Материалдар / Қазақтың ырым тыйым сөздері
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Қазақтың ырым тыйым сөздері

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушының бұл тақырыпты зерттегендегі мақсаты ұмытылып бара жаткан ырым мен тыйым сөздерді бейімдеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Тамыз 2018
873
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Науырзым ауданы білім бөлімінің
Раздольный орта меактебі ММ




Ғылыми жоба

Тақырыбы: Қазақтың ырым- тыйым сөздері
Орындаған: ЕркеноваАягөз
Жетекшісі: Досмагамбетова АйнагульҰстанымы :
Ата – салтымыздың асыл мұра, алтын қазынасын жас ұрпаққа базарлық етейік.

2015-2016 оқу жылы



Жоспар


I.Кіріспе

1.1 Қазақ ырым - тыйым сөздері.


II. Негізгі бөлім

2.1 Тыйым сөздер мен ырымдардың жалпы мағынасы.

2.2 Тыйым сөздер мен ырымдардың жүйеленуі

2.3 Қазақ ырымдары мен тыйым сөздерінің тәрбиелік мәні.
а) Жер жаңғақ
ә) Ала жіпті аттама
б) Тоғыс есебі


III. Қорытынды.










Зерттеу жұмысының мақсаты:
Біздің мақсатымыз ұлттық тәлім – тәрбие мәселесіндегі ырым – тыйым сөздерінің алар орнын ашып қөрсету. Олар:
Тақырыптық ғылыми негізділігін арттыру
Дана халқымыздың ұлттық тәрбиесінің бірі – ырым, тыйым сөздерімен таныстыру.
Мағынасын түсіндіру.
Нақыл, ырым, тыйым сөздер арқылы оқушыларды тәрбиелеу және оларды шешендік өнерге бейімдеу.
Дұрыс қолдана білуге үйрету.
Оқушыларды имандылыққа , мейірімділікке, парасаттылыққа тәрбиелеу.
Балалар өсиетін өмірде жүзеге асыру.
Зерттеу жұмысының практикалық маңызы:
1. Ырым – тыйы сөздерді бала тәрбиесінде қалыптастыру.
2. Күнделікті өмірде жиі қолдану.
3. Ырым – тыйым сөздерін мектепте өткізілетін іс- шараларының күн тәртібіне енгізу.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы:
Қазақ халқының ырым – тыйым сөздеріне зерделі шолу жасады; ала – жіпті аттамау, кіндік кесу, тоғыз есеп, жер жаңғақа қатысты ырым – тыйым сөздері енгізілді.
Жобады қатысты ырым, тыйым сөздері жинақталды.
Қарапайым түрде ырым, тыйым сөздеріне арналған кесте түзілді жүйеленді.
4. Бала тәрбиесінде ырым-тыйым сөздерінің маңызы зор екендігі көрсетілді.





Кіріспе

Кай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрағат – міндеттердің ең бастысы - өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу.
Бала тәрбиесіне , терең мән беріп оның сәтті қағидалары мен ережелерін жасағандардың бірі – қазақ халқы. Оның тәрбие – тәсілімдері мен тәжірибелері өте көп Қазақ халқы - әдет, әдеп – ғұрыпына өте бай ел. Бұл – оның мәдениетті әрі тәрбиелі ел екендігінің айғағы.Белгілі қоғам қайраткері, заңгер М.Шайкенов: Ұлт дәстүрі – заңнан биік, - деген. Біздің халқымыз өз ұрпақтарына ғасырдын ғасырға ұлт қасиетін салт – дәстүрін, өнегені әдеп – ғұрыппен, үлгіні жөн – жосықпен , әдепті ырым, тыйыммен тәрбиелеп, ұлағатты ұл, инабатты қыз өсірген. Отаншылдық, ерлік, мәрттік, жомарттық, қайрымдылық , жоғары адамгершілік қасиеттер осы жол арқылы дарыған.
Халқымыздың өзіне тән салт – дәстүрлерінің өмірдегі қолданылмалы көріністеріне айналған ырым мен тыйым сөздердің алатын орны ерекше. Ырым мен тыйым сөздерді ұлтымыздың қоршаған ортаға, табиғатқа және адамдардың ара – қатынасына берген философиялық тұжрымы, түйіндеген қағидалары.
Осынау асыл мұраларымыз біршама уақыт ескілік сарқыншағы саналып, елеусіз қалып келді. Сондықтан да тәрбие қөзі ретінде пайдалану үшін бұларды ең алдымен бір жүйеге жіктеп келтіру қажет.
Орыс жазушысы Н.Г.Чернышевский : Ұлттың ең бастысы капиталы – халықтың адамгершілік қасиеті - деген. Яғни , тәрбие мен педагогикалық үрдістің негізі міндеттерінің бірі – жас ұрпақтың бойында


Қазақ халқына тән тәрбие құралдарының бірі:
Ырым - Халқымыздың тәлім, тәрбиелік қызметі бар салт, дәстүрлерінің ішіндегі қызық әрі ойланарлық ғұрыптарының бірі. Ырымның ұлттық салт – дәстүрлермен, әдет – ғұрыптарды қалыптастырудағы орны зор.Жас ұрпақтың өзін өзі ұстау, тіл әдебімен адамдар арасында қатынас түзе білуінде ерекше орынға ие. Ырым – тәрбиелік мәні бар сенім – наным, жосын жоралғылар көп.
Ырым- ешқандай ерсілігі , оғаштығы жоқ ұлттық тәрбиенің құрамдас бөлігі. Ырым сөздер – белгілі бір наным салдарынан адамдардың санасында қалыптасып қалған алда болуы мүмкін ,істерге психологиялық – эмоциялық сезім күйлерін, иланымдарын білдіретін сөздер.
Тыйым - Халықтың тәлім – тәрбие, үлгі- өнеге, ақыл – кеңес берудегі тәрбие құралдарының бірі. Бұл балаларды жаман әдет, жат пиғыл, ерсі қимыл, әдепсіз істерден сақтандыруда маңызды қызмет атқарады. Ұлға отыз үйден тыю, қызға қырық үйден тыю - деген мақал осыған байланысты шыққан.
Тыйым – жаман істеуден жиреніп, жақсылыққа елінтеу, бейімдеу мақсатында шыққан халықтық педагогикалық ұғым. Тыйым сөздер – белгілі бір іс- әрекеттерді тыю мақсатында ырымдармен байланысты айтылатын сөздер.Тыйым үлгілері мен сөздері ел ішінде өте көп.





































Адам – халықтың тарихи дамуының барысында қарын – қатынас пен қоғамдық қатынасқа түсе отырып, ырым тыйым сөздері арқылы рухани мәдениет пен этиканы қалыптастырды.Адамдарға қатысты ырым – тыйым сөздер:
Кісіге қарап есінеме
Есеп бер әр ісіңе,білу керек түсіне.
Есінеме, қарағым, аузыңды ашып кісіге.
Ондай – ондай баланы, ақыл – есі шамалы-
Ұртын не тілін тістеп алған адамның үйіне ашыққан кісі келеді.
Адамның оң көзі тартса – қуанады, сол қөзі тартса – ренжиді.
Адамның алақаны қышыса – ақша ұстайды, табаны қышыса – жол жүреді.
Адамның иегі қышса , бір жерден дәм татады.
Адам түшкірсе әлһәмдулә дейды.
Мойын құянның салдарынан қарысып қалғанда, кербез кісінің сыртынан сәлем жасаса, жазылады.
Қолынан іс келмейтін адам бір шаруа жасаса, жерден шөп алып сындырады.
Тамақ ішіп отырған адамның ыдысына шыбын, көбелек т.б. жәндік түсіп кетсе , оның несібесі көп болады.
Адам құлағы шуылдағанда жанындағы кісі дәл тапса, оны біреудің мақтағаны, ал таба алмаса, жамандағаны болып шығады.
Мақтап жүретін адам тамақ үстіне келеді, ал жамандап жүретін адам дастарқан жиналғанда келеді деп санайды.
Көзге теріскен шықса, саусақ арасынан қол шығарады.
Ойынға ашуланған адамның басы таз болады.
Адамға немесе малға біреу сұқтанып қараса, көз тиеді деп түкіртеді.
Жиенін ұрған адамның қолы қалтырайды деп саналады.
Қазақ басымыз көбеймей қалады деп адам санамайды.


Сәби, бала – Қазақ халқы ұрпақ қамын ойлайтын, бала өсіріп тәрбиелеуге аса назар бөлетін ұлт. Балалы болуды қалайтын халық. Баласыз болуды үлкен кемістік, кемшілік деп көреді. Қазақ халықта Балалы үй базар, баласыз үй қу мазар деп атайды. Қазақ бала туралы Балаңды бес жасқа дейін хандай көр, он бес жасқа дейін жүмса, он бестен ары онымен досыңдай ақылдас дейді.Баланы дұрыс тәрбиелеу үлкен ұлағатты іс болмақ. Қазақ халқында балаға қатысты ырым сөздер көп. Олардың бала тәрбиесіне, оның өсіп - өнуіне зор ықпал бар деп көріледі.
Бос бесікті шайқама
Құран сөзін қайтала, білмесе жұрт айта ма?
Әлі бала жатпаған, бос бесікті шайқама.
Ғибрат сөз ұққанға, үйге кіріп, шыққанда.
Өліп - өшіп таңданып, нәрестеге сұқтанб


Қыз – келіншек – Қай ата – ананны алсақ та, қызының ертең барған жерінде балдай татып, судай сіңіп кетуіне, жақсы жар, әдепті келін, аяулы ана болуын армандайды.Қасиетті ана қызының тәрбиелі жан болып өсуі үшін жасынан ақ шашты қарияның алдынан аттатпай өсіреді.

Ауыр сөз айтпа
Егескенді ер деме, есіктен кіріп төр деме.
Қайтып көрер досыңды, қатты сөзбен жерлеме.
Досың қалар мұңайып, кәне , кіріп шығайық.
Қайта ашатын есікті , қатты жаппау лайық.

Қыздың басына ақ, қара орамал тартпайды. Ақ- жаулықтың, қара – қайғының белгісі.
Әйелге бүйірін таянып тұруға болмайды, өйткені күйуеуін жоқтаған әйелдер ғана солай істейді.
Әйелге түнде суға баруға болмайды, өткені қорқып, шошыма ауруына ұшырауы мүмкін.
деп сұрайды. Әйел тарақ жүзіндегі шашты жинап, аяқ баспайтын жерге қоюы керек.
Әйелге шашын жайып жүруіне болмайды. Өйткені қаралы әйел ғана шашын жайып жіберетін болған.

Жол – Қазақтың кең – байтақ жерінде жолға шығу , жол жүру аса көп дайындықты қажет еткен. Себебі тұрғын елді мекендердің, батыспен шығыстың, оңтүстік пен солтүстік аймақтарының алып жатқан аумағы ұланғайыр. Алыс жолға аттану, діттеген жеріне аман – есен жету үшін халық бүкіл жан дүниесімен беріліп, тілеу тілеген. Ұзақ жол жүру, оңай шаруа емес. Табиғаттың дүлей апатынан сақта, жақсы жол бере гөр, өзімнің, көлігімнің денсаулығын бере гөр – деп жаратқанға жзалынған.
Басып кетпе кір суын, тигізер ол қырсығын.
Жарылады табаның, сырқырайды ұршығың.
Таза жерде он аунап, ойнасаң да алаулап.
Лас, кірден, қоқыстан, айналайын бол аулақ!
Жол үстінде көлік доғармайды, жол үстіне қонбайды, дәретке отырмайды.
Сейсенбі күні алыс жолға шықпайдын Сәрсенбі күні жолға шыққан жолаушының жолы болады.
Жолда кездескен адамнан кайда барасың ? деп сұрамайды, жол оң болсын деу керек.
Жүкпен жолға шыққанда, үйден тұз алмайды.
Жүрер жолдың уақытын кесіп айтуға болмайды.Ол құдайға астамшылық, күпірлік болады. Жол жүретін ада Алла жазса,

Үй тұрмысы- Ұлттық ұғымда үй тұрмысы және оның әрбір құрамдас бөлшегі қасиетті деп саналады.Соған орай ата – бабаларымыз әрбір затқа лайық ұлықтау, теңеу сияқты қанатты сөздер шығарған. Әркім өз үйін алтын босағам деп дәріптейді.
Үйді айналма
Үйді айналып жүгірме, бас айналар түбінде.
Жұрт тынышта – ел аман, срінерсің түбірге.
Халық берер бағасын,сен әзірге баласың.
Үйді айналсаң, өскенде үйкүшік боп қаласың.
Жаңа үйге көшіп келген отбасына қонақ жайлы болсын! дейді.
Егер үйге байғыз қонып , бақыратын болса, бұл үйдің иесі үлкен бақытсыздыққа ұшырайды. Егер, керісінше, қарға қарқылдаса, онда бақытты болады.
Үйге кіріп кележатқан адам сүрініп кетіп кұласа, үй иесі кенеттен малмүлікке ие болады, дәулет артады.
Үйге жүгіріп кірмейді.

Ас – тағам – Қазақ халқы үшін дастарқаннан үлкен , дәмнен үлкен нәрсе жоқ. Ас – адамның арқауы, Жаман ауруға – жақсы ас, ас қадірін білмеген аштан өледі. Қазақтың ұлттық дастарқанында ертеде пайдаланылған ырым сөздері көп.
Нан қоқымын шашпаңдар
Жерде жатса баспандар
Теріп алып қастерлеп
Торғайларға тастаңдар
Нанды шашуға, жерге тастауға , басуға, рәсуа етуге болмайды. Нан – дәм басы, онсыз өмір жоқ.Датарханға алдымен нан қойылады. Жерде жатқан нан болса , алып, адам баспайтын жерге қою керек.

Ыдыс-аяқ – Қазақ халқында ыдыс – аяқ, қап жабдықтарға қатысты салт – дәстүр, әдет – ғұрап, сенім – наным, ырымдар көп. Қазақ халқы ыдыс – аяқты ас ішетін жабдық – бұйымдар деп қастерлеп, құрметтейді.
Пышақ шалқасынан жатпасын
Шаңырақты – отбасын, алла аман сақтасын.
Пышақ жүзі жоғары, шалқасынан жатпасын.
Қасапшының қолында, көрінсін де соғымға...
Қағидасын халықтың, қалт жібермей орында.
Ыдысқа ашық қалған тағамды жаратуға болмайды. Халық ұғымында ашық қалған тағамды жын – шайтан жалап кетеді деп санайды.
Су құйылған немесе тағам салынған ыдыстың бетін ашық қалдыруға болмайды.
Ыдыстың беті ашық қалса, улы жәндіктер түсіп кетіп, суды немесе тағамды бүлдірелі.
Егер көршілер тамақ әкелсе, ыдысын бос қайтармайды. Бос қайтару көргенсіздік болып саналады.
Бие сауатын көнекті төңкермейді және түбін таяқпен немесе қолмен ұруға болмайды. Ырыс – несібе кетед

Киім – кешек – Қазақ халқы адамның денесіне, бас, аяғына киетін киім – кешекті қастерлеп, құрметтейді. Оған байланысты салт – дәстүр, сенім – наным, ырым көп. Қазақ киім – кешекті мұқият таза сақтап, киіп қажетке жаратады.
Теріс киме
Теріс киме бөркіңді, бұзып кетер көркіңді.
Ырым, сенім талайды, тәубесіне келтірді.
Теріс кисе не етеді ? Оған дәлел жетеді.
Алға басқан аяғың , кейін қарай кетеді.
Киімді оң қолдан бастап киіп, сол қолдан бастап шешеді. Оң қолдан бастап киім кию жақсы ырым саналады.
Киімді желбегей жамылмайды, өйткені екі қолы жоқ адам ғана киімді желбегей жамылып жүреді.
Тозбаған киімді тастауға болмайды. Қазақ халқында тозбаған киімді тастау – жаман ырым. Егер оны адам кигісі келмесе, біреуге сыйлау керек.
Денсаулық – Қазақ халқы Денсаулық – зор байлық - деп тегін айтпаған Дені саудың – жаны сау- демекші адамның дұрыс өмір сүруі үшін жұмыс жасауы мен , ұрпаққа тәлім – тәрбие беру үшін , алдымен оның денсаулығы мықты болуы керек. Дені сау ата – анадан, дені сау ұрпақ тарайды.Дені сау адамның тіршілікте алдына қойған мақсатына жетуіне, жемісті еңбек етуіне, қоғамға пайдасын тигізуіне мол мүмкіншілігі бар. Әсіресе,қазіргі таңда ұрпақ денсаулығының алаңдататын тұстары көп, сондықтан, тәрбие мәселесінде ырым – тыйым сөздерді қолданудың мәні зор – деп есептеймін.
Дұшпаныңа жарылма, достарыңа тарылма.
Мүгедекті мұқатпа, денсаулығың барында.
Тіл тигізбе анаңа, қамшы үйірме балаңа.
Атыңа ауыр жүк артпа, қап қоярсың далада.
Күйікке шалынған адамы бар үй сирақ үйітп пейді, өйткені күйік ішке түсіп кетеді дейді.
Кешке ауру адамның көңілін сұрамайды: ауруы қатты шаншиды. Көпіртіп кір жумайды: жарасы жазылмай, көпіршіктене береді.
Судан шошынған адамды қырық үйдің қырық қазанының құлағын тістесе, жазылады дейді.
Ауруы асқынған адамды қара қойдың өкпесімен қағады.
Ескі жұртты, қабірді басқан адамдардың аяғы сырқырайды.Аурудың көзінше өлім, мола, қаза деген сөзді айтпайды.



