«Қиянат жасамау -
күштілердің қаруы»
Курмашева Венера
Наурызовна
№56 ЖОББМ, өзін-өзі тану пәні
мұғалімі
Тұлға мәдениетінің негізі оның
жалпыадамзаттық құндылықтарының негізінде көрінеді. «Құндылық»
термині болмыстың белгілі құбылыстарының адами, әлеуметтік және
мәдени мән-мағынасын білдіру үшін қолданылады. Адам өмірінің
өзегі-құндылықтар, ал басқа мақсаттар оған жеткізетін баспалдақтар
ғана. Осы қағидаға сүйенсек, қоғамның жаңару кезіндегі жаңаша
көзқарастардың бірі - құндылық бағдар.
Қазіргі заманда ғылым мен
білім, ақпараттық технология, техника қаншалықты қарыштап дамыған
сайын, адамның бойындағы рухани-адамгершілік қасиеттерінің
соншалықты төмендеп бара жатқанын күнделікті өмірде көріп отырмыз.
Атап айтар болсақ: тастанды бала, қарттар үйі, қатыгездік,
табиғатты ластау, ағашты кесу, алдап соғу, жемқорлық, өлтіріп кету,
өз- өзіне қол салу, т. б. толып жатыр. Адамзаттың ең асылы –«адам»
деп қарайтын болсақ, онда адамның азғындауына не себеп? Әлде заман
кінәлі ме?-деген сұрақтар туындайды. Көпшілігі «заманына қарай
адамы » деген принциппен өмір суруде. Ал, заманды құрайтын адам
емес пе? Міне, сонда барлығы қайтадан адамға келіп тіреледі.
Сондықтан күллі әлемді сақтап қалатын бірден- бір жол рухани
адамгершілік білім екені даусыз. Ал, адамның жүрегіне нұр құятын,
риясыз сүйіспеншілікпен рухани бастауға жетелейтін, ол –
ұстаз. Рухани- адамгершілік
білімнің негізі болып табылатын «Өзін-өзі тану» жобасының
авторы С. А. Назарбаева «Өмір әдебі» деген кітабында: «Рухани
кәусар бұлаққа барар жол іздеу әр адамның міндеттерінің міндеті
екендігіне сенімдімін» дей келе, оған тек жалпыадамзаттық
құндылықтарды оқыту арқылы ғана жетуге болатынын атап көрсетті.
Сонымен қатар: «Алланың алдында бәріміз бірдейміз. Әрқайсысымыздың
жолымыз, өмірлік міндетіміз бар, бірақ бәрімізге ортақ міндет – жан
дүниеміздегі махаббаттың сөнбейтін шырағын жаға отырып, Адам
боп қалу!» деп адамшылықты бірінші орынға
қояды.
Мәңгілік
жалпыадамзаттық
құндылықтар табиғи және жүре пайда болған
құндылықтарды да қамтиды, өйткені жалпыадамзаттық құндылықтар
призмасы арқылы қарастырғанда олар адами қасиеттер болып табылады.
Жалпыадамзаттық құндылықтарды жарыққа шығару ізгілікке жол ашады.
Жалпыадамзаттық құндылықтар адам құндылықтарының
барлығынан өтеді. Егер құндылықтарды сыртқы әлемге көріну ретімен
қарастыратын болсақ, онда адамның барлық даму кезеңдеріненн өткен,
адам бойында туылғаннан бастап азды көпті көріну деңгейінде бар,
тумысынан салынған сый.
Адам ойы, сөзі, ісімен ішкі
үйлесімділікке жетуі үшін ұстанған жалпыадамзаттық құндылықтар адам
тұлғасының мынадай құрылымдық деңгейіне сәйкес болуы
керек:
Қиянат жасамау – рухани
деңгей.
Ақиқат – интеллектуалдық
деңгей (ажырата алу деңгейі,
ақыл-ой).
Сүйіспеншілік – менталдық
деңгей (адамгершілік ойлар,
сөздер).
Ішкі тыныштық – эмоционалдық
деңгей (сезім).
Дұрыс әрекет – физикалық
деңгей.
Сезім денені басқарады. Ақыл
сезімді басқарады. Таза ақыл-ой (ажырату күші) ақылдан жоғары
тұрады. Егер ақыл-ойды дұрыс қолдана білсек, онда мазасыздық,
қорқыныш, ашу-ызадан арылуға болады. Ақыл-ойдың (разум) дауысын
есту үшін, ақылды тыныштандыру керек. Демек, мінез - адамның басты
байлығы.
Барлық жалпыадамзаттық
құндылықтар – бір адамдықтың қыры. Дұрыс әрекет – бұл
іс-әрекеттегі сүйіспеншілік, сүйіспеншілік барлық құндылықтар
арқылы өтеді.
Іс-әрекеттегі сүйіспеншілік –
дұрыс әрекет;
Сезімдегі сүйспеншілік – ішкі
тыныштық;
Ойдағы, сөздегі сүйіспеншілік
– Ақиқат;
Түсіністіктегі сүйіспеншілік –
қиянат жасамау.
Ақиқат
– бұл
өзгермейтін, өмірдің негізгі қағидасы: барлық жаратылыстан өтетін
рухани бастау, барлық жаратылысқа тән, бірыңғай мән. Ол уақытқа:
өткенге, бүгінге және болашаққа тәуелді
емес.
Дұрыс
әрекет – бұл борыш пен
жауапкершілікке, ішкі ар-ұждан дауысына сәйкес
мінез-қылық.
Сүйіспеншілік
–
бұл таза, риясыз және шүбәсіз
сүйіспеншілік, өмірге тірек болатын жасампаз
қуат.
Ішкі тыныштық
– ақылдың толықтай тынышталуы,
адамның терең табиғаты.
Қиянат жасамау
– ешкімге оймен, сөзбен,
әрекетпен қиянат жасамау.
Жоғарыда аталған бес
құндылықтардың алғашқы екеуі – ақиқат пен дұрыс әрекет, шын мәнінде
барлық адамгершіліктің мәнін қамтиды. Шыншылдық, туралық пен
адалдық іштей осы екеуіне тән, яғни барлық жағдайларда шындықты айт
және іштегі ар-ұждан дауысына сәйкес әрекет
ет.
Егер кім де кім риясыз
сүйіспеншілікпен әрекет етсе, ол жетістікке жеткеніне немесе
жеңіліске ұшырағанына, рахаттану немесе жан күйзелісіне, қуаныш
немесе қайғыға қарамастан ол толық ішкі тыныштық пен сабырлылықта
болады.
Өзіңде жалпыадамзаттық
құндылықтарды дамыту – мұның өзі білім алу болып табылады.
Жалпыадамзаттық құндылықтарды: ақиқат, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық,
сүйіспеншілік, қиянат жасамауды түсінгісі келгендерді, күнделікті
өмірде қолданатын және шынайылықпен, ынта-жігерімен тарататын
кез-келген адамды шынайы білімді адам деп айтуға
болады.
Қиянат жасамау
– ешкімге оймен, сөзбен,
әрекетпен қиянат жасамау.
Қиянат жасамау
қағидаттары: Өзіңе қатысты
қиянат жасамау- бұл өз сезім мүшелеріне қиянат жасамау,
өтірік айту, дөрекі сөйлеу – тілге қиянат; жаман сөз есту – құлаққа
қиянат; жамандық көру – көзге қиянат; жаман иіс – мұрынға
қиянат; жаман әрекет – тәнге
қиянат.
Қиянат жасаудың
себептері:
сүйіспеншіліктің жетіспеуі;
рухани-адамгершілік білімнің жетіспеуі; өзгеріске қарсылық
ретіндегі қиянат; әлем туралы өзіндік түсінігіне сәйкес
келмеу.
Қиянат жасамаудың
міндеттері: әрқашан көмектесу, ешқашан зиян
келтірмеу,ешкімді ренжітпеу,жан-жануарларға қамқорлық жасау,
қауіпті заттармен ойнамау, топпен жұмыс істеу, бірлік, басқа
мәдениеттің құндылығын түсіну, толеранттылық, ақжарқындылық,
татулық, мәдени мұраны құрметтеу, қоғам меншігін қамқорлау,
қоршаған ортаны қорғау, дін мен мәдениетті құрметтеу, оймен,
сөзбен, не болмаса іспен тірі жанға зиян келтірмеу, әлеуметтік,
әділеттілік, жақсы азамат болу.
Қиянат жасамау
практикасы: ешкімге зиян келтірмеуге
тырысу; барлық нәрсенің өмір сүру сезімі мен құқығын иеленетінін
түсіну; бірлік сезімі мен баршаға бауырмалдықты дамыту; қоршаған
ортаға қамқорлық жасау; барлық энергия түрлерін бекер шашпау,
тамақты, ақшаны, электрді және т.б. тілектеріңе шек қою; нағыз
бардың өзара байланысын түсіну; кешіре білуге үйрену; кері
эмоциялардың көрінуін бақылау; әдепсіз сөйлеуден өзін-өзі тоқтату;
зиянды ақпараттардан өзін-өзі тоқтату; жаман ортадан аулақ
жүру.
Өзін – өзі тану адамның адамға
жан дүниесімен ең нәзік, сезімтал рухани жанасуы, сондықтан әрқашан
адамға көлеңкелі жағынан емес, сәулелі жағынан қатынас жасау
керек.
Егер оқушыдан өзін-өзі
жетілдіруге деген ұмтылысы болмаса, онда түрлі өсімдіктердің гүл
жаруының өз мезгілі болатыны сияқты әрбір адамның өзінің шынай
табиғатын түсініп, мойындауы үшін өз уақытының болатынын міндетті
түрде ескеру керек. Мұндай кезде жағдайды жылдамдату емес, ұстаздың
рөлін өмірдің өзіне жүктеу әлде қайда тиімдірек болады. Өзін-өзі
танудың өзін сынақтан өткізу жолы арқылы біз бірегей, ерекше
тәжірибе жинақтаймыз.
Қиянат жасамау- күштілердің
қаруы. Қиянат жасамау- тек рухы күшті адамдардың қолынан
келеді.