Материалдар / «Қазақтың ұлттық бас киімі сәукеле»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Қазақтың ұлттық бас киімі сәукеле»

Материал туралы қысқаша түсінік
Сәукеленің негізгі бөліктері - тәж, төбе, құлақбау және артқы бойы. Сәукеленің төбесі қиық конус тәрізді болып келеді. Оның төбесінде «Тәж» деп аталатын жартылай дөңгелек айдары болады. Оны алтын, күміс, меруерт, маржанмен өрнектеп, алтын жіппен әшекейлейді. Сәукеленің төбесінің биіктігі екі сүйем, кейде одан да биік болады. Сәукелені өлшеп пішіп алып, ішіне астар, сырт жағына бидай шүберек ұстап жиі етіп сыриды. Одан соң оның сыртын қамқа, дүрия, торғын сияқты асыл матамен тыстайды. Сәукелені әшекейлеу үшін оның тысының сыртынан зер жіптен тоқылған оқаларды белдеулен басады. Оның етегін мақпалмен не қара барқытпен әдіптел көмкереді. Ал маңдай тұсына зер не жібек шашақтың шоңғарын тағады. шашақтың сәукелеге жалғасқан тұсын асыл тастан көз орнатқан алтын, күміс түйреуіштермен бекітеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Қараша 2021
1319
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Алматы облысы Көксу ауданы Балпық би ауылы М. Құрманова атындағы №2 орта мектеп











ҒЫЛЫМИ ЖОБА ТАҚЫРЫБЫ:

«Қазақтың ұлттық бас киімі сәукеле»





Ғылыми жетекшісі: Абдрасилова Т.Б


2021-2022 оқу жылы


Мазмұны

І.Кіріспе

1.1 Сәукеле бас киімі

ІІ. Негізгі бөлім

2.1 Сәукеле бас киімі туралы ерекше аңызы

2.2 Қазақтың ұлттық киімдері – халқымыздың ақыл-ойы мен биік эстетикалық талғамының жемісі

2.3 Қазақтың ұлттық бас киімі Сәукелені 3 D coral графикада тәжірбиелеп бейнелеу жолдары

ІІІ. Қортынды бөлім

ІҮ. Қолданылған әдебиеттер тізімі



























Аңдатпа


Сәукеленің негізгі бөліктері - тәжтөбеқұлақбау және артқы бойы. Сәукеленің төбесі қиық конус тәрізді болып келеді. Оның төбесінде «Тәж» деп аталатын жартылай дөңгелек айдары болады. Оны алтынкүмісмеруерт, маржанмен өрнектеп, алтын жіппен әшекейлейді. Сәукеленің төбесінің биіктігі екі сүйем, кейде одан да биік болады. Сәукелені өлшеп пішіп алып, ішіне астар, сырт жағына бидай шүберек ұстап жиі етіп сыриды. Одан соң оның сыртын қамқа, дүрия, торғын сияқты асыл матамен тыстайды. Сәукелені әшекейлеу үшін оның тысының сыртынан зер жіптен тоқылған оқаларды белдеулен басады. Оның етегін мақпалмен не қара барқытпен әдіптел көмкереді. Ал маңдай тұсына зер не жібек шашақтың шоңғарын тағады. шашақтың сәукелеге жалғасқан тұсын асыл тастан көз орнатқан алтын, күміс түйреуіштермен бекітеді. Сәукеленің ең сыртынан шашақты, әшекейлі жібек матамен төгілтіп жауып қояды. Ол көйлектің етегі сияқты жерге сүйретіліп жүреді. Сәукелеге ұзын құлақбау тағады. Оны шегі шырайналдыра зер не жібек жіппен шалып көмкеріледі, түбіне сәнді түйреуіш түйреледі. Қазіргі кезде де кейбір жерлерде қалыңдықтың басына сәукеле кигізіл, ақ желек жабатындар да кездеседі. Ғылыми жобада сәукеле бас киімінің ерекшелігі және замануи үлгісі тәжірбиеде құрастырылып жасалады.


