Материалдар / ҚАЗІРГІ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

ҚАЗІРГІ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі білім берудегі инновациялық технологиялардың тиімділігі туралы, соның ішінде орта кәсіптік білім беру саласында қазақ тілін оқытудың ерекшеліктері айтылады.
Авторы:
03 Сәуір 2024
152
2 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазіргі білім берудегі инновациялық технологиялардың тиімділігі


Сулейменова Айгуль Кадылбековна

«Электротехника колледжі» КМҚК, Семей, Қазақстан


Қазіргі заманғы ақпараттық және телекоммуникациялық технология саласындағы жетістіктер адамзат іс-әрекетінің әртүрлі саласында, соның ішінде білім беруде көбірек қолданыс табуда. Заманауи кәсіби оқытудың айрықша ерекшеліктері – оқу үрдісінде сандық технологияны белсенді пайдалануды қамтамасыз ететін ақпараттық ортаның болуы жүйедегі басымды элемент болып табылады.

Ақпараттық технология сабақты түрлендірудің, ерекшелендірудің, дараландырудың тәсілі ғана емес, сонымен қатар сабақты жаңаша ұйымдастырудың мүмкіндігі. Ақпараттық технологияның көмегімен жүргізілетін сабақтарда – студент өзін белсенді және еркін, оқытушымен тең дәрежеде ұстай алады. Қазақ тілі сабағында ақпараттық технологияны енгізу арқылы сабақтың белсенділігін арттыруға, дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға, сабақты шапшаң жүргізуге, студенттің өздік жұмысының көлемін көбейтуге болады.

Білім беру жүйесін ақпараттандыру ісі жаңа оқыту технологияларын дайындауды талап етеді. Бірінші кезекте оларға электрондық басылымдар: электрондық оқулықтар, мультимедиялық оқу құралдары мен әр түрлі құрылғыларға жазылған электрондық жазбалар (аудио-бейне) жатады.

Қазақ тілі сабақтарында, негізінен, сенсорлы экран арқылы мағлұматтарды берудің және білімді бағалаудың келесі түрлері қолданылады: бейнематериалдар, презентациялар, үйретуші бағдарламалар және электронды тесттер. Презентацияларда тақырыптың ең маңызды кезеңдері, электронды портреттер, кестелер көрсетілуі мүмкін.

Презентацияның басты ерекшелігі-тезистік және көрнекілік. Оқушылардың білімдерін өздігінен дамытуын олардың презентацияларынан бақылауға болды. Әрбір оқушы үшін бұл өздерінің қызығушылығын, алған дағдыларын көрсету мүмкіндігі. Оқушылар презентацияларында туған еліміз бен жеріміздің белгілі тұлғаларының өмірінен алынған мәліметтерді беріп қана қоймай, сонымен бірге олар туралы түсінік беріп, өз ойларын білдіруге тырысады.

Анықтама, иллюстрация, асссоциация-сұрақ жүйесімен құрастырылған сабақтар қызығушылықты арттырады. Power Point компьютерлік презентациялары арқылы өте тиімді слайдтар жасап, оқу үрдісінде пайдалануға болады. Презентацияларды оқушылардың ауызекі сөйлеуіне тірек және көрнекілік ретінде қолданылады. Бұл студенттердің сөйлеу дағдысын жетілдіруге көмектесіп, ғаламтордан алынған ақпараттар ой-өрістері мен білімдерін кеңейтеді. Презентациялардың көркемдігі мен әсерлігі жаңа тақырыпты көрнекі түрде бекітуге, анимациялық және дыбыстық әсерлер бағдарламалық тақырыптарды тезірек меңгеріп, есте сақтауға көмектеседі.

Заманауи әлемде студенттер түрлі ақпараттық технологиялармен қоршалған: интербелсенді тақта, компьютерлер, ноутбуктар, планшеттер, электронды кітаптар және смартфондар. Ақпараттық оқу құралдары пәнді оқытуда білім алушылардың қызығушылығын тудырады және уақытты үнемдейді.

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде жалпы білім беретін пәндердің оқытушылары да заман талабына сай «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті», «Кәсіптік қазақ тілі» пәндерін оқытуда сандық білім ресурстарының көптеген түрлерін қолданады. Қазіргі таңда білім саласында түбегейлі өзгерістер қалыптасып, ақпараттық технология дамып, электронды оқу құралдары құрастырылуда. Оқу орнымыздың «Есептеуіш техника және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)» мамандығы бойынша студенттерге кәсіптік қазақ тілін мамандықпен байланыстыра кәсіби деңгейде білім беруге арналған оқу құралы әзірленген.

