Материалдар / Қазіргі қазақ романдарындағы ұлттық салт-ғұрыптардың бейнеленуі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазіргі қазақ романдарындағы ұлттық салт-ғұрыптардың бейнеленуі

Материал туралы қысқаша түсінік
М.Мағауиннің Ж. Ахмадидің А.Сейдімбектің Д.Исабековтың С.Мұратбековтыңеңбектерін кең түрде қарастыру. Өзгешелігін барынша ашып, көрсету. Айтылған қаламгерлердің өмірі мен шығармашылығына, көркем сөзбен өрнектелген көсемсөзіне, көлемді прозалық еңбектеріндегі қазақтың ұлттық салт-ғұрыптарының бейнесіне ,бай мұрасына кешенді зерттеу жүргізу болып табылады. Осы арқылы жазушылар еңбегі мен шығармашылығын кең түрде сөз ету, ұлттық әдебиеттану бағытындағы еңбектерін зерттеп, жан-жақты ашу, маңызын көрсету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Наурыз 2022
544
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


КІРІСПЕ.......................................................................................................


3

I

Қазақ романдары


1.1

Қазақ романы және ұлттық ментальділік.............................................

6

1.2

Қазіргі қазақ романдардарының авторлары.......................................

16

II

Ұлттық салт-ғұрыптардың бейнеленуі



2.1

Прозалық шығармалардағы ұлттық ғұрып және көркемдік ..........


34


ҚОРЫТЫНДЫ .........................................................................................


59


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ....................................




62




МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ


Жұмыстың өзектілігі. ХХІ ғасырдағы қaзақ тарихи романдaрының жаңа көркемдiк-эстетикалық биiк өредегi ұлттық және aдамзаттық өзектi тақырыптaрға дендей енуi заңды құбылыс. Себебі, тәуелсiздік кезеңiнін орнауымен тaрихи санадaғы ақтаңдақ беттердi жазу тәуелсiздіктің алғaшқы жылдарынaн бері ерекше қaрқынмен  дaмып, еселей түскені хaқ.

Асылындa, жер бетiндегі барша халықтардың дaму жолы біркелкi еместiгі аян. Алғaшқы қауымдық құрылыстан неғұрлым күрделi қоғамдық өмiр формаларына əр халық түрлi жолдармен, түрлi уақыттардa өтіп отырды. Соңғы жылдары қазіргi романның жaй-күйі көп сөз болып, талaй талқыға түсті. Ромaн проблемасының өзекті мəселеге айнaлғаны соншалық – кейінгi кезде бұған бағышталып ерекше кітаптар да жарық көрдi. Мәселен;

М.Мағауиннің «Шақан шері»,  Ж. Ахмадидің «Есенгелді би», А.Сейдімбектің «Аққыз», Д.Исабековтың «Өкпек жолаушы», «Қара шаңырақ», С.Мұратбековтың «Жусан иісі», «Ата» атты шығармалары сөз болады. Айтылған қаламгерлер өзінің еңбектерінде қазақтың ұлттық салт-ғұрыптарын айрықша бейнелеген.

Бaсты мəселе мындa: аталмыш қалaмгерлер қандай жaнрда, қандай тақырыптa жазбасын, ең aлдымен, адам бoлмысын, оның ішкi жан əлемiнің бұлқынысынан туындaйтын əдеби-эстетикaлық категория – дрaматизмді, барша сезiм-күйлерін тaп басып, тамaша өрнектей бiлді жəне де жeкелеген адам тaғдыры, іс-əрекеті aрқылы сол кейiпкер өмір сүрiп отырған дəуiрге тəн сипaтты ашып, aқ пен қарaны ажырату жaғын оқырманның өз үлесiне қалдырып отырғaны да мəлім. Ұлттық əдебиеттaну ғылымының оқу процесi барысында негiзгі деп табылaтын мəселелерін сөз eткенде үнемi назарда ұстaйтын жайттар дa аз емес. Бiз қай шығaрманы алсaқ та, бізде тaмсану басым, тaндану басым, ал көркeм шығарманы мəтiніне сүйене oтырып талдау, сол aрқылы қаламгердің көркемдiк əлеміне бaрлау жасау қашандa маңызды. Жaлпы алғанда, қазiргі қазақ прозaсында, қазіргі қaзақ романдарында постмoдернизм мəселесі жиі бoй көтеруде.

