Материалдар / Қиындық туғызатын оқушылармен жұмыс
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қиындық туғызатын оқушылармен жұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
1. Бала бойындағы дағдарысты анықтап, сапалы өзгерістерге итермелеу. 2. Баланың тұлғалық тұтастығының бағасын сезіну. 3. Жеткіншекте жеке бастың талаптарымен үйлестіру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қырқүйек 2021
427
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қиындық туғызатын оқушылармен жұмыстың 
мақсат – міндеттері


Мақсаты:  жеткіншек  дамуындағы  дағдарысты  түсіну үшін  жеткіншектің  агрессиялық  әрекетіне  қарсы  тұру.

Міндеттері:

  1. Бала бойындағы дағдарысты анықтап,   сапалы  өзгерістерге  итермелеу.

  2. Баланың тұлғалық тұтастығының бағасын  сезіну.

  3. Жеткіншекте жеке бастың    талаптарымен   үйлестіру.



Оқушымен жүргізілетін жұмыс түрлері
1. Оқушының жеке басын, жанұясын жеке зерттеу; 
2. Оқушының физиологиялық – психологиялық ерекшелігін диагностика арқылы анықтау; 
3. Қиын оқушымен ақыл – кеңес, әңгімелесу, сырласу жұмыстарын жүргізу; 
4. Мектептің, сыныптың қоғамдық жұмыстарына белсенді түрде араластыру; 
5. Оқушыға жауапты жұмыстар тапсыру; 
6. Балаға ілтипатпен қарап, оның жағымды жақтарын ашуға тырысу; 
7. Сабаққа қатысуын жүйелі бақылау; 
8. Ата – анасымен үнемі тығыз байланыста болып, ақыл – кеңес беру. 


Диагностикалық зерттеу түрлері 
Физиологиялық ерекшелігі: Дене дамуы өз жасына, ортасына сәйкес келеді. Оқушының денсаулық жағдайы жақсы. Дәрігерлік есепте тұрмайды.

Оқушымен жеке жұмыс: Оқушыдан диагностикалық жұмыстар алынды. Диагностика қорытындысына сәйкес оқушымен жеке әңгіме өткізілді, одан сауалнама, сұрақтар алында, қызығушылығы анықталды. Мақтау – мадақтау жұмыстары жүргізілді. Ақыл – кеңес берілді. 

Әлеуметтік жағдайы: Көп балалы, әлеуметтік жағдайы төмен отбасында тәрбиеленіп жатыр.







Оқушыны мектепішілік есепке қоюға арналған есеп картасы

Оқушының аты – жөні, сыныбы:
Туған жылы, айы, күні: ж
Мекен – жайы, телефоны:

Ата – аналары туралы мәлімет 

Деректер

Анасы

Әкесі

Ата-анасының аты-жөні



Жұмыс орны







Өзара қарым – қатынас беті. 
1. Оқушының ұжымдағы беделі? 
Басшы, беделді, елеусіз, бөлектенген, енжар. 
2. Ұжымның ескертпелеріне, сындарына, талаптарына қатысы? 
Жағымды, ынтамен, қинала, бей – берекет, өштесе, селқос. 
3. Достары бар ма? 
Тек өзінің сыныбында, сыныптан тыс, сыныпта да, сыныптан тыс та, өзімен шамаластармен, өзінен үлкендермен, өзінен кішілермен, ешкімі жоқ. 
4. Мектеп шараларына қалай және кім болып қатысады? 
Басшы бола алады, ұйымдастырушы, белсенді мүше, енжар орындаушы, қарсы ұйымдастырушы, қатыспайды. 
5. Кімдермен кикілжіңге түседі? 
Сыныптастарымен, басқа сыныптағылармен, мұғалімдермен, ата – аналармен, туысқандарымен. 
6. Қандай еңбек түрін қалайды? 
Ақыл – ой, дене, екеуін де, еңбек етуді ұнатпайды. 
7. Өзіне деген қатынасы? 
Өзіне - өзі сенімді, өзіне - өзі сенімсіз, өзіне сынай қарайды, өзін - өзі бақылайды, жетістікке ұмтылады. 
8. Мәдениет дағдыларын меңгерген бе? 
Қоғамда мәдениетті, шектен шығып кететін кезі болады, мәдениетсіз. 







