400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақтың батыр жырауы - Қожаберген!

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақтың батыр жырауы, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі - Қожаберген жырау жайында эссе. Тарихта үлкен ізі қалған жан.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қожаберген жырау – Ұлы Дала дауысы

XV–XIX ғасырлар қазақ халқының мәдениет тарихында ерекше орын алады. Дәл осы кезде қазақ халқының әдебиетінде жыраулар поэзиясы қалыптасты. Ауыз әдебиетінің асыл қазынасы - толғауларды дарынды тұлғалар – ақын-жыраулар шығарып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырған. Соның ішінде – Қожаберген жырау Толыбайұлы.

Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Қожаберген жырауды білмейтін қазақ жоқ деп ойлаймын. Қазіргі Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Жамбыл ауданының Күлтөбе деген жердің тумасы, Орта жүз Ашамайлы Керейдің Көшебе руының Таузар тайпасынан шыққан батыр, суырып салма ақын, жырау. Көшпенді тіршілік кешкен Ұлы Даланың от ауызды, орақ тілді шешендерімен, қайсар батырларымен, қос ішекті домбыраны шерткен күйшілер мен қоңыр дауысты орындаушыларымен өмір сүрген. Тіпті осы қасиеттердің барлығын қамтыған «сегіз қырлы, бір сырлы» жан – Қожаберген Толыбайұлы. Ел басына түскен ауыр апатты «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» кезеңін жыр тілімен өрнектеген жырау. Сол бір қиын қыстау кезеңді көріп қана қоймай, қолына найза ұстап, қазақ батырларымен сырт жаудың шапқыншылығына төтеп берген батыр. Атақты «Елім-ай» тарихи дастанының авторы. Халқымыздың аса көрнекті ғалымы әрі тұлғасы Ермұхан Бекмаханов бұл дастан туралы: «Қожаберген ақынның «Елім-ай» дастаны тарихи эпопеялық жыр. Әрі сол «Елім-ай» ерлік хиссасының бірінші бөлімі – 1723 жылы «Ақтабан шұбырынды – Алқакөл сұлама» атанған ірі апаттың суретін ел көзіне елестеткен бірден-бір тарихи құжат» деп баға берген. Жыр-дастан қазақ тарихының жоңғарлармен жаугершілік қарым-қатынасында үлкен шежіре сынды туынды. Сонымен бірге шығарма дәл сол сәтте, сол бір тар жол тайғақ кешуді көзбен көріп жазылғандықтан, оның тұла бойы азаттық күреске шақырған ұрандар мен үндеулерге толы.

«Кеудеңде шыбын жаның болса егер,

Жоғалтпа жер бетінен қазақ атын»,- деген тәрізді намыс ұғымын есімізге салатын ұрандар жазылған. Қожаберген бабамыздан қалған рухани мұраның шексіз екенінде сөз жоқ. «Күлдірмамай», «Қойлыбай көреген», «Баба тіл» дастандары, «Ақсауыт», «Ғасыртас» сияқты толғаулары мен «Қарғыс атқан қалмақ-ай», «Балқан, Балқан, Балқан тау» өлеңдері, «Дабыл», «Аңырақай», «Сұлама» күйлері – осының барлығы тарих қойнауының құнды дерегі, қазақ әдебиетінің асыл қазынасы.

2014 жылдың басында еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ХХІ ғасырдағы Қазақстанның ұлттық идеясы – «Мәңгілік Ел» деп жариялады. Бұл ұлтымыздың ғасырлар бойы арман еткен асыл арманы. «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы өткенімізден сабақ ала отырып, ұмытпай, болашағымызды баянды ету және мәдени-рухани құндылықтарымызға негізделген, яғни барша ақын-жазушыларымыздың, күйші-жырауларымыздың, әнші-жыршылармыздың және қазақ әдебиетіне үлесін қосқан тұлғаларымыздың еңбектері, туындылары мен шығармалары – мәдени-рухани мұра. «Кешегісіз бүгін, бүгінсіз келешек жоқ» деп бекерге айтпаған. Біз кешегі ата-бабаларымыздың өсиетін қадірлемей ұмытсақ, бүгініміз бен кемел болашағымыз қандай болатынын елестеткім келмейді де.

Қорытындылай келе, Қазыбек Бек Тауасарұлының «Түп-тұқианнан өзіме шейін» атты еңбегінде: «Қожаберген Толыбай баласы Тәуке заманында әскер басы болған, жау түсіріп, ту алған батыр еді. Ол батырлығымен бірдей сол заманның өзі көзбен көрген оқиғасын мол жырлаған адам. Жасымен құралпы Бұқар оған құлдық ұратын. Бәлкім, егер Қожаберген жырау болмаса,бізге ол заманның көп шындығы жетпес те еді»,-деп жазылған. Ендеше қазақ тарихында есімі алтын әріптермен жазылған Қожаберген жырау – Ұлы Дала дауысының тарих сахнасындағы орны мен әдеби мұрасы жайында ұмытпағанымыз жөн. Қияметтің қыл көпірінен сүрінбей өткен тәуелсіз Қазақстанымның табаны тұғырдан таймасын және асыл мұраты алға жетелесін!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
01.04.2022
826
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі