Материалдар / Қазыбек би «Кім жақын, не қымбат, не қиын?»9 «Б» cынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Қазыбек би «Кім жақын, не қымбат, не қиын?»9 «Б» cынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ әдебиеті пәнінен 9-сыныпқа жаңартылған бағдарламаға сәйкес құрылған. Ұстаздарға көмектеседі деп ойлаймын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Қараша 2019
12671
5 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Сабақ:Қазақ әдебиеті 3-сабақ

Мектеп:№231

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:Баекешова Анар Куттыбаевна

Сынып:9 «Б»

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Бөлімі: Атадан қалған асыл сөз

Қазыбек би «Кім жақын, не қымбат, не қиын?»

Осы сабақта қол жеткізіетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.Б/С.3. Шығарманың идеясын ғаламдық тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазу

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушы орындай алады: Шығарманың идеясын ғаламдық тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазады.


Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Шығарманың идеясын түсінеді, ойын жүйелі жеткізеді.

Кейбір оқушылар орындай алады: Шығарманың идеясын ғаламдық тұрғыдан талдайды, өз көзқарастарын білдіре отырып әдеби эссе жазады.

Бағалау критерийі

  1. Шығарманың идеясын ғаламдық тұрғыдан талдайды.

  2. Өз көзқарастарын білдіре отырып, әдеби эссе жазады.

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:

Диалог құруға, шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:Алтын ұя, мейірімді ана, асқар тау, таусылмайтын дау, шанышқылаған сөз, туған ел, сүйген жар, жазылмайтын дерт

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Қымбат, ағайын, бауырмал, келін, адал, қарындас, дос, немере, шөбере, жансерік

Талқылауға арналған сұрақтар:

1.Қазыбек би толғамдарының мәні неде?

2.Сіздің өміріңіздегі ең қымбат адам кім?

3. Қазыбек бидің айтқан қиындығынан басқа сіздің тағы қосарыңыз бар ма?


Құндылықтарға баулу

Өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау, достық және айналадағыларға құрметпен қарауға баулу

Пәнаралық байланыс

Тарих, өзін өзі тану

Тақырып бойынша алдыңғы білім

Қазыбек бидің өмірі мен шығармашылығымен таныс, толғаудың мағынасы мен идеясын біледі

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

9-сыныпқа арналған Қазақ әдебиеті «Атамұра» баспасы оқулығы Ақтанова А.С., Жүндібаева А.Қ, Жұмекенова Л.К


Сабақтың басы


6 минут













































Сабақтың ортасы

29 минут






















Ұйымдастыру кезеңі. Жылы сөз айту арқылы сыныпта жағымды ахуал орнату.

Ж.Ж «Өзіңізге тілегенді – басқаларға тілеңіз!» жаттығуы 
Әр оқушыға 10 -15 секунд уақыт аралығында ішінен өзіне бір немесе бірнеше ізгі тілек тілеу тапсырылады. Содан кейін қатысушылар жұпқа бөлініп, бір- бірінің қолынан алып, жаңағы өзіне тілегенді жұптасына айту керек. 

Қазыбек бидің «Кім жақын, не қымбат, не қиын?» толғауынан үзінділер келтірілген қима қағаздары арқылы 3 топқа бөлінеді.

1-топ: Кім жақын?

Адал болса, досың жақын,

Еркелейтін немерең жақын.

Жан серігің жас кезіңнен

Бәрінен де әйелің жақын.

2-топ: Не қымбат?

Алтын ұяң – Отан қымбат.

Құт-берекең атаң қымбат.

Аймалайтын анаң қымбат.

Мейірімді апаң қымбат.

3-топ: Не қиын?

Арадан шыққан жау қиын.

Таусылмайтын дау қиын.

Шанышқылаған сөз қиын.

Дәл осындай жағдайда,

Пана болмас өз үйің,

Жазылмаса дерт қиын.

Үй тапсырмасын сұрау. «Тізбек» әдісі арқылы топтар өздеріне берілген бөлімдері бойынша толғауды жатқа айтып шығады.

Қ.Б. «Үш шапалақ» (бағалау тақырыпқа сай бейім, марапат түрінде)

Кері байланыс: Мұғалім тарапынан қойылған сұрақтарға жауап алынады.

1. Қазыбек бидің толғауын шешендік толғау дейміз. Неліктен?

2. Толғаудың идеясы қандай?

3. Сөз тіркестерін қандай шеберліпен қолданған?

Оқушыларға жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіремін.

Топтық жұмыс. «Жалғастыр» әдісі арқылы топта талқылайды. (Постер қорғайды)

1-топ: Қазыбек би толғауларының мәні неде?

2-топ: Сіздің өміріңіздегі ең қымбат адам кім?

3-топ: Қазыбек бидің айтқан қиындығынан басқа сіздің тағы қосарыңыз бар ма?

Қалыптастырушы бағалау. Жылы сөздер (Жарайсыздар! Керемет! Тамаша!)

Кері байланыс: «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісі

Жұптық жұмыс. «Екі жақты күнделік» әдісі арқылы толғаудан алынған үзінділермен жұмыс жасап, өз пікірлерін білдіру

Берілген үзінді

Менің көзқарасым

Алтын ұяң – Отан қымбат.

Құт-берекең атаң қымбат.

Аймалайтын анаң қымбат.

