Материалдар / Қазақтың ерлер биіндегі секіртпе түрлерә
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақтың ерлер биіндегі секіртпе түрлерә

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақтың ерлер биін меңгерту
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Қаңтар 2023
341
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Миялы балалар өнер мектебі





Ашық сабақ

«Лига қойылған ноталарды домбырада орындаудың негізгі әдістері»



Дайындаған: А.Тұрсынғали

Сыныбы: ІІ – сынып



Миялы селосы 2018 жыл



Бекітемін:

Оқу ісінің меңгерушісі:______________ А.Жәлеке

«27» 11.2018 жыл

Жоспары:

Сабақтың тақырыбы : «Лига қойылған ноталарды домбырада орындаудың негізгі әдістері»

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға дыбыс туралы түсінік бере отырып, олардың ерекшелігі жөнінде ақпараттандыру. Алған ақпарат бойынша сол қол саусағының қойылымы және лига арқылы дыбыс тазалығына мән беруге және жан жақты дамуға ықпал ету.

Тәрбиелік міндеттері: Ұлттық өнерімізді насихаттап, төл аспабымыз домбыраға баулу. Домбырада ойнайтын куйлер арқылы оқушыларды рухани адамгершілікке, эстетикалық талғамға тәрбиелеу.

Дамытушылық міндеттері: Өз бетінше жұмыс істеу, шығармашылық және есте сақтау қабілетін дамытып, ой – өрісін кеңейту. Оқушыларға лига қойылған ноталардың тәсілдерін үйретіп, дыбыс тазалығын, тербелісін дамыту.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Техникалық көрнекілік: Домбыра, оқулық, суреттер, слайд, үнтаспа.

Пән аралық байланыс: Теория, Сольфеджио, Музыка әдебиеті


Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

А) Сәлемдесу

Б) Сабаққа дайындығын тексеру

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Құрманғазы Сағырбайұлы «Кісен ашқан» күйін жатқа ойнап келу

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

«Лига қойылған ноталарды домбырада орындаудың негізгі әдістері»

ІV. Жаңа сабақты қорытындылау.

V. Үйге тапсырма.











Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Бүгінгі ашық сабақ ІІ сынып оқушысы

Сәлім Мираспен өткелі отыр.

А) Сәлемдесу

Б) Аспаптың бұрауын түсіріп, сабаққа дайындығын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Құрманғазы Сағырбайұлы «Кісен ашқан» күйін ойнату. Күйдің тарихын сұрап, нота бойынша күйді тексеріп, қатесін түзеп бағыт беру.

ІShape1 ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру. Музыкалық шығарманы үйрену барысында бірден орындауға қиын тиетін жерлерін меңгеру үшін нақтылы әдіс – амалдар көрсетілген жөн. Ең жауапты да, қиын жұмыстың бірі оқушының сол қол саусақтарының шеберлік жылдамдығын өсіру. Бұл үшін күндегі сабақта гамма, арпеджио, этюд, әр түрлі жаттығуларды пайдаланамыз.Сол қол буындарының бір қалыпты жылжып, ретпен қозғалысын қадағалаймыз.Домбыраның сабы сол қолдың алақанына тимеуі тиіс арасы қуыс болуы шарт.Сол қолдың білезік буыны қысылып қалса саусақтардың қозғалысына кедергі жасайды. Бұны біз барлық сабақта ескеріп ойнап келеміз. Лига ( ) (ит. Liga – біріктіру) деген мағынаны білдіреді. Яғни бір биіктіктегі дыбыстарды байланыстырып, ұзартатын белгі. Лига ноталар ұзақтығы мен олардың негізгі ұзақтығының қосындысына тең. Лига таға тәріздес сызықша болады. Сондай-ақ , лига белгісі дыбыстар арасын үзбей, байланыстыра орындауды көрсетеді.




  1. Пернедегі бір дыбыс ашық ре немесе соль дыбыстарының біріне лига арқылы қосылып тұрса, онда дыбыстар қағыстан кейін сол қолдығы екі әдіспен – бармақпен жоғары ре шегінде, қалған саусақтардың бірімен іліп қалу арқылы алынады. Мысалы:



Picture 3

  1. Саусақтармен іліп қалу пернедегі жоғары дыбыстан төменгіге көшкенде де қолданылады.


Picture 5


  1. Саусақтарды серпи басу әдісі пернедегі төменгі дыбыстан жоғары дыбысқа көшкенде де қолданылады.


Picture 7


Бүгінгі сабаққа халық күйі «Айда, былпым» күйін алдық. Бұл күйде лигалар кездеседі, сабағымыздың тақырыбына орай қолданып үйренеміз.






ІV. Жаңа сабақты қорытындылау.


  1. Лига дегеніміз не?

  2. Саусақтармен іліп қалу пернедегі жоғары дыбыстан төменгіге көшкендегі лига қалай қолданылады?

  3. Саусақтарды серпи басу әдісі пернедегі төменгі дыбыстан жоғары дыбысқа көшкендегі лига қалай қолданылады?


V. Үйге тапсырма. Халық күйі «Айда, былпым» күйіндегі лигаларды дұрыс қолданып, ойнап келу.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!