Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
қимыл қозғалыс ойыны "Дарабоз"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің Ғаббас Жұмабаев атындағы Боровской орта мектебі»ММ
«Дарабоз - қимыл ойыны» үйірмесінің бағдарламасы
Сынып: 4 «Ә»
Мұғалім: Махмутова С.М.
2015-2016 о/ж
Түсінік хат
Білім берудің бүгінгі негізінде тек саналы,білімді оқушы ғана емес, сонымен қатар дені сау тұлғаны қалыптастыру мақсаты да тұр. Қазіргі заман талабына сай мектепте денсаулықты сақтай отырып оқытатын ортаны қалыптастыруда бірқатар жаңа технологиялар көмегін тигізе алады. Осы орайда «Білім берудегі бала денсаулығын сақтау технологиясын» пайдалана отырып «Дарабоз» ойынын енгіздім. Тәуелсіз қазақ елінің ертеңгі ұл-қыздары уақыт рухына лайықты жан-жақты жетілген азамат болып өсуі тиіс.Ол үшін білім алушыларымыз ұлттық мәдениетіміздің мәйегімен бірге, өзге ұлттардың да рухани дүниесінен нәр алуы керек. Сол себеппен осы жинаққа басқа ұлт балаларының ойындарын да енгіздім.
Бағдарлама бұдан әрі қарай мектепте оқытуға балалардың тұлғалық қасиеттерін, денсаулығын сақтау мен нығайтуға, шығармашылық белсенділігін коммуникативтік дағдыларды қалыптастыруға, рухани-адамгершілік және эмоциялық-еріктік қасиеттерін дамытуға бағытталған.
Бағдарлама бастауыш білім берудің сабақтастығы мен үздіксіздігін қамтамасыз етеді, баланың зияткерлік және дене дамуына жағдай жасайды.
Бағдарламаның мазмұны балалардың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оларды жан-жақты дамытуға бағытталған «Ұлттық ойындар», «Достық», «Шығармашылық» бөлімдері арқылы іске асады.
Дұрыс ұйымдастырылған ойын оқушылардың танымдық зейінін, қабылдауын, жылдамдықтарын, күш-қуатын, төзімділігін және икемділігін қалыптастырып, оқуға деген ынталарын арттыра түседі. Ал ұжымдық ойын түрлерін ұйымдастыру арқылы оқушылар достыққа, бірлікке және өз бетімен әрекет жасауға, өз ойын айта білуге дағдыланады. Әсіресе таза ауада ұйымдастырылған ойын маңызды сауықтыру міндетін атқарады, ағза жұмыс қызметін жақсартады, сонымен қатар белсенді демалыс құралы ретінде қолданылады. Бұл ойын түрлері оқушылардың денсаулығын нығайтумен қатар қызығушылықтарын арта түседі.
«Дарабоз - қимыл ойынының мақсаты:
-
Білім алушыларға салауатты өмір сүрудің маңыздылығын түсіндіру, күнделікті өмірде салауатты өмір салтын ұстануға әдет дағды қалыптастыру, өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу және дені сау , қауіпсіз болашақты таңдауға баулу.
Міндеттері:
-
денсаулықты нығайту, ағзаның қызметтік мүмкіндіктерін арттыру және негізгі физикалық (дене) қасиеттерін дамыту;
-
дамыту және сауықтыру бағытындағы дене жаттығулары, спорт түрлерінің іс-қимыл әдістері мен техникасы арқылы қимылдық тәжірибені байыту, қимыл-қозғалыс мәдениетін қалыптастыру;
-
өз денсаулықтарына ықтиярлықпен қарау, денсаулықты сақтау мен нығайту қажеттілігін қалыптастырып тәрбиелеу;
-
ұжымдық ойын әрекеттерінде ұжымдық әрекеттестік пен ынтымақтастықтың межелерін сақтау.
Күтілетін нәтиже:
-
Білім алушылар салауатты өмір сүрудің маңыздылығын түсінеді, күнделікті өмірде салауатты өмір салтын ұстануда дағды қалыптасады, өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарайды және дені сау , қауіпсіз болашақты дұрыс таңдайды.