Мейірімді апаң қымбат.

Асқар тауың - әкең қымбат.

Туып-өскен елің қымбат.

Ұят пенен ар қымбат.

Өзің сүйген жар қымбат.


Қалыптастырушы бағалау. «Мадақтау сэндвичі» арқылы оқушы жұмыстарына бағалау жүргізіледі.

Жеке жұмыс. «Ой толғаныс» стратегиясы немесе эссе жазу әдісі.

«Кім жақын, не қымбат, не қиын?» деген шешендік сөз идеясына мән бере отырып, ғаламдық тұрғыдан талдап, «Менің өмірдегі ең қымбат адамым» тақырыбында әдеби эссе жазыңыз

Дескриптор:

1.Эссенің тақырыбына сай жазады..

2.Ғаламдық тұрғыдан талдай отырып, әдеби эссе жазады.

3. Әдеби эссенің құрылымын сақтайды (Кіріспе бөлім, негізгі бөлім, қорытынды бөлім)

4. Сөз санын сақтайды (180 сөз)

5. Емле ережесін сақтайды

Қалыптастырушы бағалау. Бағалау парағы

«Интербелсенді әдістер» А.Әлімов

165-бет







Қима қағаздар









9-сыныпқа арналған Қазақ әдебиеті «Атамұра» баспасы оқулығы Ақтанова А.С., Жүндібаева А.Қ, Жұмекенова Л.К














Плакат, маркерлер





























Сабақтың соңы

5 минут



Үй тапсырмасын беру. Авторға хат жазу

Рефлексия. «Қоржын» әдісі арқылы алған білімдерін көрсетеді.



Қосымша ақпарат

Оқушыларға алтын ұя, мейірімді ана, асқар тау, таусылмайтын дау, шанышқылаған сөз, туған ел, сүйген жар, жазылмайтын дерт сияқты тірек сөздерді бере отырып, өлең немесе әңгіме жазуға тапсырма беремін.


Саралау-Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?

Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай текеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Топтық, жұптық жұмыстар барысында ашық сұрақтар тастау арқылы оқушылардың өз ойларын анық жеткізе білуге дағдыландыру. Топтық, жұптық жұмыста Кестемен жұмыс әдісі арқылы жадаяттық тапсырмалар орындайды. Әдеби эссені ғаламдық тұрғыда талдап жазады.

Қалыптастырушы бағалау арқылы қателерінің себебін немесе қолпаштау себебін түсіну әрекеттерін дамытуға тырысамын.

Oқушыларды әр тапсырмадан соң бағалау критерийлері және дескриптор арқылы ҚБ формасын ұсынамын. Oқушылардың өзін-өзі бағалау, топтар арасында, жұп арасында ҚБ жүргізеді.

  1. Мадақтау арқылы

  2. «Үш шапалақ»(бағалау тақырыпқа сай бейім, марапат түрінде)

  3. «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» (топтарда өзара бағалау)

  4. «Мадақтау сэндвичі»

Оқушының көңіл-күйлері басты назарға алынып, жағымды психологиялық орта орнатылуын ескеремін. Оқуға/үйренуге деген ықылас-ынтасын арттыру мақсатымен сабақтың әр қадамында қызығушылығын ояту әрекеттерін ұйымдастырамын.


Рефлексия

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы сіздің сабағыңыздың тақырыбына сай келетін сұрақтарға жауап беріңіз

Сабақ оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Сабақтың мақсаты мен міндеттері орындалды деп ойлаймын. Себебі менің құрған мақсатым бағдарламада көрсетілген оқу мақсаты негізінде жасадым. Сабақ мақсаттары оқу пәніне сәйкес анық әрі шынайы, уақытқа шақталып есептелді. Тапсырмалар мақсатқа сәйкес болды және оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай келеді.

Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды?

Сабақ барысында оқушылар өзара талқылаулар мен тұжырым жасауды, бірін-бірі шынайы бағалауды үйренді. Балалар өздеріне берілген тапсырмалар қызықты болғандықтан, топта, жұпта белсене қатысып отырды.

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Оқушыларға берілген тапсырмалар жүйелі әрі тиімді болғандықтан, топта, жұпта, жеке жұмыс кезінде шығармашылық дағдылары қалыптасты.

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

Сабақты жоспарлауда оқу мақсаты мен сабақ мақсатын жасауда уақытқа негіздеп, оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып жасалғандықтан, белгіленген уақыт ішінде орындатып үлгердім.

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Жұптық жұмысқа “Сұрақ-жауап” әдісін алған едім, бірақ оқушының ойын дамытуға жетелейтін “Екі жақты күнделік” әдісін алуды ойладым.


Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

  1. Оқушылар жұптық тапсырмада берілген жұмысқа өз көзқарастарын жүйелі жауап берді.

  2. Оқушыларға орындатуға берілген тапсырмалар оқу мақсатына сәйкес келді.

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не себеп болар еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

  1. Сабақ барысында берілген тапсырмаларды беру барысында түрлі әдіс-тәсілдерді кеңінен пайдалану.

  2. Оқушылардың ойлау дағдыларын жүйелі қалыптастыру.

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістігі/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым , келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?

  1. Жекелеген оқушылармен жұмысты жандандыру.

  2. Оқушыларға берілген жұмыстарды орындатуда еркіндік беру
















































Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!