Ғылыми жобаның өзектілігі: Сәукеле – сонау 19 ғасырға дейін жеткен, қазақ халқының көне бас киімдерінің бірі.

Ол туралы И.Георги, Ш.Ш. Уәлиханов, И.И.Ибрагимов және т.б. жазған.

И.И.Ибрагимовтың сипаттауы бойынша, «сәукеле – конус тәріздес, күміс және алтын тиындармен, меруерт, маржандармен әшекейленген биік бас киім. Ұзындығы – 1,5 аршын...Тойға арналған бас киімді тұрмысқа шыққаннан кейін алғашқы кезде, бір жылға жуық уақыт киеді, содан соң оны шешіп, тек үлкен тойларда ғана киеді, оның өзі төрт немесе бес жыл аралығында ғана. 19 ғасырда қымбат сәукелелер мың рубль немесе 100 іріктеп алынған жылқыға тең болған.

Олардың үстіңгі жағында металлдан жасалған жұқа селдір, диадема (кейде оны алтыннан жасап, асыл тастар немесе меруерт, маржан және т.б. кестелеп тіккен), самай алқа және иек әшекейі болған.

Сәукеленің қаңқасын матамен жапсырып, оған түрлі пішінді металлдан жасалған қаңылтыр белгілерді тіккен, олардың ішіне асыл тастар және жартылай асыл тастар жапсырылған.

Қаңылтыр белгілер ірі де, майда да болған. Майдалары ірілердің арасына бекіткен.

Сәукеленің үсті жібек немесе барқыт орамалмен жамылған. Сәукелені жасауда ең бір шебер ұсталар, атап айтсақ, киім пішушілер, кесте тігушілер, жібек белбеу мен орамалдарды дайындау бойынша шеберлер қатысқан. Орамалдар мен баулардағы ою-өрнектер қалың иірілген түрлі түсті жіппен, яғни ириспен кестелеп тігілген. Орамалдың ортасы мен шеті «ширатылған кестемен» және тор ғып тігіліп жасалған. Сәукеле үшін алтын, күміс және қола алқалар мен қапталған қаңылтыр белгілерді зергерлер жасаған, олар өз жұмысында балқыту, шекімені, қалыптауды, түрлі жіңішке сымнан тоқылған нәрселерді және т.б. қолданған.

Әдетте шебер бір сәукелені жасау үшін бір жыл уақытын кетірген. Асыл тастармен, меруертпен, маржандармен, алтынмен әшекейленген сәукеле өте әдемі болып келеді, Ақмола, Көкшетау, Солтүстік Қазақстан облыстарынан және Атбасардан келген, алтын шашақтары бар, жібекпен жамылған сәукелелер Петербургте өткен Шығыстанушылардың үшінші конгрессінде көрсетілген.

Оларды Шыңғыс Уәлихановпен, Мейрам Жанайдаровпен және Сандыбай Шапановпен ұсынылған.

С.Шапановтың сәукелесі 600 рубльге бағаланды. Ол маржаннан жасалған отыз жіппен, он бес меруерт жібімен әшекейленіп, қызыл жібекпен кестеленіп, алтын жіпті шашақтармен тігілген.

Оның асыл металлдан жасалған қаңылтыр белгілерінде гауһар тастар болған.

Сонымен қатар қымбат сәукелелер 1893 жылы Нижнегородск көрмесінде ұсынылған.

Оның ішіндегі ең құндылары – Атбасар даласынан болды.

Тұрмысқа шыққан соң, бір жылдан кейін әйелдер анағұрлым қарапайым және де ыңғайлы «желек» деп аталатын бас киімді киеді.

Бұл жеңілдетілген сәукеле, оның кескі шошақ пішінінде қатты қаңқасы бар, ол оқалы паршамен тігіледі немесе жұқалтырмен қапталады, сонымен қатар асыл тастармен әшекейленген, алтын және күміс шашақтармен безендіріледі. Бала туғаннан кейін, жас келіншек бас киімнің үшінші түрі – «кимешекке» келеді. Оны әдетте 25-45 жаста киеді. Ол ақ матадан тігіліп, әдетте тығыз кестеленеді.