«Дарабоз - қимыл ойын» үйірмесінің бағдарламасы
Жалпы саны – 34 сабақ
№ |
Тақырыбы |
Сағат саны |
|
|
I бөлім «Достық» - 13 сағат |
|
|
1 |
Дарабоз спорттық интеллектуалды сайыс |
1 |
|
2 |
«Орын алмастыру» «Қуып жет» |
1 |
|
3 |
«Қызыл жалау», «Бояулар» |
1 |
|
4 |
«Он шыбық», «Қашақ», |
1 |
|
5 |
«Көген тартыс», «Салт аттылар» |
1 |
|
6 |
"Кенгуру", "Ара" |
1 |
|
7 |
«Допты жүргізушіге берме» |
1 |
|
8 |
«Допқа тигіз» |
1 |
|
9 |
«Арқар» |
1 |
|
10 |
«Қу түлкі қуып жет!» |
1 |
|
11 |
«Үйшіксіз қоян» |
1 |
|
12 |
«Айқұш-ұйқыш лақтыру» |
1 |
|
13 |
«Ақпыз,қара, сарымыз!» жарыс сабағы |
1 |
|
|
II бөлім «Ұлттық ойын» - 10сағат |
|
|
1 |
Ат үстіндегі ойындар; «Көкпар» ойыны |
1 |
|
2 |
Ашық алаңқайдағы ойындар; «Асық» ойыны |
1 |
|
3 |
Қарсыласу мен күресу сипатындағы ойындар; |
1 |
|
4 |
«Бәйге» ойыны |
1 |
|
5 |
Қыс мезгіліндегі ойындар; |
1 |
|
6 |
Аттракциондық-көрініс ойындар.
|
1 |
|
7 |
«Ақшамшық» (сақина салу) - қазақ халқының ерте заманнан келе жатқан дәстүрлі ойыны |
1 |
|
8 |
«Ақсүйек» - жазғы ойын |
1 |
|
9 |
Жануарлар бейнесін елестетіп ойнайтын ойындар: соқыр теке, т.б.; |
1 |
|
10 |
Мүліктік бұйымдарды қолданып ойнайтын ойындар:шалма,орамал тастау, т.б. |
1 |
|
|
III бөлім «Шығармашылық» -10 сабақ |
|
|
1 |
«Мақал – сөздің мәйегі» ойын сабақ |
1 |
|
2 |
«Сандар сыры» математикалық ойыны |
1 |
|
3 |
«Ойлы болсаң,озып көр!» зияткерлік сайыс |
1 |
|
4 |
«Қас қағым сәтте» ойыны |
1 |
|
5 |
«Біз және театр» ойыны |
1 |
|
6 |
«Алтын ұрпақ» иннтел ойын |
1 |
|
7 |
«Менің сүйікті ертегім» сомдау ойыны |
1 |
|
8 |
«Мен және Спорт» сайыс |
1 |
|
9 |
«Дені саудың – тәні сау» эссе |
1 |
|
10 |
Зияткерлік ойын |
1 |
|
Пайданылған әдебиеттер
1.Г.Дүкенбаева. Ғ.Қойбаева «Жасырынбақ» 1994 ж. Алматы.Рауан.
2. Құрманбаева С.К. Ұлттық ойындардың бүгіні мен келешегі / Қазақстан мектебі. - Алматы, 2004.
3. Несіпбаев Б.К. Ұлт мәдениеті мен өнері / Білім. - Алматы, 2003.
4. Атабаев А.С. Ұлттық ойындар - халық мұрасы /Ұлт тағылымы. – Алматы, 2006.
5. Наурызбаев Ж. Ұлттық мектептің ұлы мұраты / Ана тілі. - Алматы 1995.
6. Сағындықов Е. Қазақтың ұлттық ойындары / Оқулық. - Алматы, 1991.
7. Төтенаев Б. Қазақтың ұлттық ойындары / Оқулық. - Алматы, 1994.
Сабақтың тақырыбы: Дарабоз спорттық интеллектуалды сайыс
«Дарабоз» спорттық
интелектуалдық турнир
(сыныптан тыс жумыстар)
Мақсаты:
Оқушылардың спорт туралы білімін теория жүзінде байқау.
Ойлау қабілеттерін жетілдіру.
Салауатты өмір салтын насихаттау.
Көрнекіліктер: интерактивті тақта
Турнирдің шарты:
I тур: Сөре. Викториналық сұрақтар.
II тур: Мәре. Пирамидалардағы сұрақтарды таңдау.
III тур: Чемпион. 30 секунд ішінде сұрақтарға жауап беру.
Ескерту: I ші және III ші турда әр дұрыс жауапқа 10 ұпай
беріледі.
Қатысытындар: 4 сыныптар ішінен 6 оқушы қатысу керек. Ойын соңында
дарабоз анықталады.
