Материалдар / Қазіргі жастардың мәселелері

Қазіргі жастардың мәселелері

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі жастардың қоғамдағы жүріс тұрыс,әдеп туралы түсінік беру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Қазан 2018
1557
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗІРГІ ЖАСТАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ Психолог :Бекбердиева Т.Э Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың өсіп өркендеуі, қауіпсіздігі және әлауқатының артуы» атты халыққа Жолдауында: «Біз бүгінгі кезеңнің міндеттерін өзге қазіргі ұрпақтың келер ұрпақтар алдында орасан зор жауапкершілік жүгін арқалайтын , әкелер мен аналардың , аталар мен әжелердің өз балалары мен немерелері алдындағы жауапкершілігін күнделікті есте ұстауға тиіспіз» деп қазіргі отбасының әлеуметтік, мәдени, қоғамдық қызметі белсенділігінің маңызын жоғары бағалап, Республикамыздағы отбасылардың алдында қомақты міндеттер жүктеген.Отбасындағы осындай үлкен міндет жүктелудің басты себебі, оның бала тұлғасының дамуы мен қалыптасуында жетекші орын алатындығын ұғынумен байланысты. Отбасы әр баланың өмірінде ерекше орын алады. Қоғамның бүгінгі жағдайында болашақ тәрбиесін отбасынан бастап қолға алуға мемлекеттік типі, әлемдік тұрғыда көңіл бөлінуде. Оған 1989 жылы Бірккен Ұлттар Ұйымы қабылдаған, кейіннен 1995 жылы 5 шілдеде Қазақстанда қабылдаған «Баланың құқығы туралы Конвенция» дәлел бола алады. Онда «Бала толық және үйлесімді дамуы үшін, ол мейірім мен өзара түсіністігі бар. Қызығушылыққа көп көңіл бөлетін бақытты ахуалдық ортасы бар отбасында өсуі қажет. Жас ұрпақты тәрбиелеу жүйесі заман талабына сай қоғамдық өмірде болып жатқан ұлы өзгерістерге байланысты. Қазіргі заман жан-жақты үйлесімді жетілген жаңа адамды тәрбиелеуді талап етіп отыр. Қоғам талабы-заман талабы, өйткені, «әр адам-өз заманның баласы, сол себептен адамды заман билейді, заманына сай заңы туындайды. «Туа жаман жоқ, жүре жаман бар» «Заман түзелсе, қоғам түзеледі»,-деп халық педагогикасы тәрбиенің заманға, қоғамға, оның материалдық, рухани байлығына тәуелді екенін дөп басып жеткізген. Жас адамды есті, саналы сергек етіп тәрбиелеу отбасы мен қоғамдық тәрбие орындарының бірден-бір парызы. «Ес түзелмей, ел түзелмейді»,олай болса, егеменді еліміздің болашағы отбасында, бесіктен басталып, оқу-тәрбие орындарында есті ұрпақты тәрбиелеу ісімен шешілмек. Сондықтан да отбасы тәрбиесі және отбасының бала тәрбиесіндегі жауапкершілік мәселесі бүгінгі таңда педагогика ғылымындағы өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Қазіргі таңда отбасы тәрбиесі тек ата-ананың ғана емес бүкіл қоғамның ісі. Себебі қоғамның дамуы оның басына қандай ұрпақ келуіне тікелей байланысты. Осыған байланысты отбасы тәрбиесі мәселесіне басты көңіл бөлінуі қажет. Бұл жағдайда педагог отбасымен серіктестікке дайын болуы керек. Алайда тәжірибе көрсетіп отырғандай, педагог ата-аналармен жұмыс жүргізу барысында бірқатар қиындықтарға тап болып отыр.Педагогтар өздерінің педагогикалық қызметіндегі ең қиын жұмыстардың бірі ата-анамен жұмыс деп есептейді .Оқытушылар ата-аналармен әрекет етуіндегі негізгі қиыншылықтар ретінде біріншіден, отбасын зерттеу туралы қазіргі заманғы әдістерді білмейтіндегін, екіншіден, ата-аналармен ынтымақтасудың тиімді формаларын, үшіншіден, ата-аналардың психологиялық-педагогикалық білімдерін көтерудің әдіс-тәсілдерін білмейтіндігін алдыға тартады. Қазіргі педагогтардың тұлғаны қалыптастырудағы отбасының рөлі мен оның білім беру үрдісіндегі рөлін жете түсінбейтіндігін айта кеткен жөн. Сондықтан өмірдің өзі педагогикалық жоғары оқу орындарының алдына қазіргі заманғы қазақстандық отбасын зерттеу,Қазақстандағы ұлттық білім беру жүйесін модернизациялаудағы отбасының рөлі мен орнын анықтау, ата-аналардың педагоикалық мәдениетін көтеру, болашақ педагогтарды отбасымен жұмыс істеуге даярлау, олардың кәсіби құзыреттілігін көтеру жұмыстарын қолға алыну сияқты өзекті мәселелерді алға тартып отыр. Әрбір мемлекеттегі тәрбие жүйесінің дамуы мен қалыптасуы сол мемлекеттің тарихымен тығыз байланысты. Мемлекет дамыуының тарихи кезеңдері балаларды дамыту мен білім алуына деген анықталған көзқарастарының болуымен, білім беру үдерісін жүзеге асыру мүмкіндігінің болуымен, тәрбиелі және білімді қоғам қажеттілігімен және мемлекеттік білім беру жүйесінің жағдайымен сипатталады. Бала тәрбиесі отбасында басталуы қажеттігі туралы айтқан ғалымдардың бірі Я.А. Коменский. Ол балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, әр қайсысы 6 жастан 4-кезеңге бөліп қарастырды:1.Балалық шақ-туғаннан бастап 6 жасқа дейін;2.Жеткіншек шақ-6 жастан 12 жасқа дейін;3.Жастық шақ-12жастан 18 жасқа дейін;4.Ересек шақ-18 жастан 24 жасқа дейін.Осы жас кезеңдеріне сәйкес Коменский білім берудің ерекше сатысын ұсынады:6 жасқа дейінгі балалар үшін ол аналық мектеп;Жеткіншектер( 6жастан 12 жасқа дейін) үшін әрбір қауымда, жергілікті жерлердегі алты жылдық ана тілі мектебі;Жастық шақ кезеңіндегілер үшін (12 жастан 18 жасқа дейін) латын мектебі немесе гимназияны;Ересектер үшін( 18 жастан 24 жасқа дейін) академияны.Оның ойынша, аналық мектеп- мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың сатысы, онда негізгі тәрбиеші ана болып табылады.Коменскийдің айтуынша аналық мектеп балаларды адамгершілікке тәрбиелеуге ерекше мән берді (адамды сүю, үлкенге құрмет, кішіге ізет, тәртіпті болуға кішіпейілділік және т.б).Қазақ отбасылық тәрбиесінің психологиялық ерекшеліктері туралы пікірлер Қ.Жарықбаев,Ә. Табылдиев,К. Оразбекова,т.б сияқты ғалымдардың еңбектерінен кең орын алады. К.Оразбекованың «Иман және инабат» атты оқу құралдарында әдеп және тұрмыс-салт психологиясы ұлттық мазмұнда жазылған. Оқу құралында отбасы-адамзат өмірі өз жалғасын табатын, болашақ ұрпақ өсіп-өрбіп ұшатын ұя, әдептілік, сыпайылық,ізеттілік, адамгершілік сияқты асыл қасиеттерге баулу отбасынан бастау алатыны, сондықтан отбасының міндеті- жас ұрпақты инабаттылық пен имандылыққа тәрбиелеу деп көрсеткен автор.Оқу құралының бірінші тарауы «Адам, отбасы,қоғам» деп аталып,«Отбасы адам баласының өсіп-өнер, қаз тұрар, қанат қағар ұясы, алтын бесігі.«Салт- дәстүрлердегі ерекшеліктер» атты екінші тарауында қазақтың тұрмыстық салттары мен дәстүрлерінің тәрбиелік мәні, бесік тәрбиесі, қазақ ұлдары мен қыздарының әдеби, оларды тәрбиелеу, ондағы ата-ананың еңбегі, үлгі-өнегесі даналық сөздер арқылы дәріптелген. Үшінші «Өскің келсе, өзіңді таны» тарауында автор жасөспірімдердің жас ерекшеліктерін, баланың дене күшінің дамуын, балиғаттылықтың қалыптасуын, балаң жастағы сезім әсерін, баланың дүниетанымын, өмірлік жоспары мен кәсіп таңдауын қазіргі нақты жағдайлармен әңгімелеген. Бала тәрбиесінің күрделеніп отырғаны, оның қиыншылықтары мен қайшылықтарын көрсете отырып, оны шешуде болашақ ұрпақ тәрбиесі ұлттық мұраттар мен дүниежүзілік рухани бай қазынадан нәр алумен ұштастырып жазылған еңбектердің бірі Р.