Жалпы ғылыми жобада сәукеле бас киімі қазақ халқы үшін киелі ұлттық киімдердің бірі және құндылығы жоғары дәстүрлік киім екендігін зерттеп, және заманауи бренд қалыптастыруда, заманауи технологиялармен көркемдеуді ұсыну жобаның өзектілігі болып табылады.

Жобаның мақсаты мен міндеті:

- Сәукеле туралы аңыз шығармаларының мазмұнын ашу.

- Сәукеле бас киімінің тарихын зерттеу.

Ғылыми жобаның деректік негізі: ғылыми жұмысты жазу барысында осы уақытқа дейін ғылыми айнылымға тартылмай келген баспа сөз материалдары мен XІХ ғасырға байланысты түрлі әдебиеттер , ғылыми зерттеулердің мәліметтері сұрыпталып алынды.

Ғылыми жобаның ғылыми жаңалығы: Қазақтың ұлттық бас киімі сәукеленің замауни көркемдеу жолдарын 3 d coral графикада бейнелеу жолдарын ұсыну.

Жұмыстың нәтижесі: сәукеле ұлттық бас киімін дәріптеудің жаңа технологиясын ұсыну.


1.1 Сәукеле бас киімі

Сәукеле - ұзатылған қыз киетін аса қымбат, бағалы, кәделі әрі әсем бас киім.

Сәукеле 2-3 қарыстай биік, ол дөңгелек төбе жағына қарай жіңішкере береді. Жоғарғы жағына үкі тағылады.

Сәукеленің өн бойы қымбат маталармен қапталып, оның сыртына алтын, күміс, інжу-маржан, меруерт, лағыл сияқты асыл тастардан жасалған моншақтар тағылады, түрлі-түсті қымбат жіптермен тігіледі, безендіріледі. Матасына әшекей, шашақ, оқа тағылып, жиегіне бұлғын, құндыз терілерінен жұрын ұсталады.

Бастан қисайып немесе түсіп кетпеу үшін тамақтан өткізетін бау тағылады. Екі құлақ тұсына омырауға жететін құлақша тоқылады. Сәукеленің артқы жағына ұзындығы жерге жететіндей ақ желең тағылады.

Сәукелені өте шебер әйелдер тігеді.

Ұзатылған қыздың дәрежесі осы сәукелесіне қарап бағаланады. Әрине, мұндай бағалы бас киімді байлар мен өте ауқатты адамдардың қыздары киеді.

XIX ғасырдың алғашқы жартысында Кіші жүздің Байсақал атты байы мен Орта жүздің Сапақ байы құда болыпты. Байсақал құдаларына қыздың сәукелесін жіберіп: "Басқа ештеңе сұрамаймын, тек осы бір сәукеленің бағасын өздері есептеп берсе болды"- депті. Сонда Кенесарының ағасы Саржан төре: "Бұл сәукеленің бағасы бес жүз байтал болады екен, сондықтан қызының малы бес жүз жылқы болсын"- деп кескен екен.

(Бұл дерек ғалым, этнограф Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы еңбегінен алынған.)

Сәукеле - тек бас киім емес, ол - қазақ халқының байлығы мен сән-салтанатының, мәдениеті мен өнерінің озық үлгісі, өнер туындысы ретінде бағаланатын өте қымбат этнографиялық мүлік. Сонымен бірге ол - қазақтың қыздарына деген көзқарасының да бір белгісі. Дәстүр бойынша сәукеле тек ұзатылатын қыздарға ғана кигізіледі, оны айырбастамайды, басқаға киюге беруге болмайды.





ІІ. Негізгі бөлім

2.1 Сәукеле бас киімі туралы ерекше аңызы

Қазақ қыздар үшін бас киім кию міндетті болмаған, бірақ XIX ғасырдың ортасынан бастап мұндай бас киімді кигендері байқалады.

Зерттеушілердің мәліметтері бойынша қыздардың "скуфьясы" үшкір болған және ер адамдардың тақияларынан көп ерекшелігі болмаған. Қыздардың тақиялары қыздық дәуреннің белгісі іспетті асқан ұқыптылықпен, зерлі тігістен басқа да әртүрлі моншақтармен, күміс теңгелер, маржан тастармен әшекейленетін болған. Төбелеріне жіп шашақтар, ұсақ моншақтар немесе тұмар ретінде үкі тағылған.

Қыздардың тақиясын қызыл, күлгін, жасыл, тағы басқа бір түсті шұға, барқыт, мауыты сияқты кездемелерден, өңді маталардан қабаттап сырып тіккен. Тақия төбесі, әлбетте, төрт сай немесе дөңгелек келеді. "Таңдай", "ирек", "қабырға" тігістермен сырылып, жібек, алтын, күміс,, зер жіптермен кестеленіп, моншақ асыл тастармен безендіріледі. Үкінің үлпілдек қауырсынын әсемдік үшін және тұмар ретінде тақияның төбесіне қадайды. Үкі қадалған тақия қазақ қыздарының ерекше ұнатып киетін баскиімі болған.

Қыздардың киетін тақияларын Маңғыстауда "телпек", шығыс Қазақстанда "кепеш" деп атайды.па, жақ алқа тәрізді тізіліп, баскиімнің етегін шашақтап тұрады.

Қыздар кепеші - Қыздар кепешінің қабырғасы (керегесі) биік, төбесі дөңгелек формада жасалған. Ою-өрнектердің қай түрімен де әшекейлеуге, жылтырақ таналар, моншақ түйреуіш, маржан, меруерт тізбелермен көркемдігін арттырады. Төбесіне торғын жібек шашақ төгіліп немесе, үлпілдек үкі қадалады.(Халел. Н.Ұлттық мирас).

Сораба - қыздар киетін тақия тәріздес баскиім. Кәдімгі тақиядан айырмашылығы артында салпыншағы бар, қабырғасының айналасына шашақ тағылады, бақсылардың баскиіміне, күләпараға, сәукелеге ұқсас солардың элементтерін қамтыған баскиім. Қыздарға көз сұқтан сақтану үшін "ырымдап" кигізеді. Содан да: "Қыздар киер сораба, салбыратып шашағын, жаман жігіт бүлдірер өз отбасын, ошағын", - деген халық өлеңінде үзінділер кездеседі.

Жырға - әйелдердің сәнді баскиімі, асыл тастармен, ақық моншақтармен әшекейленіп тігіледі. Ол, әдетте, көп салпыншақты, түсті меруерт тастардың жарқырауық сәулесімен құбылып, адамның бет-бейнесін ажарландырып, бет моншақ, шұбырт

Бөрік - аң терісінен тігіліп, жиегіне жұрын жүргізіліп, жұқа жүн не жібек материалмен тысталған құлақсыз келген, ерлер де қыздар да киетін баскиім. Оның жазғы қысқы түрлері болады. Жаздық бөрік, аң терісінен жұқа әрі жеңіл етіп тігіледі. Қыстық бөрік астарына жүн, мақта сырып салып, барқыт, пүліш, атлас сияқты маталармен тысталады.

Қазақта бөріктің әр руға тән өзіндік үлгілері болған.

Қарақалпақ, қырғыз, башқұрт, татар, ұйғыр, орыс т.б. халықтар да бөрік киген. Ол халықтарда тебетей //төбетей аталатын бас киімі туралы сөздіктерде Даль "татарская ермолка" десе, Дмитриев "шығыс қалпағы", Қ.Жұбанов " төбе-верх, голова+тей-суффикс" дейді. В.В. Радлов : "Татар: түбәтәй, түбә-верхушка" деп дәлелдейді. (Опыт словаря тюркских наречии.) Бұл турасында тілші Ә.Алмауытова: "Уәждділік негізінен туынды сөздерге тән болғандықтан, тебетей туынды сөзінің уәжі адамның бұл киімді төбесіне киетін қызметімен байланысты сияқты", - дейді.