Табиғат – Біздің ата – бабаларымыз өздері тұрған өлкенің табиғи ерекшелігі мен табиғат тылсыман бақылай отырып , оларды өз өмірлерімен байланыстырып отырды. Олар уақытты айқындап, әр күннің, әр жылдың ерекшеліктерін терең білді. Жан – жануарлардың іс - әрекеттеріне, айға, жұлдыздарға қарап ауа райын болжады. Осылай көптеген ырымдар пайда болды.
Отпен ойнама тыйым
Салып шектеге , ырымдар бар көптеген.
Соның бірі- ойнамау, жанып жатқан отпене ,
Тамыздықты кеппеген, үрлеп жандыр еппенен.
Өміріңді өшірмес, киелі ғой от деген.
Отты шашуға, аттауға және басуға болмайды. Отты шашса, аттаса немесе басса, отбасының берекесі кетеді.
Отқа түкірмейді.Қазақ халқында от қасиетті нәрсе болып саналады.
Отты су құйып өшірмейді, өйткені оны қайта тұтату қиын болады.
Түнде үйден күл шығармайды.Себебі күл төгілген жерді басуға тура келеді.
Күл төгілген жерді басуға болмайды. Барлық жаманшылық күлмен кетеді, оны басу сол жаманшылықты үйіңе әкелгенмен бірдей.
Жұлдызды қолмен көрсетсе , қолға сүйел шығады деген ырым бар.
Күннің күркірегенін алғаш естіген адам бір темірді алып , ауырған жеріне тигізсе, ауру жазылады немесе арқасын қабырғаға үйкесе, ауру – сырқау жоламайды.
Найзағай ойнап, жауын жауғаннан кейін жаңбыр суына жалаң аяқ жүрсе, адам ауырмайды немесе ауруынан айығады.
Жаңа ай туғанда түскен келіншек баланы көп туады.
Екі жас үйленген түні жұлдыз көп болса, олардың ұрпақтары да көп болады.
Күн алғаш күркірегенде тілеген тілек қабыл болады.
Өреден жас құрт алып жесе, жаңбыр жауады.
Төрт түлік – Қазақ – ежелден мал шаруашылығымен айналысқан халық. Ғасырлар бойы қалыптасқан бай тәжірибесі бар олар мал өрісін әбден танып білген.Мал өсіруге аса қолайлы Қазақстан жерін малсыз елестету мүмкін емес. Мал шаруашылығы еліміз үшін аса маңызды шаруашылық болып қала бермек. Жастарымыз қасиетті төрт түлікке қатысты ұлтымыздың ұғымдарымен бай тәжірибесін ұмытпауға тиіс.
Малды теппе құлындайды биесі,
Тәубе қылар үй иесі, малдың бар ғой киесі.
Пенделердің сөккенін, мал жібермес теп – тегін.
Айуанды тепкенің- ырысыңды төккенің.

Мал айдап бара жатқан адам кездекен айдар көбейсін ! дейді, ал малшыға бағар көбейсін! деген ырмдаған.
Жас ботаны бірден көзге түсірмейді. Оны бір ай шымылдықтың не ши қоршаудың ішінде ұстайды. Жас бота тұрған үйдің белдеуіне бөтен адамның атын байлатпайды. Егер бөтен адам ботаны көріп қалса , өған жалма – жан тіл – көзім тасқа дегізіп , ботаға түкіртеді немесе отқа тұз тастатады.
Мал иесі малдың сүттілігіне, немесе семіздігіне ризалығын білдіреді, әйтпесе көзі тиюі мүмкін.
Қазанда қайнап жатқан сүт төгілсе, малдың желініне жара шығады. Сүт отқа күйсе, малдың емшегінде сүт азаяды

Су, егіншілік – Су - өмір тірегі. Су бар жерде – ну бар. Бұлақты жер - құрақты жер, деген даналық сөздер бекер айтылмаса керек.Тіршіліктің өзі алғаш суда пайда болған десек, су барлық тірінің бастау қөзі. Су жағасында қоныстаған қазақ халқы біртіндеп егіншілікке үйренді.Қазіргі кезде бүкіл қазақ халқының көптеген алқаптары, Әсіресе, менің тұған жерім оңтүстік өңірінде егіншілік – мақта өсіру, көкөніс, дәмді- дақылдары, жеміс – жидектерді өсіру шаруашылықтары кең жолға қойылған. Сондықтан егіншіліктің басты көзі су болғандықтан, судың қадірін ,маңызын халық жақсы біледі. Суға байланысты, суды қастерлеп, қадірлейтін ырым – тыйым сөздері халық арасында көптеп кездеседі.