Қиындық туғызатын оқушының тәрбиелік деңгейінің диагностикасы


Оқушының аты –жөні:



Оқуға қатынасы:



. 
Еңбек сүйгіштігі Жалпы жинақы, еңбекті жақсы көреді, еңбек қауіпсіздігін сақтайды, еңбегі өнімді, еңбек тәртібін сақтайды. 
Адамгершілілігі, саналылығы: Адамгершілігі бар, адамдық қарым – қатынасы дұрыс, мейірімді, мәдени мерекелерге баруды ұнатады, мінез – құлық ережелерін орындайды, бірақ мектеп жарғысын орындамайды. 
Табиғатқа қатынасы: Жерге, табиғатқа, өсімдікке, жануарға аялы көзқараспен қарайды. 
Эстетикалық талғамы Сырт пішіні жинақы, таза, ұқыпты киініп жүреді, жазуы таза, әдемі. 
Өзін - өзі жетілдіру дағдылары Өзінің мінез – құлқын реттей алмайды, уақытын тиімді пайдаланбайды, денсаулығын күтпейді, жеке бас тазалығы орташа, өзін - өзі жетілдірмейді. 
Экономикалық санасы Экономикалық сауаттылығы төмен, қоғамдық істерге белсенді болғанымен саналы әрекет жасай алмайды. 
Азаматтық санасы Пікірталасқа түсе аламайды, мақсат қоймайды, өз әрекетіне өзі баға бермейді. 




















«Қиын оқушыны» тудыратын факторлар:

Біріншіден, қоғамдық жағдай мен өмірдегі тұрмыс жағдайы себеп болады.

Екіншіден, балалардың мінез құлқы жағымсыз ерекшеліктері, психологиясының өзгеше қалыптасуы яғни қалыпты нормадан ауытқуы.

Үшіншіден, педогогикалық тәрбиенің дұрыс болмауы.

1.Әлеуметтік жағдай.

-бақылаусыздық

-назардан тыс қалуы.

-отбасының толық болмауы..

2.Психологиялық жағдай:

-баланың жас кезінде педогогикалық тәрбиемен жете қамтылмауы.

-оларды тәрбиелеудегі асығыстық.

-балаға балдырған кезінде қатал болып ,жеткіншек кезінде айтқанын орындата алмауы .

3. Ата-ананың келіспеушілігі ,кикілжің

-өз жауапкершілігін сезінбеуі

-бала қабілетімен санаспауы

-баласына сенім білдірмеуі

-мінез құлық ерекшеліктерін ескермеуі.

Ұлтық тәрбиенің болмауы баланың бұзылуына әсер етеді.



















Қиындық туғызатын оқушымен    жүргізілетін  әңгіме.

Оқушымен  әңгімелесу   сұрақтары

  1. Орта мектепті бітіргеннен кейін  кім болғың келеді?

  2. Қай пәнді жақсы көресің?

  3. Сенің достарың қандай, олар туралы сен  не  ойлайсың?

  4. Үлкендерге деген сенің   көзқарасың?

Сынып жетекшімен әңгіме

  1. Бұл оқушыны тәрбиелеудегі  қиындықтар  неден тұрады?

  2. Осы оқушының қиын  екендігіне  қандай  дәлелдер бар?

  3. Оқу үлгерімі қандай?

  4. Оқушының үйдегі тәртібі қандай?

  5. Оқушының мектептегі тәртібі қандай?

Мұғалімдермен әңгіме.

  1. Сіздің сабағыңызды оқушының  үлгерімі  және  жүріс-тұрысы қандай?

  2. Оқудағы, жұмыстағы оқушының  қабілеті  қандай?

  3. Оқушының тәртіпсіздігін көрсететін  жағдай,  оған  сіздің берген   ақыл-кеңесіңіз?

Жолдастарымен әңгіме

  1. Қашаннан бері жолдасыңыз?

  2. Сенің жолдасыңыздың қандай  қасиеті ұнайды?

  3. болашаққа құрған жоспарларыңыз?

Ата-анасымен  әңгіме.

  1. балаңыздың жүріс-тұрысына,  оқуына  көңіліңіз  тола ма?

  2. Оның оқудағы  жүріс-тұрысында   сізді  не  қиналдырады,  сіз оған  қалай  көмектесесіздер?

  3. Болашақ мамандығын  таңдауына   сіздің  ақыл-кеңесіңіз.

  4. Ол үйде не  істейді,  сіздерге  көмектеседі  ме?





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!