Жұмыстың мақсаты мен міндеті. М.Мағауиннің Ж. Ахмадидің А.Сейдімбектің Д.Исабековтың С.Мұратбековтың еңбектерін кең түрде қарастыру. Өзгешелігін барынша ашып, көрсету. Айтылған қаламгерлердің өмірі мен шығармашылығына, көркем сөзбен өрнектелген көсемсөзіне, көлемді прозалық еңбектеріндегі қазақтың ұлттық салт-ғұрыптарының бейнесіне ,бай мұрасына кешенді зерттеу жүргізу болып табылады. Осы арқылы жазушылар еңбегі мен шығармашылығын кең түрде сөз ету, ұлттық әдебиеттану бағытындағы еңбектерін зерттеп, жан-жақты ашу, маңызын көрсету.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Ромaн – күрделі қоғамдық сана дамуының жемісi. Ол жекелеген aвторлардың туындысы болғaнмен, оны дүниеге əкелетiн қоғамдық ойлaу жүйесін де естен шығаруға болмaйды. Қоғaмдағы ой-сана толып жетiлмей, ромaн дүниеге келе алмайды. «Ромaн жанры дамуының өзiндік тарихи ерекшелiгі бар. Барлық əдеби жaнрлар iшінде болмыс, өмір, адaм, қоғам, тіршілiк тарихын, уақиғaларын, проблемaларын, уақыт, кеңістiк өлшемдерінде көлемдi түр, кестелі түрде бейнелей алaтын, тереңдей қозғaйтын, көркем көрсетуге мүмкіндігi өлшеусіз мол жанр – ромaн. Әдебиеттің осы жанры жайлы зерттеген М.Мағауиннің Ж. Ахмадидің А.Сейдімбектің Д.Исабековтың С.Мұрaтбековтың және т.б көптеген ғалымдардың еңбектерін жан – жақты қарастыру.

Жұмыстың жаңалығы. Қазіргі қазақ әдебиетінің көрнекті жазушылары М.Мағауиннің Ж. Ахмадидің А.Сейдімбектің Д.Исабековтың С.Мұратбековтың еңбектеріне, бай мұрасына кең түрде ден қойылды. Өмірі мен шығармашылығын тұтастай қарастыру - зерттеу жұмысының негізгі жаңалығы болып табылады.

Нақтылай айтқанда, дипломдық жұмыстың төмендегі көрсетілгендей жаңалығы бар:

- М.Мағауиннің Ж. Ахмадидің А.Сейдімбектің Д.Исабековтың С.Мұратбековтың өмірі мен шығармашылығы, зерттеу еңбектері кең түрде сөз болып, табиғаты, мәні ашылады;

- М.Мағауиннің Ж. Ахмадидің А.Сейдімбектің Д.Исабековтың С.Мұратбековтың әдебиет саласына қосқан үлесі кең түрде сараланады;

- Шыншылдық сипаты, жазу мұраты, маңызы жоғары туындылары жан-жақты талданады;

- Әдебиет майталмандарының еңбектері, ондағы ой-пікірлеріне талдау жасалып, кеңінен қорытындыланады. Өзіндік ерекшелігі көрсетіледі.

Зерттеу әдістері. Жұмысты орындау барысында мынадай әдістер қолданылды: теориялық һәм салыстырмалы әдіс, талдау әдісі және жүйелеу әдісі, тұжырым жасау әдісі.

Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар. М.Мағауиннің Ж. Ахмадидің А.Сейдімбектің Д.Исабековтың С.Мұратбековтың романдық, шыншылдық, турашылдық көрінісін бейнелейтін әдеби-ғылыми туындылар, прозалық мұрасын тану нәтижесінде қорғауға мынадай тұжырымдар ұсынылады:

- М.Мағауиннің Ж. Ахмадидің А.Сейдімбектің Д.Исабековтың С.Мұратбековтың өмірі мен шығармашылығын, зерттеу бағытын бүгінгі күн талабы тұрғысынан жаңаша зерделеу;

- Көлемді еңбектерін тақырыптық, көркемдік жағынан талдау;

- Романдарын өзара салыстырып, табиғаты мен мәні, өзгешелігі көрсетіледі;

- М.Мағауиннің «Шақан шері»,  Ж. Ахмадидің «Есенгелді би», А.Сейдімбектің «Аққыз», Д.Исабековтың «Өкпек жолаушы», «Қара шаңырақ», С.Мұратбековтың «Жусан иісі», «Ата» атты еңбектерінің мән-маңызына тоқталу;

- М.Мағауиннің «Шақан шері»,  Ж. Ахмадидің «Есенгелді би», А.Сейдімбектің «Аққыз», Д.Исабековтың «Өкпек жолаушы», «Қара шаңырақ», С.Мұратбековтың «Жусан иісі», «Ата» атты шығармаларын ел мүддесі мен өмір шындығын, тарих пен таным арналарын сабақтастық тұрғыдан қарастыру;

Дипломдық жұмыстың құрылымы. Диплом жұмысы кіріспе, екі бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.









































I тарау

I. Қазақ романдары

    1. Қазақ романы және ұлттық ментальділік


Ромaн – күрделі қоғамдық сана дамуының жемісi. Ол жекелеген aвторлардың туындысы болғaнмен, оны дүниеге əкелетiн қоғамдық ойлaу жүйесін де естен шығаруға болмaйды. Қоғaмдағы ой-сана толып жетiлмей, ромaн дүниеге келе алмайды. «Ромaн жанры дамуының өзiндік тарихи ерекшелiгі бар. Барлық əдеби жaнрлар iшінде болмыс, өмір, адaм, қоғам, тіршілiк тарихын, уақиғaларын, проблемaларын, уақыт, кеңістiк өлшемдерінде көлемдi түр, кестелі түрде бейнелей алaтын, тереңдей қозғaйтын, көркем көрсетуге мүмкіндігi өлшеусіз мол жанр – ромaн.

«Адaмзат барда – роман бaр. Эпосқа жүк боларлық адaм тағдыры андағайлайды. Бaр құпия осында, сондықтaн да адамзат мифы қилы дa қиян қоғaммен əдеби əлем ретінде қaтар өмір сүре берерi хақ. Рoман, ұлы Ахаңның (Байтұрсынов) айтуыншa, — бар-жоғы əңгіме. Иə, «ұлы əңгiме». Ал aдам жүрген жерде əңгiме пəлсапалaнып, өсек өре жөнеледi... Рoманда толқын-толқын бoлып туып отырады [5,85]. Əр тaғдыр бiр ромaн. Кез келген пенденiң қысқа өмірі – ұзақ эпoс, ұзын əңгiме. Олай бoлса, эпос жыры ғұмыр бойы жырлaна бермек» деп, Асқaр Алтай айтқaндай, ромaнның халық үшiн берері көп.

Жалпы қазақ романы туралы айтатын болсақ, 1937 жылы қазақ қаламгерлерінің басына түскен зобалаң отызыншы жылдары зор қарқынмен дамуға бет алған роман жанрының өрісін бірнеше жылға тежеп тастады. Үлкен романшы жазушылар Ж.Аймауытов (20-жылдардың аяғында), Б.Майлин, І.Жансүгіров, С. Сейфуллин, М.Дәулетбаев (1937 жылы) қуғынға ұшырап, «халық жауы» деген жалған жаламен атылып кетті. С.Мұқанов партиядан шығып, қызметінен (Жазушылар Одағы басқармасының төрағасы) алынып, екіұдай күн кешті. С.Ерубаев қайтыс болды. Роман тағдырындағы осы тоқырау біраз жылға созылды. Ал ең алғашқы роман жазған М.Дулатұлы екені баршамызға мәлім.

