Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз

Түсінікті
2024-2025 оқу жылына арналған
қысқа мерзімді сабақ жоспарларын
Жүктеп алғыңыз келеді ме?
Қазақтың ерлер биіндегі секіртпе түрлері
Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың мақсаты: Ерте заманнан қалыптасып, халқымыздың аса бай мұрасымен бірдей дамыған би өнері туралы, қазақтың белгілі бишілері жайлы тиянақты түсінік беру.
Қазақтың ұлттың салт - дәстүрін, әдет - ғұрыптарын балалардың бойына сіңіру. Қазақ халқының ұлттық би өнерінің қалыптасуы жайлы мағлұмат беру, туған елін, жерін құрметтеуге, мәдениетті, өнерлі болып өсуге тәрбиелеу.
Тәрбиелік міндеттері: адамгершілікке, еңбекқорлыққа, табиғатты сүйе білуге, эстетикалық талғамын арттыруға, патриоттық сезімге би өнері арқылы тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
10 Қаңтар 2018
1201
1 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!

Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Жоспары:
Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ерлер биіндегі секіртпе түрлері.
Сабақтың мақсаты: Ерте заманнан қалыптасып, халқымыздың аса бай мұрасымен бірдей дамыған би өнері туралы, қазақтың белгілі бишілері жайлы тиянақты түсінік беру.Қазақтың ұлттың салт - дәстүрін, әдет - ғұрыптарын балалардың бойына сіңіру. Қазақ халқының ұлттық би өнерінің қалыптасуы жайлы мағлұмат беру, туған елін, жерін құрметтеуге, мәдениетті, өнерлі болып өсуге тәрбиелеу.
Тәрбиелік міндеттері: адамгершілікке, еңбекқорлыққа, табиғатты сүйе білуге, эстетикалық талғамын арттыруға, патриоттық сезімге би өнері арқылы тәрбиелеу.Дамытушылық міндеттері: оқулықтың мәтінімен берілген жоспар бойынша өз бетінше ізденуге, материалдар арқылы интеллектуалдық деңгейін көтеріп, оқушының пәнге қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты хабарлау.Сабақтың әдісі: Сатылап оқыту. Музыкалық сауат: Мимика.Көрнекілігі: Бейнетаспаға жазылған «Ұтыс биі», Шара Жиенқұлова жайлы көркем суреттер,Слайд , би туралы кітаптар.
Пән аралық байланыс: Тарих, музыка әдебиеті. Қазақ биі.Қолданылатын әдебиеттер: «Музыка әлемінде» ,«Казахские народные танцы», «Сымбат», «Өнерім менің өмірім», «Пять казахских танцев» т.б
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезА) Оқушыларды түгендеу.Ә) Сәлемдесу.Б) Дене қыздыру жаттығуларын жасау.В) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау.
ІІІ. Оқушылардың білімін жан-жақты тексеру:А) Қазақ биіндегі ерлерге арналған қол қалыптары мен қойылымдарын сұрау.Ә) Қазақтың ерлерге арналған би қойылымдарын сұрау.
ІV. Жаңа сабақ.
V. Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру.1) Қазақ биінде ерлерге арналған қандай билер бар?2) Қазақ биінің негізін қалаушыларды ата?3) Ерлер биінің қандай қимылдарын меңгердік?4) «Ұтыс» биі қандай би?
VІ. Жаңа сабақты қорытындылау:
-Оқушылар білесіңдерме осы біз жаттығу жасаған әуен яғни Қаражорға халық күйі болып келеді . Сондықтан қазақтың би өнерінің түп - тамыры ғасырлар қойнауында жатыр. Қаражорға биі - жақсылықты, әсемдікті, сұлулықты, салт - дәстүрмен әдет ғұрыпты дәріптейді.Осы «Қара жорға» термесін кім орындайтынын білесіңдерме?
ІІ . Үй тапсырмасын пысықтау.