Төлеубекованың «Бала тәрбиесіндегі халықтық педагогика» атты оқу әдістемелік құралы. «Қазіргі отбасы және балаларды халықтық педагогика арқылы тәрбиелеудің мүмкіндіктері» қарастырылады, яғни отбасы-тәрбиенің бастауы, ата-ана-табиғи тәрбиеші, халықтық педагогика- отбасы тәрбиесінің негізі, отбасы ұғымына түсінік береді,қазақстандық ғалым педагогтар мен психологтардың отбасы тәрбиесі туралы еңбектері қарастырылады да қазіргі кездегі бала тәрбиесіндегі қиыншылықтар, отбасы тәрбиесінің нашарлау себептері анықталып, оны жөндеудің жолы ретінде отбасында ата-баба дәстүрін қайта жаңғырту керектігін айтады. Қазіргі кезде көптеген ата-аналар күнделікті өмірде балалардың мінез-құлқында қажетті қасиеттердің қалыптасуына назар аударып, тәрбие үдерісінде теріс қылықтарды болдырмаудың жолдарын іздестіруде. Алайда кейбір отбасы өмірінде үстемдік келіспеушілік сияқты түрлі теріс әрекеттер кездеседі. Бұлар отбасындағы бірқалыпты өмірдің бұзылуына себепші болады.Басты себепші-ата-аналар. Олар отбасын біріктіру,ұйымдастыру балаларды тәрбиелеу және оқыту жөнінде өз міндеттерін дұрыс орындамайды. Осының нәтижесінде өрескел әрекеттер де туады.Ал бұл жағдай жасөспірімдердің келешегі үшін қатерлі зардапқа айналуы мүмкін. Көп жылдар бойы жүргізілген бақылау мен зерттеу жұмыстарының мәліметтері бойынша педагогтар мен психолгтар отбасы тәрбиесінде кездесетін мынандай сәтсіздіктер мен қиыншылықтарды көрсетеді:1.Отбасы мүшелерінің, әсіресе әке мен ананың арасында біріңғай талаптың, көзқарастың жоқтығы;2.Отбасында балаға назар аударудың тапшылығы;3.Ата-ана мен бала арасында болатын егесу;4.Отбасында маскүнемдік,ұрыс-керіс, неке бұзушылықтың болуы;5.Әр түрлі жағдайға байланысты баланың теріс қылығы бар адамдардың қарамағына түсуі.Өмір тәжірибесі көрсеткендей екі түрлі отбасына назар аударуға болады. Біріншісінде материалдық игілікті алға қойып , соған жетуді мақсат еткендіктен, рухани құлдырауға соқтыққан отбасылар. Екіншісінде материалдық игілігі жеткілікті болғанымен бала мен ата-ана арасында эмоциялық, мейірімділік қарым-қатынас орнықпаған отбасы. Отбасында бала әр нәрсені естиді, көреді, қалай өмір сүру керек, өзін-өзі қалай ұстай білу керектігін үйренеді, жағымды және жағымсыз мінез-құлықтарды, отбасы мүшелерінің өмірге, еңбекке көзқарастарын, өзара қарым-қатынастарын байқайды, еліміздің ішкі және халықаралық жағдайларын білуге тырысады.Сондықтан, ата-ана балаға үңіле қарап, үнемі бақылау мен зерттеу жағдайын да еске алып отыруы керек. Отбасында тәрбие ұрдісін шебер басқару үшін ең алдымен ата-ана өз өмірін, өз ісін дұрыс ұйымдастыра білуі қажет. Н. Назарбаев «Еліміздің болашақта гүлденуі бүгіннен басталады» деген баяндамасында «Отбасының беріктігі, жұбайлардың бір-бірінің ең бастысы балалардың алдындағы жауапкершілігіне де көп нәрсе байланысты.Ата-аналар балаларына, ал балалары қартайған ата-аналарына қамқор болуы тиіс» деген болатын. Мұның өзі отбасындағы өмірді ұйымдастыру, ең алдымен ондағы ересектердің, яғни ата-аналар мен ата-әжелердің бір-біріне деген қарым-қатынасы мен өзара сыйластығы негізінде қалыптасатындығын айғақтайды.





















Пайдаланған әдебиеттер:1.Қоянбаев Ж.Б.,Қоянбаев Р.М Педагогика-Алматы,2000ж 4-5 бет2. Арғынбаев Х.Қазақ отбасы-Алматы, «Қайнар»,1996ж 15-17бет3.Елеусізова С.Қарым-қатынас психологиясы-Алматы, 2009ж 30-31 бет
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