Осындай үзілістен кейінгі қазақ романының жаңа бой көтеруі 1942 жылы М.Әуезовтің «Абай жолы» атты төрт томдық эпопеясының алғашқы кітабының жарық көруінен басталды. Бұл әуелде «Абай» деген атпен жоспарланған екі томдық романның бірінші кітабы болатын. Роман Ұлы Отан соғысының қызып тұрған шағында басылды. Соғыс тақырыбына үлкен прозалық еңбектің жазылмай, саясатшыларды күттіріп тұрған заманда тарихи тақырыпқа жазылған роман партия басшылығын қуанта қойған жоқ. Олар романның жоспарына, негізгі идеялық-көркемдік нысанасына ой жіберіп жатпай-ақ, ондағы ру таластарына, Құнанбай заманының өктем қылығына мән беруге тырысты. Алайда, шын әдебиет сүйгіш қауым романды жылы қабылдады. Оған Ғ.Мүсіреповтің «Абай» романы туралы» атты мақаласы (1943) куә. Жұрт романның жалғасын күтті.

1945 жылы Ғ.Мұстафиннің «Шығанақ», Ә.Әбішевтің «Жас түлектер», Ғ.Слановтың «Жанартау» атты романдары басылды. Қазақ халқы өмірінің жаңа кезендерінің шындығын тануға ұмтылыс жасаған бұл шығармалар көркемдік ізденістері жағынан да, өмірді тақырыптық қамтуы жағынан да әрқилы болатын.

Ғ.Мұстафин романы өмірде болған нақты адам мен оның еңбегі жайлы деректі материалдарға сүйеніп жазылған. Ақтөбе облысының Ойыл ауданында тұратын, Ұлы Отан соғысы кезінде жанқиярлық еңбек етіп, тарының гектарынан 1232 пұт өніп алып, дүние жүзінде болмаған рекорд жасаған Шығанақ Берсиевтің есімі ол кезде әлемді шарлап кеткен еді. Бүкілодақтық ауыл шаруашылық ғылымдары Академиясының Президенті Т.Д.Лысенко тарыны қартқа телеграмма жолдап, «Сіздің телеграммаңызды алғанда, нанар-нанбасымды білмей көп сенделдім. Ең білдім деген ғалымдар гектарынан 200 центнерден артық астық алу мүмкін емес дегенге бекінген еді. Бұл—жай айтылмаған. Өсімдіктер күн қуатын бойына қанша сіңіре алатындығын есептеп барып айтылған болатын. Сіз есептен асып түсіп, егін шығымының мөлшері адамның өз қолында екенін дәлелдеп бердіңіз», — деп жазған. Атақты тарышы өмірінен неміс жазушысы Бертольд Брехт поэма жазған.

Әрине, роман Шығанақ өмірі мен оның еңбегін негізге алғанмен, Ғабиденнің Шығанағы - өмірдегі тарышының өзі емес, әдеби жиынтық бейнесі. Осы материалдар негізінде жазушы қазақ шаруалары өміріндегі ұжымдық бірлесудің өнімді, табысты жолын көрсетуді көздеген. Ол адам мен табиғаттың арасындағы өмірлік тартысты жаңа жағдайда бейнелеуді көздеді. Өмір бойы табиғаттан алуға ұмтылған, бірақ жарымаған шаруа еңбегі жаңа дәуірде, ұжымдық шаруашылықтың өркендеуі жағдайында іске асқаны — романның басты тақырыбы. Бұған Ғабиден жаңа қоғамның өзекті мәселесі ретінде қарайды. Шығанақ бойына халықтың диқаншылық өнерінің ұзақ ғасырлар бойы тәжірибесін жинақтаған жазушы оның жаңа жағдайда қалай дамығанын суреттейді. Тарыдан мол өнім алу, жерге табынбай, оны дегеніне көндіру Шығанақтардың ұзақ арманы мен күресінің басты мақсаты еді. «Әкемнің әкесі егінді кетпенмен салған. Әкем Берсі ағаш соқамен салды. Өзім темір соқаға түйе шығырды қостым. Осының бәрі — тарыны көп алудың алға басқан амалы еді» — дейді Шығанақ. Бірақ феодалдық-патриархалдық ортада өмір кешкен жалғыз-жарым шаруа еңбегі мен өнімсіз құрал-сайманы Шығанақтар арманынның іске асуына мүмкіндік бермеді. Тек жаңа жағдайда, ұжымдық шаруашылық ортасында, жерді өндеу мен баптаудың жаңа тәртібі іске асқан кезде, жаңа техниканың күшімен бұл арман жүзеге асты. Тарыдан мол өнім алынып, «алпысқа келгенше алты шақырым жерге аты шықпаған» Шығынақ есімі әлемге танылды. Жазушы мұны қазақ шаруалары жаңа өмірінің жеңісі санайды.

Романның проблемалық сипатын ондағы басқа бейнелер де айғақтайды. Мысалға, Олжабек бейнесін алайық. Бұл арқылы Ғабиден ұжымдық ортадағы шаруа еңбегінің көпке ортақ сипат алып, шаруалардың біртіндеп жекеменшікшіл сезімнен арылуға ұмтылысын танытуды көздейді. Ол Олжабек бойынан шаруаға тән ерекшелікті де, жекеменшіктік сезімнің басымдығын да көреді. Жаңа өкіметтің шаруаларды біріктіріп, жермен кәсіп етуге баулуын мақұл көргенмен Олжабек жекеменшігіңдегі аз ғана малын ортақтастырудан қашып, колхозға кірмейді. Колхозсыз жер іздеп сандалады. Шаруаларды ұжымдастыру науқаны кезіндегі осындай қылықтар әр жерде болған. Әр халықтың әдебиетінен орын алған. Соның бірі есебіңде белгілі орыс ақыны А.Твардовский «Жерұйық» поэмасынның кейіпкері Моргунокты еске алу артық емес. Ғабиден де осы жаңалықты қазақ шаруасының бойынан көре білді. Ақыры колхозсыз жер таппаған Олжабек қарақшылардың талауына түсіп, әйелінен айырылып, Шығанақтың ауылын паналайды. Шығанақпен бірге еңбек етіп, еңбекші адамға жеке шаруа болудан гөрі ұжымдық ортада жұмыс істеу пайдалы екенін түсінеді. Өмірдегі жаңа құбылыстарды тез аңғарғыш, ол құбылыстардың әлеуметтік сипатын танығыш Ғабиден романының басты жаңалығы осы еді.

Жазушы жаңа ортада өсіп келе жатқан жастардың бойынан да жаңа мінез-құлық көреді. Ескінің еріксіз өскен жалтақтығы мен бейнет астыңда езілген бұйығылығы жоқ жаңа заман жастары Амантай мен Жанботаны ол өз дәуірінің типтік бейнелері ретінде алды Олардың жарастықты мінезі, сұлулығы, қоғамға пайдалы еңбегімен байланыстырады. Еңбекте ерлермен тең түсіп, шыныққан Жанботаны ол сырт бейнесі шаруа адамына тән сомдау болса да, жаны сұлу кыз етіп суреттейді. Махаббат жөніңде де оның өз түсінігі бар Махаббатты тым нәзік сезім деп ұғынатыңдарға қарама-қарсы Жанбота: «Жоқ, махаббат берік нәрсе, балталасаңда сынбайды. Кейбіреулер өңдеймін деп, мойнын қылдай, сирағын шидей қылады да, сынып кетсе, ойбай сап отыра қалады. Менің махаббатым дөрекілеу болар, бірақ сынуға жоқ», - дейді (Сонда. 132-бет).

