Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
«ҚИЫН» балалармен жұмыс жасау принциптері
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Түркістан облысы, Кентау қаласы, Кентау көпсалалы колледжі
Леспек Айгүл Леспековна
экономика пәнінің оқытушысы
«ҚИЫН» балалармен жұмыс жасау принциптері
Макаренко:
«Тәрбие –баламен сөйлесумен, оған ақыл-кеңес берумен ғана
шектелмейді. Тәрбие-тұрмысты дұрыс ұйымдастыра білуде, балаға
әркімнің өз жеке басы арқылы үлгі -өнеге көрсетуінде»,-деген ғой.
Баланы жас кезінен бастап сыйлап,қадір-қасиетін ,ар-намысын
бағалап, дұрыс сөйлеп, дұрыс қарым-қатынас жасаған
абзал.
Жалпы, мінез-құлықтағы қиындық және “қиын” балалар ұғымы
1920-1930 жылдары пайда бола бастады. Психолог-педагог ғалымдар
А.Макаренко, С.Шацкий, А.Выготский, П.Блонский “қиын” балалар
мәселелерін жан-жақты зерттеді.
«Қиын оқушы» деген термин қазіргі практикада жеке басын тәртіпке
салу қажет балалардың ортасын білдіреді. «Таяқтау оңай, тәрбиелеу
қиын» Халық мақалы.
Ұрпақ тәрбиесі қай заманның, қай қоғамның болсын көкейкесті
мәселелері болып келгендігі дәлелдеуді қажет етпейді. Тәрбие
ана сүтінен басталып, біреудің біреуге ықпалы арқылы өмір бойы
қалыптасатын күрделі құбылыс. Бала тәрбиесі – салғырттыққа,
себеп-сылтау іздеуге төзбейді. Оны жүргізу үшін педагогикалық
ұжымның кәсіптік білгірлігі, ата-аналардың саналық көзқарасы және
осы принциптерге негізделген мектеп және отбасы арасындағы
тығыз байланысқан одақ, нәтижелі жұмыс қажет. Соңғы кезде
жасөспірімдер, жеткіншектер арасында мектеп қабырғасында жүріп-ақ
кейбір келеңсіз оқиғаларға оқушыларымыздың көп ұрынуы, «қиын» бала
есебін толықтыруы, сөз жоқ, мұғалімдер мен мектеп ұжымын
ойландырады. Осының себебіне үңілсек әр түрлі пікірлер айтуға
болады. Бұған ересектердің талабына, кеңесіне қарсылық көрсететін
тілазар, ерке, қыңыр балалар да жатады. Алғаш оқушыны тануды отбасы жағдайын
зерттеуден бастайды. Отбасының бала психикасына тікелей әсер ететін
айта кеткен жөн. Олай дейтініміз оқу орындарда «қиын» балаларымыз
көптеп кездеседі. Сондай жағдайлар баланың сабақ үлгерімінің
жақсаруымен қоса денсаулығының мықты болуына ,ой-өрісінің кеңеюіне,
тәртібіне әсер етеді. Ата анамен жұмыс жасай отырып, онда бала
тәрбиелеудегі ең қиын кезең екендігін айта келіп, ата-аналарды
балалармен тіл табысып , өзара сырласуға кеңес
беремін. Тәртіп бұзу тек өзіне ғана байланысты емес, оның үй
ішіндегі жағдайларға да, айталық, ата - ана бірлігінің жоқтығына
және баласына қойған талабының әр түрлі болып келуіне байланысты.
Олай дейтінім топ жетекші болғандықтан осы топтардағы барлық
балаларды күнделікті тексеріп олар мен тығыз жұмыс жасаймын.
Топтарды отбасында анасы не әкесі жоқ сәтсіз отбасылар көптеп
кездеседі. Осы орайда мен оқушылармен сөйлесу барысында бір балаға
«ана» махаббаты екіншісіне «әке» махаббатының жетпейтініне көзім
жетті. Қиын балаларды тудыратын себептердің бірі - балаларын
оқытуда, тәрбиелеуде ата - аналардың жауапкершілік сезімінің
жоқтығы бала мінезінде мейрімсіздікті, яғни қатыгездікті,
дөрекілікті,өзімшілдікті туғызады.
Бұл үйдегі сәтсіздік, маскүнемдік, ұрыс - төбелес, ұрлық, ата -
аналардың және басқа отбасы мүшелерінің жеңілтек мінез - құлқы, ал
бәрінен жаманы – ажырасу, неке бұзу.
Отбасы тәрбиесінде ата – аналардың мінез - құлқы шешуші фактор.
Егер әке маскүнем болса, мектеп жасына дейінгі балалар жүйке
ауруынан (невроз), жиі қояншық ұстамадан (эпилепсия) азап шегеді,
олардың ақыл - ойы баяу дамиды. Мұндай балалар енжар, тынымсыз,
ашушаң келеді. Әрбір ата - ана азғындыққа түспеу үшін күш қабілетін
пайдаланған жөн.
Тату отбасында ата - аналар балалардың күнделікті өмірі мен іс -
әрекетіне басшылық жасайды. Балалардың өздерінің қуанышын,
қайғыларын, ойларын, уайымдарын бөлісуге үйретеді, саяси
мәселелерді, жаңа фильмдер мен кітаптарды бірлесе отырып талдайды,
Отбасы бала үшін өмір мектебі, онда мейірбандық, шындық, адалдық,
қайрымдылық, еңбексүйгіштік, т. б. тәртіп пен мінез - құлық
қасиеттері дамиды және қалыптасады.
Ұрпақ тәрбиесі қай заманның, қай қоғамның болсын көкейкесті
мәселелері болып келгендігі дәлелдеуді қажет етпейді. Тәрбие
ана сүтінен басталып, біреудің біреуге ықпалы арқылы өмір бойы
қалыптасатын күрделі құбылыс. Бала тәрбиесі – салғырттыққа,
себеп-сылтау іздеуге төзбейді. Оны жүргізу үшін педагогикалық
ұжымның кәсіптік білгірлігі, ата-аналардың саналық көзқарасы және
осы принциптерге негізделген мектеп және отбасы арасындағы
тығыз байланысқан одақ, нәтижелі жұмыс қажет.Күнделікті ата-ана мен
ұстаз арасында байланыс қажет деп ойлаумын. Себебі, баланы
қадағалап отырсаңыз сонда сіздің балаңыз жаман жолға салынбайды.
«Бес саусақ бірдей емес» демекші, қазіргі таңда ата-аналар күн
көрістің жолын іздеп таңнан-кешке дейін жұмыс жасайды. Әрине,
балаңыздың қажеттілігін тауып беру, сіздің міндетіңіз, алайда
қараусыз қалдыру бала психикасын бұзады. Соңғы кезде жасөспірімдер,
жеткіншектер арасында мектеп қабырғасында жүріп-ақ кейбір келеңсіз
оқиғаларға оқушыларымыздың көп ұрынуы, «қиын» бала есебін
толықтыруы, сөз жоқ, мұғалімдер мен мектеп ұжымын ойландырады.
Ал, А. Фортунов “қиын” бала ұғымына үлгірмеушілер мен
тәрбие ықпалына көнбейтін балаларды жатқызады, “қиын”
топтағы балалар тамыры терең кеткен әртүрлі әлеуметтік жағдайлардан
болатыны белгілі болды. Сондықтан осы топтағы балаларға жекелей
жұмыс, педагогикалық жеке жұмыс қажет. Б алалар намысқой келеді,
олар бір нәрсеге өзінің жарамсыз екенін сезіп тұрады және сол
себептен қиянат жасауға физикалық күшін жұмсап, “маған бәрі
жоғарыдан төмен қарайды, мені адам екен деп санамайды, мен оларға
көрсетемін” деген ой тұжырымдап өзін-өзі сендіреді. ..
Тәртібі нашар балалардың шығу себебіне үңілсек: бұған қоғамдық
жағдай мен
балалардың мінез-құлқындағы жағымсыз ерекшеліктері мен психикасының
өзгеше қалыптасуынан, немесе, қалыпты нормадан ауытқуы;
педагогикалық тәрбиесінің дұрыс болмауы.
Тәрбиесі «қиын» балалармен жұмыста төмендегі әдістерді пайдалануға
болады.
Тәрбиешінің жұмысындағы ең белгілі әдістердің
бірі- бақылау әдісі. Баланың іс-қимылын, сөзін
әртүрлі іс-шаралардан байқау. Алдымен жақындағы досын баылауға
алу. Әңгімелесу
әдісі – бұл баламен сөйлесу арқылы оның ішкі дүниесіне ену,
проблемасын білу, түсіну
Сауалнама жазу арқылы бала туралы ақпарат
жинау. Сауалнаманың мазмұнында негізгі проблема ғана болуы
тиіс. Сұхбаттасу әдісі – алдын-ала
дайындалған сұрақтарға жауап алу. Тест
әдісі — стандартты тапсырмалар арқылы зерттеу. Дамыту,
графикалық, ассоциациялық тестер болуы мүмкін. Жауаптарды белгілі
бір жүйе арқылы сараптау, талдау қажет.