Қазақтың жар-жар, сыңсыма айту, т.б. ғұрыптарында айтатын:

Бөркім, бөркім, бөркім -ай!

Басыма киген көркім-ай!

Ерте жатып, кеш тұрған,

Үйдегі менің еркім-ай! - деген

жолдардан бөрікті тұрмыс құрмаған қыздар да кигендігін байқатады.

Қыздарға арналған бөрік сырты мақпал, пүліш, барқыт сияқты қалыңдау, қымбат бағалы матамен тысталып, тігіледі. Жиегін қымбат бағалы аң және мал терілерімен көмкереді. Соған сай ерекше бағаланатын ерекше кәмшат бөрік, құндыз бөрік, жанат бөрік, қарсақ бөрік, сусар бөрік, түлкі бөрік, күзен бөрік және оқалы бөрік, деп аталатын түрлері ертеректе әркімнің ұнатып киетін баскиімі болғанға ұқсайды.

Бөріктің жұрындалған терісіне қарай сан алуан түрге бөліп атайды: алтай қызыл бөрік, қамқа бөрік, қазақы бөрік, қарқаралы бөрік, құлын бөрік, құндыз бөрік, құрайыш бөрік, құс бөрік, мари бөрік, нар өркеш бөрік, ноғай бөрік, оқалы бөрік, сәукеле бөрік, шеркеш бөрік, шоқты бөрік, шоппаш бөрік т.б. түрлері бар.

Баскиімнің айшықты түсі, алуан түрлі пішін, түр, ою-өрнекпен жарасымдық тауып тұрған зергерлік әшекейлер, жарыса құлпырған алтын, күміс және асыл тастардың сәулелері бас киімді одан сайын құлпырта түседі. Сәукеле күннің сәулесіне теңелген пішіні, оған көрік беріп тұрған әшекей бұйымдардың көптігі арқылы киелі маңызға ие болған деуге болады. Бұл бас киім ерекше қастерленген, оны түсіріп алуға, қисайтып қоюға болмайды; келін болып түскеннен кейін қалыңдық сәукелені әдетте киіз үйдің сәнін келтіру үшін жүктің үстіне қояды. Түрлі нәубет, соғыс кезінде жылқы, мал айдап әкетілген, ал бағалы сәукеле тіпті құнды олжа саналған.

Сәукеленің түп төркіні бағзы заманнан бастау алады, мұны Есік қорғанына табылған Алтын адамның алтын жапсырмалармен көмкерілген бас киімнің пішініне ұқсастығы айғақтайды. Сәукеленің сондай-ақ Пвлодардың Ертіс жағалауындағы Жданов қорымынан табылған Х-ХІІ ғасырлардағы ауқатты әйелдердің үш бас киіміне де ұқсастығы бар.

Конус пішінді бұл бас киімдердің біреуі күмістен жасалыпты.

Ал оның неліктен сәукеле аталатыны туралы бірнеше нұсқа сақталған. Соның бірін айта кетсек, жоғарыда атап өткеніміздей сәукеле ұзатылған қыздың қайын жұртына жеткенше киіп баратын бас киімі.

Бұл бас киімді қыз бір-ақ рет киетін болған.

Жолдың ұзақтығына байланысты үш күн не бір күн деп кесіп айта алмаймыз.

Қыз әкесі бай болса бір сәукеле үшін қырық қысырақтың құнын беріп те жасатқан.

Сондықтан да бұл бас киімнің әдемілігі мен қымбаттығын қатар елестете беріңіз.

Міне, осындай сәукелені қолға түсіру мақсатында жол торитын қарақшылар сол замандарда да бар еді.

Ал, келінді күтіп отырған ауылдың балалары қозы көш жерден таймен күтіп алып, адамдардың, сәукеленің амандығын көріп (бұл жерде адам амандығы бірінші орында тұр, қарақшылар сәукелені ғана алып кетпеген. Шағын ғана күйеу һәм қалыңдық тобының адамдарын шығындап, кейде бәрін қырып кететін кездерде болған деседі.

