Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
«Қазақтың көрнекті жазушысы, драматург» Бейімбет Маллин-125 жаста
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тақырыбы: «Қазақтың көрнекті жазушысы, драматург»
Бейімбет Маллин-125 жаста
Мақсаты:Оқырман мәдениетін қолдау мен дамыту, тарихи-мәдени және мұраны сақтау, ана тіліне құрметпен қарау. Рухани мұраларымызды насихаттау, көпшілікті кітап оқуға тарту.
Жоспары:
І. Б. Маллин өмірбаяны туралы бейне ролик
ІІ. Б. Маллиннің шығармалары
ІІІ. Б. Маллинның өлеңдері
І V . «Қазақтың үш бәйтерегі»
V. Ән
VІ. Қорытынды
Барысы:
1-жүргізуші
Армысыздар құрметті оқырмандар.
Бүгінгі біздің шарамыз Елбасының «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру жолында Қазақстанның түкпір түкпірінде аталып өтуде. Біздің де ат салысып, кішкентай да болса да үлесімізді қосқымыз келеді. Бүгінгі әдеби кешіміз киелі Тараз ауданында туып өскен қазақтың алтын алаш ұрпағы драматург, әрі аса көрнекті жазушы Бейімбет Малинге арналады.
1-жүргізуші: Бейімбет Майлиннің өмірбаяны
Оқушы: Бейімбет Майлин-аса көрнекті суреткер жазушы, ақын, драматург. Бейімбет Майлин 1894 жылы қазіргі Қостанай облысы, Тараз ауданы, қазіргі Майлин атындағы кеңшарда туды. Әкеден ерте жетім қалған бала шалшықта жүріп, ауыл молдасынан сауат ашып, хат таниды, кейін көрші ауылдағы медреседе екі жыл оқиды.
Оқушы: 1913-1914 жылдары Троицкідегі «Уазифа» мектебінде, оны бітіргеннен кейін Уфа қаласындағы «Ғалия» медресесінде оқиды. Медресе қабырғасында талапты жастармен бірге «Садақ» қолжазба журналын шығарысады. Алғашқы тырнақалды туындысы «Шұғаның белгісі» әңгімесі осы журналда жарияланады. Медреседе белгілі татар жазушылары Мұхит Ғафури, Ғалымжан Ибрагимовтен сабақ алады, башқұрт ақыны Сайфи Құдашпен бірге оқиды. Денсаулығына байланысты оқуын аяқтай алмай, Бейімбет ауылға оралып, 1916-1919 жылдары ұстаздық етеді. 1916жылғы ұлт-азаттық көтерілісі кезінде Бейімбет халық жағында болып, өлеңдер жазады.Жаңа үкімет тұсында 1919-1921 жылдары ауылдағы кеңес жұмысына қатысады.
Оқушы. 1925-1934 жылға дейін баспасөзде және баспа орындарында әр түрлі қызметтер атқарады. 1934-1937 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінің редакторы болып істейді. 1938 жылы Бейімбет Майлин өмірі биік белесіне енді шыға бергенде әділетсіз сезілді. Бейімбет Майлин бірі қысқа, бір нұсқа әңгіме жанрының қазақ әдебиетіндегі мектебін ашты. Ол елуден аса жарық көрген әңгімелерінде ауыл өмірін бейнелеп , қарапайым қазақ адамының шынайы образын жасайды.
1-жүргізуші: Бейімбет Майлиннің шығармалары
Оқушы:Бейімбет «Садақ» қолжазба журналында 1913жылы, «Айқап» журналында 1914жылы, «Қазақ»газетінде 1915жылы жарияланған алғашқы өлеңдеріне ден қояды. Сахара жұртының мұң мұқтажын, арман аңсарын, әсіресе азаттық теңдік тақырыбын тілге тиек етеді. Бейімбеттің поэзиялық шығармаларындағы Мырқымбай типтік кейіпкер деңгейіне көтерілген жиынтық бейне. Мырқымбай бейнесі арқылы Бейімбет сол кездегі қазақ кедейлерінің болмыс бітімін уақыт, қоғам аясындағы тіршілік тынысын суреткерлік шыншылдықпен бедерлей алған.