Құжаттарды
тексеру – бұл
әдісті үнемі қолдануға болады. Құжаттар мынандай түрде кездеседі. Бұл әдісті қолдану
бала туралы ақпараттарды тез арада жинауға көмектеседі, бірақ
ақпараттың кейбір түрлері белгілі бір уақытқа қана жарамды болады,
оны жаңартып отыру қажеттігі туындайды. Сонымен қорытындылай келе,
тәрбиесі «қиын» жасөспірімдерді тәрбелеу проблемасын ата-аналар,
психологтар, педагогтар болып бірігіп қолға алуымыз қажет. Өйткені,
тәрбие саласында жүрген кемшіліктерді уақыт өткен соң қайыра
қалпына келтіру қиын.Жас шыбықтың шорт сынбай, қайырылса да
қайта орнына келгенінің жақсы болатыны секілді, қиюы
келіспесе де қиын баланы тәрбиелеу қажырлы, қайратты
еңбектену.
Ұрпағымыздың жұмсақ мінезді, мейірімді, байланыс жасауда қиындық
тудырмауы үшін, өмірдің қатал сынына төзбей «қиын бала» атанған
бауыр етіміз балалардың тәрбиесіне бір жеңнен қол, бір
жағадан бас шығарып іске кірісуіміз қажет.
Мінез құлқы
қиын оқушылар арасында жүргізілген көптеген зерттеулер қорытындысы
бойынша үлгермеушілер қатарын бастауыш сынып оқушылары толықтырып
отыратын көрінеді. Мінез - құлықтың мұндай белгілерінің пайда
болуының өзі болашақта әлеуметтік - психологиялық дезадаптацияның
тұрақты түрлерінің қалыптасуына, мінез - құлық бұзылуының
клиникалық және криминологиялық белгілерінің пайда болуына әкеп
соқтырады.
Қиын балалардың психологиялық ерекшеліктері теориялық тұрғыда
талқыланды. Бұл мәселенің ары қарай талқылануына үлес қосқан
зерттеушілер қатары да біршама.
Баланың жеке қасиеттерінің, психикасының дұрыс дамып жетілуі үшін
педагогтік ұжымдардың кәсіптік білгірлігі, ата - аналардың саналы
көзқарасы және осы принциптерге негізделген мектеп пен отбасы
арасындағы тығыз одақ, нәтижелі жұмыс қажет.
Қазіргі зерттеулерге қарағанда, тәртіп бұзуға ең бірінші түрткі
болған оқиға баланы тікелей тәртіпсіздікке әкелмейді, әуелі қайғыға
баланы ашуланшақтыққа әкеліп соқтырады.
Міне тәртіп бұзу содан пайда болады. Тәртіп бұзушылықтың салдарының
негізгі – сабаққа үлгере алмаушылық. Кейбір оқушы құрбыларынан
сабақта арта қалып қойып, тәртіп бұзуын өзінше батырлық деп
санайды. Мұны өзгелердің көзінше көрсеткісі келеді. Бұл көбіне
менменсіген, бала мінезінің дұрыс тәрбиеленуінен болады.
Өйткені,
Бірінші қатарға адамгершілік дамуында және мінез - құлқында,
шамамен алғанда өте үлкен емес ауытқушылықтары бар оқушылрды
жатқызады, олар – тәртіпсіз, жалқау, қыңыр, дөрекі, өтірікші
балалар. Тәртіптілік өзіне және басқаларға деген жоғарғы талап
қоюшылық, киіміндегі тазалық және жинақтылық сияқты және т. б.
көрсеткіштерден айқындалады. Тәртіпті емес мінез - құлықты осыған
қарама - қарсы көрсеткіштерден: жұмыстан жалтарып кетуге тырысу,
берілген тапсырманы орындамау, адал еместік, өзінің жеке
қызығушылықтарын достарының арасында жүзеге асыруға тырысу, үнемі
тәртіпті бұзуынан.
Екінші қатарға жеке акцентуациясында және мінез - құлқында қиындығы
бар балаларды жатқызады. Үлесімдік типтегі Балалар барлық жеке қасиеттері
қалыптасқандығымен сипатталады, олардың қиналыс және қауіп -
қатерлік сияқты психологиялық факторларды іс жүзінде қалыс қалады.
Баланың бас ұстазы- ата-ана. Ата-ананың бала тәрбиелеудегі рөлі
ерекше. Өкінішке орай, кейбір ата-аналар тарпынан жасөспірімдерді
тәрбелеуде жіберілетін төмендегідей қателіктер байқалады. Мінез
құлқы қиын оқушылар арасында жүргізілген көптеген зерттеулер
қорытындысы бойынша үлгермеушілер қатарын бастауыш сынып оқушылары
толықтырып отыратын көрінеді. Қиын балалардың психологиялық
ерекшеліктері теориялық тұрғыда талқыланды. Баланың жеке
қасиеттерінің, психикасының дұрыс дамып жетілуі үшін педагогтік
ұжымдардың кәсіптік білгірлігі, ата - аналардың саналы көзқарасы
және осы принциптерге негізделген мектеп пен отбасы арасындағы
тығыз одақ, нәтижелі жұмыс жасау қажет. Қазіргі зерттеулерге
қарағанда, тәртіп бұзуға ең бірінші түрткі болған оқиға баланы
тікелей тәртіпсіздікке әкелмейді, әуелі қайғыға баланы
ашуланшақтыққа әкеліп соқтырады. Міне тәртіп бұзу содан пайда
болады. Тәртіп бұзушылықтың салдарының негізгі – сабаққа үлгере
алмаушылық. Кейбір оқушы құрбыларынан сабақта арта қалып қойып,
тәртіп бұзуын өзінше батырлық деп санайды. Мұны өзгелердің көзінше
көрсеткісі келеді. Бұл көбіне менменсіген, бала мінезінің дұрыс
тәрбиеленуінен болады. Өйткені,
Бірінші қатарға адамгершілік дамуында және мінез - құлқында,
шамамен алғанда өте үлкен емес ауытқушылықтары бар оқушылрды
жатқызады, олар – тәртіпсіз, жалқау, қыңыр, дөрекі, өтірікші
балалар. Тәртіптілік өзіне және басқаларға деген жоғарғы талап
қоюшылық, киіміндегі тазалық және жинақтылық сияқты және т. б.
көрсеткіштерден айқындалады. Тәртіпті емес мінез - құлықты осыған
қарама - қарсы көрсеткіштерден: жұмыстан жалтарып кетуге тырысу,
берілген тапсырманы орындамау, адал еместік, өзінің жеке
қызығушылықтарын достарының арасында жүзеге асыруға тырысу, үнемі
тәртіпті бұзуынан.
Екінші қатарға жеке акцентуациясында және мінез - құлқында қиындығы
бар балаларды жатқызады. Үлесімдік типтегі Балалар барлық жеке қасиеттері
қалыптасқандығымен сипатталады, олардың қиналыс және қауіп -
қатерлік сияқты психологиялық факторларды іс жүзінде қалыс қалады.
Тәрбие ана сүтінен басталып, біреудің біреуге ықпалы арқылы өмір
бойы қалыптасатын күрделі құбылыс. Бала тәрбиесі – салғырттыққа,
себеп-сылтау іздеуге төзбейді. Оны жүргізу үшін педагогикалық
ұжымның кәсіптік білгірлігі, ата-аналардың саналық көзқарасы және
осы принциптерге негізделген мектеп және отбасы арасындағы
тығыз байланысқан одақ, нәтижелі жұмыс қажет.
Соңғы кезде жасөспірімдер, жеткіншектер
арасында мектеп қабырғасында жүріп-ақ кейбір келеңсіз оқиғаларға
оқушыларымыздың көп ұрынуы, «қиын» бала есебін толықтыруы, сөз жоқ,
мұғалімдер мен мектеп ұжымын ойландырады. Осының себебіне үңілсек
әр түрлі пікірлер айтуға болады.Ата –аналар көңіл аударатын
мәселенің бірі – жанұяда бір,не екі, немесе көп бала болудың тәрбие
ісіндегі орны. Белгілі педагог А.С. Макаренко жанұяда жалғыз баланы
тәрбиелеуден бірнеше баланы тәрбиелеу әлдеқайда жеңіл екенін
дәлелдеген. Өйткені көп балалы үйде ұжымдық, бір-бірімен санасу
сияқты жанұя дәстүрі ұсталып, тәрбие жүйесі
жинақталады.Ағалы-қарындасты, інілі-сіңлілі бауырластар біріне-бірі
көмектесіп, сүйеніш болу арқылы бауырмалдық сезімде, шаруаны
бөлісіп атқару арқылы ұжымшыл ниетте, бір-бірлерінің кемшілігін
көргіш, жақсы өнегесінен үйреніп өседі. Ал жанұядағы жалғыз бала
менменшіл,өркөкірек,ішінара еңбекке құлқы жоқ, енжар жан болып
қалыптасады. Мұндай балалар алдауға тез түседі, алақаны ашық, керек
болса жолдастарына қажет нәрсені үйіне тасып береді. Сөйтіп жүріп
қиын балалардың ықпалына түсіп қалады.
“Қиын” оқушы ұғымына ғылыми әдебиеттерде бірнеше анықтама
түрлері беріледі: “өмірі ауыр жағдайдағы балалар”, “ата-анасының
қарауынсыз қалған балалар”, “қауіпті әлеуметтік жағдайдағы
балалар”, “мемлекеттік көмекті қажет ететін балалар”,
“қоғамдық тәрбиені қажет ететін балалар” және т.б.
“Ауыр жағдайдағы балалар” қатарына мынадай
критерийдегі балаларды жатқызуға болады: ата-анасының
қарауынсыз қалған балалар: мүгедектер, физикалық және психикалық
дамуында кемістігі бар балалар, ұлтаралық және қаруланған
қақтығыстардың құрбандарының, экологиялық және техногендік
апаттардың, басқа елден еріксіз
қоныс
аударған
“босқындардың” балалары, зорлық- зомбылық көрген балалар, бас
бостандығынан айырылып өз кінәсін тәрбиелеу колонияларында өтеген
балалар, “қиын” балаларға арналған оқыту-тәрбиелеу арнайы
мекемелердегі, аз қамтылған отбасындағы балалар, әр түрлі
жағдайлардан бұзылған, оны өз бетімен не жанұясы шеше алмайтын
отбасындағы балалар.
Жалпы, мінез-құлықтағы қиындық және “қиын” балалар ұғымы
1920-1930 жылдары пайда бола бастады. Психолог-педагог ғалымдар
А.Макаренко, С.Шацкий, А.Выготский, П.Блонский “қиын” балалар
мәселелерін жан-жақты зерттеді.
В.Трифанов зерттеулеріндегі “қиын” бала анықтамасы –
күнделікті педагогикалық әсерге көне бермейтін, өзіне үнемі
қосымша уақыт бөліп қарауды, мұғалімнің ерік-жігерін, күшін,
қажырлы педагогикалық еңбегін қажетсінетін оқушы.
Ал, А. Фортунов “қиын” бала ұғымына үлгірмеушілер мен
тәрбие ықпалына көнбейтін балаларды жатқызады.
Көріп отырғанымыздай “қиын” топтағы балалар тамыры терең
кеткен әртүрлі әлеуметтік жағдайлардан болатыны белгілі болды.
Сондықтан осы топтағы балаларға жекелей жұмыс, педагогикалық
әдістемелер қажет.
“Қиын” балалар намысқой келеді, олар бір нәрсеге өзінің жарамсыз
екенін сезіп тұрады және сол себептен қиянат жасауға физикалық
күшін жұмсап, “маған бәрі жоғарыдан төмен қарайды, мені адам екен
деп санамайды, мен оларға көрсетемін” деген ой тұжырымдап
өзін-өзі сендіреді. .
Тәрбиеші тәрбиені жас ерекшеліктеріне қарай жүргізсе, баланың
ынтасын дамыта отыру арқылы әдіс-тәсілдерді жаңартып отырса
нәтижелі болады. «Егер бала бұзақы бола бастаса, онда бұған бала
кінәлі емес, педагогикалық әдістер кінәлі», – деген А. С.
Макаренконың пікірі өте орынды. Пайдасыз әдістердің зиянды салдарын
түзеу үшін, жан-жақты ойластырылған, ғылыми негізделген
психологиялық – педагогикалық жүйе болуы керек. Бұл жүйенің
ерекшелігі – «қиындардың» түзелу мүмкіндігіне ғана емес, сонымен
бірге олардың рухани жағынан да бүтіндей қайта өзгеретіндігіне
кәміл сену қажеттігінде.
Тәртібі нашар балалардың шығу себебіне
үңілсек:
біріншіден, бұған қоғамдық
жағдай мен өмірдегі тұрмыс жағдайы себепші болады;
екіншіден, балалардың мінез-құлқындағы жағымсыз ерекшеліктері мен
психикасының өзгеше қалыптасуынан, немесе, қалыпты нормадан
ауытқуы;
үшіншіден, педагогикалық тәрбиесінің дұрыс болмауы.
Бұзақылыққа бейім тұратын жасөспірімдерді тәрбиелеудегі
ата-аналардың жіберетін қателіктерінің әр түрлі екені белгілі.
Олар:
1.Әлеуметтік
жағдай:
бақылаусыздық;
назардан тыс қалуы;
бос уақытының болмауы;
отбасының толық болмауы.
2.Психологиялық жағдай:
балалардың жас кезінде педагогикалық тәрбиемен жете қамтылмауы;
оларды қайта тәрбиелеудегі асығыстық;
балаға балдырған кезінде қатал болып, ал жеткіншек кезінде айтқанын
орындата алмау;
балаға жасынан толық еркіндік беру.
Осылармен қатар, ата-аналардың отбасындағы келіспеушілігі, өз
жауапкершілігін терең сезінбеуі, бала қабілетімен санаспау, сенім
білдірмеу, мінез-құлық ерекшелігін ескермеу, ұлттық тәрбиенің
болмауы сияқты себептер де баланың бұзылуына әсер етеді. Сол
сияқты, мектеп пен ата-ана арасындағы байланыс әлсіздігі, мектепте
сынып жетекшісінің баланың педагогикалық психологиялық даму
заңдылығын ескермеуі, жас ерекшелігіне қарай зерттемеу, құр уағыз
айту, баламен санаспау (кейде жанын жаралау), сенімсіздік тудыру
сияқты себептер де кездеседі.
