Қазақтың киіз үйі

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақтың киіз үйі

Материал туралы қысқаша түсінік
2-бөлім: Адамзаттық құндылықтар мен әлем мәдениеті бөліміне "Қазақтың киіз үйі" тақырыбында сабақ жоспары жасалынды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқамерзімді жоспар

Білім беру ұйымының атауы

Павлодар облысы, Ақсу қаласының Абай атындағы жалпы орта білім беру мектебі

Бөлім

2-бөлім: Адамзаттық құндылықтар мен әлем мәдениеті

Педагогтің Т.А.Ә.

Алиева Бахтигуль Сайдазимовна

Күні:


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Қазақтың киіз үйі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

8.1.4.1. мәтінде көтерілген мәселені (тұрмыстық, әлеуметтік) талдай отырып, негізгі ойды анықтау

ЕБҚ бар бала үшн күтілетін нәтиже


Сабақтың мақсаты

Мәтіндегі көтерілген мәселені талдайды, негізгі ойды анықтайды.

ЕБҚ бар бала:


Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі (45 минут)

Педагогтің іс- әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

ЕҚБ бар оқушы әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылығын ояту

2мин.

Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу.

2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

3. Оқушыларды топқа бөлу.


Мақсаты:

Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.


Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға талдау еркіндігі беріледі.

Оқулық, жұмыс дәптері, ДК экраны

Жаңа сабаққа кіріспе

1. Бейнеролик көріп, «Стоп кадр» арқылы жаңа тақырыптың мазмұнын түсінеді.

Оқушылар ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.











Жетелеуші сұрақтарға жауап береді

Тиімділігі: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлауын дамыту

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диолог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар қойылады.


Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу

20 мин.

«Әдеби үйірме» әдісі. Берілген бейнероликті көргеннен кейін сыныптарды топқа бөледі. Оқушыларға мәтін беріледі. Мәтін бойынша әр топқа тапсырмалар беріледі.

1-топ: Кереге

2-топ: Уық

3-топ: Шаңырақ

4-топ: Есік

5-топ: Киіз үй


1-топ. Сілтеме табушылар. (Мәтіннен қызықты жерлерін тауып жазады)

2-топ. Сұрақ қоюшылар. (Мәтіннің желісі бойынша топта ойландыратын сұрақтар қояды)

3-топ. Баяндаушы. Мәтін бойынша топта өткен ой талқысы туралы өз ойын жазады (эссе)

Шаңырақ киелі мүлік. Атадан балаға мұра болып келе жатқан.... ойды қорытып жазады.

4-топ. Ізденуші (қосымша ақпарат мәлімет жинақтайды) Киіз үйдің киелі ұғым екенін, шаңырақтың киесі туралы аңыз немесе мәлімет жинайды.

5-топ. Реттеуші (Ой талқысына қатысады) «Қара шаңырақ» ұғымын өз сөздерімен айтып шығады.

Мәтінді оқып шығып, киіз үй жабдықтарын жазып шығады.




Мәтін желісі бойынша сұрақтар қояды.

Бағалау критерийлері.

Дескриптор

Берілген мәтіннің мазмұны бойынша ақпаратты анықтайды

-Қызықты ақпаратты саралап жазады

Өз ойын еркін жеткізеді

-сөздің мағынасын түсіндіреді

























«Галереяға саяхат» әдісі. Әр оқушы өзінің жазған мәліметін сыртқы көз қарас арқылы баға береді. (жұмысқа стикер жапсыру арқылы)

Picture 1

Оқулық, жұмыс дәптерлері, постер, т.б..


Сабақтың соңы:

Ой толғаныс.

7 мин.

«Еркін әңгіме» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.


Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақтаған деректердің құнды болуын қадағалайды.


Оқушылар қара шаңыраққа байланысты өз ойын 7-8 сөйлем арқылы айтады. Сабаққа қорытынды жасайды.


Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». 1-10 балдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бағаланады.




















Киіз үй — мал баққан көшпелі халықтардың қысы-жазы отыратын өте қолайлы және төзімді баспанасы. Ол тез құрылып, тез жиналады. Қыста жылы, жазда салқын болады. Көлеміне және сыртқы кейпіне қарай әр түрлі болып келеді.

Киіз үйді құрайтын негізгі қаңқасын киіз үйдің сүйегі деп атайды. Оларға кереге, уық, шаңырақ, есік немесе сықырлауық жатады. Сүйектері көлеңкеде кептірілген талдан, жіңішке қайыңнан немесе теректен жасалады. Киіз үй жасаудың өзіндік ерекшеліктері бар. Оны тек шебер-үйші жасайды.

Киіз үйді тігу оңай емес. Алдымен керегені (биіктігі екі метрдей) жайып, әр бөлігін бір-бірімен жалғастырып, бекітеді. Керегенің әр бөлігін «қанат» деп атайды. Қанат саны үй көлеміне қарай көбейе береді. Киіз үй төрт, алты, сегіз, он екі қанатты болады. Хан ордасы отыз қанатқа дейін жеткен.