«Сау келеді, сау келеді» деп ауылға қарай сүйіншілей шабатын болған. Содан бұл бұйым «Сәукеле» аталыпты-мыс.


2.2 Қазақтың ұлттық киімдері – халқымыздың ақыл-ойы мен биік эстетикалық талғамының жемісі


Тігілген матасы, ою-өрнегі мен ондағы әшекей тастарының өзі көп нәрседен хабар беріп, киім иесінің кім екенін елге танытып тұрады. Үлкен талғампаздықпен, әрі аса тапқырлықпен тігілген ұлттық киімдеріміздің бірі – сәукеле.




Сәукеле – ұзатылар қыздың бас киімі. Қалыңдық болғанда бір-ақ рет киетін оны қыз ұзатылғанда күйеу еліне киіп бару үшін арнайы алдын-ала тіктіреді. Ағартушы ғалым Ыбырай Алтынсариннің «Орынбор ведомствосы қазақтарының құда түсу, қыз ұзату және той жасау дәстүрлері очеркінен» «Күйеу қалыңдығына ұрын келіп кеткеннен кейін қалыңдықтың ата-анасы көптеген кілем, шапан, ішік сықылды жасау әзірлей бастайды, зергерлерге сәукеле жасатады» деген жолдарды кездестіруге болады. Сәукеленің сәні мен сыры неде? «Жеті жастан жинасаң, жетеді, алты жастан жинасаң, асады» дейтін қазақ қыздың жасауы мен ұзатылардағы киім-кешегіне үлкен мән беріп, ерте бастан қамданған. Әсіресе қалыңмалдың құнын орап әкететін сәукеленің өзіндік мән-мағынасына бей-жай қарамайтын қазақ әдейілеп білікті шебер таңдап, қолақысын беріп, бір әулеттің дәулетін көрсетер сәукелені айлап-жылдап тіктірген. Қыз әкесі бай болса, бір сәукеле үшін қырық қысырақтың құнын беріп те жасататын болған. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының «ХIХ ғасырдың алғашқы жартысында өмір сүрген Кіші жүздің Байсақал атты бай қызының сәукелесін Кенесары ханның ағасы Саржан төре 500 байталға бағалаған» деген дерегі де бар. Осыдан-ақ бұрынғы заманда сәукеле байлық пен мырзалықтың дәрежесін әйгілейтін, ұзатылар қыздың әлеуметтік жағдайын білдіретін көріністің айғағы болғанын аңғара аламыз. Сәукеле неғұрлым биік болған сайын, ондағы әшекей бағалы тастардың да қатары артып, қымбаттай түсері анық. Бұрын әдемі тігілген сәукелеге қалың малдан бөлек төлем төленген екен. Ертеде сәукеленің биіктігі – 50-70 сантиметрге дейін баратын. Тарих беттеріне көз жүгіртсек, Бөкей Ордасы аймағындағы сәукеленің биіктігі бір кез болатын деген мәліметті кездестіреміз. Демек, бай-бағланның тіктірген сәукелесі 70 сантиметрден де асқан. Сәукеленің негізгі бөліктері – тәж, төбе, құлақбау және артқы бойы. Сәукеленің төбесі қиық конус тәрізді болып келеді. Оның төбесінде «тәж» деп аталатын жартылай дөңгелек айдары болады. Оны асыл тас, алтын, күміс, меруерт, маржанмен өрнектеп, алтын жіппен әшекейлейді.