Оқу құралы өзінің құрылымы мен мазмұны жағынан кәсіптік-техникалық оқу орындарының оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкестендіріліп, мамандыққа қатысты арнайы екінші тілді оқытудағы әлемдік білім кеңістігі тәжірибесіне бағдарландырылып, коммуникативтік-кәсіптік біліктілік қалыптастыруды көздейді.

«Есептеуіш техника және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)» мамандығында білім алатын студенттерге арналған оқу құралындағы материалдар мен тапсырмалар оқу-жұмыс бағдарламасы бойынша өтілетін лексикалық және грамматикалық тақырыптарға негізделе отырып құрастырылған. Әр тақырып студенттің қазақ тіліндегі сөздік қорын молайтып, олардың таным-түсінігін кеңейтеді. Мәтіннің мазмұны негізінде сұрақтар, тапсырмалар, аударма жұмыстары берілген. Оқулық оқытудың заманауи формаларына негізделіп, оқытуды интерактивтілік және мультимедиалық тұрғыдан қамтамасыз етуге арналған. Осындай әр мамандыққа қатысты электронды оқу құралдарын құрастыру жоспарланған.

Электрондық тест әдісі оқушылардың меңгерген материалын ескере отырып, біріншіден, өтілген тілдік материалды қайталау, қорыту, екіншіден, алған білімдерін практикада күнделікті өмірде қолдана білуі мақсатында жүргізіледі. Орыс топтарында білім алатын студенттерге қазақ тілі сабақтарында белгілі бір тақырыптардан кейін алған білімдерін бақылау негізінде электрондық тест тапсырмалары берілгені тиімді.

Қазақ тілін оқытуда қолданылатын бақылау, бағалау тапсырмаларын, аралық, қорытынды сынақтарды компьютерлік жолмен автоматтандыру кезінде тексеруге кететін уақыт мөлшерін бірнеше есеге үнемдеуге, бақылау мен тексеруде объективтілікке қол жеткізіледі. Компьютердің мультимедиалық ерекшелігі тест тапсырмаларын алуан түрлі етіп, сөйлесім әрекетінің барлық түрін қамти отырып, қатысым әрекетіне негіздей құруға мүмкіндік береді. Қазақ тілін ғаламтор арқылы оқыту жүйесінде қолданылып жүрген онлайн-тестілеу жүйесінің диагностикалық мақсаты – бақылау, тексеру, бағалау, статистикалық мәліметтерді талдау, қорытынды жасау арқылы тіл үйрету үдерісінің нәтижесін, тіл үйренушінің қатысымдық құзыреттілігінің деңгейін анықтау болып табылады, ол өз кезегінде кемшіліктер мен жетістіктердің себептерін айқындауға, тіл үйрету үдерісінің әрі қарай даму болжамдарын жасауға ықпал етеді.

Осылардың барлығы ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дәстүрлі әдістемеге қарағандағы артықшылықтарын пайдалану арқылы тіл үйренушінің білім сапасының артуына, қатысымдық құзыреттілігінің қалыптасуына ықпал етеді. Тілдік білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану тіл үйренушілерді әлемдік мәдени құндылықтарға, ақпараттық ресурстарға жақындатып алып келеді, шынайы мәдениаралық коммуникацияға жағдай жасайды. Бұл технологияның тіл үйретудегі мүмкіндіктері ғылыми-теориялық тұрғыдан жан-жақты дәлелденген, тек практикалық тұрғыдан жүзеге асыруға мамандардың дайындығы арта түсуі қажет. Алдағы уақытта жоғары талаптарға жауап беретін ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың түрлері арта беретіні сөзсіз. Сондықтан қазақ тілін оқыту-үйрету үдерісінде бұл технологияларды ұтымды қолдану үшін оқытушылардың өз кәсіби шеберліктерін, ақпараттық-технологиялық құзыреттіліктерін үнемі дамытып отыруы талап етіледі.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Букенова Ж. «Қазақ тілін компьютерлік технология арқылы меңгерту мәселелері» // Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде.-2011.№6.

2. Федотова Е.Л. Информационные технологии в профессиональной деятельности. – М., 2008.






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