Материалдар / ҚАЗІРГІ КЕҢІСТІКТЕ ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИННІҢ МҰРАСЫН ПАЙДАЛАНУ
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

ҚАЗІРГІ КЕҢІСТІКТЕ ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИННІҢ МҰРАСЫН ПАЙДАЛАНУ

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚАЗІРГІ КЕҢІСТІКТЕ ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИННІҢ МҰРАСЫН ПАЙДАЛАНУ туралы ғылыми жұмыс
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Мамыр 2021
234
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласы білім бөлімінің Ы. Алтынсарин атындағы гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі







ТАҚЫРЫБЫ:


ҚАЗІРГІ КЕҢІСТІКТЕ ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИННІҢ МҰРАСЫН ПАЙДАЛАНУ



Мырзаболатова Айжан 9 «Ә» сынып оқушысы












Қостанай облысы

Арқалық қаласы

Мақсаты:

1.Жастарды Ыбырай атамыздың өмірімен және шығармашылығымен тереңірек таныстыру;

2. Өнер, білімді қызықты түрде көпшілікке жеткізу;

3. Жастар мен оқушылардың қызығушылығын ояту.

Жұмыстың мәні:

«Жақсының аты өшпес, Ғалымның хаты өшпес дегендей» - дегендей артынан өшпес із қалдырған ұлы тұлғаның хаты да, аты да мәңгі өшпес үшін осындай іс-шаралар ұйымдастырып, оқушыларды ізденімпаздыққа баулу.

Жұмыстың өзектілігі:

Өзі үшін емес елі үшін өмір сүрген тұлғаның мұрасын сақтап қалу өте маңызды. Егер менің жұмысым бұл іске сәл де болса көмектесетін болса, ендеше бұл мен үшін үлкен абырой. Себебі Ыбырайдай адамдар мың жылда бір ақ рет дүниеге келеді.















І. Кіріспе

Әр заман , тарихи әр кезең әлеуметтік құбылыстар өзінің дарынды өкілдерін жарыққа шығарып отыратыны мәлім.Олар елдің мұң – мұқтажын көре біліп , халқының сол мұқтажына перзеттік махаббаттын арнаған , туған халқының игілігі үшін бар күш - жігерін жұмсаған ардақты азамат ретінде халық тарихынан орын алып отырған . Мұндай азаматтардың игілікті дәстүрлері ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып , елдің тарихи , мәдени өміріне елеулі ықпал етіп келген . Қазақ халқының тарихында аса көрнекті орын алған сондай тұлғалардың бірі – Ыбырай Алтынсарин . Ол жаңашыл , дарынды ағартушы ғана емес , халқымыздың теңіздей толқып тасыған інжу - маржан жырларын жақсы біліп , еңбегіне арқау еткен . Ауыр заманда білім алып , ат жалын тартып мінгесін - ақ Ыбырай Алтынсарин білім ұранын көтерді . Елді корлыктан куткаратын , игілікке бастайтын тек білім деп есептеді . Сондықтан да , « Тұңғыш дала конырауы атанған » Ы.Алтынсарин шығармалары оқушы бойына адамгершілік касиеттерді қалыптастыруда маңызы зор туынды екені сөзсіз . Сондықтанда Ыбырай мұрасын сақтап қалу бізге жүктелген үлкен міндет.


ІІ. Негізгі бөлім

1. Ыбырай Алтынсарин – тарихи тұлға.

Ыбырай Алтынсарин ( шын аты Ибраһим , 1841—1889 ) қазақтың аса көрнекті ағартушы - педагогы , жазушы , этнограф , фольклоршы . Туып - өскен жері Қостанай облысының Қостанай ауданы , Аманқарағай ауылы . Осы өңірде , Тобыл өзенінің жағасынан топырақ бұйырған . 1850 ж . Орынбор шекара комиссиясының қазақ балалары үшін ашқан мектебіне оқуға түседі . Мектепті бітірген соң атасы Балғожа Жаңбыршыұлының хатшысы болады . Орынбор облыстық басқармасында тілмаштық қызмет атқарады . 1860 жылы Орынбор бекінісінде ( Торғай ) қазақ балалары үшін мектеп ашу тапсырылады , әрі сол мектепке орыс тілінің мұғалімі болып белгiлiнедi.Ыбырайдың бүкіл өмірін арнаған ағартушылық - педагогтық қызметі осылай басталады . Тікелей өзінің араласуымен халыктан жинаған каржыға мектеп үйін және интернат салып , 1864 жылы 8 қаңтарда мектептің жаңа ғимаратын салтанатты түрде ашады . Ұстаздық ағартушылық қызметке қоса Ыбырайға басқа да жұмыстарды аткару жүктеледі . Орынбор генерал - губернаторының тікелей тапсыруы бойынша Торғайда төрт рет уездік судья болып торғай уездік бастығының аға жәрдемшісі қызметін атқарады . Ыбырай инспекторлық қызметке кіріскен соң оқу ағарту жұмыстарын одан әрі жандандырып , Елек , Қостанай , Торғай , Ырғыз уездерінде бір - бірден екі кластық орыс қазақ мектептерін ашады , оларды қажетті кітаптармен жасақтайды . Әсіресе , елді көшпелі өмір салтын ескеріп , Ресейдің халық ағарту жүйесіне жаңа үлгілі білім беру тәсілін - ұсыныс етеді . Нәтижесінде , 1888 жылы 10 сәуірде Орскіде бастауыш мектептер үшін казак жастарынан окытушылар даярлайтын мұғалімдер мектебі ашылады . Ыбырай мұнан әрі қазақ жастары арасынан экономика , ауыл шаруашылығы , қолөнер кәсіпшілігі салаларына қажетті мамандар даярлайтын училишелер ашуға көп күш жұмсайды . Тіптен ,Қостанайдан ашылатын ауыл - шаруашылық училищесіне өзінің иелігіндегі жерін беретіні туралы еснет калдырады . Ыбырайдың кыздары үшін Торғайда , Костанайда . Карабұтакта . Актөбеде мектеп - интернат аштыруының тарихи мән - маңызы зор болды . Ыбырайдың пікірінше , мектептерге арналып жазылатын оқу кітаптары өзінің идеялық мазмұны және нақты материалдары жағынан ана тілінің және халық даналығының бай қазынасына негізделуге тиіс болды . 1879 ж . оның « Қазақ хрестоматиясы » атты оқулығы және дидактиктикалық оқу мәселесі жөнінде « Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы » жарық көрді . Бұл екі кітап та қазақ балаларын кириллица негізінде оқытуға арналған тұнғыш оқу құралдары болды . Ыбырай - жаңа дәуірдегі қазақ әдебиетінің қалыптасуына қомақты үлес қосқан . Ол қазақ жастарын ең алдымен оку , өнер - білімге шақырады.