Қазақ психологиясында баланың 11-12; 15-16 жас аралығын «жетіліп
келе жатқан кезеңі», -дейді. Олар әрекет жасау жағынан әлі бала, ал
талап қою жағынан ересекпін, – деп сезінеді.Бұл кезең «өтпелі
кезең», «құбылмалы шақ» немесе акселерация кезеңі. Ол кез –
ересектер талабына көнуі қиын кезең, жан дүниесінде жаңа құрылымдар
пайда болып, бала ол өзгерістерге жол таба алмай қиналып, уайым
шегетін кез.
Жеке басының жан толқыныстары кезінде күнделікті үйреншікті
тіршілікке қарама-қайшылық пайда болады, сөйтіп бірте-бірте «қиын»
оқушыларды іс жүзінде бақылау үшін олардың әрқайсысын өз алдына
зерттеп, жеке-жеке топтарға, денсаулықтарына қарай, жас
ерекшеліктеріне қарай, бетімен кетушілік дәрежесіне қарай және
бетімен кету ұқсастықтарына қарай топтап бөлген жөн.
Жағымсыз іс істеу немесе заңды бұзу пайдасыз қажеттіліктерді
қанағаттандырудан, мысалы: арақ-шарап ішу, шылым шегу, т.с.с. Өзін
басқаның алдында еш нәрседен қорықпайтын батыр етіп көрсетуге
тырысудан, тентектіктен т.с.с. басқа да себептерден де болады.
Тәрбиеленуі “қиын” балаларды болдырмау үшін ұстаз бен
шәкірт арасында тартыс тумауы қажет. «Қиын» деген оқушының өзі
бұзылған, бала емес екенін ескеру керек. Сондықтан да «қиын» бала
тәрбиесінде тәрбиеші мына жайттарды ерекше назарда ұстаған
жөн:
Баланың жас ерекшелігін ескере отырып, рухани дүниесін терең
зерттеп білу, жүрегіңізбен сезініп, оған қайырымды болу керек.
Баланың ішкі дүниесі мен қылықтарын, іс-әрекеттерін білу керек,
мінезін түсіну үшін оның дамуына қажетті не екенін білу керек.
Мейірім мен сүйіспеншілік – екі жақты да адамдық сипатқа
жеткізетінін ұғыну керек.
Психологиялық түзету кезеңінде тек қана төзімділік керек.
Тәрбиелік іс-әрекет кезінде сабырлы, ілтипатты, салқынқанды,
ұстамды болу қажет.
Баланың саналы түсінгендігіне сенім көрсетіп, әділетті болу
керек.
Құр уағыз айтып, мезі етіп, жанын жараламай, қателігін үнемі бетіне
баспау керек.
Орынсыз жазаламау керек.
Жан жылуын зәруліктен құтқару, бала құқығымен санасу.
Жеке тұлға ретінде дамуына ықпал ету жағын ескеру қажет.
Осы жағдайлардың бәрін ескере отырып, тәрбиеленуі қиындардың
әрқайсысына әр түрлі қатынас жасап, оларды жеке-жеке бақылап,
зерттеп, өзіне лайықты шара қолданып, тәрбие жұмысын жүргізу керек.
Тәрбиелеуі «қиын» жасөспірімдерді тәрбиелеу проблемасы көп факторлы
құбылыс, оны психологиялық жағынан бақылап зерттеу, педагогтар мен
психологтарға, заң қызметкерлеріне жүктеледі.
Ол үшін баламен жұмысты қалай жүргізуге болады:
“тәрбиеші және бала” – бір-біріне деген сенім атмосферасының
қалыптасуы;
мемлекет тарапынан әлеуметтік қолдау және баланың балалық
шағын қорғау туралы үрдістерді іске қосу;
баланың жанұясымен үнемі тығыз байланыста болу;
үнемі әлеуметтік қорғау туралы қосымша мағлұматтармен, құжаттармен
танысу.
Тәрбиесі «қиын» балалармен жұмыста төмендегі әдістерді пайдалануға
болады.
Тәрбиешінің жұмысындағы ең белгілі әдістердің
бірі- бақылау
әдісі. Баланың
іс-қимылын, сөзін әртүрлі іс-шаралардан
байқау.
Жүйелі және нәтижелі
жұмыс арқылы ол баланың мінезінде ауытқушылықтар болса, сөзінде
береке болмаса, ол баламен жеке жұмыс ұйымдастыру керек. Бақылауды
қалыпты жағдайларда жүргізу өте тиімді: ойын кезінде, сабақта,
әртүрлі іс-шараларда үнемі көңіл аударып, жүйелі жұмыс жүргізу
керек.
Әңгімелесу
әдісі – бұл баламен
сөйлесу арқылы оның ішкідүниесіне ену, проблемасын білу, түсіну
және оны шешуге бағыт-бағдар сілтеу.
Сауалнама жазу арқылы бала туралы ақпарат жинау. Сауалнаманың
мазмұнында негізгі проблема ғана болуы
тиіс.
ойы
мінезі
әлеуметтік демографиялық жағдайы
белгілі бір бағыт бойынша қызығушылығы
Сұрақтар мынандай түрде болуы
мүмкін:
сұрақ (дайын жауаптардан керегін бала өзі таңдайды)
өз бетімен жауап беру
тура жауаптар
жанама жауаптар
Сұхбаттасу әдісі – алдын-ала дайындалған сұрақтарға жауап алу. Бұл әдісте
мына жағдайларды есте ұстаған абзал:
қарапайым жағдайда сөйлеу
баланың үнемі болатын ортасында сұхбаттасу
жауап беру мүмкіндігін есксру;
белгілі бір уақыт ішінде жауап беру керектігін айту;
үшінші адамның көмегінсіз әңгімелесу.
Тест әдісі — стандартты тапсырмалар арқылы зерттеу. Дамыту,
графикалық, ассоциациялық тестер болуы мүмкін. Жауаптарды белгілі
бір жүйе арқылы сараптау, талдау қажет.
Құжаттарды тексеру – бұл
әдісті үнемі қолдануға болады. Құжаттар мынандай түрде
кездеседі:
жеке, жанұялық және сыныптық т.б.
алғашқы (бақылау немесе әңгімелесу кезінде алынған жауап), соңғы
(сараптаудан өткен нәтиже)
негізделген және негізделмеген
Бұл әдісті қолдану бала туралы ақпараттарды тез арада жинауға
көмектеседі, бірақ
ақпараттың кейбір түрлері белгілі бір уақытқа қана жарамды болады,
оны жаңартып отыру қажеттігі туындайды. Сонымен қорытындылай келе,
тәрбиесі «қиын» жасөспірімдерді тәрбелеу проблемасын ата-аналар,
психологтар, педагогтар болып бірігіп қолға алуымыз қажет. Өйткені,
тәрбие саласында жүрген кемшіліктерді уақыт өткен соң қайыра
қалпына келтіру қиын.
Жас шыбықтың шорт сынбай, қайырылса да қайта орнына
келгенінің жақсы болатыны секілді, қиюы келіспесе
де қиын баланы тәрбиелеу қажырлы, қайратты еңбекті
талап етеді.
Ұрпағымыздың жұмсақ мінезді, мейірімді, байланыс жасауда қиындық
тудырмауы үшін, өмірдің қатал сынына төзбей «қиын бала» атанған
бауыр етіміз балалардың тәрбиесіне бір жеңнен қол, бір
жағадан бас шығарып іске кірісуіміз қажет.
Қазіргі әлемдік
өркениетте әлеуметтік-экономикалық жағдайға сәйкес білімділік
мақсаттарды стандарттау, білім берудің бағыты тұлғаның құзыретін
жалпы дамыту үшін, ең алдымен оның жеке түйінді құзыреттілігіне
негізделген оқушының дарындылық, ғылыми- зерттеу жұмыстарында
қабілеттерін анықтай отырып, тәрбиелеу айқындалып отыр. Бүгінгі
бала – қоғамның ертеңгі мүшесі. Сондықтан баланың шын мәнісіндегі
адам болып қалыптасуы, қыруар уақыт пен тер төгетін, зор еңбекті
қажет ететін, ауқымы кең, жауапкершілігі мол жұмыс. Қазіргі заман
талабына сай оқыту мен тәрбиелеудің түрлерін жедел игеріп, кәсіби
шеберлікті ұштап отыру парызымыз.Оқушыларға тиянақты да, сапалы
білім беру ол ізденіс арқылы, оқушының құштарлығы мен қызығушылығы
арқылы, сабақта жаңашылдық әдстерді пайдалану арқылы оқушыларды
өздігінен еңбек етуге, алған білімін жаңа материалдармен ұштастыра
білуге дағдыландыру. Ғылыми жұмыс жазу барысында оқушының бойында
ізденіс әрекетін ұйымдастыру, проблеманы тану және оны шеше білу
дағдысын қалыптастыру
керек.
Тәрбие және
зерттеу барысына қойылатын
талаптар:
оқушылардың
ойлары мен түсініктерін қалыптастыруға көмектесу, оларды ашық
айтуға үйрету.
оқушыларды
өзінде бар түсініктерді қарама –қайшы құбылыстармен
ұштастыру.
алдын ала
болжау, тұспалдау, альтернативті түсінік бере білуге
үйрету.
оқушыларға
зерттеу жұмыстарын еркін және оңаша жағдайда, әсіресе, шағын
топтарда талқылау арқылы жүргізуге мүмкіндік
беру.
оқушыларға
алған мағлұматтарын кеңінен пайдалануға және оларды қолдану
мүмкіндігін бағалай білуге мүмкіндік
беру.
Жаңа
технолгияны меңгеру оқушының интеллектуалдық, кәсіптік,
адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами
келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу
–тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Белгілі
психолог
Л.С. Выготский:
«Дұрыс ұйымдастырылған оқыту процесі ғана баланың жеке басының
дамуын ілестіре алады,»- дейді. Сондықтан оқыту процесі жаңа
инновациялық әдістер мен жаңа технологияларды пайдалануға
итермелейді. Инновация деген ұғым латын тілінде жаңарту, жаңалық,
өзгеріс енгізу деген түсінікті білдіреді. Оның мәні - білім беруге
және өздігінен білім алуға негізделген қабілетті дамытады. Ал
инновациялық оқыту дегеніміз – жаңалықты ашу, оны игеру және өмірге
енгізу. Қоғамдық дамудың жаңа кезеңінде мектепте білім беру жүйесі
көптеген өзгерістерге ұшырауда. Оған
себеп:
ақпараттық
технологияның жедел дамуы;
жаңа типті
мектептердің пайда болуы;
дарынды
балалармен жұмыс істеу бағдарламасының дүниеге
келуі:
балаларды шет
елдерге оқыту мүмкіндігі туды.[2:
4-6]
Жалпы ғылыми-
зерттеушілік жұмыстарға қабілетті, көбінесе шапшаң, тез ойланатын,
көп көлемде білім меңгеретін, оны ұзақ уақыт ұмытпайтын және
олардың түсінігі өте жоғары, сезімтал, ойға алған нәрсесін, алдына
қойған мақсатын қалай да орындауға тырысатын, адамгершілік сезімі
ерте дамыған, моральдық қасиеттерге өте бай, қиял күші басым
оқушылармен жұмыс жасаймыз.
Оқушылардың
тәрбиелік және ғылыми- зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін басты мына
мәселелерге тоқтолған жөн.
- әрбір
оқушының жек-дара ерекшеліктерін
ескеру;
- оқушылардың
қабілеттері мен шығармашылықтарын
арттыру;
- оқушылардың
өз бетінше жұмыс істеу, ізену дағдыларын қалыптастыру болып
табылады.
Қабілетті
оқушыларды ерте айқындау, оларды тәрбиелеу білім беру жүйесін
жетілдірудегі негізгі міндет болып табылатынына бүгінгі таңда ешкім
шүбә келтірмейді. Арнайы бағдарда оқыту тәсілінің негізінде
зерттеуші оқушыларға практикалық көмек көрсету ,
психо-диагностикасын жүргізу, қабілеттерін зерттеу арқылы жақсы
нәтижелерге жетуге болады. Оқушылардың дүниетанымын кеңейту,
зерттеушілік қызметке баулу, ізденушілік қасиеттерін жетілдіруде
сыныптан тыс жұмыстарды жүргізудің маңызы зор. Үйірме жұмыстарын,
оқушылардың қай пәнге деген бейінділігін анықтап, олимпиадаға
дайындау, конференция , КВН, дәстүрлі емес сабақ түрлерін жүргізуді
ұйымдастыру жұмыстарын өзін-өзі басқару әдісі бойынша жүргізу
керек.
Оқушылардың
қабілеттерін артыруда , логикалық ойын пайдалану үшін және
зерттеушілік қызметін жандандыру да жаңалық ашуға жетелейтін жолдың
бірі – өздігінен тапсырма құрастыру. Тапсырма құрастыруда оңайдан
бастап, біртіндеп күрделендіре түскен пайдалы. [1:
8-9]
Бүгінгі таңда
жеке тұлға, яғни зерттеушілік тұлға қалыптастыру білім мен тәрбие
берудегі мемлекеттік істің ең маңыздысы болып отыр. Осы жолда
педогогикалық технология оқыту мақсатында жетудің тиімді, нақты
жолдарын көрсетеді. Оқытудың жаңа технологиясы іс-әрекеттің
жоспарланған нәтижесіне жетудің шартты тәсілі ретінде
қарастырылатын жаңа әдістердің жиынтығынан тұрады. Оқушылармен
ғылыми - зерттеу жұмыстарын дамыту үшін өздігінен жұмыс істеуге
баулу, өз ойын тұжырымдауға дағдыландыру болғандықтан сабақ
барысында кеңінен соңғы кезде деңгейлеп оқыту, дамыта оқытудың
модульдік әдісін жиі пайдалану өте тиімді. Бұл әдіс педогогика
ғылымының докторы, профессор Ж. Қараевтың тұжырымдамасы негізінде
жасалған.