Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Түсінікті
2024-2025 оқу жылына арналған
қысқа мерзімді сабақ жоспарларын
Жүктеп алғыңыз келеді ме?
Қазтуған жырау
Материал туралы қысқаша түсінік
әдәс тәсілдер бар оқушылар бір бірін бағалаайды
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
09 Желтоқсан 2018
728
0 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Сабақ: Қазтуған жырау Сүйінішұлы | Мектеп: №19 ЖОББМ. | ||
Күні: 16.10.18 | Мұғалімнің аты – жөні:Азаматова Гүлжаухар | ||
Сынып: 7 «в» | Қатысқандар: | Қатыспағандар: | |
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: | 7.Т/Ж 2: Әдеби шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдау. | ||
Сабақ мақсаттары: | Барлық оқушылар орындай алады: Көркем шығармадағы кейіпкер бейнесін аша алады. | ||
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Үзіндіні жатқа айтып бере алады. | |||
Кейбір оқушылар орындай алады: Оқулықтағы тапсырманы орындап, топ бойынша жұмыстана алады. | |||
Бағалау критерийлері | Жетістік критерийлері | ||
Алдыңғы оқу: | Жиембет жырау Бортоғашұлы. | ||
Жоспар: | |||
Жоспарланған уақыт: | Мұғалімнің қызметі: | Оқушының қызметі: | Бағалау түрлері. |
Сабақтың басы (7 минут) Сабақтың ортасы 23 минут Сабақтың соңы 10 минут | Мұғалім оқушылармен амандасады.Психологиялық сабаққа дайындық, яғни оқушылардың көңіл күйін сабаққа икемдедім Үй тапсырмасын тексеру.«Жасырын есім» әдісі бойынша оқушылардан үй тапсырмасы сұралады. «Серпілген сауал» әдісі.1.Жиембеттің арғы атасы кім?2.Жиембет жыраудың халық арасына кең тараған жырларының бірі?3.Жиембет жырау қай ғасырлар аралығында өмір сүрген?4.Жиембет өз заманында қай ханның кеңесшісі болды.5.Жыраудың әкесінің есімі кім?6.Жиембет жырау қай рудан шыққан?7.Жиембет батыр 1620 жылы қай тайпамен соғысты. 8.Жыраудың інісінің есімін атаңыздар? Жаңа тақырыпҚазтуған жырау Сүйінішұлы Атақты жырау Қазтуған Сүйінішұлы шамамен 15ғасырдың 20-30 жылдарында Еділ бойында дүниеге келген .Жыраудың өмірі туралы нақты деректер сақталмаған.Әкесінің аты-Сүйініш, анасының аты-Бозтуған.Қазтуған жырау ноғайдың Едисан ордасының билеушісі Сүйініш мырзаның ұлы. Сүйініш мырзаның Қазтуғаннан басқа Азамат және Әдіжі атты тағы екі ұлы болған. Оның арғы ата-бабалары Ноғай Ордасының билеушілері еді. Әкесі Сүйініш Абдоллаұлы Еділ бойында өмір сүрген, кейін Қобан жаққа өтіп кеткен. XVII ғасырдың екінші жартысында жазылған орыс деректерінде Сүйініш мырзаның аты жиі айтылады. Ресей мемлекеттік архивінің көне актілер жөніндегі бөлімінің «Ноғай істері» қорында Сүйініш мырзаның және ноғай ұлысының 1660 жылдарға дейінгі деректері сақталған. Қазтуғанның шежіресі былайша таратылады: Едіге би - Нұраддин - Уаққас - Мұса - Ысмайыл би - Дінбай би - Тінікей - Абдолла - Сүйініш - Қазтуған. Қазтуғанның есімі алғаш рет тарих беттерінде 1673 жылы аталады. Орыс деректерінде оның есімі Тоған деп көрсетілген. Осы жылы қалмақ билеушісі Аюке хан өзінің бірнеше тайшысымен бірге Астрахан басшыларының алдына барып, орыс-қалмақ келісіміне қол қойып, аманат сарайындағы ноғайдың жас мырзасын босатуды сұраған. Қалмақ тайшылары мұндай қадамға едисан ноғайларының мырзасы Сүйініштің сұрауы бойынша барған болатын. Олар Сүйініштің патша алдындағы абыройлы істерін еске салды. Алайда, бұл сұрақтың жауабын Астрахан билігі емес, Мәскеудегі патшаның өзі беру керек еді. Осы кезде іске қабардин кінәзі К.