Мақала тақырыбы: «Мен
қазіргі заман педагогымын»
Автордың
аты-жөні: Мұхаметқали Еңлік
Үсембайқызы
Жұмыс
орны: Жамбыл облысы, Қордай ауданы,
Соғанды ауылы №33 соғанды негізгі мектебі
Лауазымы: «Өзін-өзі тану пәні»
мұғалімі
«Мен қазіргі заман
педагогымын»
«Алты алаштың баласы бас
қосқанда қадірлі орын - мұғалімдікі»
М.
Жұмабаев
Әрбір саналы жан бақыт дегенді
жүрек қалауымен өмір сүру, қызмет ету, өзгеге қуаныш сыйлау деп
түсінетін болар. Мен үшін балалармен жұмыс жасау, олардың қуанышы
мен күлкісінен нәр алу бақыт. Мен балалардың жәудіреген
жанарларынан тазалық пен пәктікті, күлкілерінен риясыз тазалықты,
қылықтарынан табиғи сүйкімділікті көремін. Көремін де сүйсінемін,
сүйсінген соң жаным ләззат табады. Баланы жақсы көрмей тұрып,
онымен жұмыс істей алмайсың. Бала үшін әр күн – жаңалық
бастауы. Ол тіпті әр сағат, әр сәт сайын өзіне жаңалық ашып
жатады. Шыққан күн, жауған жауын, соққан жел – ол үшін жұмбақ әлем
құбылыстары. Қолына кітап алып парақтау, қалам ұстап, жазып үйрену
ол үшін үлкен жұмыс. Дана Абай атамыз айтатын бала бойындағы
«білсем, көрсем деген» жан қалауы кішкентай жан иесінің
көкірегіндегі айналадағыны тануға, білуге, көруге деген ұмтылысын
оятып, ӨМІР атты сан бояулы әлемге бастап алып келеді. Бәрін
білгісі, көргісі, естігісі келетін тұлымшағы желбіреген
бүлдіршіннің таусылмайтын сауалдарының жауаптарын бірге іздесіп,
осынау жарық дүниенің сырлы құпияларын бірге ашу құмарлығы мені №33
Соғанды негізгі мектебіне алып келді. Қазір аталған мекемеде
«өзін-өзі тану» пәнінен мұғалім болып қызмет
етемін.
«Жылулық Күннен, ал
мейірімділік - анадан»,- демекші, менің анам Айман Алмасқызы еңбек
сүйгіштік пен ізгіліктің, адамгершілік пен адалдықтың, үлкен
патриотизмнің дәнін өз балаларының бойына дамыта білді. Сол анамның
асыл бейнесі, өз ісіне деген адалдығы менің осы мамандықты
таңдауыма өз ықпалын тигізді.
Мұғалім болу – жай ғана
мамандық емес. Ол – бала жанының бағдаршысы, келешек ұрпақтың
сәулетшісі. Бұдан қазіргі заман педагогы мамандығының үлкен
жауапкершілік иесі екендігін аңғаруға болады. Ұрпақ тәрбиесі, оның
ішінде мектепте оқушыларды тәрбиелеу ісі кәсіби біліктілік пен
білімділікті, ізденімпаздық пен жауапкершілікті талап етеді. Осы
ретте мен өз ісімді шеберлікпен атқарып, өзім қызмет етіп жүрген
мекемеде балаларға заман талабына сай білімдерін жетілдіріп,
шығармашылықпен жұмыс жасауына қолымнан келгенше көмектесуге
тырысамын. Ата–аналар да өз балаларының тәрбиесімен білікті
мамандардың айналысқанын қалайды. Яғни, ол қазіргі заман педагогына
байланысты. Мен жаһандану теңізіне желкенін жайған мемлекетіміздің
ертеңгі алға бастайтын мықты ескегі болатын шағын орталық
бүлдіршіндерін тәрбиелеумен оқу – білім қайнарымен сусындататын
осынау абыройлы мамандығымды мақтан
тұтамын.
Алдымыздағы әрбір бала
қайталанбас бір ғажайып әлем десек, сол әлемнің тұңғиығына
тереңірек үңіліп, оның басқаға ұқсамайтын ерекше қасиеттерін тану,
оның жүрегіне, жан дүниесіне жол таба білу – біздің бұлжымас
борышымыз болып табылады.
Ал бала жүрегіне жол табу үшін
біздің жүрегіміз мейірімге толы, жанымыз нәзік болуы шарт. Онсыз
кішкентай жүрек иесінің қалауын, талпынысын, талабын түсіне
алмасымыз хақ. Бүгінде көзінде күн күлген, тұлымшағы желбіреген
бүлдіршін – егемен еліміздің ертеңі. Ел ертеңін жасайтын ұландарды
тәрбиелеу үшін жоғарғы оқу орнын бітіріп, дипломды болу аздық
етеді. Кәсіби пәндер бойынша алған білімді ғұмыр бойы жан-жақты,
сан алуан тұрғыдан жетілдіру қажет. Атап айтқанда, ұлттық тәрбие
тәлімдерін үйрену, педагогикадағы жаңашыл тәжірибелерді игеру,
әлемдік инновациялық технология жетістіктерін меңгеру және осының
барлығын іс-тәжірибеде қолдана білуіміз
керек.
Өркениетке ұмтылған өз елімнің
қазіргі электронды мәдениет заманы таңғажайып құбылыстарға толы.
Ақпараттық технологиялық дамуы бізді де сол талапқа сай болуға
итермелейді, уақытпен сай болу, заман талабына сай білімді игеру.
Келешегі зор өнеркәсіпті дамыту ол білімді ұрпақ, екіншісінде ол
бүгінгі шәкірт ертеңгі білімді де саналы ұстазға тікелей
байланысты. «Ақылды қалалар – ақылды ұлт үшін» концепциясын қолдай
отыра, Елбасы жолдауында айтылғандай төртінші өнеркәсіптік
революция жағдайындағы тарихи өрлеу бастауында тұрған елімнің
еңбегіне бір тамшы үлес қоссам - арманым
сол!
Мені осы қиын да қызық
мамандық ешқашан жалықтырған емес, қайта өмір сүруге күнен – күнге
құлшынысымды арттырып, жаңа жолдар мен шешімдерді, жаңа әдіс –
тәсілдерді іздеуге итермелейді. Демек бойымдағы жастық жігерімді,
күш - қуатымды, жаңашылдығымды шәкірт тәрбиелеуге жұмсау керек.
Болашақта өсіп – дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына мен
себепкер болған шәкірттерімді биік белестерден көрсем, өзімді
бақытты педагог, бақытты адам ретінде толықтай сезініп білемін. Осы
мақаланы жаза отырып толқыныста болып ойымның қорытындысы ретінде
өз шығармашылығымнан туған мына өлең жолдарын ұсынсам деп
едім.
Ұстаздық етем білім берем
жалықпаймын,
Бейбіт елдің аспанында
қалықтаймын.
Шәкірттерім тұрса озып өзімнен
де,
Бақыттан бас айналып
шарықтаймын.
Арман менен мақсатымды
анықтаймын,
Еңбектенем, ізденемін
қалыспаймын.
Шәкірттерді рухы биік ұлы адам
етіп,
Өмір атты қарияға
табыстаймын.