Сәукелені өлшеп пішіп алып, ішіне астар, сырт жағына бидай шүберек ұстап, жиі етіп сыриды. Одан соң оның сыртын қамқа, дүрия, торғын сияқты асыл матамен тыстайды. Сәукелені әшекейлеу үшін оның тысының сыртынан зер жіптен тоқылған оқаларды белдеулеп басады. Оның етегін мақпалмен, не қара барқытпен көмкереді. Ал маңдай тұсына зер, не жібек шашақ тағады. Шашақтың сәукелеге жалғасқан тұсын асыл тастан көз орнатқан алтын, күміс түйреуіштермен бекітеді. Сәукелеге ұзын құлақбау тағады. Оны шегі шыр айналдыра зер, не жібек жіппен шалып көмкеріледі, түбіне сәнді түйреуіш түйреледі. Сәукелеге міндетті түрде жұқа ақ желек ілетін болған. Ол көйлектің етегі сияқты жерге сүйретіліп жүреді. Бұл қалыңдықтың жүзін, бүкіл денесін жауып төгіліп тұратындықтан, беташар айтылғанда қыздың дене пішімін өте нәзік, сымбатты етіп көрсеткен. Ақ бүркеншек – шәйі жібек капрон алғаш түскен келінді тіл мен көз сұғынан сақтайды, әрі оның ақ болуы – адалдық, тазалықтың белгісі, ибалықтың нышаны. Сондай-ақ жас отаудың арман-үміті. Сәукеленің шағын отау сынды болып келетіні де сол. Жаңа түскен келінге беташар айтылып, үлкендер тілек-батасын берген соң сәукелесінің сыртынан жабылған жамылғысы – бүркемесі қамшының сабымен түріліп, беті салтанатты түрде ашылған соң сәукеле алынып, оны желекпен алмастырған. Желек – жас келіншектің басына жамылатын шәлі. Қазақ әйелдерінің баскиімдері практикалық қызметінен өзге, әйелдердің отбасылық жағдайының көрсеткіші болғанын ескерсек, желекті келіншектер тұңғыш баласы, кейде екінші баласын туғанға дейін киген.

Бүгінгі сәукеле – қай сәукеле?

Халқымыздың салт-дәстүрінен сыр шертіп, сән-салтанатымен ерекшеленген сәукеле – шеберліктің озық үлгісі, өнер туындысы екенінде дау жоқ. Алтынмен апталып, күміспен күптелген өне бойындағы әр тастың тарихы тереңде, үлкен мағынаға ие. Жақмоншақ, жақтама, жақтау, жырға, сәукеленің сырғасы сынды әшекейлер мен басқа да құрамдас бөліктерінің сәукелеге тағылу себептері бар, айтар ойы, өзіндік ерекшеліктері бар. Бір қуантарлығы, тұрмыстағы қолданыстан қалып, тарихтың тереңіне кеткен сәукеленің сәні бүгінде ерекше бағаланып, қайта оралуына жағдай жасалып жатыр. Қыз ұзатқанда көптен бері еуропалық үлгідегі көйлек пен фата кигізіп келген халқымыз соңғы кездері сәукеле мен бүрмелі көйлекке қайта бет бұрды. Дегенмен сәукеленің сәнін ұққан көпшілік, оның сырына қанық емес. Бүкіл бір елдің қадір-қасиеті, бақ-дәулетінен хабар берген сәукеле бүгінде бұл ерекшеліктерінен айырылып, сәні де кеткендей. Әдемі әшекейі азайып, сұңғақ бойы аласарған сәукеленің сараң қолдан шыққандай әсер берері сөзсіз. Бұл – қазіргі қоғам жағдайының жайы ма әлде «әйтеуір кию керек екен» деген түсінікпен кие салған білместік пе? Бір кездері қалыңдық жұртының атақ-дәрежесін әйгілеп тұрған сәукеленің бүгінгі сәні солғын. Сондықтан да көрсе, көздің жауын алатын сән-салтанатымен қатар, сәукеленің бойына бүккен сырының да тереңде екенін естен шығармағанымыз жөн.