2.Практикалық ұсыныс:

  • Қазір бағдарлама бойынша 9 -сыныптарда «Абайтану» факультативі жүргізіледі. Менің ойымша егерде «Ыбырайтану» факультативін 6-7-сыныптардың оқу бағдарламасына қоссақ, бұл өте игі іс болады деп санаймын. Факультативте Ыбырай атамыздын өмірін, шығармашылығын тереңнен оқыта отырып, балаларға үлкен өнеге көрсетеміз.

  • Жылына бір рет " Ыбырай күні ” деген мереке ұйымдастырып , сол күні оқушыларға ашық және тәрбие сағаттарын жүргізу және телеарналардан осы тақырыпта фильмдер , телешоулар керсету .

  • Еліміздің басқа да қалаларында Ыбырай Алтынсаринның құрметіне үлкен музей ашу идеясы. Ол музейде ақынның жеке заттары, қолжазбалары, кітаптарын қойып, ішінде біржағынан шағын кітапхана ұйымдастыруға болады. Адамдардың назарын аударту үшін осы музейдің қарамағында фестиваль ұйымдастырса өте жақсы. Мақсаты ұлт ұстазының мұрасын дамыту, еліміздің мәдени обьектілерін көбейту.

  • Оқушы күнделігін жасау. Бұл күнделіктің өзгешелігі беттеріндегі « Ыбыра Алтынсарин»айдарының болуы. Бұл айдар бойынша күнделік беттеріне ақынның өледерінен үзінділер мен әңгімелері жазылады. Сонда мектеп қабырғасынан түлеп ұшқан жас түлек сол күнделіктегі әңгімелерді ұмытпай, ертен оны естелік ретінде сақтап, әрдайым жылы жүзбен есіне алатын болатынына кәміл сенемін.

2.1.Менің жеке кітапқа арналған ұсынысым:

Kitap kz сайтынан Т. Ә. Ахметов, С. О. Оспановтың «Ыбырай Алтынсарин мұрасы» кітабын оқуға кеңес беремін. Өкінішке орай кітап өте танымал емес, бірақ та алғашқы беттерінен бастап кітапқа үлкен еңбек пен махаббат салынғанын сезбеу мүмкін емес.



ІІІ. Қорытынды

Жүрегі қазақ деп соғатын әр азамат пен азаматшаның Ыбырайды білмейтіні жоқ. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған сәттен бастап «Кел, балалар оқылықты» жаттап, білім деген теңізге аяқ басқан сәті әр адамның есінде. Сол бір балалық шақтың тәтті кезендерін әрқайысымыз осы Ыбырай атамыздың шығармасымен байланыстырамыз. Бұл бір ғанибет. Қазақтың дамуына, білімді болуына бірден – бір үлкен үлес қосқан адам ол осы Ыбырай. Енді атамыздың көненін көзіндей мұрасын сақтап қалу бізге жүктелген үлкен жауапкершілік. Біздің міндет мойнымыздағы жауапкершілікті абыроймен ұстау. Жастарымыз білімді, еліміз тыныш болсын!


















Пайдаланған әдебиеттер:


  1. Ы.Алтынсарин «Кел,балалар,оқылық» , Алматы «Атамұра» 2006

  2. Ы.Алтынсарин «Екі томдық шығармалар жинағы «Қазығұрт» баспасы. Алматы,2003

  3. Қазақстан ұлттық энцеклопедия «Қазақстан энцеклопедиясының»Бас редакторы. Алматы,1998

  4. Қазақ әдебиеті оқулықтары



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!