Материалдар / «Қазақтың ұлттық қолөнері» ұл балаларға арналған арнаулы курсы (8 сынып)
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Қазақтың ұлттық қолөнері» ұл балаларға арналған арнаулы курсы (8 сынып)

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал 8 сынып технология пәні мұғалімдеріне арналған қосымша курс бағдарламасы.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Желтоқсан 2017
1298
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бостандық орта жалпы білім беретін мектебі
















«Қазақтың ұлттық қолөнері»

ұл балаларға арналған арнаулы курсы

(8 сынып)




Технология пәні мұғалімі

Қодаров Ахмет Нәсіпқалиұлының

іс-тәжірибесінен


















2016-2017 о/ж

Мазмұны


1.Кіріспе

2.Түсінік хат

3.Оқу әдістемелік жоспары

4.Үлгі сабақ жоспарлары

5.Дидактикалық материалдар

6.Қорытынды

7.Пайдаланылған әдебиеттер





































Кіріспе

Қазіргі таңда қоғамның жаңа нарықтық жағдайына байланысты халқымыздың салт-дәстүрлері, ұлттық қолөнерінің көркемділігі және өнер-адамның рухани, мәдени тұрмысынан бөлінбейтін құндылық. Қай халықтың болмасын ұлттық өзіндік әуені, салт-дәстүрі, қолөнері сол ұлттың мәртебесін биікке көтереді. Ендеше баланы әсіресе мектеп жасындағы оқушыларды еңбекке баулу қашанда кезек күттірмейтін міндеттеріміздің бірі болып табылады.

Технология пәні мұғалімінің басты мақсаты – оқущыларды еңбек ету мәдениетіне тәрбиелей отырып, функционалдық сауаттылығын қалыптастыру. Осы мақсатқа жету үшін ұсынылып отырған қолданбалы курстың рөлі аса зор.

Көркемдік тәрбие беруде курсьтың атқаратын міндеті – оқушының бойына біткен табиғи қабілетін жетілдіру, оған қолдау жасау, қол өнер шеберлерін арттыру септігін тигізу. Технология сабақтарының процесін жетілдіру білім алушылардың еңбектң зерттеу және шығармашылық қатынасын қалыптастырады. Халқымыздың сан ғасырлық асыл дәстүрі мен салтын насихаттап қана қоймай, оны мүмкіндігінше тәжірибе жүзінде жасатып, оның пайда болу тарихы мен атаулуын, тұрмыстағы қолданысын білу, және оқушына зерттеу жұмыстарын жүргізуге бағыттау – қоланбалы курстың міндеттері.

Нарықтық экономикаға көшу деп аталатын өтпелі кезең – қатаң бәсекелестікке негізділген іскерлер, кәсіпкерлердің заманы. Ендеше жастар үшін «жалаң» білім жеткіліксіз, яғни сол алған білім тіршілік көзіне айналдыруға тәрбиелеу, кәсіпкерлікке, іскерлікке үйрету. Кез келген еңбек процесінде автоматтарды, компьютерлерді, электрониканы т.б қодану барлық мамандардан сауаттылықты талап етеді. Сондықтан оқушылардың ынтасын ғылыми- техникалық білімді игеруге, дамытуға тәрбиелеу қажет.


















Түсінік хаты

Технология пәні бойынша 7 сыныптың ұлдарына арналған «Қазақтың ұлттық қолөнері» курс бағдарлама үлгісі аптасына 1 сағат, жылына 34 сағатқа жоспарланған. Сабақты өткізудің негізгі формалары: дәріс, тәжірибелік жұмыс, аралас сабақ, шығармашылық еркін тапсырмалар. Курс топтық және жеке өзіндік әдістер арқылы жүргізуге бағытталған. Негізгі оқу материалдарын үлгіге ала отырып, оқушылардың алған білім, білік, дағдыларын және пәнге деген қызығушылығын арттырады.

ҚР-ның жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы нұсқау хатты негізге ала отырып пәнді оқытуда оқушылардың білімдерін одан әрі жетілдіре түсу мақсатында таңдау пәндері қосымша пайдаланылады.

Бағдарлама өнерге қызығушылығы бар 7 сынып ұлдарына арналған. «Қазақтың ұлттық қолөнері» курсы оқушылардың оқу-танымдық құзіреттілігін кеңейтіп, еңбек мәдениеті дағдыларын және функционалдық сауаттылықтарын қалыптастырады.

Шығармашылық игеру – оқушының өз бетімен мақсатты іздене отырып, нәтижеге жету жолында әдіс-тәсілдер тауып, зерттеп қорытындылай алумен сипатталады. Оқушылардың шығармашылық жұмыстармен айналысуына ұйтқы болу, іс-әркеттерін үйлестіріп отыру, іскер жеке тұлғаны қалыптастыру- мұғалімнің басты мақсатарының бірі.

Бағдарламаның негізгі мақсаты:

  • Оқушыларды ұлттық қолөнер мен салт-дәстүрге және жаңашылдыққа баулу;

  • Қазақ халқының мәденетін қадірлеуге, қастерлеуге мән-мағынасын терең түсніп, дұрыс бағалай білуге үйретіу;

  • Оқушының қолөнер саласындағы шеберлігін шыңдау, болашақ өмірге үйрету.

Бағдарламаның негізгі міндеттері:

  • Халқымыздың сан ғасырлық асыл дәстүрі мен салтын насихаттап қана қоймай, оны мүмкіндігінше тәжірибе жүзінде жасатып, оның пайда болу тарихы мен аьалуын, тұрмыстағы қолданысын білу және оқушының зерттеу жұмыстарын жүргізу дағдысын дамыту;

  • Дизайнерлік қабілеттері бар оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулу;

  • Оқушылардың технологиялық сауаттылығын қалыптастыра отырып, жауапкершілікке, тиянақтылыққа, сонымен қатар қоршаған ортаға технолгияның әсерін білуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:

  • Ұлттық өнерді құрметтейтін, дамытатын, рухани бай жеке тұлға болу керек;

  • Сызбаларды өз бетінше оқу, технологиялық карталарды, нобайларды, суреттерді құрастыра алатын, техникалық модельдеу жұмыстарын меңгерген;

  • Кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұырыс, адамгершілік тұрғысынан жауап, шешімдер қабылдауға, қабілетті жеке тұлға;

  • Шығармашылықты игеру барысында оқушы өз бетімен мақсатты іздене отырып, нәтижеге жету жолында әдіс-тәсілдерді тауып, зерттеп қорытындылайды.

Пәнаралық байланыс:

Тарих, әдебиет, бейнелеу өнері, сызу

Оқытудың түрлері:

    • Іскерлік сабағы

    • Жарыс сабақ

    • Шығармашылық сабағы

    • Машықтық сабақ

    • Білімді, дағдыны, ептілікті жүйелеу (қорытындылау) және қайталау сабағы

Оқытудың әдістері:

    • Сыни тұрғыдан ойлау мен жазу технологиясының элементтері

    • репродуктивтік әдіске сай көрнекі түсіндіру

    • сараптау, синтез, салыстыру арқылы жалқыдан жалпыға және жалпыдан жалқыға өту әдістері

Уақыт көлемі: 45 минут. (1 сағат)

























Тақырыптық - оқу жоспар


Тақырыбы

Сағат саны

түрі

Күтілетін нәтиже



Барлығы

теория

парктика



1

Қазақ халқының сәндік қолданбалы өнері

1

1


Кіріспе

Жаңа сабақ

Қазақ халқының сәндік қолданбалы өнері туралы жалпы түсінік қалыптасады

2

Сәндік қоладанбалы өнер

1


1

Машықтық сабақ

Сәндік қоладанбалы өнерді үйренеді

3

Ұлттық бұйымдар

2

1

1

Аралас сабақ

Ұлттық бұйымдардың өмірде қолданылуы туралы мағлұмат алады, бұйым түрлерімен және қолданатын орнымен танысады.

4

Қазақтың ұлттық ою-өрнегінің өзіндік ерекшіліктері мен шығу тарихы

2

1

1

Жаңа сабақ

Қазақтың ұлттық ою-өрнегінің өзіндік ерекшіліктері мен шығу тарихын біледі

5

Ою өрнектер және олардан композиция құру

2

1

1

Машықтық сабақ

Ою өрнектер және олардан композиция құра біледі

6

Күнделікте өмірде қолданылып жүрген ұлттық бұйымдар

2

1

1

Машықтық сабақ

Күнделікте өмірде қолданылып жүрген ұлттық бұйымдарды жасай біледі

7

Киіз үй туралы мәлімет беру, макетін жасау

2

1

1

Жаңа сабақ

Машықтық сабақ

Киіз үй туралы біледі, макетін жасай біледі

8

Киіз үй жиһаздары

2

1

1

Жаңа сабақ

Машықтық сабақ

Киіз үй жиһаздары туралы біледі, үй жиһаздарын жасай біледі

9

Сыйкәделік киіз үй жасау

1


1

Машықтық сабақ

Сыйкәделік киіз үй жасай біледі

10

Бесік. Бесік жасау

2

1

1

Аралас сабақ

Бесік туралы біледі, бесік жасай алады.

11

Ағаштан ат әбзелі ер бөлшектерін жасау

2

1

1

Жаңа сабақ

Ағаштан ат әбзелі ер бөлшектерін жасай алады

12

Қамшы жасау

2

1

1

Машықтық сабақ

Қамшы жасай алады

13

Қазақ ұлттық аспаптары

1

1


Жаңа сабақ

Қазақтың ұлттық аспаптары туралы біледі

14

Әшкейлі домбыра жасау

2

1

1

Жаңа сабақ машықтық сабақ

Домбыра туралы біледі. Әшкейлі домбыра жасай алады

15

Ұлттық ыдыс аяқ. Ыдыс аяқ жасау

2

1

1

Жаңа сабақ машықтық сабақ

Ұлттық ыдыс аяқ. Ыдыс аяқ жасай алады

16

Ағаш бетіне көркемдеп күйдіру арқылы әр түрлі сурет бейнесін бейнелеу

2

1

1

Жаңа сабақ машықтық сабақ

Ағаш бетіне көркемдеп күйдіру арқылы әр түрлі сурет бейнесін бейнелей алады

17

Бәйтерек еліміздің мақтанышы

2

1

1

Жаңа сабақ машықтық сабақ

Бәйтерек туралы біледі, макетін жасау

18

Астана – бас қала. Ақорда макетін жасау

2

1

1

Аралас сабақ машықтық сабақ

Астана туралы біледі. Ақорда макетін жасай алады.

19

Шығармашылық жұмыс

2


2

Қорытынды сабақ. Көрме

Жыл бойы алған білімін қорытындылайды. Жұмыстарын көрмеге шығарады.



34

16

18











Үлгі сабақ жоспарлары


Сабақтың тақырыбы: Ағаштан ат әбзелі ер бөлшектерін жасау

Сабақтың мақсаты: Ер-тоқым жөнінде жан-жақты мағлұмат беру. Ер тоқым бөліктерін қиыстыру арқылы оқушының шеберлігін арттыру. Оқушының өнерге деген қызығушылығын арттыру арқылы шеберлікке баулу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: иллюстрация арқылы түсіндірме, топпен жұмыс, практикалық жұымыс

Пәнаралық байланыс: сызу, әдебиет, тарих

Танымыдық іс-әрекет: практикалық тұрғыда жүзеге асыру

Қолданылатын көрнекіліктер: технологиялық карта, ат әбзелі, ердің қаңқасы

Сабақтың мазмұны:

І.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.Өткен сабақты пысықтау.

«Серпілген сауал» әдісі

  1. Сәндік-қолданбалы қолөнердің түрлерін ата.

  2. Зергерлік өнер деген не?

  3. Шекімдеу әдісі арқылы қандай бұйым жасауға болады?

  4. Ат әбзелдерін ата

  5. Зергерлік құрал-жабдықтарды ата

  6. Дәстүрлі қолөнер деген не?

  7. Болатты қалай шынықтырады?

  8. Ағаштан жасалған қолөнер түрлерін білесіңдер ме?

  9. Ағаш түрлерін ата

  10. Ердің түрлерін білесіңдер ме және оның жасалу технологиясын көрдіңдер ме?

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру

«Ойлан жұптас бөліс» әдісі. Ер туралы мәліметті жеке, жұпта, топта талқылайды.

Ер дегеніміз – салт атқа мінуге арналған ат әбзелдерінің негізгі құралы. Ер-тоқым мінген адамға жайлы әрі аттың арқасына батпайтын, жүріске бөгет болмайтын болуы шарт. Ердің қайың, үйеңкі, терек безі, қара мойылдың түбірінен жасаған, оны қазақ шеберлерінің іс-тәжірибемінен көруге болады. Ердің «қазақ ері», «қоқан ері», «құранды ер», «ашамай ер», «қазықбас ер» деген түрлері көптеп кездеседі. Ерді жергілікті жерде «Дулат ері», «Арғын ер» «Күмістелген ер», деп атаса жонушы шебердің үлгілері «Оймалаушы ер», «Шекей ері» деп те атай берген. Жалпы ерді бес ағаштан қиюластырып жасаған. Ер бөлшектері (детельдары) алдыңғы және артқы қасы, оң және сол қапталы, белағаш деген негізгі бөліктерден тұрады. Ердің ішінде жасалу жағынан өте күрделене берік және жайлы да әдемісі – құран ер. Бұл ерді Оңтүстік Қазақстан ершілері көптеп жасаған. Ол 18 бөлек ағаштан құрастырылады. Құрастырылған ағаш бөлшектері ыдырап кетпесүшін оны түйенің және өгіздің көн терісімен қаптайды. Өкінішке орай ер жасау өнері кещеуілдеп қалды. Оның жасалу технологиясын жаңғырту, жетілдіру қазіргі заман талабы. Сондықтан біздің тәжірибеміздегі технолгиялық карта арқылы жасап көрелік.

