Материалдар / Қазіргі таңдағы медицина қызметкерлерінің этикасы, құқығы және медициналық көмек сапасы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Қазіргі таңдағы медицина қызметкерлерінің этикасы, құқығы және медициналық көмек сапасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Денсаулық сақтау қызметкерінің Этикалық кодексі (бұдан әрі- Кодекс) кәсіптік медициналық қызметті жүзеге асыру кезінде медицина және әлеуметтік қызметкерлерінің (бұдан әрі- денсаулық сақтау қызметкерлерінің) өз-өзін ұстау ұстанымдарының және этикалық нормалардың жиынтығын белгілейтін құжат болып саналады.   Онда, жалпы ереже, медицина қызметкері және пациент, дәрігерлердің құпиясы, этикалық кодекстің іс-әрекет ету шектері, оны қайта қарастыру тәртібі және оны бұзған кездегі жауапкершілік туралы көрсетілген. Соның ішінде, медицина қызметкері және пациент бөлімі кеңінен ашып талқыласақ.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Наурыз 2024
64
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
450 тг 338 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазіргі таңдағы медицина қызметкерлерінің этикасы, құқығы және медициналық көмек сапасы


Балтабаев Ғаламат Құрманбекұлы

Ғылыми жетекшісі: Жумандыков Бауыржан Ануарбекович, Рабатова Гульжанар Олдасыновна

«Болашақ» жоғарғы медицина колледжі

Қызылорда қаласы



Денсаулық сақтау қызметкерінің Этикалық кодексі (бұдан әрі- Кодекс) кәсіптік медициналық қызметті жүзеге асыру кезінде медицина және әлеуметтік қызметкерлерінің (бұдан әрі- денсаулық сақтау қызметкерлерінің) өз-өзін ұстау ұстанымдарының және этикалық нормалардың жиынтығын белгілейтін құжат болып саналады.   Онда, жалпы ереже, медицина қызметкері және пациент, дәрігерлердің құпиясы, этикалық кодекстің іс-әрекет ету шектері, оны қайта қарастыру тәртібі және оны бұзған кездегі жауапкершілік туралы көрсетілген. Соның ішінде, медицина қызметкері және пациент бөлімі кеңінен ашып талқыласақ.

Медицина қызметкері пациенттерге көрсетілетін медициналық көмектің сапалығына жауап береді. Өз қызметінде ол Қазақстан Республикасының заңдарын, қолданыстағы нормативтік құжаттарды (медициналық стандарттарды) басшылыққа алуға міндетті, бірақ, осы нұсқаманың тараптарында, аурушаңдықтардың ерекшелігін ескере отырып, науқастың мүддесін басшылыққа алу арқылы әр нақты жағдайда аса тиімді болып табылатын профилактикалау, диагностикалау және емдеу әдістері таңдалуы қажет. Қажет болған жағдайда медицина қызметкері өздерінің әріптестерінен көмек алуға тиіс.

Медицина қызметкері пациентті қисынсыз қауіпке ұшыратпауы тиіс, және де өз білімдерін ізгілікті мақсатта қолдануға болмайды. Емдеудің әр әдісін таңдаған кезде медицина қызметкері ең алдымен «Зиян тигізіп қойма» талабына сүйенуі тиіс.

Науқастың жай-күйін нашарлатпайтындай шара қолдануға міндетті қылатын шұғыл көмектен басқа жағдайда, медицина қызметкері пациент екеуінің арасында өзара сенімділік болмаған жағдайда, егер де өзін жеткілікті түрде білікті деп санамаса немесе емдеуді жүргізу үшін қажетті мүмкіндіктері болмаған жағдайда науқасты емдеуден бас тартуға құқығы бар. Мұндай және осыған ұқсас жағдайларда медицина қызметкері ол туралы тікелей басшысына хабарлау үшін барлық шараны қарастыра отырып, науқасқа білікті маманды ұсынуға міндетті.