I тур. Сөре:
Олимпиада ойындарының авторы кім? / П. Кубертен
Әйгілі футболшы Пеленің шын есімі кім? ( Энду Арантис Ду
Насименти)
2011 жылы Қазақстанда өткен 7 - қысқы Азия ойындарының тұмар
белгісінде қандай жануар белгіленген? ( алан - Ирби)
Қазақтан шыққан тұңгыш гимнастшы қыз кім? ( Ә. Юсупова)
Билярд ойнында шарды ұратын таяқ қалай аталады? ( Кии)
Ми жұмысына арналған қазақтың ұлттық ойыны қалай аталады? (
тоғызқұмалақ)
Әлемдік аренада жүлделі орындардан көрініп жүрген қазақстандық
шабандоз кім? ( А. Винокуров)
«Биатлон» қандай спорт түрі? ( Шаңғымен сырғанау, мылтықпен нысыны
көздеу)
Ең алғашқы Олимпиада ойындары қай елде өтті? ( Афины. Грекия)
«Футбол» сөзі қандай мағына береді? (фут аяқ, бол доп)
Сопақ доппен ойналатын спорттық ойынды қалай атайды? (регби)
2000 жылы Австралия. Сидней олимпиадасының Қазақстандық бокс
чемпионы кім? (Б. Саттарханов)
Мектептерде Президенттік сынақтарды нешінші сыныптар тапсырады?
1980 жылы Мәскеу Олимпиадасының күміс жүлдерегі, Қазақтың біртуар
боксшысы кім? (С. Қонақбаев)
II тур. Мәре:
Спорт ойындары.
30 ұпай
Футболдан ең алғашқы әлем чемпионаты қай елде өткізілді?
(Уругвай)
20 ұпай
Хоккей ойыны қай мемлекетте пайда болды? (Канада)
Футболда «хет трик» термині қандай мағына береді? (бір ойыншы
қатарынан үш гол соқса)
10 ұпай
Волейбол сөзі қандай мағына береді? (волей ұшу, бол доп)
Баскетбол ойынының авторы кім? (Джеймс Нейсмит)
Футболда, алаңда қанша ойыншы қалғанда ойын тоқтатылады?(7
адам)
Жекпе – жек
ұпай
Күш атасы Қажымұқан жарысқан спорт түрі? (грек рим күресі)
20 ұпай
1980 жылы Мәскеу Олимпиадасының күміс жүлдегері, Қазақтың біртуар
боксшысы кім? (С. Қонақбаев)
1980 жылы Мәскеу Олимпиадасында грек рим күресінен алтыннан алқа
таққан қазақ азаматы кім? (Ж. Үшкемпіров)
10 ұпай
Бекзат Саттарханов Сиднейдегі жеңісін кімге арнады? (Түркістан
қаласының 1500 жылдығына )
Армрестлинк қандай спорт түрі? (Қол күрес)
Әтештер сайысы қалай ойналады? (иықпен тіресіп, ойыншыны алаңнан
шыгару)
Түрлі – түрлі
30 ұпай
1. Қазақтың ұлттық ойыны тоғызқұмалақта неше отау, неше қазан, неше
тас болады? (162 тас, 18отау, 2 қазан)
20 ұпай
Мұздағы би қалай аталады? ( Мәнерлеп сырғанау)
Күш қандай спорт түрінен пайда болады? ( атлетикалық
гимнастика)
ұпай
«Сөреге тұр, дайындалыңдар, жүгіріңдер!» қандай уақытта айтылады? (
сөреден жүгіру кезінде)
Алға домалау, артқа домалау, жауырынға тұру бұл - ( акробатикалық
жаттығулар)
Шахмат ойынында қанша түрлі фигура болады? Атаңыз. ( Пешка, слон,
ат, ладья, ферз, король)
Женіл атлетика
30 ұпай
Лондон Олимпиадасында О. Рыпакова қандай сайыста алтын медальды
иеленді? ( ұзындыққа 3 қарғып секіруде)
20 ұпай
Сидней Олимпиадасында Ольга Шишигина қандай қашықтыққа жүгіруде
алтын медальға қол жеткізді? ( 100м)
«Спорт падишасы» деп қандай спорт түрін атайды? ( женіл
атлетика)
10 ұпай
Спринтер қандай спортшы? ( қысқа қашықтыққа жүгіруші)
Бұл қай сабақтың бөліктері: жүру, жүгіру, секіру, лақтыру
жаттығулары. ( жеңіл атлетика)
Әмин Тұяқов қай жылы, қайда, қанша метрлік қашықтықтан рекорд
жаңартты? (КСРО, 1965 ж 200 метр)
III тур: Чемпион
Бокс алаңы қалай аталады? ( ринг)
Доп пішіні қандай? ( дөңгелек)
Футболшы Армандо Диего фамилиясы? (Марадонна)
Баскетбол сөзінің мағынасы? ( себет доп)
Футболдан соңғы әлем чемпионаты өткен ел? ( Оңтүстік Африка)
Мұзда сырғанайтын аяқ киім? ( коньки)
Медаль металдарын атаңыз? ( алтын, күміс, қола)
Қажымұқанның фамилиясы? ( Мұңайтпасов)
Футболда бір тайм уақыты? ( 45 минут)
Тур Де Франс қандай жарыс? ( Велосипедшилер)
Параолимпиада деген не? ( мүгедектер олимпиадасы)
Дзюдо кілемі қалай аталады? (татами)
Қазақтың жігіті мен қызы ат үстінде ойнайтын ұлттық ойыны? ( қыз
қуу)
Олимпиада сөзінде неше әріп бар? ( 9)
Илья Илин кім? ( 2 дүркін олимпиада чемпионы)
Лондон Олимпиадасында қазақстан спортшылары неше алтын алды?