Машықтық кезең

(мына жерге тех карта салам)

-Техникалық картаны талдау

Бұйым жасауды жүзеге асырудың көптеген әдәс-тәсілдерін қолдану

Олар:

Біреулермен бірлесе жасау арқылы

Дайын затты зерттеу арқылы

өзіндік шығармашылықпен

Белгілі бір нұсқаулар арқылы (технологиялық нұсқаулар арқылы, оқытушының үйретуімен жүзеге асырылады.)


4.Сабақты бекіту

Топтау

ЕDrawObject1 DrawObject2 рдің түрлерін ата Ерді қазақ шебердері неше
ағаштан құрастырған?



DrawObject6 DrawObject5 DrawObject4 DrawObject3

Құранды ердің жасалу ерекшелігі неде? Ерді қандай ағаштан

жасауға болады?

DrawObject7 Ерге қойылатын талаптар қандай?


5. Үйге тапсырма

Ердің өлшемдерін беру, техникалық суретін орындау















Сабақтың тақырыбы: Әшекейлі домбыра жасау

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды домбыраның шығуы туралы аңызбен таныстыру, домбыра жасаудың технологиясымен таныстыру, үйрету. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін, қол моторикасын дамыту. Ұлттық қолөнерге деген сүйіспеншілдікке, ұқыптылыққа, үнемшілдікке тәрбиелеу, техника қауіпсізік ережелерін сақтауды қалыптастыру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: иллюстрация арқылы түсіндірме, топпен жұмыс, практикалық жұымыс

Пәнаралық байланыс: сызу, әдебиет, тарих

Танымыдық іс-әрекет: практикалық тұрғыда жүзеге асыру

Қолданылатын көрнекіліктер: технологиялық карта, үлгілер, плакаттар

Құрал-жабдықтар: ағаш 30×40×200мм, зімпара қағаз, үлгі, қарындаш, сызғыш, қыспақ, түрпі, ара, т.б

Сабақтың мазмұны:

І.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Жаңа сабақ

А) Тақырыпты хабарлау

Ә) мақсаттарын айту

Б) Тақырыпты баяндау

Қазақтың ұлттық әуендік аспаптарының ең көп тарағандарының бірі – домбыра. Оның пайда болуы туралы аңызды білесіңдер ме?

Баяғы, бағзы заманда бір аңшы аңшылықпен күнін көріпті. Бірде тау-тасты аралап, жүрсе алдынан бір тау ешкісі шыға келеді. Аңшы олжасына қуанып, атып алмақ болады. Бірақ тауешкі биік жартасқа шығады да әрең дегенгі әлгі тауешкіні атып алады. Қайтсін енді, құдай жануарды адамның азығы етіп жаратқан соң. Сонымен атып алған ешкісін жерге түсіріп, алып кетейін десе, шамасы келмей қояды. Сосын аңшы әдемілеп сойып, етін алып, тауешкінің ішек-қарнын биік жартасқа тастап кетеді.

Екінші күні алайын деп, қайта жартасқа барады. Көтеріліп келе жатса бір ерекше дыбыстар шыққанын естиді. Көтеріліп қараса, әлгі кешегі қалдырған ішектерге құстар таласып, тартып биікке көтереді, ал жел соққан сайын ішектерден ерекше күмбірлеген дыбыстар шығады. Бір уақытта ішектер құстардың аузынан түсіп кетіп, ағаштарға ілініп қалыпты. Жел үрлеген сайын дыбыстар шығарыпты. Содан аңшы ағаштан қиып алып, ішекті ағашқа тартып, әр түрлі дыбыстар ойнай бастайды, дыбыстардан әсем күй пайда болыпты. Содан бастап, домбыра пайда болған екен. Міне осындай аңызы бар аспабымыз домбыра. Оның қазақтың музыка өнеріндегі орны ерекше. Домбыра құрылымы күрделі, дайындау технологиясын толық игеруді талап етеді. Бүгінгі сабағымызда жасайтын сый кәделік әшекейлі домбырамыздың жалпы ұзындығы 196 мм, мойынының жуандығы – 20 мм, мойны – 96 мм, үнтілше ұзындығы – 80 мм. Домбыра сияқты бейнесіне қарап, Абай және Жамбыл домбырасы деп екіге бөлінеді, олардың сыртқы пішіні әр түрлі болғанымен, өлшемдері бірдей. (Құрлысымен таныстыру)

Сергіту сәті

Сарамандық жұмыс

Технологиялық карталарымен танысу, домбыра жасау

Бүгінгі сабағымызда әшекейлі сыйкәделік домбыра жасаймыз. Оның технологиялық картасы алдарыңда жатыр. Алдымен сонымен мұқият танысып алайық. (Оқушылар технологиялық карталарды өз беттерінше оқып, танысады, түсініксіз жерлерді мұғалімнен сұрап, түсініп алады.)

Ал, енді танысып алсаңдар, домбыра жасау үшін қандай құрал-жабдықтар қажет екенін айтыңдаршы. Олармен жұмыс жасағанда біз техника қауіпсіздік ережелерін біліп, бұлжытпай орындауымыз қажет. Кәне есімізге түсірейік. (Оқушылар ережелерді еске түсіріп айтады)

Домбыраны жасаудың нұсқау картасына орай оқушылар жұмыс жасайды. (Мұғалім әрқайсысымен жеке жұмыс жүргізіп, түсінбеген жерлерін айтып көрсетеді.)

Қорытынды бөлім

-Домбыра құрылысы қандай?

-Домбыра түрлерін ата

-Домбыра жасау барысында қандай қиыншылыққа тап болдыңыздар?

-Қобыздан ерекшелігі қандай?

- Сабақ сендерге ұнады ма? Несімен ұнады? Домбыраңды кімге сыйлар едің?

- «Нағыз қазақ – қазақ емес

Нағыз қазақ - домыбра» - дегенді қалай түсінесіңдер?

Үйге тапсырма

Т.Қ.Е қайталау, оқып келу























Сабақтың тақырыбы: Ағаштарды көркемдеп ою және өңдеу

Сабақтың мақсаты: ДВП немесе фанер бетіне ою-өрнек салып, оны ловзик арамен ою. Ұлттық өнерге деген көзқарасын қалаптастыру. Өнерге, шеберлікке деген ынтасын дамыту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгеру

Сабақтың көрнекілігі: қағаздан ойылған ою өрнектер, ловзик ара, ДВП материалы, біз, түрлі-түсті суреттер, киіз үй әбзелдері.

Сабақты жүргізу әдісі: түсіндермелі иллюстративті әдіс арқылы қағаздан ойылған ою-өрнектерді пайдалану

Ұйымдастару көзеңдері: Кезекші арқылы оқушыларды түгендеп, сыныптың реттілігін тексеріп, оқушылардың назарын сабаққа аудару


Сабақтың барысы

Ою-өрнек туралы қысқаша мағлұмат беру, бір нәрсені ойып, тесіп, қиып астын немесе екі заттың бетке ойып бедер салу тәсілін орындаймыз.

Өрнек дегеніміз - әр түрлі ою.

Матадан жасалған үй жиһаздарына арналған, ағаш бұйымдарға салынатын (сандық, кебеже, асадал.) киіз үй жиһаздарына салынатын зергерлік өнер болып бөлінеді. Ойылған екінші затқа орналастырып кигізіледі, кіріктіріледі, жымдап жапсырады, желімдеп әшекейлейді, басты ерекшелігі – композиция, ырғақ симметриялы етіп орналастырады. Ою-өрнектің шығуы туралы ғалымдарымыз Ә.Марғұлан, Т.Басенов, М.Мұқанов,, М.Мендіқұлов т.б зерттеді. Латынша «орнамент» - ою және өрнек деген екі сөз, сәндеу, әсемдеу.

Қазақ ою-өрнектерінің негізгі (принциптері) ерекшілігі бар, өлшеп пішпей- ақ заттың тең пропорциясын жасай білген. Ою-өрнектің өзіне арналған философиялық мәні бар екенін байқауға болады. Түрлі-түсті қызыл, жасыл, ашық және анық, жарқын түсті жасырын құпия тілдерін түсіну қиян емес. Ою-өрнекті халықтың мәдени шежіресі деуге болады.

Ою-өрнекті ДВП мен фанерге түсіру үшін оның бетіне қара қағазбен бастырып ойылған ою түрін түсіреміз де арнаулы ара ловзик арқылы ою тәсілін ойып көрсетемін. Өңдеу үшін оған біз құралын, артық жерін кесуге майда егеуді пайдаланып тегістеймін.

Әр құралдардың атқаратын қызметі мен жұмыс істеу тәсілдерін түсіндіріп және қауіпсіздік ережесін мұқият сақтауды ескертемін, әрі талап етемін.

Оюды оқушылар ДВП бетіне түсіргеннен кейін ловзикпен ою жұмысына кіріседі. Оны қауіпсіздік ережесін сақтай отырып орындайды. Оюдың түрлері суретте көрсетілген. Құрал жетпеген оқушыларға тест сұрақтарын беріп жауап аламын.

  1. Қатты ағашты тап

А) қарақат ә) шырша б) самырсын В) қайың Г) терек

2. Жұмсақ ағашты тап

А) емен ә) бук (шамшат) б) балқарағай в) қайың г) қарағаш

3. ДВП, фанер оятын ара

А) қол ара ә) ловзик б) жақтаулы ара в) бойлық ара г) екі жақты ара

4. Түсті металды тап

А) темір Ә)болат б) мыс в) шойын г) қалайы

5. Қара металды тап

А) жез ә) алюминий б) мырш в) шойын Г) мыс

Сұрақтар

  • Араның түрлері қандай, ағаштарды кесу үшін әрқайсысы қалай қолданылады?

  • Сүргінің түрлері қандай, оны донатын ағаштың қандай жерлеріне пайдаланады?

  • Ловзиктің, араның, сүргінің қауіпсіздік техника ережесі қандай? Әрқайсысын жеке-жеке оқушыдан сұрап бағалаймын.

  • Оқушыларды жеке-жеке ловзик пен түзу және иерек сынық сызықтарды ДВП-ға сызып аралатамын.































Сабақтың мақсаты: Киіз үй макетін жасау

Сабақтың мақсаты: Киіз үй туралы түсінік беру және оның маңыздылығы мен ерекшелігін түсіндіру. Киіз үйдің бөлшектерімен жете танысу барасында ой-өрісінің, қиялының терең дамуына ықпал жасау. Ұлттық төл баспанамызды қастерлеуге тәрбиелеу

Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, көрсету, шығармашылық жұмыс

Сабақтың формасы: орталықтарға бөліп жұмыс жасау

Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, тарих, әдебиет

Сабақтың барасы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

«Кім шапшақ» ойыны арқылы үй тапсырмасын тексеру

Жаңа сабақ

Көздің суретін салу, ит, іздің суретін салу, үйдің суретін салу, сонда киіз үй жайлы тақырып ашылды.

Балалар, біз бүгінгі сабағымызда мұражайға саяхатқа шығамыз. (Мұражайдағы этнографиялық бөлмемен таныстыру)

-Балалар, киіз үй жайлы не білесіңдер?

-Ол қандай бөліктерден тұрады?

-Шаңырақ қандай жерде орналасқан?

-Уық дегеніміз не?

Киіз үй көптеген көшпелі халықтардың негізгі баспанасы болған. Біздің халқымыз да киіз үйді сан мыңдаған жылдар бойы өзінің төл баспанасы етіп келген.

Киіз үй кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық, табалдырық, маңдайша, таяныш, сияқты негізгі бөліктерден тұрады. Бұлар киіз үй сүйектері деп аталады. Үйдің сүйегін жасайтын шеберді «үйші» дейді.

Киіз үй сыртқы көрінісіне, сәлетіне, көлеміне қарай ақ үй, боз үй, қоңыр үй т.б атаумен аталады. Оқушыларға сурет бойынша түсіндіру. Киіз үйдің сүйектері: шаңырақ, уық, кереге, есік.

Орталықтармен жұмыс

Сарамандық жұмыс

«Өнер орталығы» (қағазбен жұмыс)

«Шебер орталығы» (Саломен жұмыс)

«Сахна орталығы» (Жұмсақ ойыншықтармен үзінді көрсету)

Орталықтарды 15 сайын ауыстырып отыру.

Орталықтарды жұлдызша арқылы мадақтау
Қорытынды

«Сиқырлы кітапша ойыны»







Сабақтың тақырыбы: Бесік жасау

Мақсаты: Оқушыларды бесіктің шығу тарихымен, оның өмірдегі маңызымен, қазақтың салт-дәстүрі – «Бесікке салу», «Бесік жыры» және оың жасалу жолдарымен таныстыру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: иллюстрация арқылы түсіндірме, топпен жұмыс, практикалық жұымыс

Пәнаралық байланыс: сызу, әдебиет, тарих

Танымыдық іс-әрекет: практикалық тұрғыда жүзеге асыру

Көрнекілік: бесік түрлері салынған плакат, технологиялық карта, жұмысқа керекті құрал саймандар, өлшеу құралдары мен сызбалар.

Сабақтың мазмұны:

І.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Жаңа сабақ

Бесіктің шығу тарихы

Қазақ халқы ертеден-ақ сәбилерін бесікке салған. Жаугершілік заманда көшпенді ел үшін бесіктің маңызы өте зор болды. Жорықтарда бесікті түйенің қомына байлап алып, көшіп жүре беретін.

Бесіктегі бала әрі таза, әрі жылы жатады. Анасы тамақтандыруға ыңғайлы, ауасы таза, жәндіктерден, құрт-құмырсқадан, жылан-шаяннан қауіпсіз бесікте ұйықтаған.

Бала мазасызданып жылағанда тербетіп уатуға бесік өте қолайлы.

Бесікті ертеде аталарымыз қайыңның жас шыбығынан иіп бір-бірімен байланыстырып тал бесік жасаған. Жас қайыңның иісі балаға өте жақсы әсер етіп, сәби алаңсыз ұйықтаған.

Сәби өскенде батыр болсын деп ырымдап бесіктің бас жағына арланның азу тісін, жыланның бас сүйегін, қамшы, жастығының астына қанжар тығып қоятын болаған. Қыздарымыз әдемі, сұлу болсын деп үкі тағып қойған. Баланы бесікке салу оыс күнге дейін ата-баба дәстүрімен жалғасып келеді. Бесікке салу жолын елге сыйлы, немерелері көп, көп жасаған қария әжелерге берген.

Маңызы, қоғамдағы орны.

Қазақтың көрнекті жазушысы Мұхтар Әуезов «Ел болам десең – бесігіңді түзе» деген. Қазіргі заманда елімізде экономика жолға қойылып, тұрмыс түзеліп келеді. Халықтың әл-ауқаты жақсарып, ана мен балаға үкімет жасаған жеңілдіктер, көмектер жасалуда. Осыған орай елімізде демография бойынша да өрлеу байқалды. Сәбилер көбейген сайын бесікке сұрныста көбеймек. Соған байланысты бірнеше бесік түрлерін ұсынбақпын.

Әркімнің қалауы әр түрлі, дегенмен бесікке жатқан бала – денсаулығы мықты, жақсы жетіледі.

Біздің қарастыратын бесігімізге «Арқа бесігі» деген ат қойдым. Өйткені менің көргенім және талай рет сұранысқа орай жасағаным осы бесік түрі. Оны жасауға 40х40х80 брустар, 20х40х80 рейкалар, Ш30, ұзындығы 80 см жұмыр ағаш 40х60х50 брустар, ағаш желімі, әр түрлі құрал саймандар керек.

Сонымен технологиялық карта бойынша материалдар таңдап алып, керекті құрал-саймандарды жинақтап алып іске кірісейік. Жұмыстың алдында техника қауіпсіздігін тағы бір рет оқушылардың естеріне саламын.

Қорытынды.

Міне, балалар біз бесіктің тарихымен, түрлерімен, оның өміріміздегі маңызымен, бала тәрбиелеудегі орнымен таныстық. «Балалы үй базар»-дейді халық, ал бала өскен жерде бесік болуы шарт.

Бесіктің жасалуы жөнінде біраз мәлімет бердік, егер мүмкіншілік болса, ағаларыңмен ақылдаса отырып, бөпелеріңе бесік жасап беріңдер. Ұқыпты отбастарында бесік қасиетті мүлік саналып, ағадан-ініге, ападан сіңліге беріліп отырған. Мұны ұрпақ жалғастығы дейді.

Қазақ бесігі- қазақы киіз үй, қара шаңырақ, домбыра, қобыз, қамшы сияқты мүлік. Сондықтан, ата-баба салт-дәстүрін құрметтеп, болашыққа қаз-қалпында жеткізейік.
































Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық ою-өрнегінің өзіндік ерекшіліктері мен шығу тарихы

Сабақтың мақсаты: қазақ халқының қолөнерінің бірі –ою-өрнек туралы түсінік беріп, ежелгі салт-дәстүррімізді бойларына сіңірту. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, өнерге деген қызығушығын арттыру. Шапшаңдылыққа, ұқыптылыққа баулып, эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: іс-тәжірибелік

Сабақтың көрнекілігі: киіз, мата, қайшы ине, жіп

Пәнаралық байланыс: сызу, тарих бейнелеу өнері

Сабақтың барысы

І.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру


Қазақ халқының қолөнері деп халық тұрмысында жиі қолданылатын өру, тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты шығармашылық өнер жиынтығын айтамыз. Қазақтың өрнекті әшекеймен істелетін қол өнерінің барлық түріне бірдей ортақ әсемдеп, әшекейлеудің негізі болып келеді. Бедері түсірілген үлгіні ойып, кесіп, қиып немесе екі затты оя кесіп, қиюластыру ою деп аталады. Ал киім кешекке, тұскиізге т.б. қолөнер бұйымдарына кестелеп бейнелейтін бедер, сол сияқты тоқылатын алашаға, басқұрға және қоржынға түсірілетін түрлі геометриялық бедерлерді өрнек дейміз. Өрнекті тасқа, ағашқа күйдіріп, қашап, бояп түсіруге болады. Ою-өрнек өнері мүсін сияқты өз бетімен өмір сүре алмайды, әрқашан қосалқы қызмет атқарады. Оны біз сәулет өнерінен үй жихаздарына сандыққа, кебежеге, бесікке, жүкаяққа салынған оюлар ретінде қабылдаймыз, яғни ою-өрнекті қандай да болмасын бір затпен байланыссыз елестете алмаймыз. Қазақтың «ою» және «өрнек» деген сөзі бірігіп келіп, латынша «орнамент» деген ұғымды білдіріп, сәндеу, әсемдеу деген мағынаны білдіреді. Бәрімізге белгілі бүгінгі күнге дейін ою-өрнектің 230-дей атауы бар. Олардың ішіндегі ең көп тараған және талай ою-өрнектің негізі болған элемент «мүйіз» тектес ою-өрнек, басқа ою-өрнектер осы оюдың негізінде жасалып, тек атаулары өзгеріп отырған.

Ал біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы оюдың бір «жүрек» ою деп аталады. «Жүрекше» оюы қазақ, қырғыз және қалмақ бейнелеу өнерінде көптеп қолданылады. Якуттарда бүршік атқан өсімдіктің бейнесін тұспалдайтын, түрлі композицияда бейнелейтін «жүрекше» жалпы ою-өрнектің негізін құрайды, жүрек бейнесі қолөнер бұйымдарының дәл ортасына түсіріледі.

Ал біздің бүгінгі «жүрек» оюымыз «жүрекше» оюына мүлдем ұқсамайды. Себебі бұл ою қошқармүйіз оюы сияқты мүйіз тектек болып келіп, жүрек тәрізді болып алынады. Сол себепті де «жүрек» ою деп аталады. Жалпы оюдың барлығы бір мағына береді, мысалы: қошқармүйіз ою-өрнегі – байлық пен молшылықтың нышаны «Жүрек» оюы барлық жерде қолданыла бермейді. Көбіне қазақтың ұлттық бұйымдарына соның ішінде тұскиізге, сырмаққа, қыз жасауына, көрпе-төсекке, жастыққа кеңінен қолданамыз.

Ал енді практикалық жұмысқа кіргіземіз. Алдымен практикалық жұмысты бастамас бұрын техникалық қауіпсіздік ережесін еске түсіреміз.

Қорытынды

Ою-өрнек- халқымыздың тұрмыстық бұйымдарында ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан өнер екендігіне көз жеткізді


Сабақтың тақырыбы: Ою өрнектер және олардан композиция құру

Сабақтың мақсаты: Ою-өрнектердің түрлерімен таныстырып, оның қию әдісін үйрету. Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын, қолөнер туындысын көру арқылы оқушылардың өнерге деген құштарлығын, шығармашылық қабілетін, дүиетанымын дамыту. Ұқыптылыққа, өз орнының тазалығын сақтауға, өз бетінше еңбек етуге, алған білімдерін дұрыс пайдалана білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дамытушылық сабақ

Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау

Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, геометрия, тарих, әдебиет

Сабақтың көрнекілігі: тұрмыстық бұймдар, қоржын, үлгі

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың назарын сабаққа аудару, топқа бөлу Қоржыннан өз топтарына есім алады.

І топ «Өнерлілер» ІІ топ «Шеберлер» ІІІ топ «Ісмерлер»

Жаңа сабақ

Ою-өрнек ежелден келе жатқан өнер болып саналады. Әрбір халықтың өзіне тән ою-өрнектері баршылық, қай халықтың да мәдениетіне көз салсақ, халықтың эстетикалық талғамы, дамуы ою-өрнекпен байланысты.

Ою-өрнек өнерінің белгілі бір халыққа тән негізгі стильдік ерекшеліктері сол халықтың қолтаңбасымен сабақтасып жатады.

Кезінде өнертанушы В.Чепелев «Қазақтар тек ою өрнек әлемінде өмір сүретін сияқты» деп атап көрсеткен, қазақтың ою-өрнектері аталуына байланысты бірнеше топқа бөлінген:

  1. Ай, күн, жұлдыздар, көк әлеміне байланысты

  2. Малдың дене мүшесіне байланысты

  3. Аңға байланысты ою-өрнек

  4. Жәндіктерге байланысты өрнектер

  5. Құстарға байланысты

  6. Жер, су, өсімдіктерге байланысты

  7. Қару құралдарға байланысты

  8. Геометриялық фигура тектес

І.Қызығушылақты ояту

ІІ.Ой қозғау (Сөздік жұмыс)


Сұрақтар

Жауабы

1

Ою-өрнек дегеніміз латынның қай сөзіне келеді?

Латынның орнамент деген сөзінен алынған. Орнамент әшекейлеу, әсемдеу деген мағынасына келеді.

2

Композиция дегеніміз не?

Ою - өрнекті бір заттың бетіне реттеп орналастыру

3

Симметрия дегеніміз не?

Ою- өрнектің екі жағының бірдей болуы – симметрия заңы

4

Колорит деген не?

Ою- өрнектердегі бояу түрлерінің бір-бірімен үндесіп, жарасым табуы

5

Ритм дегеніміз не?

Ою - өрнекте бір элементтің қайталанып отыруы

6

Оюдың пайдасы бар ма?

Жүйке қызметін жақсартып, ойды бір жүйеге келтіреді. Математикалық білімді жетілдіреді, түстерді таңдауға үйретеді.


Қолөнер – халықтың өз қолымен жасайтын ұлттық мәдениеті мен өнер туындысы

Оюшы - әр түрлі өрнек үлгілерін жасаушы, қазақ ою-өрнегінің шебері.

Оюлау - әсем өрнек, әшекей салу, көрнектеу, ою жасау, кесу.

Ою – бір нәрсенің бетіне түсірілген түрлі нақыш, бедер, өрнек, әшекей.

Ою, салу - өрнек түсіру, әшекей жүргізу.

Оймала – бір нәрсені ойып. Кесу.

Әшекей - өрнек салу әдісінің бір түрі.

Үлгі – ою- өрнек қиылған қағаз, өрнектің қалыбы.

Топпен жұмыс

І топ «Өнерлілір» тобы. Мақал-мәтелдерді толықтыр.

1.Оюды оя алмаған......................

2. Ойсыздан ....................шықпайды

3. Үлгі көптің ...................көп

Өрнегі көптің....................көп

ІІ топ. «Шеберлер» тобы. Мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндір.

  1. Еңбек етпесең, не қорлықта қаласың, не ұрлыққа барасың.

  2. Адамның ісі қандай болса, өзі сондай

ІІІ топ. «Ісмерлер» тобы

Оюдың аталуы, қолданылатын орны, мағынасы туралы мәлімет бер.

DrawObject23 DrawObject22 DrawObject21 DrawObject20 DrawObject19 DrawObject18 DrawObject17 DrawObject16 DrawObject15 DrawObject14 DrawObject13 DrawObject12 DrawObject11 DrawObject10 DrawObject9 DrawObject8







-Балалар, әжелеріміз ою үлгісін жасауды, оюды кімдерден үйренген? Оларды да өз әжелерінен, аналарынан, әпкелерінен үйренген. Осылай ұрпақтан ұрпаққа ауысып бүгінге жеткен . Біз де ою ойып көрейікші.

Ойма ою. Тұтас заттың бетіне қайшымен ойып ою-өрнек жасауды ойма деп атайды. Ойма оюлар сырмақ сыру өнерінде ғана пайдаланылады.

Сызба ою. Сызба ою-өрнегі атынан – ақ көрініп тұрғандай, тұтас қағаз бетіне қаламмен сызылып түсіріледі. Сызылып жасалған ою-өрнек үлгілерін сызба ою деп атайды.

Қима ою. Тұтас қағаздан немесе былғарыдан, матадан, картоннан қиып алынған ою-өрнек қима ою деп аталады.

І. Топ «Өнерлілер» тобы қағазды бір бүктеп ою

ІІ,топ «Шеберлер» тобы қағазды екі бүктеп ою

ІІІ. Топ «Ісмерлер» тобы қағазды үш бүктеп ою

Сабақты қорыту

Сематикалық карта

Ою аттары

Ай, күн, жұлдыздар көк әлеміне байланысты

Малдың дене мүшелеріне байланысты

Аңға байланысты

Жәндіктерге байланысты

Жер, су, өсімдіктерге байланысты

Қару құралдарға байланысты

Геометриялық фигура тектес

1

Табан








2

Тырна








3

Ирек








4

Жұлдыз








5

өркеш








6

Итқұйрық








7

Құсмойын








8

өткізбе








9

Балдақ








10

Тарақ








Рефлексия

  1. Сабақ ұнады ма?

  2. Қандай сұрақтарың бар?

  3. Сабаққа қатысты пікірлерің?






Сабақтың тақырыбы: Киіз үй туралы мәлімет беру, макетін жасау

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ұлттық мұралармен таныстыру.

Киіз үй туралы мәлімет беру. Оқушылардың ой өрісін, шеберлік қабілеттерін арттыру. Ұлжандылыққа, мәдениеттілікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топпен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: фанер, ара, макет үлгісі, қатты қағаз, сызғыш, қайшы

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру бөлімі

Үйге берілген тапсырманы тексеру

Жаңа сабақ

Түндік- шаңырақты жабатын киіз.

Сықырлауық- киіз үйдің ағаштан жасалған есігін айтады.

Желі - Керегені құрайтын ағаш

Сәмбі- киіз үйді сәмбі ағаштан жасайды

Кереге- киіз үйдің негізін құрайтын кереге

Жұмысты бастамас бұрын қауіпсіздік ережесін сұрау.

Оқушыларға қазақ халқының тұрмыс тіршілігі жайында мағлұмат беру. Киіз үй құрылысы мен қолданылуын түсіндіре отырып ұқыптылыққа, талғампаздыққа баулу.

Қазақ халық ертеде мал шаруашылығына байланысты көшіп-қонып өмір сүрген. Егін егіп, тұрғылықты өмір сүрмеген. Мал бабына байланысты қыста қыстауда, жазда жайлауға көшіп отырған. Осы жағдайларға байланысты көшіп-қонуға лайықты, ыңғайлы киіз үйде қоныстанған. Киіз үй жинап алып, екінші жерге апарып орналастыруға жеңіл, әрі жылы, ыңғайлы киіз үйдің ішіне текемет, үстіне сырмақтар төселеді. Мысалы қара үй (үш қанат), қоңыр үй – төрт қанат, боз үй – бес қанат, ақ үй – алты қанат, ақ ала орда – сегіз қанат, ақ орда - он екі қанат, ақ шаңқан – он сегіз қанат, алтын үздік – 24 қанат, алтын орда – 30 қанат деп аталатын түрлері бар. Киіз үйдің іші 4 бөлмеге бөлінеді.

  1. Төр мұнда жүк жиналады, қонақтар орналасады. Бұл үйдің жоғары әрі қымбатты орны деп саналады.

  2. Сол жақ (кірген оң жақ) үй ішінің отыратын және жататын орны. Босаға жақта азық-түлік, ыдыс-аяқтар тұрады. Оны шимен жауып қояды.

  3. Оң жақта (кіргенде сол жақта) балалары орналасады. Босаға жаққа қарай ер тұрмандар, киімдер ілінеді.

  4. От орны – қасиетті орын саналады. Мұнда от жағылады, қазан асылады.

Сырмақтар түскиіз сияқты жұқа, әрі тығыз етіп басылып, екі түрлі киізбен екі қабатталып басылады. Қазір киізден басудың мүмкіншілігі болмағандықтан, мата түрінде дайындалады.

Практикалық жұмыс

Екі оқушыдан бірігіп киіз үй макетін жасау.

Қорытынды

Кері байланыс «Стикердегі сауал» әдісі арқылы сабақты қорытындылау

  1. Киіз дегеніміз не?

  2. Оның құрылысын ата

  3. Киіз үй бөліктері қандай?

  4. Киіз үй жихаздары қандай?

  5. Түндік деген не?

  6. Шаңырақ деген не?

  7. Киіз үй бөлмелерін ата

  8. Киіз үй бөлмелернің ерекшелігі неде?

  9. киіз үй түрлерін ата

  10. Сәмбі деген не?

Үйге тапсырма

Киіз үй макетін аяқтау

Бағалау
































Сабақтың тақырыбы: Ағаш бетіне көркемдеп күйдіру арқылы әр түрлі сурет бейнесін бейнелеу

Сабақтың мақсаты: Ағашты көркемдеп күйдіру әдістерн, ағаштардың түрлерін, қасиеттерін еске түсіру, ағаштан жасалған бұймдарды жасау әдіс-тәсілдерін үйрету, меңгерту, жасалатын бұйымның эскизін, нұсқау карта бойынша жұмыс жасауға қалыптастыру өз беттерінше жұмыс жасауға үйрету. Ойлау, шығармашылық қасиетін, қол өнерді дамыту, сабақтағы теориялық білімдерін практикалық іс-әрекеттерге ұштастырып, оны іс жүзінде пайдалануға үйрету. Ағашты көркемдеп күйдіру, жасалу әдістерін үйретуге, шеберлікке, оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыта отырып, адамгершілік негіздеріне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, сызу, геометрия, химия

Сабақтың түрі: теориялық және практикалық

Сабақтың көрнекілігі: фанерге салынған суреттер, слайдтар, бұйым түрлері, технологиялық нұсқау картасы

Құрал-саймандар:күйдіру құрылғысы, қолара, фанер, қалам, көшірме қарақағаз, сызғыш, құмқағаз, лак, қылқалам.

Сабақтың барысы

І.Ұйымдастыру бөлімі

ІІ.Жаңа сабақ

Ағаш беттерін күйдіріп өңдеу туралы қысқаша мағлұмат берейік. Ағаш беттерін күйдіріп өңдеу өнерін «Пирография» деп атайды. Алғашқы уақыттарда ағашты күйдіру апараты болмаған. Ағашты күйдіру үшін темірді, инені отқа қыздырып қолданған. Бұл көп уақытты талап етеді. Уақыт өте өнертапқыштар тұрақты ток күшімен күйдіретін аппарат ойлап тауып, «Пирография» өнерін одан әрі қарай дамытты. Бұл аппаратпен ағашты ғана емес, сонымен қатар тері, сүйек, картон беттеріне күйдіріп сурет салуға болады. Қазіргі уақытта «Пирография» өнері ұмытылып барады. Осы өнерді жаңғырту үшін сабақта ағаш бетін күйдіру арқылы әр түрлі суреттерді бейнелейміз.

Жұмыстарды жасау кезінде сақтайтын техникалық қауіпсіздіктері:

  1. Үстіміде жұмыс киімі болу керек.

  2. Ара өткір болу керек

  3. жұмыс барысында қолға қолғап кию керек

  4. Лактау кезінде бөлменің терезесін ашып, желдетіп отыру керек

  5. Жұмыс соңында қолды сабынмен жуып, тазалау керек.

Практикалық жұмыс

Бүгінгі сабақта біз ағаш бетіне ертегі кейіпкерлерін, құстар мен жануарлардың суретін бейнелеп, оны күйдіру әдісімен саламыз. Фанерді өлшем бойынша кесіп аламыз. Бізге керекті құрал жабдықтар.