Жүргізуші: Мырқымбай
Оқушы:Кейіпкері көп өлеңнің «Мырқымбайлар»,
Алға басып, ілгері ұмтылғандар.
Қандай іс кездессе де Мырқымбайлар,
Тетігін оңай тауып бұрағандар.-
Жүргізуші: Б. Майлиннің «Ыбыраймыз, Ыбыраймын» өлеңі
Оқушы: Кеше: Бүгін:
-Уа, кімсіз? Уа, кімсің?
-Ыбыраймыз. -Ыбыраймын
-Жаймысыз? -Жаймысың?
-Жаймыз. -Жаймын.
-Уа , қайдан келесің? -Уа , қайдан келесің?
-Сайлаудан келеміз. –Соттан келемін.
Төске таққан шеніміз бар. –Соттан емес-ау
-Оттан келемін
Патшаға жаққан ебіміз бар. –Білдің бе?
Құдайға шүкір, қойдан жуас -Білдім ғой.
Момақан ғана еліміз бар.... –Қалай екен?
Күш сынасса жөн болады, -Арыз берген малай екен.... Кім келеді сайма-сай. –Солай ма екен?
-Солай екен.
-Не дейді?
-Ақы сұрайды.
-Қанша?
-Он мың сом.
-Он мың сом.
-Нең қалады?
-Нем қалсын?
-Қатын қалады,
-Мен қаламын.
-Шенің қайда?
-Тозған.
-Елің қайда?
-Күні озған.
-Енді не етпексіз?
-Бітем!
-Бітсең біт, мен де соныңды
күтем!
Жүргізуші:-деп жырлаған екен Би-ағаң.Бейімбет қазақ поэзиясында поэма жанрының өрісін ұзартып, өресін биіктетуге қомақты үлес қосқан.
Оқушы: Оның «Байдың қызы», «Рәзия қызы», «Қашқын келіншек», «Зайкүл», «Маржан», «Өтірікке бәйге», «Хан күйеуі», «Кемпірдің ертегісі», «Бөліс» поэмалары тақырыбының әр алуандығымен, оқиғалық тартымдылығымен, өзіндік тіл стиімен қазақ поэзиясының көрнекті үлгілерінің бірі болып табылады.
Оқушы: Бейімбет он беске тарта повесть, бұған қоса «Азамат Азаматович» атты роман жазған қаламгер. Оның «Қызыл жалау», «Қоңсылар» атты романдары аяқталмай қалман. Мұның сыртында ол ірілі ұсақты 25 пьеса, либретто, сценарийлердің авторы.
Жүргізуші:Сахара жұртының мұң мұқтажын арман аңсарын, әсіресе азаттық теңдік тақырыбын тілге тиек етеді.Бейімбеттің прозалық шығармаларында Кедей, Жауыз кім, Кедейге, Құтты болсын, Мейрамың, Бүгін, Гүлденсе ауыл гүлденеміз бәріміз, Коллективтің жырын айт, сияқты өлеңдерінде жаңа заманға әкелген ауылдағы өзгерістерді ондағы елдің тұрмыс-тіршілігін зор шабытпен жырға қосты.
Оқушы: Сенің зарың-зарлайтыным өмірде,
Сенің арың-арлайтыным өмірде.
Сен жыласаң-көзден жасым тамшылар,
Сен қуансаң-қайғы, шерім аршылар.
Жырлағаным-кедейдің жыры,
Сырлағаным-кедейдің сыры.
Сырым да бір, жырым да бір.
Мен-дағы сол кедейдің бірі.
Жүргізуші:Көріп отырғанымыздай, ақын дала тіршілігіне, қыр елінің кейпіне өзінің шыққан тегі-кедейдің көзімен қарайды. Қоғамдық ой-сананы уысында ұстап, билеп-төстеген, көзқарас атаулыны таптық таразымен өлшеген заманда жоқтықпен көз ашқан жазушының бұра тартар жөні де жоқ болатын.
Оқушы: Құбақан оң да болды, сол да болды.
Құбақан тарам-тарам жол да болды.
Оң, солды шарласа да шарты келіп,
Жылтырақ қара портфель қолда болды:
Алтыннан көзілдірік көз де болды,
Жыбырлап аузы үзілмес сөз де болды,
Кешегі таудай мінін бүгін жойып,
Құлпырып сағатында өзге болды.
