Түркістан
облысы
Шардара
ауданы
Жалпы білім беретін М.
Горький мектебі
Дене шынықтыру пәнінің
мұғалімі
Тілеген Пердехан
Қаппарқұлұлы
Тақырыбы:
Қазақтың ұлттық
ойындары
Ұлттық ойындарды оқу және
тәрбие үрдісінде пайдаланудың
өзектілігі.
Қоғамымыздың іргетасын нығайту
үшін бүгінгі жастарға үлгілі, өнегелі тәрбие беру - қазіргі
міндеттердің бірі. Оқушыда жалпы адамзаттық құндылықтар мен адамның
айналадағы дүниемен жеке тұлғалық қатынасын (этикалық, эстетикалық,
адамгершілік тұрғысынан) тәрбиелеу мақсатын халқымыздың мәдени
рухани мұрасының, салт-дәстүрінің озық үлгілерін оның бойына дарыту
арқылы жүзеге асыруға болады. Осымен байланысты бағдарлама
халқымызға тән әдептілік, қонақжайлық, мейірімділік, т.б. сияқты
қасиеттер, табиғатқа деген қарым-қатынасындағы біздің халыққа тән
ерекшеліктер. Жас ұрпақ өз халқының мәдениетімен, асыл мұраларымен
ұлттық әдебиеттер арқылы танысып келеді. Халық ойынды тәрбие құралы
деп таныған. Ойынды сабақта қолдану оқушылардың ой-өрісін
жетілдірумен бірге, өз халқының асыл мұраларын бойына сіңіріп,
кейінгі ұрпаққа жеткізе білу құралы.
Бірақ оны жүргізуге арналған нақты әдістемелік құралдар жоқтың
қасы. Зерттеу жұмысында орыс тілінде жазылған әдебиеттер
қолданылды. Соның нәтижесінде қазіргі таңда тақырыптың өзектілігі
туындап отыр.
Халық педагогикасының адам, отбасы, өскелең жас ұрпақты тәрбиелеу
туралы арман-мақсаттарын, орныққан пікірлерін, ұсыныстарын қамтып
көрсететін педагогикалық идеялар мен салт-дәстүрлері өткен мен
қазіргінің арасындағы байланысты көрсетеді.
Ол тарихи даму барысындағы әлеуметтік мәні бар ақпаратта
(білім, білік) т.б. жиналып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады.
Ең алдымен, халық педагогикасы өскелең ұрпақтың еңбек пен өмір сүру
бейнесінің негізі болып, оларды келешектегі қызметіне дайындайды.
Біздің халықтық педлагогикада еңбек тәрбиесі өте ертеден бастау
алады. Ертеден келе жатқан еңбек тәрбиесінің әдіс-тәсілдер құралы,
сөз жоқ, еңбек болып табылады. Еңбек адамның қалыптасуы мен
тәрбиеленуінде бір ұрпақтан екінші ұрпаққа өмірлік тәжірибе береді
және халықтың даму барысында шешуші роль атқарады. Еңбек ету
кезінде адамның дене, ақыл-ой, эстетикалық дамуы мен еңбек тәрбиесі
қатар жүреді.
Халықтық педагогиканың ең бір көне тиімді құралдарының біріне ойын
жатады. Ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше зерделейді.
Сөйтіп, өзінің өмірден байқағандарын іске асырып, қоршаған
адамдардың іс-әрекетіне еліктейді.
Соның нәтижесінде өзі көрген жағдайларды отбасылық тұрмыс пен
қызмет түрлерін жаңғыртады. Мәселен, қазақтың ұлттық ойындары:
«Бәйге», «Көкпар», «Алтын сақа», «Хан талапай», «Қыз қуу»,
«Тоғызқұмалақ» т.б. балалардың еңбекке деген қарым-қатынасы мен
қабілеттерін арттырады.
Ойын дегеніміз – адамның ақыл-ойын дамытатын, қызықтыра отырып
ойдан-ойға жетелейтін, тынысы кең, алысқа меңзейтін, қиял мен қанат
бітіретін ғажайып нәрсе.
Оқу үрдісінде ұлттық ойын элементтерін пайдалану сабақтың тақырыбы
мен мазмұнына сай алынады. Сонда ғана оның танымдық, тәрбиелік
маңызы арта түседі. Оқушыларды әсіресе, «Сиқырлы қоржын», «Көкпар»,
«Асық» секілді ұлттық ойындарға қатыстыру өте тиімді екеніне
көз жеткізу қиын емес. Бұл ойындарды жаңа материалды бекіту немесе
қайталау кезінде қолдану керек деген пікір бар. Оқушы ойынның
үстінде не соңында өзінің қатысу белсенділігіне қарай түрлі баға
алуы мүмкін. Мұғалім әр оқушының еңбегін бағалап, ынталандырып
отыруы тиіс. Ойынның тәрбиелік маңызы мынада: ол баланы зеректікке,
білгірлікке баулиды.
