Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Қазақтың Қадыры
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Кештің тақырыбы: Қазақтың Қадыры
Мақсаты: Қадыр ақынның жырларын, әндерін, өмірлік тағлымын оқырман қауымға насихаттау.
Көрнекілігі: Кітап көрмесі, слайд, музыкалық аспаптар.
Кештің барысы:
1. Кіріспе.
- Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар. Талантты жерлес ақынымыз Қадыр Мырза Әлидің шығармашылығына арналған «Қазақ әнінің Қадыры» атты әдеби кешімізге қош келдіңіздер! Ең алдымен әдеби- музыкалық кешімізді бастамастан бұрын ақын ағамыздың өмірім мен шығармашылығымен оқырман қауымға таныстыра кетейік. Назар аударыңыздар.
Ақын 1935 жылы 5қазанда Орал облысының Жымпиты кентінде туған. 1958 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдаған.
Еңбек жолын сол кезде жаңадан ашылған балалар журналы «Балдырғаннан» бастаған. «Жұлдыз» журналы редакциясында поэзия және сын бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары, 1968-1973 жылдары «Жазушы» баспасында қазақ поэзиясы бөлімінің меңгерушісі, «Балауса» баспасының редакторы, кейін Қазақстан Жазушылар одағында поэзия секциясының кеңесшісі болған.
1966 жылы «Ой орманы» жинағы үшін Қазақстан Ленин комсомолыныңсыйлығы берілді. 1980 жылы «Жерұйық» жыр кітабы үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. Ол Қазақстанның халық жазушысы. 2001 жылы Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығын алды.
Оның тұңғыш туындысы 1954 жылы республикалық «Пионер» балалар журналында жарияланды.Содан бергі уақыт ішінде оныңжетпістен астам поэзиялық, прозалық, сондай-ақ әдеби-сын кітаптары жарық көрді, өлеңдері мектепо қулықтарына енді. Ал әнге арнап жазылған өлеңдерінің саны екі жүзден асты. Олардың көбі халыққа кең тарады, «Күндер-ай» атты жеке кітап болып басылып шықты. Таланты ақын қаламынан халық фольклорының атақты күлдіргі кейіпкері Алдаркөсе жайлы «Сақалсаудасы», «Қасқырқақпан» атты өткір сатиралы комедия мен Махамбеттің ең соңғы азапты күндеріне арналған «Жаралы жолбарыс» атты және «ӘмірТемір» кесек драмалық шығармалары да жарық көрді. Тұңғыш жинағы «Көктем» 1959 жылы жарық көрді.
Қадыр Мырза Әлі көркем аударма саласында да жемісті еңбектері көп. Әлемдік әдебиет ғүламаларының талайының шығармаларын ол қазақ тіліне аударады. Ал өзінің біраз топтамалары мен таңдаулы өлеңдері ағылшын, француз, неміс, поляк, болгар, венгер, фин тілдеріне аударылды. Орыс тілінде «Бессонница» (1967), «Белая юрта» (1968), «Соловьиный сад» (1971), «Степные пути» (1975), «Твой дом» (1976), «Верхная струна домбры» (1976), «Ладони» (1984), «Нижная струна домбры» (1985), тағы басқа кітаптары жарық көрсе, өзбек тілінде «Күмісқоңырау» (1975), қырғыз тілінде «Алақан» (1979), әзербайжан тілінде «Бұлбұл бағы» (1980), моңғол тілінде «Шымыр жаңғақ» секілді еңбектері басылды[1].
Сондай-ақ дарынды ақынның оннан аса кітабы бүрынғ КСРО халықтарының көптеген тілдеріне аударылып, Ташкент, Баку, Бішкек, Алматы, Мәскеу қалаларында басылып шықты.
Өлеңдері мектеп оқулықтарына енді. «Жаңғалақтар», «Данышпан», «Кішкене қожанасыр», «Ноян қоян», «Алуан палуан», «Ой орманы», «Дала дидары», «Бұлбұл бағы», «Ақ отау», 2 томдық «Домбыра», «Жерұйық», «Ғибратнәмә», «Жазмыш», «Еңіреп өткен ерлер-ай», «Иірім», «Шырғалаң», «Алмас жерде қалмас», 2 томдық «Афоризмдер жинағы» сынды туындылары оқырман жүрегінен орын алды. Ақын бұнымен қатар 200-ден астам ән сөзінің авторы, көркем аударма саласында да елеулі еңбек етті. Артына ең көп еңбек қалдырған ақынның туындыларының жалпы көлемі 32 том. Оның 20 томдығы былтыр ақынның 75 жылдығына орай «Қазығұрт» баспасынан жарық көрген болатын.Алғашқы әнұран авторларының бірі, белгілі ақын, Қазақстанның халық жазушысы Қадыр Мырза Әлі 2011 жылы дүниеден озды.
/10- сынып оқушысы Шынтас Олжас / 1- жүргізуші: Қадыр- найзалы ақын. Дәуірдің , уақыттың өзі жаратқан өміршең ақын. «Оның поэзиясы өзінің өмір сүріп отырған дәуірімен мінездес»,- депті Мұқағали ақын. Қадыр ақын қасындағы Мұқағали, Тұманбайлармен қатар шаба отырып, қазақ поэзиясын керемет биікке көтерді. Өзі де көтерілді. Сол қазақ поэзиясында Қадыр ақынның жұлдызы ала бөтен.
Өзгелер сияқты Қадырдың қадірін оқырман қауым бірден ұғынды. Талантына табынды, өзгеге ұқсамайтын жауһар жырларын тұтына оқыды. Қадыр ақын да сүйікті оқырманына халқының қазақы қасиеттерін, тектілігін, тазалығын ту еткен туындылар ұсынды. Халқымыздың ән ұранына айналып кеткен сүйікті әніміз «Атамекенді» бәріміз бірге айтып, осы кешті ашуды ұсынамын.
Ән « Атамекен»
Сөзі : Қадыр Мырзалиев.
Әнін жазған: Ескендір Хасанғалиев
.
/9- сынып оқушысы Еслям Айгерім/ 2- жүргізуші: Ақындық өнер талай мыңдардың бірінде ғана болатын қасиет.Қадыр қай өлеңінде болсын ақиқатты, адамгершілікті жоғары ұстайды. Қадыр үш шаңырақтан көрінген жалғыз ұл болған. Бірақ жалғыз екен деп , әкесі еркіне жібермей қатал ұстаған. Қадыр ағамыз үшінші сыныпта оқып жүргенде әкесі Ғинаят 42 жасында дүниеден озыпты. Ақын өзінің аты шығу тарихы туралы «Қадыр деп мені атаған» өлеңін жазады.
Оқитын 8- сынып оқушысы Қанапиянов Мерей.
-
жүргізуші:
Қадыр ақын асыл анасына өз өлең – жырларымен өшпес ескерткіш орнатқан. Қазақ әлеміндегі біртуар азаматтың сүйіспеншілігіне бөленген - Мағыраш апа екі дүниеде де арманы жоқ бақытты ана.
Ақын анасынан жырақта жүргеніне қайта – қайта толғанып, анаға деген ыстық. ықыласы мен махаббатын өлең жолдарымен жеткізеді.
«Ана» Оқитын: Тілеуғалиева Ақмарал, 7- сынып оқушысы
-
жүргізуші:
Сүйемін мен қазақ әнін әдепті,
Бала күннен үйреткен жақсы әдетті.
Асыл қазына жатқан жоқ па әр әнде,
Киелі одан ешнәрсе жоқ әлемде. Орыс тілі пәнінің мұғалімі Әсем Ерболқызының орындауындағы «Асыл әжем» әнін тамашалаңыздар.
-
жүргізуші:
Дарындылық, ақындылық туралы Қадыр былай дейді: Дарын иесінің ақын болып қалыптасуы ең алдымен өз ауылы, өз үйі, өз қара шаңырағынан.
Өйткені, ақын да кәдімгі бала болған. Ал, ата-ана өздерінің ойда жоқта айрықша азамат, ұлы перзент әкелгеніне ә дегенше сене алмайды. Басқа – басқа, құдай қосқан қосағы да жарының қандай ірі тұлға, қандай айдарлы ақын екенін кездесулерден көріп, елден естіп біледі, бірақ сене қоймайды, өтпелі дүние деп есептейді. Обалы не керек, талантты алдымен танитын да, табынатын да оқырман қауым, қалың ел халық!
«Өз үйің» оқитын: 7- сынып оқушысы Самат Әсел
2- жүргізуші: Бүгінде Бүгінде аты жалопақ әлемге жайылған ақынымыз Қадыр Мырза Әлі қазақтың кең даласын өзге ақындардан артық жырламаса кем жырлаған жоқ . Оны өлең сүйер қауымның бәрі де біледі. Сондай биікке көтерілген Қадыр ағаның өзі
«Бұл елге мен парыздар перзентпін ,
Қазақ деген боз інгенге ботамын» - деп туған жер алдында кішілігін, кісілігін білдіріп отырады. Туып өскен ауылы Жымпитының өзіне арнап бірнеше өлең жазған. «О, Туған жер!», «Жымпитының жігіттері», «Туған жер туралы толғау», «Туған жер алтын бесік».
Ақынның «Ақжайық», «Атамекен» сынды жырын жай ғана қарасң күнде сан мәрте айтылып,сан рет естіп жүрген сөз сияқты, бірақ үңіліп, зер салып қарасақ, арманға толы жан сыры , туған жер топырағының иісі аңқып тұр.
7- сынып оқушысы Жексенғалиева Жұлдыздың орындауында «Ақжайық» әнін тамашалаңыздар.
-
жүргізуші: Қадыр поэзиясы – мейірімді болуға рух береді. Сонымен қатар ақын өз халқының қонақжайлылығын, жалпы қазақ топырағының қасиетін «Қазақ пен қонақ» деп аталатын өлеңінде былай суреттеген. «Қазақ пен қонақ»
Оқитын: 7-сынып оқушысы Мүтиғолла Ақторғын.
-
жүргізуші:
Ақынның әр өлеңін оқыған сайын қанаттанасың, рухтанасың, жігерленесің. Бірде бала, бірде дана боласың, сүйсінесің, тамсанасың, күй тартқандай боласың, халқымыздың бүкіл болмысы көз алдыңа келеді.
Қысқасы, басыңнан бақайшағыңа дейін ұлттық асыл қасиеттерімен құндылық тарымен қаруланасың.
Жайлауың болар жеріміз.
Төсегің болар төріміз
Білгіңіз келсе қазақты
Қонағы болып көріңіз.
Төгілген қан мен теріміз.
Туыстық бізде еріміз
Білгіңіз келсе қазақты
Тегіне тиін көріңіз.
8- сынып оқушысы Мақсот Мейрамның орындауында «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» әнін тамашалаңыздар.
-
жүргізуші:
Қазақ тілі - өзінің даласындай кең пішілген жайдары да жалпақ тіл. Қазақ сөзі қашанда даланың қоңыр желіндей аңқылдап еркін есіп тұрады. Қазақ тілінің биязы мақамы – домбыраның күмбір қаққан сазындай. Асқан әуезділігі – шырқап салар әндей. Туған тіл біздің бірінші бақытымыз, бірінші ырысымыз, біз сондықтан “Ана тіліміз” дейміз. Қазақтар “Ананың тілі” деп ерекше құрметтейді. Басқа тілді білу - әрине, мақтаныш. Әйтсе де өз ана тілін аяқ асты етуге болмайды.
Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте, – дейді талантты ақын Қадыр Мырза Әли ағамыз.
Анамның тілі – ардақтым менің. Адамның атасы, әкесі мен шешесі сенсің. Сен менің кішкентай кезімде әкем болып мойныңа отырғызып қуандың, ат үстінде алдыңа алып, мені көкке секірттің. Жел болып кекілімнен сипадың.
Тілім, ана тілім менің, адамзатымның тілі, сен менің анам болған кезіңде көкірегіңе жабысып, төсіңнен ақ сүтіңді емдім. Сен менің ағам, інім, әпкем, қарындасым, бауырларым болған кезіңде мен сені одан әрмен түсініп, ұғынғым келді. Адамзаттың Абай мен Мағжан сынды асқар алыптарын туғызған, әкелері мен аналары болған ұлтымыздың тірегі сенсің, туған тілім. Бірақ, менің терім “туған тілім” сен үшін ғана төгілсін, менің өмірім сен үшін ғана өрілсін! Олай болса, ана тілімізді алдымен өзіміз құрметтейік, ардақтайық! Сонда ғана туған тіліміздің туы биіктерде желбіреп тұратын болады...
«Ана тілім» Оқитын: 5- сынып оқушысы Ғаллам Ақниет
-
жүргізуші:
Екі ішектің бірін қатты, бірін сәл-сәл кем бұра.
Қазақ – нағыз қазақ емес,
Нағыз қазақ – Домбыра!
Иә, домбыра туралы бұдан артық асырып айту мүмкін емес. “Қазақ” дегенде әлемнің барлық халқының көз алдына домбыра келеді. Домбыра – қазақ, қазақ – Домбыра! Бұл біздің халқымыздың бренді.
«Домбыра» Оқитын: 5- сынып оқушысы Уали Айсана
1- жүргізуші:
Қадыр Мырза Әли – 200 ге жуық ән мәтіндерін жазған. Оның әндері халық арасына көп тараған. Өлеңдеріне Шәмші Қалдаяқов, Нұрғиса Тілендиев, Әсет Бейсеуов, Ескендір Хасанғалиев сынды қазақтың дарынды сазгерлері әндер жазған Қазақстан Республикасының әнұранының авторларының бірі де Қадыр болатын.
«Қадыр Мырзалиевтей қадау талантқа ғана айтылар бағаның салмағын ешбір сөзбен жеткізе алмайсың... Қадырды әлі әріп танымаған бүлдіршін бөбектен бастап, әріпті көзілдірксіз көре алмайтын қарияға дейінгінің бәрі біледі. Өзін білмесе де сөзін біледі. Мұндай даусыз даңқ, татаусыз танымалдықтың сыры – Қадыр талантының қарапайымдылығында».
«Өзіміз туралы ода». Оқитын 9-сынып оқушысы Жексенғалиева Мөлдір.
2- жүргізуші: Қадыр елі, Қадыр жері - Қадыр жырларын ешқашан ұмытпаймыз.
Ұнатамын халық әнін сарынды,
Биіктеткен ой-санамды, арымды.
Ізгілікті әндерінен Қадырдың.
Парасаттың шұғыласы тарады.
әнін жазған: Нұрғиса Тілендиев.
Ән: Өз елім.