Медицина қызметкері пациенттің емдеуші дәрігерді, мекемені таңдау құқығын сыйлауы және емдеу- профилактикалық шараларды жүргізу туралы шешімді қабылдауға қатысуын құптауы тиіс. Пациенттің емделуге өз еркімен келісімін медицина қызметкері әдетте науқаспен жеке әңгімелескен кезде алады. Бұл келісім саналы түрде қабылданып, науқас міндетті түрде емдеу әдістері, оларды қолданудан кейін болатын салдар, әсіресе, мүмкін болатын асқынулар, емдеудің өзге де баламалы әдістері туралы хабардар болуы қажет. Пациенттің келісімісіз емдеу- профилактикалық шараларды жүргізуге, пациентітң денсаулығы мен өміріне қауіп төнген жағдайда және оның жағдайды адекватты түрде бағалау мүмкіндігі болмаған кезде ғана рұқсат етіледі. Мұндай жағдайда алқалық шешіммен қабылдаған дұрыс. Психикалық аурушаңдықпен ауратын адамдарды емдеген кезде, медицина қызметкері Қазақстан Республикасының психиатрлық көмек көрсету және оны көрсету кезіндегі азаматтардың құқықтық кепілдемесі туралы заңнаманы басшылыққа алуы тиіс. Баланы емдеген кезде медицина қызметкері оның ата-аналары немесе қамқоршыларына толыққанды ақпарат ұсынып, олардан сол немесе басқа емдеу әдісін жүргізуге немесе дәрімен емделуіне келісімін алуы қажет.

Медицина қызметкері пациенттің ар-намысы мен абыройын қадірлеуі керек, оларға жылы шыраймен қарап, жеке құпиясына деген құқығын сыйлауы тиіс, туыстары мен жақындарының науқастың жай-күйіне алаңдаушылық білдіруін түсіністікпен қабылдауға, сонымен қатар, ол жеткіліксіз, яғни кәсіби себептерсіз пациенттің және оның отбасы мүшелерінің жеке істеріне араласпауы тиіс.

Егер де пациент өзінің келісімін саналы түрде бере алмаса, оның орнына заңды өкілі немесе пациентті үнемі қамқорлыққа алатын адам бере алады.

Пациент өзінің денсаулығы жай-күйі туралы толық ақпаратты алуға, бірақ, сондай-ақ, одан бас тартуға немесе денсаулығы жайлы хабарлауға болатын адамды көрсетуге құқығы бар.  Ақпарат пациенттен, егер оған зиян келтіруі мүмкін деген салмақты негіздеме болған жағдайда ғана жасырын болуы тиіс. Дегенмен, паценттің нақты білдірген талабы бойынша медицина қызметкері оған толық ақпаратты ұсынуы тиіс. Науқас үшін жағымсыз болжам болған жағдайда, мүмкіндігінше қолайлы нәтиже болуы үшін шетін түрде байқап хабарлау қажет. Пациенттің қалауы бойынша медицина қызметкері оның басқа медицина қызметкерінен кеңес алу құқығына кедергі жасамауы тиіс. Медицина қызметкерінің науқаспен сұхбаттасқан кезде өзін өзі жарнамалауға тыйым салынады. Емдеу үдерісі кезінде қателіктер орын алып немесе ойда болмаған асқынулар дамыған жағдайда, медицина қызметкері ол туралы науқасқа, тікелей басшысына хабарлауы тиіс және тез арада туындайтын зияндық салдарын түзетуге бағытталған әрекеттерді жүргізу қажет. Дәрігер, медицина қызметкері кәсіби міндеттерін лақап атты қолданылмай, жәнек өзіне берілген ресми титулын, дәрежесін, атағын көрсетпей, тек өзінің тегі, аты-жөнімен жүзеге асыруы тиіс.

Медициналық этика (лат. ethica, грек тілінен ethice – адамгершілік, моральға үйрену), немесе медициналық  деонтология (грек тілінен deon – міндетті; «деонтология» термині соңғы жылдардағы отандастық әдебиетте кеңінен қолданылды), – медицина қызметкерлерінің олармен өз кәсіби міндеттерін орындаған кездегі этикалық нормалары мен ұстанымдарының жиынтығы.


Этикалық кодекстің әрекет ету шектері, оны қайта қарастыру тәртібі және бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылады. Медицина қызметкерінің бірінші соты - өзінің ар-ожданы. Екінші - бұзушыға өзінің жарғысы және басқа құжаттарға сәйкес жаза беру құқығы бар дәрігерлік қауымдастық түріндегі медицина қоғамдастығы.  Егер этикалық нормалардың бұзылуы бір мезетте Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасындағы ережелерді қозғаса - медицина қызметкері заң бойынша жауап береді. Медицина қызметкері өзінің қылығының ұжымда көпшілік алдында талқылану мен  қоғамдық тұрғыда жазғыратынын білгені жөн. Кодексті қайта қарастыру және оның қағидаларын түсіндіру құқығы Орталықтың Этикалық комиссиясымен қаралады. Кодексті қайта қарастыру тәртібі Орталықтың Этикалық комиссиясымен анықталады. Нақты жағдайларда Кодекстің сол және басқа да қағидалар әр түрлі түсініктеме береді. Осыған байланысты, Орталықтың Этикалық комиссиясы өзінің түсінігін Орталықтың Этикалық комиссиясы мәжілісінің шешімімен ресімдейді. Түсінік Кодекске толықтырулар енгізу түрінде бекітілгеннен соң өз күшіне енеді.

