Материалдар / Қазақтың Ақселеуі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақтың Ақселеуі

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақтың Ақселеуі Рухы биік, ұлылықтың үлгісіндей болған Ақселеу Сейдімбек – халқымыздың өр рухының, өнегелі дәстүрінің, өрелі қалпының аса көрнекті өкілі, жазушы, әдебиет зерттеуші, ғалым, филология ғылымының докторы. Саналы ғұмырын қазақ сахарасын зерттеуге арнап, ұлтының жоғын түгендеді. Туған халқын, оның төл тарихын, әдет-ғұрпын, тілі мен мәдениетін бар жүрегімен сүйіп, бойындағы тәңірі берген бар қабілет-дарыны мен күш-жігерін ұлт игілігіне арнаған үлкен парасат иесі. Ел егемендігін алып, өз тізгіні өз қолына тиген кезге дейін-ақ ғалым көп адам айта бермейтін, айтса да жаза бермейтін қазақтың көне мәдениеті мен рухани шежіресін шырылдай жүріп жаңғыртып, қызғыштай қорғай білген.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Қырқүйек 2024
137
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақтың Ақселеуі

Рухы биік, ұлылықтың үлгісіндей болған Ақселеу Сейдімбек – халқымыздың өр рухының, өнегелі дәстүрінің, өрелі қалпының аса көрнекті өкілі, жазушы, әдебиет зерттеуші, ғалым, филология ғылымының докторы. Саналы ғұмырын қазақ сахарасын зерттеуге арнап, ұлтының жоғын түгендеді. Туған халқын, оның төл тарихын, әдет-ғұрпын, тілі мен мәдениетін бар жүрегімен сүйіп, бойындағы тәңірі берген бар қабілет-дарыны мен күш-жігерін ұлт игілігіне арнаған үлкен парасат иесі. Ел егемендігін алып, өз тізгіні өз қолына тиген кезге дейін-ақ ғалым көп адам айта бермейтін, айтса да жаза бермейтін қазақтың көне мәдениеті мен рухани шежіресін шырылдай жүріп жаңғыртып, қызғыштай қорғай білген.

Ақселеу Сейдімбектің шығармаларымен таныса отырып, олардың қазақ халқы үшін қайталанбас құнды дүниелер, баға жетпес қазына екендігіне көз жеткіздім десем болады.

«Күңгір-күңгір күмбездерді», «Мың бір маржанды» ,«Күй шежірені» сиықты шығармаларды дүниге әкелді. Қазақи болмысқа тән көрнектi ескеркіштер, қызыл тілге тиек болған сөз өнері мен шешендік мол мұраларымызды, қасиетті қара домбырамызды, одан туған кемеңгер туындыларымызды дархан даламыздай паш етіп көз алдымызға әкелді... «Даланың ауызша тарихын» жарыққа шығарып, қазақ шежіресін ғылымның биік шыңына көтерді. Сол арқылы қазақтың әдебиетін ғана емес, қалың тарихын да зерттеп өлшеусіз үлес қосты. Ықылымнан іргелі ел, ұлы ұлт болғанымызды дәлелдеді.

Қазақ әдебиетінің өкілі Әбіш Кекілбаев «…Ақселеу – ұлан-ғайыр сахарамызды түгел шолып, ұлан-асыр сыр-сипаттарымызды тегіс қамтып, қат-қабат тарихымызды терең қаузап, дүлдүл оймен, ділмар тілмен толғайтын ғұлама ғалым, сұңғыла білімпаз, сүлей суреткер... Қашанғы қара домбыра мен иір мойын қылқобыздың көмейіндегісін, құйма құлақ қариялардың көкейіндегісін төкпей-шашпай түгел жинап, ашқарақ қошақандай қомағайлана бас сұғып, күрпіте сорып, талмап еміп, жебей сауып, ештеңе қалдырмай ақтап-қақтап, әбден сарыққан соң, байыппен пайымдап, сақадай салмақтап, әбден сараптап еді-ау, шіркін!», –деп ағамыздың шығармашылығына, заңғар биік тұлғасына, ұрпақ үшін жасаған ерен еңбегіне зор баға береді.

Саф алтындай сөз патшасы қаламгер, көкірек сарайында күй күмбірлеген өнерпаз «Сарыарқа», «Дәурен-айдай» әнін сайын дала асқақтата шырқаған, ержеткенде қияға құлаш ұрдырған сол дала биіктеріндей кемеңгер тұлға бейнесінде танылды, туған халқының ары мен намысы, кеткен кегі, ертеңгі қол жетері үшін өмір бойы күресті. Тарихта есесі кеткен елінің өнерін қайта тірілтті, өткенін таразылады, дәстүрін жаңғыртып шарықтатты. Қазақ халқының рухани әлемінде айырықша орны бар күй өнерін тарихи және этнографиялық аяда зерделеп, оның өзіндік қалыптасу жолдарын, әлеуметтік өмірмен біте қайнасқан болмысын, сондай-ақ төлтума қасиеттерін нақтылы айғақ-деректерге сүйене отырып саралады. Әлем әдебиетінің әйгілі туындысы, Гомердің "Илиада" және "Одиссея" атты эпикалық поэмаларын қазақ оқырманына таныстыруға алғаш талпыныс жасаған адам—Ақселеу Сейдімбек. Гомер поэмаларының қара сөзбен әңгімеленген нұсқасын ол қазақ тіліне аударып, бұл еңбегі 1974 жылы жеке кітап болып жарық көреді. Бұл аударма оқырман қауымның, әсіресе, оқушылар мен студенттердің сұранысына ие болып, үлкен тиражбен бірнеше рет қайта басылып шығады.

Өткен тарихты боямалап көрсетті, ескішілдікті дәріптеді, ұлтшылдық сарындарға жол берді, желтоқсан оқиғасына желік бергендердің, «қазақ ұлтшылдығын дайындаушылардың» бірі деген жалған айыптауларға, шындыққа жанаспайтын сындарға ұшыраса да еш мойымай елінің ертеңі үшін аянбай еңбек етті.

Ақселеу Сейдімбектің азамат ретіндегі болмысын айғақтайтын айқын қасиеттерінің ең бастысы - оның жалтақсыз ұлтжандығы. Аузын ашса Алашты айтатын, бар ойлағаны тек қазақтың қамы. Ұлтын дәл мұндайлық сүйетін адам қазақта ғана емес, жалпы мына жер бетінде аз да шығар. Нағыз Алаштың азаматы ретінде Ақселеу ағамызды - ұлтын сүюдің хрестоматиялық үлгісін жасап кеткен тұлға деп есептеймін.

Ақселеу Сейдімбек туған жері Жаңаарқаға келіп, Қарауылтөбенің басына өз қолымен тас үйіп, «Тірлік дәмі түгесілген күні мені осы жерге әкеп қоярсыңдар» деп жақын-жуыққа аманаттапты.

Азаматының аманатын арқалаған ағайын ендігі уақытта «Ақселеу төбесі» атанар қорым басында қол жайып, құран бағыштайды...

Ақселеу Сейдімбек сынды тұлғалар қасиетті қазақ жерінің өзінен, даланың қара топырағынан өсіп-өнетін ақселеуді еске салады. Артында қалың елі қазағы барда оның том-том боп тасқа басылған мұралары мен ұрпағына үлгі болар өмірі ешқашан ұмытылмақ емес.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!