Бабаларымыздың асыл қазыналарына деген көзқарасын құрметтеуге сөз
әсемдігін сезінуге үйретеді. Батылдыққа, өжеттікке тәрбиелейді.
Ендеше еңбекке баулу сабағын ұлттық ойындар арқылы сабақтасытырып
түсіндіру пән тақырыптарын тез, жылдам меңгеруге ықпал етеді.
Оқушының сөздік қорын байыта
түседі.
Ұлттық ойын-халықпен бірге
жасайтын өміршең құбылыс. Ол - балалық шақтың қайталанбас
ескерткіші, әрбір тұлғаның, әр бір ұрпақтың кешкен өмірі.
Ойыннан бастау алып, ертеңімен сабақтасатын тәлім-тәрбиені
бойға қондырып, ойға дарытудың алқашқы
машығы.
Ұлттық ойындар бала
тәрбиесінде негізгі екі жауапты қызмет атқарады: біріншіден,
жаттығулар жасап, ұлт ойындарын ойнаған кезде дене дамуы жақсарса,
екіншіден, ұлт ойындарының мазмұнын, ойлау тәртібін түсіндірген
кезде ұлттық әдет-ғұрпымыздан, өткен өмірімізден хабар береді.
Тәрбие жұмысын ұлттық дәстүрге сәйкес жүргізу, ал тәрбиенің негізгі
мақсаты - дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау
дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор,
іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан адамды
тәрбиелеу.
Балалықтың базары шағындағы
ойынның қайсысында мазмұнына қарай, өлең, тақпақ, ән
араласады. Оның тікелей мазмұнында болмағанмен жеңіліс
тапқан топ немесе ән, болмаса би билеп, күлдіргі әңгіме айтып
айыбын өтеуге тиіс. Бұл -қазақтың ұлттық ойындағы басты
ерекшелік. «Кім бұрын?» «Қаздар мен қасқыр», «Доп орталығы», «Доп
үшін күрес», «Тартыспақ», «Ортаны тап», «Қоян мен қасқыр»,
«Қуыспақ», «Жұмбақ шеш», «Мерген мен үйрек», «Көмбеге кім бұрын
жетеді?» «Кім байқағыш», «Қапы қалмас», «Кім жылдам?», «Допты
көршіңе бер», т.б ойындарды ойнатуға болады. Ұлттық ойын
қазақтың халықтық шығармасы - ауыз әдебиетімен біте қайнасып, бірге
өрістеп, бір тамырдан нәр алғандықтан бұларға ортақ құбылыстар
көп.
Бала ойынында жеңуші бар
да, жеңілуші бар. Әрине, жеңген топ немесе бала табысын жұбаныш
етсе, жеңілушінің айыбын өтеуі үшін айтатын тақпағы, биі,
мақал-мәтелі, жұмбағы болуы керек. Сонда бала ойынның қай түрінде
болсын - іс -әрекет, ән, би, өлең, жұмбақ, нақыл сөз
араласа жүретіндіктен деп танимыз. Мұның педагогикалық мәні -
баланы жан-жақты дамуға, тәлім-тәрбиенің арнасын кенейтуге
мүмкіндік беретін тиімді жол екендігінде. Мәселен,
мақал-мәтелдер - ауыз әдебиетінің бір
түрі.
Он екі мүшең сау болса, сәулет
емей немене,
Он саусағын сау болса, дәулет
емей немене.
Денсаулық
кепілі-тазалық.
Тәні саудың - жаңы
сау.
Қорыта келе, біз ұлттық
ойындар арқылы салауатты өмір сүруге тәрбиелеудің бірқатар
мүмкіндіктерін аштық:
1.
Ұлттық ойын бала денесінің дұрыс қалыптасуына мүмкіндік
туғызады
2.
Ұлттық ойын баланы тек денесін ширатып, денсаулықтарын
жақсартып қоймайды, сонымен қатар пәндерден алған білімдерін
толықтырады.
3.
Ойын арқылы баланың ойлау қабілеті дамиды.
4.
Ойын шыдамдылыққа, төзімділікке үйретеді,
т.б
ЖББ М. Горький
мектебі
Баяндама
(мектепішілік дене
шынықтыру әдіс бірлестік
отырысы )
Дене шынықтыру пәнінің
мұғалімі:
Тілеген Пердехан
Қаппарқұлұлы
Шардара
ауданы
2023-2024 оқу
жылы