Қорыта келе,

Сырқаттың сана-сезімін түгелдей билеп алу көрінген дәрігердің қолынан келмейді. Ол үшін үздіксіз оқып, білімін жетілдіріп, тәжірибе жинап, жаттығып, үлкендерден үлгі-өнеге алып, өзін-өзі тәрбиелеп машықтануы қажет. Адамның жан-дүниесін, сана-сезімін билеп ала алатындай тума талант касиеті бар адамдардан ғана данышпан дорігерлер шыққаны тарихтан да белгілі. Олар: үнді дорігері Сушрут (IX ғ. б. э д.) қытайлық хирургтер Бянь Цяо (V ғ. б. э. д.) мен Хуа То (ІІ-Ш ғ. б. э. д.), грециялық Гиппократты (460-377 ж. б. э. д.)жерлесіміз Әбу Әли Ибн Сина (980-1037 ж), орыс оқымыстылары Н. И. Пирогов (1810-1881 ж), С. П. Боткин П837-1889 ж.). В. П. Филатов (1875-1956 ж), балалар дәрігерлері Г Н. Сперанский (1873-1967 ж), С. Д. Термонский (і896-1960 ж), қазіргі атақты балалар хирургтері С. Я Долецкий, А. Г. Пугачев, Г. А. Баиров, А. И. Ленюшкин, тәжікстандық А. Т. Пулатов, қазақстандықтар К. С. Ормантаев, К. Қ. Қожақанов. Көп жылдар бойы сан қуып, сапаға көңіл аудармай кетуіміздің салдарынан бүгінгі күні дәрігерлік қабілеті бар жеткіншектер жоғары оқу орындарында білім алып жүр деп айта алмаймыз. Оның бір дәлелі - төмендемей отырған балалар мен аналардың өлімі. Дәрігерлердің сапасын жақсарту үшін не істеу керек?

  • Біріншіден, медицина институтына адамзатқа деген сүйіспеншілігі мол, дәрігер болуға қабілетті жастарды қабылдауымыз керек.

  • Екіншіден, дәрігерлік мамандыққа мектеп жасынан бастап дәрігер болуға бейімі бар балаларды алдын-ала іріктеп алып даярлаған жөн. Оларды іріктеу кезінде тұқымында, отбасында емші, балгер, сынықшы, бақсы болып немесе осымен айналысқан шаңырақтарға баса көңіл аударған дұрыс. Осындай ерекше қасиеттері бар жастарға арнайы медициналық білім берілсе медицинада, биологияда небір ғажайып жаңалықтардың ашылмасына кім кепілдік береді! Бұл біздің болашақ ұрпағымыз үшін қажет.

  • Үшіншіден, оқуға қазақша мектепті бітіріп келіп түскен студенттер үшін барлық сабақты бірінші курстан бастап аяғына дейін ана тілінде жүргізілуі керек. Сонда институт бітірген жастарымыздың арасынан суырылып алдыға шығып, өздерінің шын талант иесі екендіктерін ана тілінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, ана тілінде кандидаттық, докторлық диссертациялар қорғап, дәлелдеп беретін күн де алыс емес.

  • Төртіншіден, оқуға түскен жастарымыздың жақсы дәрігер болу-болмауы тек өздеріне ғана байланысты. Ол үнемі оқып ізденсе, ерінбей-жалықпай еңбек етсе алдына қойған мақсатына жетеді. Халқымыз егеменді, дені сау, мәдениетті елге айналу үшін бүгінгі дәрігеріміз саналы, сауатты, білімділігі мен шеберлігі, мәдениеті мен парасаты жоғары болу керек. Қазіргі білімнен сусындап, студенттеріміз келешекте халқын сүйген жақсы дәрігерлер болып шығуы үшін этика мен деонтология ілімінің атқаратын рөлі зор.

  • Пайдалаған әдебиеттер:

  1. Коммуникативтік дағдылар (М.А.Асимов, С.А.Нұрмағамбетова, Ю.В.Игнатьев)

  2. http://shava.kz/

  3. www.aktobegazeti.k

  4. http://ikaz.kz/



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!