Үйге берілген тапсырмаға келетін болсақ:
Өткен сабақ тақырыбы:«Қазақ биіндегі малдас құру жаттығулары»Қазақтың би өнері жайында сөз қозғағанда, оның ерте заманнан қалыптасып, халқымыздың аса бай ауыз әдебиетімен, ән - күйлерімен, дәстүрлі тұрмыс - салтымен біте қайнасып келеді. Би өнерінің де ата - бабадан қалған мәдени мұраның аса маңызды бөлігі ретінде қазақ қоғамымен бірге жасасып, оның рухани өміріне азық болғанын аңғарамыз. Ел арасында сақталған билердің өзінен – ақ халықтың өткендегі өмір салты, істеген кәсібі, оның айналадағы ортаға көзқарасы көрініп тұрғандай.Би - музыка өнерімен сабақтас сабақтас халық өнерінің бір түрі. Қазақтың би өнері ерте заманнан бастау алып, күні бұгінге дейін жалғасып келеді. Би өнері халқымыздың салт - дәстүрі, тұрмыс - тіршілігіне байланысты туындаған. Қазақтың ежелгі би өнері жайлы ертегі, аңыз, дастандарда айтылады. Ертедегі қазақ билері киіз үйлердің ішінде биленетін болғандықтан, алуан түрлі қимылдармен қатар бет - әлпет құбылулары арқылы да бейнеленген. Музыка сауаты. Бет - әлпеттің құбылуы «мимика» деп аталады. Би белгілі бір әуендермен, күйлермен сүйемелденеді. Мысалы, «Қаражорға», «Бүркіт биі», «Қамажай», «Киіз басу», «Ортеке», «Аққу» билері. ХІХ ғасырда Рахымберді биші шөктірілген түйенің үстінде секіріп жүріп билеген. Ол билегенде халық әуенінің ырғағымен бірге теңселіп, әндетіп отырған. Ал, ХХ ғасырдың басында диуана атанған Зәрубай биші «Қоянды» жәрмеңкесінде қоян болып киініп, «Қоян» биін үстел үстіне қойылған кеселер арасымен ептілікпен секіріп, қол – аяғын тигізбей шебер орындаған. Белгілі биші Рахым Асылбекұлы «Қаражорға», «Ортеке» билерін шебер орындаған.Осы бишілердің билерін еске ала отырып сол билердегі қимыл әрекеттерді Өткен сабақта өткен болатынбыз соны қайталап өтсек.Малдас құру- қазақ ер адамдарының -отырыс түрі. Оны би тілімен суреттегенде дайындық қалып ортада шахмат бейнесінде орналасқан оқушылардың аяғы ІІІ- қалып, қолдары- жиналмалы І-қалыпта , яғни белбеуде болады.
Ежелгі қазақ билерінің биленуі
А) Қазақтың ерлер биінде 5 қол қалпы бар. Осы қол қалыптарын оқушылармен пысықтап алу.Ә) Қазақтың ерлерге арналған билерінің бірнеше түрі бар.
Осыдан келе біздің бүгінгі жаңа сабағымызға келеміз.ІІІ. Жаңа сабақ: Сабақтың тақырыбы: « Қазақтың ерлер биіндегі секіртпе түрлері » Жаттығуды үйренбес бұрын қазақ биінің қалай туындағанын сөз етіп өту.А) Қазақтың ерлер биі негізінен күнделікті тұрмыс тіршіліктен бастау алып күні бүгінге дейін жетіп отыр .Оның дәлелі ретінде «Насыбайшы» , «Бүркіт биі» ,«Қыз қуу», «Аударыспақ»т.б-Оқушылар енді назарымызды экранға аударайық. ( экраннан бүркітшінің аң аулау кезінен үзінді видео, қазақтың ұлттық ойындарынан аударыспақ пен қыз қуудың видеосын көрсету )Ә) Қазақстандағы қазақ биінің негізін қалаушылармен танысып өтейік.Олар 1. Шара Жиенқұлова2. Рахымберді3. Зәрубай4. Рақым Асылбекұлы( Слайдтан Шара Жиенқұлова туралы мәліметті көрсету)Шара алғаш рет Қазақстанда бишілік мектеп ашып, шәкірттер даярлаған. Би өнеріне топтасып билеу өнерін енгізген ұстаз, биші әрі әртіс. «Ер Тарғын», «Қыз Жібек» операларындағы би көріністерін бейнелеген. 40-шақты би қойылымдарын қойып сахналаған. Осы қойған билерінің ішінде ерлерге арналған билері де бар. Сол билерге Шара апамыз ел аралап жүріп , елдің тұрмыс- тіршілігінен алынған қимыл-әрекеттерді би қимылы мен қозғалысы түрінде қосып отырған. Б) Қазақтың ерлер биінің қимыл-қозғалыстары қыздар биіне қарағанда мінезі жағынан қаттылау, шапшаңырақ, күрделі болып келеді. (Видеодан ерлердің би қойылымынан үзінді ерлердің мінезіне сипаттама беру үшін көрсету )
V. Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру мақсатында оқушыларға осы тақырып бойынша бірнеше сұрақтар беріп жаңа сабақты пысықтау.
1) Қазақ биінде ерлерге арналған қандай билер бар?2) Қазақ биінің негізін қалаушыларды ата?3) Ерлер биінің қандай қимылдарын меңгердік?4) «Ұтыс» биі қандай би?
VІ. Жаңа сабақты қорытындылау: Оқушыларды сабаққа қатысу деңгейіне байланысты бағалап алып, үйге «Ұтыс» биінің этюдін жетілдіріп, қайталап келу.