(7)
Хоккей деген не? (мұз айдынында өтетін спорттық командалық
ойын)
Олимпиада сақинасы нешеу? (5)
Қысқы Азия ойындары соңғы рет қай елде өтті? (Қазақстан. Астана –
Алматы қалалары)
Ұлттық ойындарды ата? ( арқан тартыс, алтыбақан, асық, көкпар,
тоғызқұмалақ т. б)
Қорытынды.
Марапаттау кезеңі. Әділ қазылардың есебін тыңдау. Жүлдегерлерді
анықтап, арнайы сыйлықтар мен дипломдар тапсыру.
Сабақтың тақырыбы: «Орын алмастыру» ойын.
Мақсаты: құрал-жабдықсыз ойнайтын ойындар: айгөлек, ақсерек-көксерек, шымбике, мәлке тотай, тоқтышақ, шертпек, жасырынбақ, бұғынай, т.б. ойындардың түрлерімен және ойын ережесімен таныстыра отыра төзімділікке, ептіліке дағдыландыру.
Дамытушылығы: Тіл байлығын, сөйлеу қорын,
шығармашылық танымдық қабілетін
дамыту.
Тәрбиелілігі: Оқушыларға денсаулықты сақтауға
және табиғатты сүюге, салауатты өмір салтын сақтай отырып спорт
түрлерімен айналысуға
үйрету.
Типі: ойын
сабақ
Көрнекілігі: Жұмбақтар, суреттер, сызбалар,
кестелер, мақалдар.
Әдісі: Әнгімелеу, сұрақ жауап, топпен жұмыс,
түсіндіру.
Пән аралық байланыс: Дене шынықтыру,
дүниетану.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру
кезеңі.
Дайындық бөлімі. Дамыту жаттығуларын жасау. Әуен бойынша билеу.
Негізгі бөлім.
Құрал-жабдықсыз ойнайтын ойындар: айгөлек, ақсерек-көксерек, шымбике, мәлке тотай, тоқтышақ, шертпек, жасырынбақ, бұғынай, т.б. ойындардың түрлерімен және ойын ережесімен таныстыра отыра топпен ойнау.
ӨҚЕ еске салу.
Ойынның мазмұны.
Оқушылар екі топқа бөлініп «Ақсерек-көксерек» және «Айгөлек» ойынын ойнайды.Ойын барысында ережені қатаң сақтау талап етіледі.
Ойын ережесі
Топпен ойнау, ӨҚ сақтау және ойын шартын бұзбау.
Әдістемелік нұсқау.
Оқушылардың шекара сызығын баспауын және ойын кезінде бірін – бірі итермеуінқадағалау.
Қорытынды бөлім.
Ойынды қорытындылау.Жеңімпаздарды анықтап,марапаттау
Сабақтың тақырыбы: « Қуып жет» ойыны
Сабақтың мақсаты:
-
Оқушылардың допты менгеруін арттыру, ойыны мәдениетін қалыптастыру.
-
Жылдамдық, күштілік, ептілік қасиеттерін дамыту
-
Ұйымшылдыққа, батылдыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: _Қозғалмалы ойын
Құрал жабдықтар : Ысқырық , добы
Сабақтың өтетін орны: Спорт зал
Сыныбы : 4 сынып
Дайындық бөлімі
Сапқа тұру түзел тік тұр сәлемдесу, оқушыларды түгендеу,саптық жаттығулар оңға, солға бұрыл кері айнал .