«Сау келеді»

«Сәукеле» сөзі «сау келеді» дегеннен шыққан екен. Жоғарыда сәукеленің қалай жасалатынын және оның құны қандай қомақты болатынын айтып өттік. Ендеше ұзатылар қыздың әлеуметтік жағдайынан хабар беріп, бір әулеттің дәулетін көрсетер сәукеледен дәмелілер де аз болмаған. Қалыңмалдың құнын орап әкететін бұл «байлықты» қолға түсіру үшін ұры-қары, қарақшылар жол торып, келін әкеле жатқан топқа тосыннан шабуыл жасайтын. Тек сәукеле емес, қыздың жасауына да қол салып, кейде кісі өлімі де болған деседі. Күйеу, һәм қалыңдық тобының адамдарын шығындап, кейде бәрін қырып кететін кездер де болған екен. Сондықтан келін түсіріп отырған ауылдың балалары осынау күйеу-келін тобын қозыкөш жерден таймен күтіп алып, адамдардың, сәукеленің амандығын көріп, «сау келеді, сау келеді» десіп, сүйіншілеп, ауылға хабар беретін болған. Міне, содан сәукеле атауы шыққан деседі.

Қазақта сәукеле кигізу салты бар

Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтаған салт-дәстүр, әдет-ғұрып – асыл қазынамыз. «Халқым  қандай  десең, салтымнан  сұрап  біл» дейтін қазақ салт-дәстүрден кенде емес. Мән-мағынасы тереңде жатқан салтымыздың бірі – сәукеле кигізу.

Сәукеле – тек сәндік үшін киілетін бас киім емес, бұлғақтап өскен оң жақтағы өмір мен ақ босаға аттар арасындағы қимас та, қызықты сәттің ескерткіші, жаңа өмірге жасалар қадам. Өмірінде бір-ақ рет киілетін сәукеленің әйел заты үшін киімдері ішіндегі ең асылы ғана емес, оның жұбайлық өміріндегі елеулі кезінің естен кетпес ыстық сәті екені түсінікті. Сондықтан қалыңдыққа сәукеле кигізудің орны бөлек. Ол – ерекше бір салтанат. Бұған құда-құдағилар шақырылады. Шашу шашылады. Ақ бата арналады. Сәукелелі келіншек ажарлы да, базарлы көрінеді. Оны жұрттың бәрі көруге ынтық. Оның көрімдігі де соған лайық болу керек. Сәукеле байғазысының бағасы да олқы болмайды.

Басжақсы – сәукеленің әшекей бұйымдарының жалпы атауы. Сәукеленің әшекей заттары көп әрі олар қымбатқа түсетіндіктен, күйеу жағы қалыңмалдан тыс сәукеленің құнын төлеген. Ол төлем сәукеле әшекейлерінің атауымен бас жақсы деп айтылған.

Шытақ – сәукеленің қозасы (шар сияқты металл әшекейі)

Бергек – желекті ұстап тұратын әшекейлі қатырғы

Жырға – сәукеленің моншағы, шұбыртпасы, салпыншағы

Зере – іші қуыс, ұзын келген, сәукелемен бірге киілетін баскиім. «Сәукеледей әдемі, сұңғақ болып өссін» деген ниетпен қазақ қызына Зере деген есім берген.

Бетмоншақ – сәукеленің екі жағына, маңдайына салбырата қадап қоятын бірнеше қатар төгілмелі моншақ. Оның екі түрі болады. Бірі – бірыңғай ірілі-ұсақты моншақтардан түзілсе, екіншісі – матадан тігіліп, моншақтар мата бетіне орналастырылады. Екеуінің де арасында күміс қозалар қадалады. Бетмоншақ белге дейін, тіпті одан да төмен түсіп тұрған. Бетмоншақ жас келіннің ұялшақ жүзін жартылай жасырып, бетін бүркемелеп тұрады. Сондықтан «ұялып тұр» деудің орнына «бет моншағы үзіліп тұр» деген.

Жақмоншақ – сәукеле, бөрік, бергек, кимешек сияқты әйелдер баскиімдерінің екі жақ самайлығына және маңдайының алдыңғы жиегіне қасқа түсіре, тізбелі шоқ жасап шілтерлеп тағылатын әшекей. Жақмоншақты зергерлер а

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!