- Қазақтың ерлер биінің туындау туралы мәлімет беру
- Қазақстанда қазақ биінің негізін қалаушылар туралы мағлұмат беру.
- Малдас құрып секіртпе , сыңар аяқ секіртпе, секіртпе артқа.
- «Ұтыс » биінен этюд үйрету.
V. Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру.1) Қазақ биінде ерлерге арналған қандай билер бар?2) Қазақ биінің негізін қалаушыларды ата?3) Ерлер биінің қандай қимылдарын меңгердік?4) «Ұтыс» биі қандай би?
VІ. Жаңа сабақты қорытындылау:
- Оқушыларды бағалау.
- Үйге тапсырма беру.
- Сабақтың барысы:
-Оқушылар білесіңдерме осы біз жаттығу жасаған әуен яғни Қаражорға халық күйі болып келеді . Сондықтан қазақтың би өнерінің түп - тамыры ғасырлар қойнауында жатыр. Қаражорға биі - жақсылықты, әсемдікті, сұлулықты, салт - дәстүрмен әдет ғұрыпты дәріптейді.Осы «Қара жорға» термесін кім орындайтынын білесіңдерме?
ІІ . Үй тапсырмасын пысықтау.
Үйге берілген тапсырмаға келетін болсақ:
Өткен сабақ тақырыбы:«Қазақ биіндегі малдас құру жаттығулары»Қазақтың би өнері жайында сөз қозғағанда, оның ерте заманнан қалыптасып, халқымыздың аса бай ауыз әдебиетімен, ән - күйлерімен, дәстүрлі тұрмыс - салтымен біте қайнасып келеді. Би өнерінің де ата - бабадан қалған мәдени мұраның аса маңызды бөлігі ретінде қазақ қоғамымен бірге жасасып, оның рухани өміріне азық болғанын аңғарамыз. Ел арасында сақталған билердің өзінен – ақ халықтың өткендегі өмір салты, істеген кәсібі, оның айналадағы ортаға көзқарасы көрініп тұрғандай.Би - музыка өнерімен сабақтас сабақтас халық өнерінің бір түрі. Қазақтың би өнері ерте заманнан бастау алып, күні бұгінге дейін жалғасып келеді. Би өнері халқымыздың салт - дәстүрі, тұрмыс - тіршілігіне байланысты туындаған. Қазақтың ежелгі би өнері жайлы ертегі, аңыз, дастандарда айтылады. Ертедегі қазақ билері киіз үйлердің ішінде биленетін болғандықтан, алуан түрлі қимылдармен қатар бет - әлпет құбылулары арқылы да бейнеленген. Музыка сауаты. Бет - әлпеттің құбылуы «мимика» деп аталады. Би белгілі бір әуендермен, күйлермен сүйемелденеді. Мысалы, «Қаражорға», «Бүркіт биі», «Қамажай», «Киіз басу», «Ортеке», «Аққу» билері. ХІХ ғасырда Рахымберді биші шөктірілген түйенің үстінде секіріп жүріп билеген. Ол билегенде халық әуенінің ырғағымен бірге теңселіп, әндетіп отырған. Ал, ХХ ғасырдың басында диуана атанған Зәрубай биші «Қоянды» жәрмеңкесінде қоян болып киініп, «Қоян» биін үстел үстіне қойылған кеселер арасымен ептілікпен секіріп, қол – аяғын тигізбей шебер орындаған. Белгілі биші Рахым Асылбекұлы «Қаражорға», «Ортеке» билерін шебер орындаған.Осы бишілердің билерін еске ала отырып сол билердегі қимыл әрекеттерді Өткен сабақта өткен болатынбыз соны қайталап өтсек.Малдас құру- қазақ ер адамдарының -отырыс түрі. Оны би тілімен суреттегенде дайындық қалып ортада шахмат бейнесінде орналасқан оқушылардың аяғы ІІІ- қалып, қолдары- жиналмалы І-қалыпта , яғни белбеуде болады.
- Дегенде оң аяқпен оң жаққа қадам жасап, сол аяғымыз 30- градусқа көтеріледі.
- Дегенде сол аяқты оң аяқтың алдына аяқ ұшымен қойып, денені сол жаққа сәл қисайтамыз.
- Дегенде тіке demi plié-ге отырып.
- Дегенде оң жаққа 180-градусқа айналамыз.
- Дегенде оң аяққа demi plié-ге отырып сол аяқты алға созып жерден 30- градуста ұстаймыз.
- Дегенде сол аяққа тіке тұрып, оң аяқты сол аяққа Passe-ге жинаймыз.
Ежелгі қазақ билерінің биленуі
А) Қазақтың ерлер биінде 5 қол қалпы бар. Осы қол қалыптарын оқушылармен пысықтап алу.Ә) Қазақтың ерлерге арналған билерінің бірнеше түрі бар.
Осыдан келе біздің бүгінгі жаңа сабағымызға келеміз.ІІІ. Жаңа сабақ: Сабақтың тақырыбы: « Қазақтың ерлер биіндегі секіртпе түрлері » Жаттығуды үйренбес бұрын қазақ биінің қалай туындағанын сөз етіп өту.А) Қазақтың ерлер биі негізінен күнделікті тұрмыс тіршіліктен бастау алып күні бүгінге дейін жетіп отыр .Оның дәлелі ретінде «Насыбайшы» , «Бүркіт биі» ,«Қыз қуу», «Аударыспақ»т.б-Оқушылар енді назарымызды экранға аударайық. ( экраннан бүркітшінің аң аулау кезінен үзінді видео, қазақтың ұлттық ойындарынан аударыспақ пен қыз қуудың видеосын көрсету )Ә) Қазақстандағы қазақ биінің негізін қалаушылармен танысып өтейік.Олар 1. Шара Жиенқұлова2. Рахымберді3. Зәрубай4. Рақым Асылбекұлы( Слайдтан Шара Жиенқұлова туралы мәліметті көрсету)Шара алғаш рет Қазақстанда бишілік мектеп ашып, шәкірттер даярлаған. Би өнеріне топтасып билеу өнерін енгізген ұстаз, биші әрі әртіс. «Ер Тарғын», «Қыз Жібек» операларындағы би көріністерін бейнелеген. 40-шақты би қойылымдарын қойып сахналаған. Осы қойған билерінің ішінде ерлерге арналған билері де бар. Сол билерге Шара апамыз ел аралап жүріп , елдің тұрмыс- тіршілігінен алынған қимыл-әрекеттерді би қимылы мен қозғалысы түрінде қосып отырған. Б) Қазақтың ерлер биінің қимыл-қозғалыстары қыздар биіне қарағанда мінезі жағынан қаттылау, шапшаңырақ, күрделі болып келеді. (Видеодан ерлердің би қойылымынан үзінді ерлердің мінезіне сипаттама беру үшін көрсету )
- Оқушылар сонымен ерлер биі қандай мінезбен орындалады екен?
- (Оқушылардың жауабын тыңдау)
- Өте жақсы жауап бердіңдер, ендеше алға қарай сабағымызды жалғастырамыз.
- Дегенде оң аяқпен оң секіре тізесін бүгеміз , сол аяғымыз 30- градусқа көтеріледі.
- Дегенде сол аяқты оң аяқтың алдына аяқ ұшымен қойып, денені сол жаққа сәл қисайтамыз.
- Дегенде тіке demi plié-ге отырып.
- Дегенде оң жаққа 180-градусқа айналамыз.
- Дегенде сол аяқты сүйрете отырып жанға секіре қозғаламыз.
- 4 - Дегенде де 2-ні қайталаймыз
- Дегенде оң аяқпен алға қадам басып , оң қол ІІІ- қалыпқа ,сол қол ІІ- қалыпқа көтеріледі. Сол аяқ артқа 30-градусқа көтеріледі.
- Дегенде сол аяққа артқа секіртпе жасай отырып
- Дегенде оң аяқты сол аяқ алдына айқастыра қойып, қолды белге жинаймыз.
- Дегенде сол аяқты артқа тіке созып, оң аяққа plie-ге отырамыз да қол жанға ІІ- қалыпқа ашылады.
- Қыздар бугін біздер жаңа сабақтан нені үйрендік?
- Ол қимылдар қай ұлттың биіне тән?
- Барлық қимылда не қайталанып тұр?-деген сұрақтар беріп жаңа сабақты пысықтап алып, үйренген қимыл- қозғалыстарды әр бағытта орындау арқылы « Ұтыс» биінің этюдін құрастыру.
- Ұтыс дегеніміз жалпы жарыс, сайыс дегенді білдіреді. Біз үйренгелі отырған осы би атына сәйкес ер балалардың бір-бірімен сайыс ретінде биленетін биі. Біздер бүгін соның 24- тактсіне жұмыс жасаймыз.
V. Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру мақсатында оқушыларға осы тақырып бойынша бірнеше сұрақтар беріп жаңа сабақты пысықтау.
1) Қазақ биінде ерлерге арналған қандай билер бар?2) Қазақ биінің негізін қалаушыларды ата?3) Ерлер биінің қандай қимылдарын меңгердік?4) «Ұтыс» биі қандай би?
VІ. Жаңа сабақты қорытындылау: Оқушыларды сабаққа қатысу деңгейіне байланысты бағалап алып, үйге «Ұтыс» биінің этюдін жетілдіріп, қайталап келу.
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)