Құдыққа түкірме
Қойныңа тас тығып, өсек құма бас бұғып.
Жасаған жөн әрқашан, жақсылыққа – жақсылық.
Ақыл – есің бүтінде, бол ұнамды пікірде.
Суын ішкен құдыққа, қайтып келіп түкірме.

Егін егіп жатқан диқанға өтіп бара жатқан жүргінші: Бір дәнің мың дән берсін - деп амандасады.
Егер диқаннан біреу – міреу егістік үшін дән сұраса, ол сұраушыға мүмкіндігіне қарай береді.
Диқан өз қырманының астығын алып, пайдалануға кіріседі Диқан атаның атына бағыштап, Құраннан аят оқиды. Содан соң алғашқы өлшем қайыр – садақаға, аққұлаға бөлінеді. Бұл күндіз емес, міндетті түрде кешкісін оттың жарығымен жаласады.
Жаңа өсіп кележатқан көкті жұлмайды. Көктей солғыр деген қарғыс осындайдан шыққан.
Құдыққа түкірмейді, маңайын ластамайды, жанына дәретке отырмайды.
Жар басына , суға өте жақын жерге үй тікпейді.
Ағашты, өсімдікті сәрсенбі күні отырғызады.
Түнде су алуға бармайды. Егер бара қалса: Су иесі Сүлеймен, су алуға рұқсат бер , деп сүға үш рет кесек лақтырып барып алу керек.
Шелектегі суға ауыз батыруға болмайды.


Қорытынды

Халқың сүйген адам, салтын да сүюге тиіс. Әр халықтың өзінде, тарихында ұлт салт- дәстүрдің ортасы мен қызметінің орны өте жоғары. Оны ештеңемен теңеуге де айырбастауға да болмайды. Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу сатқындардың белгісі дейді батыр Бауыржан Момышұлы. Не істейсің қазір өз ұлтын силамайтын , салт-дәстүрден ада қазақтар өте көп.
Маскүнем еркек жартылай жалаңаш қыз – келіншек, жастар .
Жастарда патриоттық сезім аз . Басқа ұлттың тәрбиесіне, үлгісіне құмар. Болашақ ұрпақ өз елін, жұртын сүймесе, болашақта жоқ деген сөз. Сондықтан , жасөспірім балалардың бойында патриоттық сезім , елін , халқын сүйе білуге тәрбиелеуде, қазақ халқының әдет – ғұрыптары, салт – дәстүрлері,мақал – мәтелдері, тыйым сөздерінің мәні зор.
Халықтың сан ғасырлар бойы қалыптасқан рухани қазыналарын ұрпақ санасына жеткізуде, мектеп пен ата – аналардың қарым – қатынастары, ынтымақтастық , мектепте өткізілетін тәрбиелік мәні жоғары іс – шаралардың орны ерекше.

Пайдаланған әдебиеттер:

Қазақ менталитеті : кеше, бүгін, ертең - Алматы Ғылым 1999ж.
Қазақ халқының салт – дәстүрлері – Алматы Руан 1994 ж.
Дала өрнектері – Алматы Баллауса 1994ж.
Жеті қазына Сейт Кенжеахметұлы - Ана тілі ЖШС Алматы 2005ж.
Қазақ халқының туыс туғандық жүйесі, ұрпақ өсіру, тәрбиелеу дәстүрі – Алматы Өнер 2005ж.
Жыл – он екі ай №4 (15) Талғат Айтпайұлы – Алматы 2006 ж.
Жыл – он екі ай №6 (25) Талғат Айтпайұлы – Алматы 2008ж.








HYPER13PAGE HYPER15








Ырымдар

Табиғатқа тиісті


Адамға
тиісті

Жан-жануар

Сәби балаға

Су-егіншілік

Қыз-келіншекке

Жолға

Үй-тұрмысына

Ас-тағамға

Ыдыс-аяққа

Киім-кешекке

Денсаулық




















Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!