М. Черкасский араласып, соңғы шешімді ұлық патшаның өзі хабарлайтынын айтып, қалмақ делегациясын жылы шыраймен шығарып салады. Қазтуған 1696 жылы ұзақ жылдар бойы Қалмақ хандығына тәуелді болған Едисан ұлысын бастап, Еділ бойынан Қырым хандығына тиесілі Қобанға көшіп кетеді. Қазтуғанның есімі соңғы рет 1698 жылғы деректе аталады. Онда Едисан ордасының мырзалары Тоған мен Гидемирдің Қобанның сол жағалауында орын алған жұтқа байланысты Мәскеуге Бейшім аға бастаған елшілікті жібергені жазылған.1-тасырма Оқушыларды шығармашылыққа баулу. «Отан, туған жер, батырлық» жайында өлең шығару. 2-тапсырма «Ой шоғыры» әдісі бойынша тапсырмаларды орындайды.Оқушылар мақал-мәтелдің жалғасын табады . Туған жердің ауасы да шипа, Туған жердің жуасы да тәтті. Туған жердің тасы да таныс Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық Туған жердің түйе жейтін жапырағы да, түйе аунайтын шаңдақ топырағы да дәрі Туған жердің жуcаны жұпар Туған жердің күні де ыстық, күлі де ыстық. Туған жердің қадірін шетте жүрсең білерсің. Туған жерге туың тік. Туған елдің түтіні күйесіз. Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас. Кімнің жерін жерленсең, Соның жырын жырларсың. Бекіту.1. Қазтуған Сүйінішұлы осындай артына мол мұра қалдырған жыраулардың бірі. Ол тек жырау, рубасы, батыр,әскербасы ғана емес, күйші екенін де айта кету керек. Мақал-мәтел. Смайлик арқылы бағалау. Үйге тапсырма: «Жырау боп менде сөйлейін...» тақырыбында ойтолғау жазып келу. Кері байланыс: «Білім ағашы » Рефлексия.«Жинақтау» сабақтан алған қызықты ақпаратын жазады. | «Жыраулар», «Жыршылар», «Билер» болып топқа бөлініп отырады.Әр топ өздерінің топ атаулары бойынша мәлімет қарастырып отырады. «Жасырын есім» әдісі арқылы оқушылардан үй тапсырмасы сұралады. «Серпілген сауал» әдісі бойынша оқушыларға сұрақтар қойылып, жауабы алынады.1.Алау батыр2.«Еңсегей бойлы Ер Есім» жыры3.XVI XVII ғасырлар аралығында өмір сүрген.4.Есім ханның кеңесшісі.5.Бортоғаш.6.Алшын руынан шыққан.7.Ойраттармен8.Жолымбет Оқушылар жаңа тақырыппен танысып,түсінік қалыптастырады. Тапсырмаларды орындауға дағдыланады.Оқушылар өз ойларын жинақтап, түсінік қалыптастырады. Әдіжі атты тағы екі ұлы болған. Оның арғы ата-бабалары Ноғай Ордасының билеушілері еді. Әкесі Сүйініш Абдоллаұлы Еділ бойында өмір сүрген, кейін Қобан жаққа өтіп кеткен. XVII ғасырдың екінші жартысында жазылған орыс деректерінде Сүйініш мырзаның аты жиі айтылады. Ресей мемлекеттік архивінің көне актілер жөніндегі бөлімінің «Ноғай істері» қорында Сүйініш мырзаның және ноғай ұлысының 1660 жылдарға дейінгі деректері сақталған. Қазтуғанның шежіресі былайша таратылады: 1-тапсырма оқушылар отан ,туған жер туралы өлеңдерін шығарады 2-тапсырма «Ой шоғыры» әдісі бойынша тапсырмаларды орындайды.Оқушылар мақал-мәтелдің жалғасын табады .Ит тойған жеріне, Ер туған жеріне Жақсы жігіт жер шолып, Ақыр түбі айналар. Жеріңнен аусаң, жақсы атыңды қалдыр Бөтен жердің гүлініен Туған жердің тікені артық Барар жерің балқан тау, Ол да біздің барған тау. Әркімнің өз жері — жұмақ. Туған жер – тұғырың, Туған ел – қыдырың. Туған жер алтын бесік Акқу көлін аңсайды, Адам туған жерін аңсайды. Кері байланыста оқушылар сурет қиындылардының артына бүгінгі сабақтан не білді және нені білгісі келеді? Туралы жазады сурет қиындыларын құрастырады. Оқушылар тақтаға ілуді тұрған суретке стикер жапсырады. Сабақтан алған әсерлерімен бөліседі. | Оқушыларды «таңба» арқылы бағалап отырмын. Оқушылар қол шапалақтау арқылы бағаланып отырады. Смайликтер арқылы бағаланып отырады. Стикерлер таратылады, оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерін жазады. |
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)