«Значит», «так сказать» нақыл болды,
Жел қайдан шықса соған жақын болды.
Жүргізуші :«Бейімбет Майлин абақтығы түсуі» сахналық қойылылым
НКВД жендеттері Бейімбет Майлинді 1937 жылғы 6 қазан күні тұтқындаған. Соның алдында ғана өзінің сценариі бойынша қазақтың тұңғыш көркем фильмі «Амангелдінің» түсірілімінде кеңесші болып жүрген Би-аға кино түсіріліп жатқан Қарақастектен келіпті. Би-аға қамалған кезде отбасында жары мен ұл, екі қызы қалған. Ол өте балажан болған екен. Бейімбет әйелімен түрмеде болған бірінші және соңғы кездесуінде:
Оқушы:-Гүлжамал, саған бір аманатым бар. Анау үшеуі ұл ғой, қиындыққа мойымас. Екі қызымды сағындым. Енді келгеніңде сол екі қалқамды ала келіп, бір иіскетіп кетші!-
Жүргізуші –депті де көңілі бұзылып, теріс айнала беріпті. Амал нешік, Би-ағаның осы ақырғы аманатын орындаудың орайы келмеген көрінеді. Халықтың ұлдарын «халық жауы» атандырып, ауыр азап шектірген сұрқай заман-ай.
«Қазақтың үш бәйтерегі»
Жүргізуші:Қазақ әдебиетіндегі үш бәйтерек-Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин өмірлері қысқа, тағдырлары ауыр болғанымен шығармашылық ғұмырбаяндары ғибратты да мәнді болып табылады. 1938 жылдың 25 ақпанында халық жауы атанып жазықсыз атылған Бейімбет Майлин.
Оқушы:
Үш бәйтерек бір жыл туып, бір жыл өткен,
Зарлатып әйел-бала бірге кеткен.
Оларға «Халық жауы» атақ тағып,
Түбіне үшеуінің бір күн жеткен.
Ескерткіш өлеңменен мен орнаттым,
Аруағым үшеуінің бір аунаттым.
Кезінде бірге жүрген «Үш бәйтерек»,
Өлеңін шәкіртіме көп жаттаттым.
Би-аға еске алдым биыл Сізді,
Сөзіңмен тебіренттің бүкіл елді.
Атанған сөз зергері заманында,
Еске алу Би-ағаны келді кезі.
«Белгісі мұсылмандық» алғашқы өлең,
Өмірінен кедейдің берді белең.
Жұмақты сатып алам деген байлар,
Ілінді сықағына Бейімбеттің.
Би-аға көп жазды ғой өлеңдерді,
Сөз етті онда ауыр кезеңдерді.
Әсіресе қызықты «Мұқтаждығы»,
Түбін қағып, қалтасын жел гулетті.
Өлеңі көп Би-ағаның айта берсек,
Еске алып Бейімбетті біздер жүрсек.
Дуға оқып, аруағына Би-ағаның,
Жерлес қой, Би-ағаны біз елесек.
Даңқын сенің қанат жайды қияға,
Халқың сені ұмытпайды Би-аға.
125жыл болды биыл сен жоқсың,
Сөзің қалды өшпестей боп Би-аға.
Топырағың торқа болсын, Би-аға,
Өлеңдерің қуат берсін халқыма.
Ақындықты өздеріңнен үйреніп.
Осы өлеңді жазып едім қағазға.
Жүргізуші:Қазақ халқының классик қаламгері Бейімбет Майлин – өзінің тамаша талантымен әдебиетіміздің төрінен ойып тұрып орын алған зерлі сөздің зергері. Оның қара ормандай халқына қалдырып кеткен шұрайлы шығармалары ұрпақтан ұрпаққа аманат болып, қымбат рухани қазыналарымыздың қатарында саф алтындай жарқырап тұра беретін болады.
Қорытынды: Елімізде туған жерін, елін сүйетін, заман шындығы мен адам жанын терең ұғына алатын Майлиндей ұл--қызымыз көбейе берсін! Көпшілік оқырманды қамшының сабындай қысқа ғұмыр кешіп, өмірден ерте кеткен, артына мол мұра қалдырған Бейімбет Малин шығармаларын оқуға шақырамыз.