  1. Қолара, қалам, сызғыш, №0 құмқағаз

  2. фанер өлшемі 300х400х0,5 мм

  3. А4 фарматты әр түрлі ертегі кейіпкерлері, құстар, жануарлар суреттері

  4. Көшірме қара қағаз

  5. Күйдіру құрылғысы

Кесіп алынған фанерді №0 құмқағазбен тазалаймыз. Тазаланған фанердің бетіне көшірме қарақағазды қойып үстіне А4 форматта орныдаған суретімізді қоямыз. Үстінен үшкір қаламмен басып шығамыз. Дайын болған суреттің үстінен күйдіру аппаратымен күйдіреміз. Күйдіргенде сурет салу заңдылықтарын ескереміз, блик ( ең жарық жері) жарық, көлеңке және анатомиялық келбеті. Күйдіріліп болған суретті әрлеу жұмыстарын жүргіземіз. Ол үшін түссіз лак, қылқалам керек. Қылқаламмен лакты жағып шығамыз. Лакталған жұмысымыз 12 сағат кебу керек. Дайын болған жұмысымыз әдемі болу үшін жиектеріне рамка жабыстырамыз.

Сабақты қорытындылау

Ағашты күйдіріп бейнелеу арқылы көптеген туындылар шығаруға болады. Оқушылардан сабақ барысында алған әсерлерін, пікірлерін тыңдау.

Бағалау

Сабақ соңында барлық оқушылардың жұмыстарын қатар қойып, оқушылар бір-бірінің жұмыстарына баға береді. Жақсы орындағалған жұмыстарды атап өту.

Үйге тапсырма

Интернеттен, кітап журналдарлан құстардың аңдардың әр түрлі суреттерән іздеп қарастыру.



























Дидактикалық материалдар





























Қорытынды

Бүгінгі күннің талабы – оқушының бәскеге қабілетті болуы. Жас ұрпақты әлеуметтік белсенділікке, өндіріс пен қоғамның арасындағы байланысын түсінуі сонымен қатар қоршаған ортаға технологияның әсерін білу, технологиялық сауаттылығын қалыптастыра отырып, жауапкершілікке, тиянақтылыққа, қоғамның арасыындағы байланысын түсінуі, сонымен қатар қоршаған ортаға технологияның әсерін білуге тәрбиелеу курсты жүргізу барысында жүзеге асады. Өскелең ұрпақтың шығармашылық қабілеттерін дамыту және оларды жауапкершілікке, тиянақтылыққа, ептілікке тәрбиелеу, тәуелсіз мемлекетіміздің жан-жақты дарынды, білімді жеке тұлғасын қалыптастыру – еліміздегі әрбір мұғалімнің басты міндеті.

Қазіргі мектеп оқушыларын еңбек тәрбиесіне баулу арқылы өз ұлтымыздың ұлттық қолөнеріне үйрету – оқу-тәрбие үрдісінің өзекті мәселелерінің бірі.

Оқушыларды өнерге баулу, өз елін, жерін, халқын сүю, салт-дәстүрін бағалай білуге үйретеді. Қолөнерді жасап байыту арқылы адамның жан дүниесі, ақыл-ойы, ой-қиялы, іскерлігі, шеберлігі, тапқырлығы, талаптылығы, ұқыптылығы, байқағыштығы артып, дамып отырады. Сондықтан ғасыр бойы тарих жолымен дамып, оның ұлттық қадір қасиеттерін жоймай, бойына сіңіріп келе жатқан қзақтың ұлттық өнері күнделікті өмірімізде кеңінен қолданылып келеді. Қазақтың әрбір ұлттық өнері өзінің сипатымен ғана емес, сұлулық сырымен, сәнімен ерекше көзге түсіп, өз мағынасын жоймай, сан ғасырлық тарихтың үлгісін сақтап келеді. Қазақ халқы өзінің ұлттық өнерін эстетикалық талғамның көрсеткіші ретінде бағалап, ауыз әдебиеті үлгілерінде де әсемдікке баулу, сұлулығын сүйсіне білуге тәрбиелеу мақсатында айшықты өрнегімен суреттеп отырған. Халық педагогикасы – тәрбие жөніндегі халықтың ой тәжірибесі жиынтығы. Бала санасына аса бай халықтық өнер бірте-бірте сіңеді. Халық сол арқылы ұрпағымыз өнегелі, өнерлі, еңбек сүйгіш болып, сұлулықты қадірлеп, бағалай білуге ұмтылдыру мақсатында аз еңбек еткен жоқ. Ұлттық өнер көптеген ғасыр бойы өзінің спецификалық бейнесі мен халықтық танымын қалыптастырып отырады.

Бүгінгі таңда, халық шеберлігі мен ұсталар тың ойларды туғызып, оны жаңа мазмұнымен байыта отырып, халықтық өрнектеу өнерін жетілдіру мен дамытуды жалғастырып келеді. Қазақ халқында «Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деген сөз бекер айтылмаған.

Ата-бабаларымыз өз ұрпағын еңбек сүйгіш етіп тәрбиелеуді мақсат тұтқан.

Халық бұрын ғылым мен білімге қолы жетпесе де, сұлулық пен әсемдікті таңдап та, талғап та, білеген халық. Өз тұрмысы мен мәдениетінде қолөнерін мұрат тұтып жетілдіре білген. Қолөнер шеберлері шеберліктің кейбір сан-саналы асқақ шеберліктерін ұқыптылықпен ескере отырып, қастерлей отырып, қастерлей отырып, меңгеріп, біздің дәуірімізге ұштастыра білген.

Халықтың сонау арғы кезеңдегі мәдени өміріне ой жүгіртіп көрсек, ерте замандарын он саусағынан өнер тамған ісмер шеберлердің өнерлері шежіре болып төгіледі. Ал қазіргі кездегі жасөспірімдерді халқымыздың ұлттық мәдениетіне тәрбиелеу және жеке тұлға ретінде қалыптастыруға бағыттау – қазіргі білім беретін мектептердің міндеті. Осындай жауапты міндеттерді щешуде өз елін сүйе білетін, ата-бабасының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін бойына сіңірген ұрпақты тәрбиелеуде ұлттық өнерді насихаттау да мектептегі өтілетін қолданбалы курстардың маңызы зор болып саналады.

Курста топтық, жұптық, жеке жұмыс жасау әдістерін жүйелі қолдану арқылы оқушылардың ұжымдық еңбек дағдыларын қалыптастырудың маңызы өте зор. Ұжамдық еңбекте балалардың қабілеті, дағдыларын толық ашыла бастайды, ұжымжық өмірде тәртіп және мінез-құлық әдеттері дағдылары қалыптасады. Еңбекте достық, жолдастық, өзара көмек және жауапкершілік нығаяды.




































Пайдаланылған әдебиеттер

1.Байжігітов Б. Қазақтың қолөнері тарихы: сәндік- қолданбалы өненр және халықтық кәсіпшілік. Алматы 2012ж

2.Арғынбаев Х Қазақ халқының қолөнері Алматы 1987 ж

3. Ою –өрнек ой айтар Алматы 1996 ж

4. Тәжімұратов Д Шебердің қолы ортақ Алматы 1997 ж

5. «Мектептегі технология» 2008-2017 жылдар №1.8.10.4,2 т.б

6. Кенжеахметұлы С Қазақ халқының салт дәстүрлері. Алматыкітап 2006 ж

7. Қазақ дәстүрі мәдениетінің анықтамалығы Алматы 2001 ж


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!