Керегені құрып болған соң шаңырақты көтереді. Қазақ халқы шаңырақты кие тұтады. Шаңырақ — отан, әулет мағынасында да қолданылады. Оны «қара шаңырақ» деп атайды. Ұл бала әке шаңырағының иесі. мұрагері болып саналады. Киіз үйдің басқа сүйектері ескірсе, оларды жаңартуға болады, ал шаңырақты жаңартпайды. Әдетте, шаңырақты үй иесі, ер адам көтереді. Үлкен киіз үйлердің шаңырағын ат үстінде тұрып бақанмен көтерген. Бақан — бір ұшы екі аша етіп жасалған ұзын сырық.

Шаңырақты көтерген кезде оның жан-жағынан уықтарды шаншыған. Уықтың шаңырақты ұстайтын жағы үшкір, кереге басына байланатын жағы жалпақтау болып келеді, жалпақ жағын тесіп бау өткізеді, оны «уық бау» деп атайды. Осы бау арқылы уық пен керегенің басын біріктіріп байлайды. Шаншылып біткен уықтың сыртынан айналдыра басқұрмен шалмалап таңады.

Шаңырақтан кейінгі ерекше қастерленетін бөлшегі — босаға. Ол табалдырық пен маңдайшадан тұрады. Оның екі жақтау  ағашын «таяныш» дейді. Оған сықырлауық орнатылады.

Сықырлауық — киіз үйдің өте әшекейленіп жасалатын сәнді есігі. Бұл ортасынан ашылып-жабылатын жарма есіктерге ұқсас. Ол екі таянышқа ілмек арқылы ұстасады, ашып-жапқанда сықырлап тұрады, сондықтан оны сықырлауық деп атайды.

Осыдан кейін үйдің сыртынан киіз жабады. Киіздің төрт түрі бар. Олар: туырлық, үзік, түндік, киіз есік. Алдымен туырлықты керегеге керіп, ұзын баулары арқылы уыққа бекемдеп байлайды. Сонан соң бақанның көмегімен үзік пен түндікті жабады. Үзік шаңырақ шеңберінен кереге басына дейінгі аралықты қамтиды. Атауына сай олар үзік-үзік киізден құралады.

Түндік — шаңырақты жауып тұратын төрт бұрышты шағын киіз, Түндік арнаулы бау арқылы оңай ашылып-жабылады.

Киіз есіктің сырты киіз, ортасы ши, астары жарғақ теріден жасалады. Ол шиыршықтап түріп қоюға ыңғайлы.

Киіз үйдің іші екіге бөлінеді. Олар; төр жақ (төрдің оң жағы, сол жағы), есік жақ (оң босаға, сол босаға). Қазақ халқы киіз үйдің ішін әсемдеп безендірген. Желбау — өрнекті, төгілме шашақты құр, шаңыраққа үш жерден байланып, керегеге асылады. Ол киіз үйге сәндік-жиһаздық сипат береді. Оның негізгі міндеті — дауыл кезінде шаңырақты салмағымен басып тұру.

Әдетте, үйдің оң жағына ағаш төсек орнатып, оның тұсына түскиіз ұстап, шымылдық кұрады. Төрге жүкаяқ, оның үстіне әбдіре (сандық) қояды. Әбдіреге көрпе-жастық, тағы басқа жүктерді жинайды. Үйдің сол жағына тамақ салатын кебеже, қазан-аяқ салатын аяққап, ыдыс-аякқ (саба, торсық, ожау, кесе, тостақ және т.б.) қойылады да, осы араны шым шимен қоршап жабады. Бұл «ас-су бұрышы» деп есептелінеді. Ал үйдің ортасына тамақ асатын ошақ (таған) немесе темір пеш орнатып қояды.

Сәндік үшін жасалған желбау, бас құрбаулар мен түскиіздер үй ажарын ашып, айрықша рең береді.

Киіз үйді осылай әр отбасы өз қалауларынша безендіріп жабдықтаған. Жабдықталған үйдің сәнді, әдемі болуы үй иелеріне байланысты.






Бағалау критерийлері.

Дескриптор

Б.Майлиннің «Шұғаның белгісі» хикаясымен мазмұндас шығармаларды анықтайды


- мазмұндас шығармаларды атай алады;

-авторлары мен тақырыптарын ,шығарма кейіпкерлерін атай алады;

қысқаша мазмүнын айта алады .












Оқушылар белгілі бір дағдыларды қайта-қайта қолданған кезде олардың бұған дейін меңгерген білімі мен дағдыларын естен шығармай, соларды қолдануы маңызды болып табылады. Бұл оқушыларға өз жетістіктерін жинақтап, қазақ тілі бойынша түрлі сыныпта және түрлі тақырып аясында меңгерген білімдерінің арасындағы байланысты көруге көмектеседі.









































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.01.2023
436
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі