Материалдар / Қазақтың ұлттық ойындары
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Қазақтың ұлттық ойындары

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал жас мамандарға дене шынықтыру пәнінің мұғалімдеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Маусым 2019
295
2 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Қазақтың ұлттық ойындары

Мақсаты:

Оқушыларға «Қазақтың ұлттық ойындары» туралы мәлімет беру; тақырып бойынша білімдерін жүйеге келтіріп пысықтау, тиянақтау, грамматикалық ұғымдарды сауатты әрі дұрыс қолдану дағдыларын қалыптастыру.Пәнге қызығушылығын арттыру. Қазақтың ұлттық ойындарын жүргізу арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту. Ойын арқылы сабаққа деген қызығушылықтарын ояту.

Қазақтың ұлттық ойындарын жүргізу арқылы оқушыларды басқа ұлттың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, туған елге , жерге, өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімінің қалыптасуына ықпал ету, ұлттық ойындар ерекшелігін ұқтыру.

Кіріспе:

Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы. Әрбір өркениетті мемлекеттің алдына қойған басты мақсаты – өз халқының денсаулығын жақсартуды қамтамасыз ету болып табылады. Еліміздің даму бағытын бекіткен «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасында салауатты өмір салтын ұстану, дене тәрбиесімен, спортпен шұғылдану мәселелері қаралған.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев өзінің халыққа жолдауында «Қазақстан азаматтарын мемлекетіміздің құқығын қорғайтын, борышын биік ұстайтын азамат етіп тәрбиелеу керек. Біздің балаларымыз дені сау, саналы, білімді, биік, денсаулығы мықты болып өсуі тиіс» деп айтқан болатын.Қазақстанның әрбір азаматын бала жастан дене тәрбиесімен айналысуға тарту үлкен маңызы бар мемлекеттік міндет және денсаулығын сақтауға құқы бар екендігі еліміздің негізгі Заңының 24,29 баптарында атап көрсетілген.Біз бәсегеге қабілетті 50 елдің қатарына қосыламыз деп жұмыстанып жатырмыз.Ол үшін білімді де білікті,дені сау,рухы биік,салауатты өмір салтын меңгерген оқушы тәрбиелеуміз керек.

Еліміздің ертеңі бүгінгі мектеп оқушылары десек, келер күннің бұгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп азамат қоғамын алға апаратын құдіретті күш білім.

«Денсаулық- зор байлық» деген халық даналығы бар. Осы орайда спортпен шұғылданып, денесі шыныққан, шымыр болып өсуіне дене тәрбиесінің тікелей қатысы бар.

Дене тәрбиесі дегеніміз- тәрбиенің бір түрі, мақсаттары қозғалысқа үйрету, дене қуаты қасиеттерін жетілдіру және дене тәрбиесі мен спорт саласында теориялық білім беру. Дене тәрбиесі сабағы тек қана жаттығулар орындау емес, оқушыларды еңбексүйгіштікке, қажырлыққа, батылдыққа, төзімділікке, Отансүйгіштікке тәрбиелейді.

Жеткіншек ұрпаққа біліммен бірге дене тәрбиесін беру аса қажет. Өйткені күш-қуат адам өміріне керек факторлардың бірі болып табылады.

Спорттың және дене тәрбиесінің салауатты өмір салтын қалыптастырудағы рөлі зор. Сондықтан да баланы жас кезінен бастап дене қимылдарын жасап, спорттық жеңіл жаттығуларды өз тәжірибесіне енгізуге баулу жеткіншектің дені сау, мықты болып өсуіне мүмкіндік жасайды.


Негізгі бөлім:


Қазақтың ұлттық ойындары бес түрге бөлінеді. Олар: аңға байланысты, малға байланысты, түрлі заттармен ойналатын, зеректікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін, соңғы кезде қалыптасқан ойындар.


«Аударыспақ»

Ол-қазақ қырғыз халықтарының арасында кең тараған ойын. Атқа мінген екі жігіт жекпе-жекке шығып, бірін-бірі аттан аударып тастауға тырысады. Аударыспаққа үлкен тойларда арнайы жүлде тағайындалады. Оған он сегіз жастан асқан қарулы жігіттердің қатысқаны жөн. Аударыспақ ойынының ережесі бойынша сайысқа қатысушылар салмағына қарай үш топқа бөлініп күш сынасады. Ептілікті, күштілікті, тапқырлықты, батылдықты талап ететін спорттық ойын.

«Айгөлек»

Оны қыз-жігіттер екі топқа бөлініп, қаз-қатар тұрып, бір-бірінің қолынан ұстап тұрып ойнайды. Бір топтың ойын бастаушысы: «Айгөлек-ау, айгөлек, бізден сізге кім керек?» деп сұрайды. Екінші топтың бастаушысы: «Айгөлек-ау, айгөлек, айдың жүзі дөңгелек, сізден бізге Ақерке керек!» - деп, бір адамның атын атап шақырады да, аты аталған адам бар пәрменімен жүгіріп келіп, шақырған топтың тізбегін үзіп кетуге тырысады. Тізбекті үзіп кетсе, ол топтан қалаған адамын алып кетеді, үзе алмаса сол топта қалып қояды.

Ойын екі жақтың адамдары таусылғанша жалғаса береді.


«Алтын қабақ. Мергендер сайысы»

Жігіттер садақ жебесін нысанаға әрі тез, әрі дәл тигізуге тиісті. Бұл сайыс үлкен тойларда арнайы жүлде тағайындалып өткізіледі. Алтын қабақ сайысының түрлері: жаяу немесе ат үстінен сырық басындағы теңгені атып түсіру, жоғары лақтырған қалпақты, басқа да заттарды атып түсіру, ат үстінде шауып келе жатып нысанаға дәл тигізу. Мергендер сайысының тағы бір түрі- жамбы ату, садақ тарту.


«Ат сайысы»

Спорттық ойын. Оның түрлері: ат омырауластыру, аударыспақ, жорға жарыс, көкпар тарту, теңге алу, қыз қуу, қыз жарыс, сайысу т.б. Олар үлкен тойларда ұйымдастырылады. Сайысқа түсетін аттар алдын-ала жаратылады. Ат сайысындағы кейбір ойындар олимпиада ойындарының жоспарына енгізілген.

«Аламан бәйге»

Мұнда жүйрік, жарыс аттар 25-100шақырымдық қашықтыққа шабады. Оның жолында айналып өтетін көл, сай-сала, бел-белестер тәрізді кедергілі жерлер болуға тиісті. Аламан бәйге үлкен тойда, үлкен аста, торқалы тойлар мен зор мерекелерде жәрияланады.

«Ақшамшық» (сақина салу)

Бұл – қазақ халқының ерте заманнан келе жатқан дәстүрлі ойыны. Оны сақина салу, сақина тастау деп те айтады. Ойынға он-бес адам қатысып, ортаға бір жігітті немесі бір қызды шығарып, қолына сақина ұстатады. Ойын ережесі бойынша қыз-жігіттер үйде дөңгелене отырып, екі алақанын бір-біріне қабыстырып алға созады. Ойынды жүргізушінің алақанындағы сақинаны кімге салса да өз еркі. Ол барлық адамдардың алақанына сақина салып шығысымен, «Тұр сақинам, тұр!»-деп, немесе «Ақшамшығымды бер!» деп дауыстайды. Сол сәт сақина тасталған адам орнынан атып тұруға тиісті, «Сақина менде», -деп. Оны көршісі ұстай алмай қалса, жұрт алдында өз өнерін көрсетеді. Кейбір кітаптарда сақина тастау ақшамшық емес, ақшымшық деп те жазылып жүр.

«Теңге алу»

Жерде жатқан теңгені атпен шауып келе жатып іліп алу үлкен ептілікті, ат құлағында ойнайтын шабандоздық тәжірибені талап етеді. Теңгені жерден іліп алғандарға бәйге беріледі. Бұрындары қазақ жігіттері атпен шауып келе жатып қолындағы қылышымен жерде жатқан тезекті түйреп алып, көкке лақтырып жіберіп, оны жалма-жан қылышымен екіге бөліп шауып түсіретін.

«Қыз қуу»

Қыз қуу-ұлттық ат спорты ойыны. Қазір бұл ойынның ережесі жасалып, бір жүйеге келтірілді. Қазақстанда қыз қуудың алғашқы спорттық жарыстары 1923жылы өткізілді. Содан бері мерекелік бағдарламаларға енгізіліп келеді. Қыз қуу жарысында атқа мінген жігіт айналып қайтатын жерге дейін алдында атпен шауып бара жатқан қызды қуып жетіп, оның бетінен сүюге тиісті. Бұл – жігіттің жеңгені. Қуып жете алмаса, қайыра шапқанда қыз жігітті, оның атын қамшының астына алады. Бұл-қыздың жеңгені.


«Көкпар»

Көкпар –ұлттық ат ойыны. Этнографтардың айтуынша, әуелгі атауы «көк бөрі» сөзінен шыққан. Бұрындары мал баққан көшпелі халықтар көк бөріні соғып алғанда өлігін ат үстінде сүйрелеп, бір-бірінен ала қашып, мәз-мейрам болған. Кейін ол ұлттық ойынға айналды. Көкпар Орта Азия халықтарының да сүйікті ойыны. Көкпар жаппай тартыс және дода тартыс болып екіге бөлінеді. 1949жылы елімізде көкпар тартысының жаңа ережесі бекітілді. Алаң көлемі қатысушылар санына сәйкес. Егер команда бес адамнан болса, алаң аймағының ұзындығы 300метр, ені 100метр; он адамнан болса, 500х200 метр; он бес адамнан болса 700х300метр; жиырма адам болса, 1000х500метр. Көкпарда басы кесілген серке тартылады.

Қорытынды:

Бұл шығармашылық жұмысты таңдағандағы мақсатым – қазақтың ұлттық ойындарын насихаттай отырып, дене тәрбиесі сабағында оқушыларды ұлттық рухта жан-жақты тәрбиелеу.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!