Жалпы дамыту жаттығулары: спорт залды айланып жайлап жүру, жүгіру,тізені биік көтеріп жүгіру, оңға және солға қарай тіркеме адыммен жүгіру, артпен жүгіру, алмен жүгіру.қаз жүріс терең жүріп демалу. Сапқа тұру. қатармен саналу 1-2-3ке санал
Негізгі бөлім
Ойындар қимыл- қозғалыс ойындары және спорттық ойындар болып бөлінеді. Қимыл –қозғалыс ойындары аса көңілді әрі пайдалы қимыл әрекет түрі .
Ойынның мазмұны
Қимыл-қозғалыс ойындарының көңілді әрі пайдалы болатын себебі, бұл ойындарды ойнай жүріп, жүгіру, секіру, өрмелеу, лақтыру, тепе- тендік сақтау және мінез-құлықты тәрбиелеу сияқты барлық негізгі қимыл –қозғалыстарды дамыта аласыңдар.
Жарыс элементтері –айналып жүгіріп шығу, қарсыласыңды басып озу-ойынға өту тартымды, әсерлі сипат береді.
Мақсатқа қол жеткізу сипатына және ойынға қатысушылардың аз-көптігіне қарай қимыл-қозғалыс ойындары мынадай түрлерге бөлінеді:
жеке ойнайтын ойындар:
а) «Жел мен желбақыш »;
ә) «Айнал да жүріп кет » .
2) екеу болып ойнайтын ойындар :
а) «Кім күшті ?»;
ә) «Кім бірінші болады ?».
3) эстафеталық ойын :
«Доп» ойыны .
Қорытынды бөлім
Сапқа тұру, жай жүгіру, жүру тыныс алу жаттығуларын жасап бастапқы қалыпқа түсу.
-
Сабақты қорытындылау
-
Үйге тапсырам беру
Ұйымдасқан түрде оқушыларды тарату
Сабақтың тақырыбы: « Қызыл жалау» және «Бояулар» ойыны
Сабақтың мақсаты:
-
Оқушылардың допты менгеруін арттыру, ойыны мәдениетін қалыптастыру.
-
Жылдамдық, күштілік, ептілік қасиеттерін дамыту
-
Ұйымшылдыққа, батылдыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: _Қозғалмалы ойын
Құрал жабдықтар : Ысқырық , добы
Сабақтың өтетін орны: Спорт зал
Сыныбы : 4 сынып
Дайындық бөлімі
Сапқа тұру түзел тік тұр сәлемдесу, оқушыларды түгендеу,саптық жаттығулар оңға, солға бұрыл кері айнал .
Жалпы дамыту жаттығулары: спорт залды айланып жайлап жүру, жүгіру,тізені биік көтеріп жүгіру, оңға және солға қарай тіркеме адыммен жүгіру, артпен жүгіру, алмен жүгіру.қаз жүріс терең жүріп демалу. Сапқа тұру. қатармен саналу 1-2-3ке санал
Негізгі бөлім
Ойындар қимыл- қозғалыс ойындары және спорттық ойындар болып бөлінеді. Қимыл –қозғалыс ойындары аса көңілді әрі пайдалы қимыл әрекет түрі .
Ойынның мазмұны
Қимыл-қозғалыс ойындарының көңілді әрі пайдалы болатын себебі, бұл ойындарды ойнай жүріп, жүгіру, секіру, өрмелеу, лақтыру, тепе- тендік сақтау және мінез-құлықты тәрбиелеу сияқты барлық негізгі қимыл –қозғалыстарды дамыта аласыңдар.
Жарыс элементтері –айналып жүгіріп шығу, қарсыласыңды басып озу-ойынға өту тартымды, әсерлі сипат береді.
Мақсатқа қол жеткізу сипатына және ойынға қатысушылардың аз-көптігіне қарай қимыл-қозғалыс ойындары мынадай түрлерге бөлінеді:
жеке ойнайтын ойындар:
а) «Қызыл жалау»;
ә) «Бояулар» .
2) екеу болып ойнайтын ойындар :
а) «Кім жүйрік ?»;
ә) «Кім бірінші болады ?».
3) эстафеталық ойын :
«Допты соқ» ойыны .
Қорытынды бөлім
Сапқа тұру, жай жүгіру, жүру тыныс алу жаттығуларын жасап бастапқы қалыпқа түсу.
-
Сабақты қорытындылау
-
Үйге тапсырам беру
Ұйымдасқан түрде оқушыларды тарату