледі. Тәттіге жапсырылған қағазда мақал – мәтелдің жартысы жазылады оны оқып ары қарай жалғасын тауып айтады.

Ән: «Апам үшін», «Жездекем» орындайтын Хайрошева Аяна

Викториналық сұрақтар

1. Орал өңірінен шыққан әдебиет майтамандары, ақын-жазушыларды ата? (Х Есенжанов, Қ. Мырзаәлі, Ж Молдағалиев, А. Бақтыгереева, Б. Баймуханова, С. Сейітов, Қ. Жұмағалиев).

2. Орал қаласының көне атауы қандай? (Теке)

3. Қала дамуына аса зор маңызы бар, Орал қаласынан 150 км қашықтықта орналасқан кен орнын ата? (Қарашығанақ)

4 Әйгілі орыс жазушысы А.С. Пушкин 1833 жылы Орал қаласында қазақтың қай эпосын орыс тіліне аударды? (Қазы-Көрпеш және Баян-Сұлу).

5. Алғаш Кеңес Одағының Батыры атағын алған жерле батыр қызды ата? (М. Маметова)

6. Орал қаласындағы әйгілі жерлес суретші есімімен аталатын музейді ата? (С. Ғұмаров).

7. Ақжайық өнерінің қайталанбас, шоқтығы биік асылдарын ата? (Құрманғазы, Дина, Сейтек, Мұхит, Ғарифолла).

8. Мұз спорт сарайы қай жылы ашылды? (2001 жылы 28 қараша).

9. Орал өңірінің «Інжу маржаны» аталған көлді ата? (Шалқар көлі).

10. Орал өңірінде Кеңес Одағының батыры атағын алған жерлестеріміздің саны қанша? (39).

11. Облыстық Ғылыми – әмбебап кітапхана кімнің атымен аталады? (Ж. Молдағалиев).

12. Облыстық «Балалар және жасөспірімдер» кітапханасы кімнің атында? (Х. Есенжанов).

13 . Жайықтың «Ақ Шағаласы» аталған ақын қызды ата? (А. Бақтыгереева)

14. БҚО шекарасы көршілес қай Мемлекетпен қиылысады? (Ресей)

15. Облыстық қоғамдық - саясы төл басылымды ата? (Орал өңірі).



Қорытынды: (Оқушыларға ақынның өмірінен бірнеше сұрақтар қойылады)

  • Қай жылы дүниеге келді? (05.01.1935ж)

  • Қай жылы дүниеден озды? (22.01.2011ж)

  • Қай жерде дүниеге келді? (Сырым ауданы)

  • Тұңғыш өлеңдер жинағы? (Көктем 1959ж)

  • Еңбек жолын қай жерден бастады? (Аудандық комсомол комитетінде пионер)

  • Қандай өлеңдерін білесіңдер? (Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру)

  • Қандай әндері бар? (Тамаша, Апам үшін, Жездеке т.б.)

  • Қандай журналдарда қызмет атқарды? (Балдырған, Жұлдыз)

  • Алғашқы өлеңі қай журналға шықты? (Пионер)

Қадыр Мырза Әлі 2011 жылы қаңтардың 22-і күні дүниеден өтті.



Осымен тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті. Келесі сөз кезегін МДТЖЖО Л. К. Жантемироваға береміз.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!