Материалдар / қазіргі қазақстандық әйелдерінің қазақ қоғамындағы маңызы.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

қазіргі қазақстандық әйелдерінің қазақ қоғамындағы маңызы.

Материал туралы қысқаша түсінік
әйелдердің қоғамдағы маңызы туралы айтылады.Ерлер мен әйелдердің тең түскен дәрежесі туралы мағұлматтар Қазіргі кезде қоғамдағы әйелдің орны мен рөлі туралы таным, түсініктер, сонымен тығыз байланыстағы әйел бейнесі жөніндегі қалыптасқан таптаурындар мен әлеуметтік үрдістер ерекше өзекті мәселеге айналып отыр. Бүгінгі күні бүкiл дүние жүзiнде тарихи қалыптасқан ерлердiң әйелдерден басым болу жағдайы өзгерiстерге ұшырауда, эмансипация мен феминизм идеологиясының кең етек алуы себепті батысеуропалық философиядағы патриархаттық дәстүрдің екпіні басылғандай болды, патриархаттық құрылымы басым келетін философиялық ойлаудың дәстүрлі бинарлық (еркек / әйел) практикасынан бас тартып, қазіргі мультикультурализм жағдайында жыныстың әлеуметтік теориясы – гендерлік ілім дүниеге келді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Қазан 2018
435
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

5. Қазіргі қазақстандық қоғамдағы қазақ әйелдерінің маңызыҚазіргі кезде қоғамдағы әйелдің орны мен рөлі туралы таным, түсініктер, сонымен тығыз байланыстағы әйел бейнесі жөніндегі қалыптасқан таптаурындар мен әлеуметтік үрдістер ерекше өзекті мәселеге айналып отыр. Бүгінгі күні бүкiл дүние жүзiнде тарихи қалыптасқан ерлердiң әйелдерден басым болу жағдайы өзгерiстерге ұшырауда, эмансипация мен феминизм идеологиясының кең етек алуы себепті батысеуропалық философиядағы патриархаттық дәстүрдің екпіні басылғандай болды, патриархаттық құрылымы басым келетін философиялық ойлаудың дәстүрлі бинарлық (еркек / әйел) практикасынан бас тартып, қазіргі мультикультурализм жағдайында жыныстың әлеуметтік теориясы – гендерлік ілім дүниеге келді. Өткен ғасырдың ортасынан бастап өнеркәсiбi дамыған және әлеуметтiк бағдар алған шет елдерде әйелдер өз құқықтары мен мүмкiндiктерiнiң ерлермен тең болуына iс жүзiнде қол жеткiздi. Тәуелсiздiк жылдары iшiнде Қазақстан өзiнiң сыртқы саясатында дүниежүзiлiк қауымдастыққа терезесі тең дербес ел қатарлы кiрiгудi басымдылық ретінде мақсат тұтып, ерлер мен әйелдердiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау саласында да бірқатар халықаралық құжаттарға қол қойды. 1998 жылы Қазақстан БҰҰ-ның әйелдерге қатысты кемсiтудiң барлық нысандарын жою туралы конвенциясына қосылды. БҰҰ-ның «Әйелдердiң саяси құқықтары туралы» және «Тұрмыс құрған әйелдiң азаматтығы туралы» конвенциялары да бекiтiлдi. Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт пен экономикалық, әлеуметтiк және мәдени құқықтар туралы пактiге және басқаларына қол қойылды. Қазақстан адам құқықтары туралы барлығы 60-тан астам халықаралық шартқа қосылды. Әлем елдерiнiң көпшiлiгi қол қойған Бiрiккен Ұлттар Ұйымының мыңжылдық декларациясында (2000 ж.) ерлер мен әйелдердiң теңдiгiн көтермелеу, әйелдердiң құқықтары мен мүмкiндiктерiн кеңейту үшiншi мыңжылдықтағы адамзат дамуының негiзгi мақсаттары ретiнде айқындалған. Біздің өкiметтiң 2009 жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасындағы гендерлiк теңдік туралы заңы мақұлданды. Ол елiмiздегi гендерлiк саясаттың негiзгi бағыттарын - ерлер мен әйелдердiң билiк құрылымдарына теңгерiмдi қатысуына қол жеткiзудi, әйелдердiң экономикалық тәуелсiздiгi, өз бизнесiн дамытуы мен мансап жолында iлгерiлеуi үшiн тең мүмкiндiктердi қамтамасыз етудi, отбасындағы құқықтар мен мiндеттердiң тең жүзеге асырылуы үшiн жағдайлар жасауды, жыныс нышаны бойынша зорлық-зомбылықтан азат болуды айқындады. 2008 жылы Астана қаласында өткiзiлген Қазақстан әйелдерiнiң Форумында ел Президентi Өкiмет пен Отбасы және әйелдер iстерi жөнiндегi ұлттық комиссияға аталған Тұжырымдаманың негiзiнде Қазақстан Республикасында Гендерлiк теңдiк стратегиясын әзiрлеп, онда экономикалық, әлеуметтiк және саяси салаларды қоса алғанда, қызметтiң негiзгi бағыттарын анық белгiлеу, әйелдерге тең мүмкiндiктердi қамтамасыз ету үшiн шаралар жүйесiн мерзiмдерi бойынша әзiрлеу керек екенiн тапсырды. Осыған орай елімізде қабылданған осы Стратегия халқымыздың гендерлік өзіндік санасына, ұлттық дүниетанымның гендерлік кешеніне, дәстүрлі және қазіргі мәдениеттің әлеуметтік-мәдени және діни өлшемдеріне, бүгінгі күні өзектілігі көзге түсіп отырған ұлттық идеяның рухына сәйкес келе ме, келмей ме деген мәселе арнайы зерттеулерді қажет етеді. Әсіресе, бұл мәселені халқымыздың дәстүрлі дүниетанымы мен ұлттық философиясы тұрғысынан қарастырудың маңызы зор. Қазіргі әлем бейнесінің қалыптасуындағы әйелдердің әлеуметтік-мәдени рөлін, оны діни, тарихи және өркениеттік үдерістер барысындағы гендерлік өзіндік санасының тарнсформациясымен байланыста қарастыру, оны теориялық мәдениеттанулық тұрғыда талдау көптеген көкейтесті сауалдарға жауап беруге мүмкіндік береді. Қорта келе әйел мәселесі мен гендерлік тақырыптың, жыныстың теңдігі мен арақатынасы мәселесінің әлемдік философияның тарихында ежелден бері көтеріліп келе жатқаны белгілі. Бірақ бұл мәселе өткен тарихи кезеңдердің сипатына қарай, өзінің әлеуметтік қырынан гөрі, дүниенің жаратылысын ұғындырумен байланысты онтологиялық, метафизикалық және биологиялық қырынан қарастырылып келді. Дүниенің қарама қарсы екі жыныстық бастауы туралы ойлар ежелгі шығыс ойшылдарының, әсіресе қытайлық дао ілімінде, сондай-ақ антик ойшылдары Платонның, Аристотельдің және т.б. шығармаларында кездеседі.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!