400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қиын оқушылармен жүргізілетін кейбір тренингтік жаттығулар

Материал туралы қысқаша түсінік
Материалда тәрбие туралы, тәртібі қиын оқушылармен жүргізілетін жаттығулар туралы жазылған. Оқушыларға өзін-өзі бақылауға, өзін-өзі тәрбиелеуге көмегін тигізеді деген үміттемін.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қызылорда облысы, Арал ауданы,

Арал аудандық жалпы білім беретін кешкі мектеп психологы

Турсынова Баян Турсыновна


Қиын оқушылармен жүргізілетін кейбір тренингтік жаттығулар


«Әрбір баланың мінез –құлқы ата-анасының жағымды

іс-әрекетінен үлгі алу барысында қалыптасады»

И. Павлов


«Балаға өз тіліңмен сөйлеме, өз тілімен сөйле»

Халық мақалы

Қай ғасырда болсын, ұлт өмірін өркендетуші саналы да салауатты, ұлтжанды, рухы биік, парасаты мол ұрпақты тәрбиелеу – қоғам алдындағы басты міндет. Халық ұрпағын өзіне дейінгі қоғамда қол жеткізген тәрбиелік жақсы дәстүрлерді пайдалана отырып, шынайы адамгершілік қасиеттерге баули отырып тәрбиелеуді мақсат еткен. Жастарды адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеуде өскен ортаның, құрбы-құрдастың, тәрбиелі адаммен жолдас болудың әсері күшті екенін халқымыз ежелден бағалай білген.

Л.С.Выготский «Қиын балалық шақтың педагогикалық клиникасы және дамудың диагностикасы» еңбегінде: «Жеке адамның күйзелісімен күресу, оның себептерін жою жолымен ғана емес, сонымен бірге адамды жөнге салудың белсенді жолымен, білім бірлігімен, дамуына жағдай жасау арқылы да нәтижеге жетуге болады» деп тұжырымдай отырып, «қиындықты тәрбие арқылы түзетудің», осы қайшылықпен күресудің нақты жолын анықтап берді.

Бала тәрбиесін жүргізу үшін педагогикалық ұжымның кәсіптік біліктілігі, ата - аналардың саналық көзқарасы және осы принциптерге негізделген мектеп және отбасы арасындағы тығыз байланысқан одақ, нәтижелі жұмыс қажет. Соңғы кезде жасөспірімдер, жеткіншектер арасында мектеп қабырғасында жүріп кейбір келеңсіз оқиғаларға оқушыларымыздың көп ұрынуы, «қиын» бала есебін толықтырып отыр.


«Қиын бала» қайдан шығады?

Бұған балалардың қоғамдық және тұрмыстық жағдайы; мінез-құлқындағы жағымсыз ерекшеліктері мен психикасының өзгеше қалыптасуынан немесе қалыпты нормадан ауытқуы; педагогикалық тәрбиесінің дұрыс ұйымдастырылмауы; әлеуметтік-психологиялық жағдайлар қатты әсер етеді.


Қиын бала туралы мәліметтерді қорытындылай отырып, қиын оқушымен жұмысыңызда қажетіңізге жарайды деген үмітте бірнеше жаттығулар жүргізуді жоспарладым. Ендеше сол жаттығуларды бірге жүргізсек.


1.«Мен саған сыйлаймын» жаттығуы


Нұсқау: Қатысушылар шеңберге тұрады. Бастаушыдан бастап жанымыздағы адамға ым-жым арқылы сыйлық сыйлаймыз.Соңына кім не сыйлғанын тауып айту керек.


Талдау: Сыйлық ұсыну қиын болды ма? Жаттығудан алған әсерініз қандай?


2.«Ашулы шарлар» жаттығуы


Шарты: 8-10 қатысушыны ортаға шығарып үрлеп, оларды байлау сұралады.


Қатысушыларға түсіндіру керек, шарлар адамның денесін бейнелейтінін, ал оның ішіндегі ауа-адам сезімі. Қатысушылар қолдарындағы шарды аяқтарымен жаруы керек.

-Шарды жарғанда қандай сезімде болдыңдар? Ашуды осылай шығару жұрыс жол ма? Ондай ашудан кейін қандай сезімде боласыңдар?

-Бұлай қатты жарылған шар агрессияны білдіреді. Ол қауіпті.

-Енді қатысушылар келесі шарларды үрлейді, оны байламай ұстап тұрады. Бұл шарлар ашу толы сезімді білдіреді, ал енді жайлап қана жарты ауасын шығарайық. Шар кішірейді. Бірақ жарылмады. Бұл нені білдіреді? Егер біз ашумызды бақылап шығарсақ, ол ешкімге зиян келтірмейді.

-Енді қатысушылар шардағы ауаны толығымен сыртқа шығарады. Бұл дегеніміз ашудың қауіпсіз жолын табу-ол әр адамның өз қолында екендігін тұжырымдау.



3. «Ақ лента» жаттығуы


Мақсаты: Өмірлік мақсатын анықтай алу қабілетін дамытып, болашаққа өз-өзін баулуға үйрету, жағымсыз мінезден арылуға көмектесу.


Плакатқа МЕН деген жазу іленеді, балалардың алдына ақ лента салынады.

Балаларға егер болашағыңыз үшін жауапкершілікті сезінесіз, өміріңіздің жақсы болғанын қаласаңыз мына лентадан аттаңыз, аттар алдында қандай жаман мінезіңізден құтылғыңыз келетінін стикерге жазып, плакаттағы МЕН әріптеріне жапсыру сұралады.

Бәрі өздерінің бойларындағы жағымсыз мінездері жазылған стикерді МЕН әріптеріне жапсырып ақ лентраны аттайды. Болған соң плакаттағы әріптер ертеледі.


4.Тест “Өзіңді тексер”


1. Адамдарға көңіл-күй тудыра алатындай сәлемдесе аласыз ба?

2. Сіз әрдайым ұстамды, сыпайысыз ба? Қарсылықты тура білдіресіз бе?, әлде “бұл қиын” деп айтасыз ба?

3.Сіз берген сөзіңізде (мәні жағынан да, уақыты жағынан да) тұра аласыз ба?

4.Сіз адамдармен қатаңдық танытпастан, паңданбастан қатынасқа түсе аласыз ба?

5.Өз қызметтестеріңізге жиі бұйрық бересіз бе? немесе әріптестеріңізге ешбір таңу мақсатын көздеместен жиі нұсқаулар бересіз бе?

6.Сіз адамның көңіл-күйін көтеретіндей, оның келбеті туралы және басқа да заттар туралы жағымды сөз айта аласыз ба?

7. Сіз өз-өзіңізге соншалық сыни көзбен қарайсыз ба? Өзінді-өзің сынау бәрінен бұрын айналаңыздағыларға жағымды әсер етенінін түсінесіз бе?


Қорытынды

Сонымен тренингімізді қорытындылай келе, тәрбиесі «қиын» жасөспірімдерді тәрбиелеу проблемасын ата-аналар, психологтар, педагогтар болып бірігіп қолға алуымыз қажет. Өйткені, тәрбие саласында жүрген кемшіліктерді уақыт өткен соң қайта қалпына келтіру қиын.

Ұрпағымыздың жұмсақ мінезді, мейірімді, байланыс жасауда қиындық тудырмауы үшін, өмірдің қатал сынына төзбей «қиын бала» атанған бауыр етіміз балалардың тәрбиесіне бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып іске кірісуіміз қажет

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 ақпан
679
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі