Қазақтың рухани
мәдениеті туралы
толғам
Қазақ
халқының мәдениеті
ертеден, біздің ата-бабаларымыздың өмір сүрген
кезеңінен бастап қалыптаса бастаған.
Қазақ халқы рухани мәдениетке
бай, көрегенді ел болып
табылады. Еліміздің рухани мәдениеті ең алғаш
ауыз әдебиетінен басталды. Тарихты ақтарып қарасақ бізде күй
тартып, айтыс ұйымдастыру дәстүрлі
түрде
жүргізілген. Халық күй тартатын
күйшілерді, жыршы-ақындарды жоғары орынға қойып оларды
сыйлап төріне шығарған. Оның
себебі ұлттық өнер арқылы
күйшілеріміз, ақындарымыз қоғамдық өмірдің
сипатын, маңызды
ақпараттарды, саясатты өнер арқылы жеткізе білген.”Жүректен
шыққан сөз,жүректерге жетеді”(Бейсен Құранбек) деп айтқандай
еліміздің тарихында халық ауыз әдебиетінің қалыптасуына себепші
болған тұлғалар қатарында Бұқар,
Ақтамберді,
Үмбетей,
Шал,
Тәттіқара,
Құрманғазы сынды
жыраулар мен күйшілері саясатты
сипаттап, тарихқа өз үлестерін қосқаны ел
жадында. Сан ғасыр өтсе
де, есімдері өшпей тарих сахнасында ерекше
орын алып отырғаны да сол себепті
болар. Халық ауыз әдебиетінің пайдасы тіл
өнерін жетік меңгеріп, біздің рухани мәдениетіміздің
қалыптасуына әсер етті. Бірақ ауыз әдебиетінің осал тұстарын да
айтпасқа болмас, мысалы батырлар
жыры. Ауыздан ауызға тарап түп нұсқасынан
ауытқып кеткенін ғалымдарымыз дәлелдеді
және оның өзгеріске ұшырауы да табиғи
фактор болып табылады. Деседе соның салдарынан батырлар
жырында шындыққа жанаспайтын ұйқастар немесе сөздер кездесіп
жатады және ол халықтың ойының өзгеруіне де
алып келді. Бірақ батырлар жырын толық оқып шықсақ
ол жерде сол замандағы саяси
оқиғаларды, қоғамның тұрмыс-тіршілігі
баяндалған. Ал, музыкалық өнерге
тоқталар болсақ еліміздің қиын-қыстау кезеңінде туындаған “Елім ай”
әні әлі күнге дейін адамның тұла бойын шымырлатып ерекше әсер
қалдырады. Ол әннің туындау тарихы да ерекше. Халық ауыз
әдебиетінің дамуы да осы сапаға, терең мағынаға жұмыс істегендіктен
ол өзінің маңызын жоғалтпаған. Қазақтың рухани мәдениеті саяси
жағдайға байланысты ма, әлде климатқа байланысты ма әйтеуір адамға
рух сыйлайтын, мен “Қазақпын” деп бойыңды шымырлататын қасиеті
бар. Домбыраның әуезді үнінің өзі
адамға рух сыйлайды. Сол үшін де болар халықтың ұлттық кодына
сәйкес мида қаннан келген рефлекс бар. Қазақтың қайсар халық
екендігін, жүректерінде иман мен көңілдерінде адалдық бар екенін
рухани мәдениет жеткізіп беріп тұрғандай. Біз қаншама ғасыр өтсе де
әлі күнге дейін ұлттық өнерімізді жоғалтпай оны сақтап келе
жатқанымыз қуанарлық іс болып табылады. Жау шаба қалса да,”Мен
Қазақпын” деп кеудесін көтеріп елдің мүддесі үшін күресетін адамдар
қоғамнан көп кездесетіні анық. Өйткені біздің өмірімізде рухани
мәдениет әлі де өшпей, өзінің ұлттық құндылығын сақтап
тұр.
Халық ауыз
әдебиетінен кейін, бертін келе жазба мәдениеті қалыптаса бастады.
Менің ойымша, М.Дулати мен Қ.Жалайридің еңбектері жарыққа шығып
қазақ тарихының қалыптасуына әсер етті. Себебі бізге келіп жеткен
осындай деректер арқылы ғана біздің өткеніміз туралы шынайы тарих
туралы түсінігіміз қалыптасты. Яғни, жазба мәдениет ақпараттың ұзақ
уақыт сақталуына өз көмегін көрсетті. Сонымен, қазақ халқының
бастапқы ауыз әдебиеті, кейін оған қоса жазба мәдениетінің жандануы
елдің рухани мәдениетінің дамып, жетілгенінің айқын көрінісі.
Шынында да, тарихты зерттеген кезде деректермен жұмыс жасау
барысында жазба мәтіндерді оқып, іздену ұзақ уақытты алмайды. Оның
өзі қоғамның кемелденгенін, ұлттық мәдениеттің дамығанының айқын
дәлелі болып табылады
Қазақтың рухани
мәдениеті екі сипаттан құралсада, екеуінің де мақсаты орындалған
сыңайлы. Себебі қазіргі ұрпақ жазба мәдениетті де, халық ауыз
әдебиетінде бөліп қарамай екеуінен де хабардар.Негізгі мақсат осы
болса оның қандай жолмен келгені, қалай жеткізгені халыққа ортақ
тұжырым әкелуге көмектесті. Біз қайсы бірін қолдасақта, екеуінде
бөліп қарастыра алмаймыз. Тек қуана қабылдаймыз, рухани мәдениет
туралы екі тараптанда білім алғанымыз біз үшін ұтымды болмақ.
Сондықтанда біздің рухани мәдениетіміз бір-бірін толықтырып,
ғасырлар бойы ұрпақ санасынан, қоғамнан ойып тұрып орынын
алған.
Орындаған:
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Журналистика факультетінің студенті Қайрат
Алтынай
Жетекші:
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Тарих факультетінің аға оқытушысы А.Н.
Сагинаева