Негізінен, дәуір шындығын тәп-тәуір суреттеген романда тартыстың әлсіздігі көрінбей қалмайды. Басталған жұмыс еш кедергісіз оп-оңай іске асып жатады. Жазушы Қанат пен Ақкүміс семьясының түсініспеуінен туғызбақ болады. Бірақ ол да өршімей, бір ширап, бір босап созылып барып, жарастылық пен аяқталады.

Роман жарық көрісімен қаһарлы сынға ұшырады. Сынның қатал да түгелдей қаралай жазылуы партияның сол бір тұста әдебиет пен өнерге ерекше қатаң талап қоя қарауының салқыны да сияқты. Ол кезде сыналмаған, мінілмеген дүние аз болатын. Кейін роман қайта өндеуден өтті.

Жазушы романның композициясын ширатып, бөлек-салақ оқиғалардан арылтты. Кейіпкерлерін де қайта қарап жетілдірді. Оны бұл күйіңде белгілі бір дәуірдің атмосферасын танытатын туынды есебінде бағалауға әбден болады. Бұрын кеңес адамы қателеспейтін, кем-кетіксіз, бір қалыптан шыққандай болуы керек дейтін талаптар ескірді.

Өмірде болған ұнамсыздың өзіне де шошына қараушы едік. Қазір өмірде бәрі де болатынына көзіміз жетті. Осы тұрғыдан қарағанда, сыншыға әлсіз, жасанды, ұнамды кейіпкерге лайық мінезі жоқ көрінген Қанаттың да осы күйде өмір сүруге хұқы барын көреміз. Өмірдің бас тұлғасы болуды аңсамайтын қазақ баласы кейде аңғал, адды-артын ойламайтын мінездерін байқатса да, негізінен адал, әділдіктен ауытқымайтын, ісіне мығым адам болып суреттелген. Ер сыналар сәтте майданға бара алмай қалғаны, денсаулығының нашарлығы оның жанын кинайды. Бірақ тылдағы еңбекті іскер атқарады. Айкүміс, Ғайнилар да соғыс басына салған ауыртпашылықты арқалап жүрген ер әйелдер. Кең мінезді сабырлы Айкүміс бойына қазақ әйелінің жақсы мінезі жннақталған. Ол Қанаттыңқылықгарын кешіре біледі, шарасыздықты ақылға жендіреді, Рәуіш те осы күйінде өмір сүруге кұқылы. Оның Дәуітпен байланысы нанымды. Олардың бірігіп диверсанттық жасауы (өрт қоюы) дәуір талабы, сақтық тұрғысынан алғанымен, жасаңды көрінеді, нандырмайды. Тұтастай алғанда, «Жанартау» - Ұлы Отан соғысы кезіндегі мұнайшылардың еңбегін танудағы елеулі белес.

Соғыстан кейінгі дәуір қазақ романының жаңа бір тынысын танытқан, өрісін байытқан кезең. Бұл тұста "Абай" романының екінші кітабы (1946) жарық көрді. С.Мұқанов «Жұмбақ жалау» атты романын жөндеп, өндеп, «Ботакөз» деген атпен қайта бастырды (1948), «Сырдария» деген жаңа роман (1948) жазды. Ғ.Мұстафин «Миллионер» (1948), Ғ.Мүсірепов «Қазақ солдаты» (1949) атты романдары бастырылды. Қазақ тілінде кең тарап, оқырманын тапқан осы шығармадар тез арада орыс тіліне аударылып, сол арқылы шетелдерге шықты. Сөйтіп соғыстан кейінгі дәуірде қазақ романының табысын әлемге әйгіледі. 1948 жылы желтоқсан айында Қазақ әдебиетінің қазіргі дамуы бағытын талқылаған КСРО Жазушыларының пленумы мұны айқын танытты.

Бүгін әлемге танылған «Абай жолы» роман-эпопеясының «Абай» деген атпен шыққан алғашқы екі кітабының өзі әуелде солай жоспарланған тұтас туынды болатын. Онда жазушы болашақ ұлы ақынның жастық кезі мен ақындығының оянып, жетілуін суреттеген. Жас Абай тәрбие алған ортаны, оның жүрегін тебірентіп, асыл сезімдерін оятқан дала табиғатын, халқының өнері мен әдебиетін, арманы, мен жарқын үмітін, достығы мен тұңғыш махаббатын кең ашу арқылы жазушы бірінші кітап бойында оны ақындыққа дайындады. Осы ортада романтикаға бөленген жас Абайдың біртіндеп өмірдегі талас-тартысты сезінуі, Тоғжаннан айырылуы, Қодар мен Қамқа өлімі сияқты сұмдықты көруі, суынуы, толғануы да нанымды суреттеледі. Ал, екінші кітапта ол шығармашылық сезімге ауысады, білімін кеңейтеді, орыс әдебиетінің, достарының көмегімен ой-өрісін толықтырып, халық өміріндегі әдебиеттің зор маңызын ұғу дәрежесіне көтеріледі. Оның бұл кездегі өмірге, оның күрделі жағдайларына деген көзқарасы ақын өлеңдерінде кең көрінеді, жазушы оның шығармашылығына сүйене отырып, Абайды толғантқан қоғам дамуы, адамдардың ара-қатынасы, адамгершілік, гуманистік мінез-құлықтар мәселелерін қозғайды. Сол арқылы қазақ қоғамының ақынмен тұстас кезеңінің барлық жағдайларын, халық өмірінің терең жасалған көркем суретін береді. Халықтың жақсы арман-тілегі Абай бейнесі арқылы жинақталып көрсетіледі. Академик Қ.Сәтбаевтың «Абай» романының «XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ өмірінің энциклопедиясы» деген атауы да осыдан.

Елінің тағдыры жайында ойланған ақынның халықтың әр қилы тобының ортасында болып, олармен табысуы романда кең суреттеледі. Бұл кездегі тартыс та жаңа адамдарға, ескішілдіктің туын ұстаған Тәкежан Жиренше, Оразбайларға, кертартпа дін ұстаушыларға, патша әкімшілігінің өкілдеріне ауысады. Халықшыл Михайловтың орнын күрескер Павлов басады. Абай жолын ұстаған Әбіш, Дәрмен сияқты жас таланттар аренаға шығады. Ақынның қала жұмысшыларымен, орыс шаруаларымен, жалпы бұқара халық өкіддерімен кездесуі, байланысы оның өрісін кеңейте түседі. Осының бәрінде Абай ақын ғана емес, үлкен парасат иесі, өмір сырын терең толғаған философ боп көрінеді, оның даналығы ашылады.

Романда суреттелетін өмір шындығының эпикалық кендігі ондағы характерлер байлығымен тұтасып жатады. Онда ойлы ақылды, мінезі де күрделі Құнанбайдан бастап, оның жолын ұстаған екінші, үшінші ұрпақтың өкілдері, ру басшылары, ел ақсақалдары, Абайдың әжесі Зере мен анасы Ұлжан бастаған өйелдер, арманына жете алмаған жас кыршын қыздар, бұқара халық өкілдері ақын арманын арқалаған жас таланттар әр қырынан даралана көрсетілген. Бәрін де жазушы заман шындығында, қоғамдық тартыс, күрес жолыңда, психологиялық терендікпен, дамудың диалектикалық зандылығымен шебер жасалған бейне дәрежесіне көтереді.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!