Материалдар / Қиын балалар немесе ерекше назардағы оқушылардың психологиялық ерекшелігі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қиын балалар немесе ерекше назардағы оқушылардың психологиялық ерекшелігі

Материал туралы қысқаша түсінік
психологтарға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қаңтар 2019
2577
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады





Тренинг тақырыбы: Қиын балалар немесе ерекше назардағы оқушылардың психологиялық ерекшелігіМақсаты: сынып жетекшілер мен мұғалімдерге мінез-құлқы қиын балалар және отбасылардың  психологиялық ерекшеліктерімен таныстыру  және қарым-қатынас жасау .
  • «Танысу» жаттығуы
Жаттығу барысы: Әр қатысушыдан кезек бойынша «Мен кіммін? Менің ұстаздық жолды таңдаған себебім? сұрағына жауап беруі қажет. Бұл оларға өздерінің білімі, өмірлік тәжірибесі жайлы және тренинг бойынша өз көзқарастарын білдіруге әкеледі.

  • Ой жинақтау.
Қарым –қатынаста қыңырлық, ақаулықтары бар балалармен және олардың ата-аналарымен қалай жұмыс жасауға болады?
  • Агрессивті бала
  • Өтірікші бала
  • Беймаза бала
  • Сотқар бала


Минидәріс          Жасөспірімнің мінез-құлқы -  отбасындағы қарым-қатынас қалыптасуының нәтижесі. Сондықтан тәрбиені отбасынан бастаған жөн. Отбасындағы өзара қарым-қатынасты түзеу керек. Сынып жетекшісі әрбір отбасы ерекшелігіне байланысты өзінше жол таба білуі қажет. Ол үшін сәтсіз отбасының пайда болу себептерін анықтау керек. Ол әр отбасында әртүрлі болуы мүмкін. Ондай отбасын бес түрге бөлуге болады.      1.Толық емес отбасы.      Жалғызбасты ана тәрбиелеп отырған отбасында «қиын» бала көбірек кездеседі. Бұндай отбасындағы жағдай өте салқын, немқұрайдылық, ішкі сезімталдықтың жоқтығы аңғарылады. Сынып жетекшісі осындай отбасымен жұмыс жүргізуде жетістікке жету үшін мынадай бағыттарды ұстануы қажет:
  • Баланың анасының сеніміне кіру, баланың анасының орнына өзін қойып көру,. Себебі ол оған деген көзқарасын бақылай білуге көмектеседі.
  • Баланың болашағына қызықтыру, балаға деген ананың және баланың анаға деген жауапкершілігін ояту. Баланың жан дүниесін түсінуге, ойын бөлісуге шақыру. Баласына ашылып, өзінің жоспарын айқындау жөн екендігін түсіндіру.
      2. Балаға деген бақылауы, қадағалауы жоқ отбасы.     Бұндай отбасында әдетте ата-ана арақ-шарапқа үйір болып келеді. Мұндай отбасындағы әке-шешенің міндеті шектеулі, баланың жан дүниесіне деген түсіністік, тіпті бала мен ата-ана арасындағы байланыстың болмауы. Бұл жағдайда сынып жетекшісі не істеуі қажет?       Біріншіден, шыдамды түрде ата-анаға өмірде бұл қылықтың өзіне немесе баласы үшін зиян келтірер зардабын түсіндіру, көздерін жеткізу. Сонымен қатар әке-шешенің осындай жүріс-тұрысы үшін баланың көретін азабы, ұяты мен қиналысына көңіл аударту. Отбасында ата-ананың қайсысының беделі жоғары екендігін анықтап, оның отбасы өмірін өзгеруіне көзін жеткізу. Бұл отбасындағы жасөспірімді айналадағы адамдармен көбірек дидарластырып, қолдау көрсету, бақылап отыру қажет.    3. Педагогикалық жағынан сауатсыз отбасы.     Бұл отбасындағы ата-ана баланы түсінбейді. Баланың теріс қылығына әсер ету әдісін білмейді.  Тек мектеп пен мұғалімді кінәлап, баланың көзінше беделін түсіреді.    Бұл ата-анамен қажетіне қарай кеңес, дәріс, іскерлік ойындар өткізу, мектеп жұмысына араластырып отыру қажет. Ата-ананың ой-өрісін көтеруге қызығушылығын ояту, әр бала ата-анасының сауатты болғанын қалайды деген ой туғызу қажет.      4. Адамның жан дүниесінен гөрі материалдық тұрмыс жағдайын жоғары қоятын отбасы.     Бұндай отбасындағы бала өзімшіл келеді, ата-анасы баласының бұл қасиетін байқамай, үнемі марапаттап отырады.     Бұндай жағдайда сынып жетекшісі басқа отбасындағы жан дүние байлығын, қайырымдылық, ізгілік туралы әңгіме айтып, көзқарасын өзгертуге тырысу қажет.      5. Балаға тым жоғары талап қойып, қатыгездікпен жазалау кездесетін отбасы.     Бұлар баланың кішкентай қателігіне бола ұрып-соғып жазалауды жөн деп санайтын ата-аналар. Әдетте бұл үйдің баласы өте қатыгез, ашушаң болып келеді.      Бұндай жағдайда ата-ана қылығының дұрыс еместігіне көздерін жеткізу керек. Балаға өзінің қатарындай қарап, күш көрсетуден аулақ болуға шақыру, бала тәрбиелеуде шыдамдылықтың қажет екендігін түсіндіру. Сыныптағы тәрбие жұмыстарына ата-ананы араластыру қажет. Себебі, педагогикалық іш-шараға араласқан ата-ана баласын басқа қырынан көреді. Баламен өзара қарым-қатынасын өзгертеді.Қиын баланың мінез-құлық ерекшеліктері:     Мінез-құлқы бұзылған балалар өз қылықтарына жауапкершілікпен қарамайды, ата-анасының рұқсатынсыз жүріп-тұрады, сабақтан қашады, қаңғырып кетіп қалады, алкоголизм, наркомания және т.б. тұлғаның патологиялық даму формалары да көрініс береді. Қоршаған ортадан агрессивті түрде қорғанады, өзінің іс-әрекетінің нәтижесін болжай алмайды, көңіл-күйдің құлазуына бейім болады, сондықтан басқалармен жиі керісіп қала береді. Құрбыларымен де дұрыс қарым-қатынасқа түсе алмайды. Олар көбінесе өзінен үлкен немесе кішкентай балалармен жиі тіл табысады. Бұндай балалардың оқу үлгерімі төмен болады және оқу дағдылары өз деңгейінде қалыптаспайды. Сонымен қатар өздерінің әлеуметтік теріс қылықтарын жасырмайды, өйткені олардың өзімшілдік сезімі өте жоғары болады.    Ал алып жатқан ескертулер мен жазалар тек ішкі қарама-қайшылығын күшейте түседі. Мұндай балаға әкімшілік жазаларды қолдануға болмайды (мысалы, елдің көзінше ұрсу, жиналыстарда талқылау т.с.с). Сол сияқты оның бағасын төмендететін позициялардан «Олай етуге болмайды», «Өзіңді олай ұстама», «Сенің олай етуге қалай дәтің барады» аулақ болған жөн.

«Қиын» балалармен жұмыс істеу жолдары:1.Балаға ілтипатпен, ізгі  тілектестікпен қарау;2.Оның жақсы қасиеттеріне сүйену;А.Бебельдің: «Әр адамның бойында ояту және жетілдіру ғана керек сан-алуан қабілет болады» деген керемет сөзін есте ұстап, әр оқушының жақсы жақтарын табу және оны дамыту.3.Оның бойында қоғамдық қызметке бейімділігі бар екенін дәлелдеу.Сынып жетекшінің қызметі:
  • Оқушы және оның отбасының жағдайы туралы білу;
  • Отбасымен қарым-қатынас құра білу;
  • Тәрбие мақсатын орынды қоя білу және іс-шаралардың баланың жас ерекшелігіне қарай құру;
  • Ата-аналар жиналыстарында ата-аналардың педагогикалық сауаттылығын көтеру;
  • Оқушының мектепке келуін және сабақ үлгерімін  қадағалау;
  • Әр оқушының көңіл-күйіне және жеке ерекшелігіне назар аудару;
  • Әр оқушының жеке ерекшелігіне қарай үйірмелерге тарту;
  • Сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстарға тарту;
  • Егер сыныбында ерекше назардағы бала болатын болса, мамандарға алғашқы болып сұраныс жасау және бала туралы алғашқы мәліметтерді беру;
  • Оқушылардың девиантты мінез-құлқының алдын алу және түзету жұмыстарын ұйымдастырады және үйлестіреді.


Қорытынды: Дана халқымыз «Таяқтау оңай, тәрбиелеу қиын» деген екен сондықтан келешек ұрпағымызға сапалы білім саналы тәрбие беру біздің басты міндетіміз. Әрбір бала бір жұлдыз жарқырауына жәрдем берейік.









































































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!