Сабақтың тақырыбы:
Қабдеш Жұмаділовтың “Қаздар қайтып барады ” әңгімесінің негізгі
кейіпкерлері, тәрбиелік мәні
Сабақтың
мақсаты:
-
Білімділік:
Шығарманың мазмұнын талдай отырып жазушының кейіпкер бейнесін
ашудағы шеберлігін таныту;шығарманың негізгі тақырыбын
анықтау;
-
Дамытушылық: әр түрлі
әдіс-тәсілдер арқылы шығармадағы қажетті үзінділерді таңдап ой
түйінін қорытындылап шығаруға машықтандыру, оқушылардың қиялы мен
көркем сөйлеу қабілеттерін арттыра отырып кейіпкер бейнесін
құрастыруға баулу.
-
Тәрбиелік: кейіпкер
тағдырына ортақтастыра білу, сезімді, төзімді, елжанды болуға,
бауырмалдылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
-
Автордың өмір жолы:
Қ.Жұмаділов-жазушы.
-
1936 жылы Қытай Халық
Республикасының Іле қазақ автономиялы облысына қарасты Тарбағатай
аймағында дүниеге келген.
-
Ауылда бастауыш білім алып,
кейін Шәуешек гимназиясын бітіреді.Қытай үкіметінің жолдамасымен
Алматыға келіп, ҚазМҰУ-дың филология факультетіне оқуға түсті.
Алайда 2-курстан кейін екі ел арасындағы саяси жағдайға байланысты
кері шақырылды.
-
1962 ж Қытай шекарасын
бұзып өткен қазақ көшімен бірге атамекенге қайтып оралып,
ҚазМҰУ-дегі аяқталмай қалған оқуын қайта жалғап, 1965 ж бітіріп
шықты.
-
1968ж “Қаздар қайтып
барады” атты алғашқы әңгімелер жинағы шықты.1969ж
“Көкейкесті”романы, 1974-1981ж “Соңғы көш”романы,1985ж
“Атамекен”,1988ж “Тағдыр”,1996ж екі томды “Дарабоз”, 2003ж
“Қылкөпір” романдары жарық көрді.
Н.Назарбаев.
-
Тарихи мәліметтер
-
Тарихтан орын тепкен күн!
1992ж қыркүйек айында Алматыда Әлем қазақтарының тұңғыш құрылтайы
өтті.Құрылтайға әлемнің 33 елінен 800-ден астам делегаттар
қатынасты.
-
1992 жылы 29-қыркүйекте
Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы құрылды.
-
2002ж қазанның 23-24-де
Түркістан қаласында Әлем қазақтарының ІІ құрылтайы өтті.Құрылтайдың
шешімімен Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төралқасының төрағасы
болып елбасы Н.Ә.Назарбаев сайланды.
-
“Диаспора”- тегінде грек
сөзі(diaspora) орысша аудармасы-рассеяние,қазақ тілінде “әр жерге
орналасушылық”деген ұғымды білдіреді.
Үй тапсырмасын сұрау:
. Проблемалық сұрақ
қою. Мен қоятын сұрақ мына үлгіде. 1. Байтас қарт қайда сапар
шегіп келеді? 2.Оның бөтен елге баруының себебі неде,не үшін барған
деп ойлайсыңдар? (Оқушылар өз ойларын айтып шығады.) 3. Жазушының
өмірі мен әңгімесінің арасында қандай байланыс бар? (Әңгіменің
идеясын ашу) 4. Байтас қарт неге шекараны бұзып өтті? 5. Қабдеш аға
тарихи Отанына қай жылы оралған еді? 6. Жазушы,Байтас қарт,қаздың
арасында қандай ұқсастық бар?
Әңгімеде кездесетін жер-су,тау аттарын теріп жазыңдар.
(Оқушылардың жауабы былайша түзілді)
Етікші,Тарбағатай,Күргейтас,Тентек-Халдай,Айнабұлақ,Арғанаты,Көкшілік,
Нұра.
Тұмардың ішінен термен
байланып қалған бір уыс қиыршық топырақ түсті жерге.Бұл осыдан
қырық жыл бұрын жат өлкеге аттанарда туған жерден түйіп алған
топырақ еді.
Қырық жыл бойы көкірек
түкпірінде жатқан ұзақ сапар
Оқиғаның шешімі Шарықтау шегі
Жалғыз
жортқан жолаушы және жолда көрген
қиыншылықтар
Ойға оралған өткен күн
немесе жалғыз немере – Төлеутай
Кінәсіз тағылған
айып,күтпеген қасірет
Басталуы Байланысы
Оқиғаның дамуы
-
ІІ.Жолдағы қиындықтар.
-
ІІІ.Жарық сәуле
-
ІV.Шекара.Туған
өлке.
-
V.Бойтұмар
Кейіпкер бейнесін құрастыру
Қарияның іс-әрекеті, әдеті бейнеленген жолдарды мәтіннен тауып
аламыз, осылайша кейіпкер бейнесін құрастырамыз
-
Осы әңгімеде тау асып,тас басып,көп қиыншылықпен шекарадан өтіп
келе жатқан Байтас қария еді. Қоңыр күзде Тарбағатай тауынан асып
өту де қарияға оңайға соқпады. Бар салмағын таяғына салып, тізесі
дірілдеп Етікші асуының бір орқаш биігіне көтерілді.Айналаны шола
қарады.Ендігі беталысы еңіс болғандықтан, қарт оңай түсті. “Құдай
енді екі күндік ғұмыр бер”-деп жалбарынды.Шөл қысып, талшық етіп
алып келе жатқан азғантай малтасын торсықтағы суға араластырып ішіп
алды.Көңілі жайланып, алдағы жолдың жоспарын жасады. “Шекараға
дейін қозы көш жер қалды”-деп, бұл ойды тап бір көрші ауылға
қыдырып бара жатқандай ойлады.
-
Қарт ойлап-ойлап құз жартастың қуысына тығылуды жөн көрді.Ымырт
үйіріле, жанына жинап қойған тастарды лақтыруға дайындалып отырды.
Қанша отырғаны белгісіз қалғып кетіп,аяқ жағындағы тысырдан шошып
оянды.Көздері түнде қып-қызыл болған көкжалға үлкен тасты жіберіп
қалып еді. “Қаңқ” еткен дыбыс,үнсіздік.Қарт қуаныштан жылап
жіберді. “Я,Жасаған,-деді ол көктегі айға қолын жайып-маған енді үш
күндік ғұмыр бер”-деді.Мүмкін ,Құдай сол тілегін қабыл көрген
болар.Міне, қария тағы жол үстінде. Тентек-Халдай өзені.Жағасында
жатқан адамның қу басын көріп тіксініп қалды.Қарт тағы Ұлы
Жаратушыға жалбарынды.Өзен ағысы қатты екен.Қарт өзенге түсті,
ортасына келгенде тәлтіректеп кетті.Қойтасты құшақтай
алды.Өтті.Құдай
-
Иә,оның Төлеутай деген немересі бар еді.Тіпті
бүткіл отбасы да бар еді.Мұқым елді жайлаған қалың сүзек ауруынан
ұлы мен келіні,қызы мен кемпірі қабатынан қайтыс болғанда,қу
бұтаққа ілінген жалғыз жапырақ немересі,Төлеутайы қалып еді.Қарттың
кәсібі аңшылық болғандықтан,немересін аш қалдырмай өсіріп
жатты.Немересі жетіге толып мектепке барды, маңайын түгел тойғызып
той жасады.Немересін мектепке өзі апарып жүрді.Қарттың есіне тағы бір оқиға түсті.Көктемгі
құс келетін уақытта немересін аңшылыққа апарды
-
Түн
ортасы жақындап, ай батып кеткен кезде қарт орнынан тұрды.Адымдап
үнсіз жүріп кетті.Мөлшерлі жерге жарты шақырым қалғанда,тың
тыңдап,біраз бұғып отырды.Атасының аруағына сыйынып, дәл сызықтың
үстіне келген кезде,көзі қарауытып, толқыды.Сызықтан өте салысымен,
бүкеңдеп жүгіре жөнелді.Тұла бойын тер басқан қария,омырауын ағытып
,самал желге тосты.Еңкілдеп жылап, жер-ананы құшақтап сүйе берді.
“Айналайын туған жер сені де көретін күн болады екен –ау!”-деп
тұншыға күбірледі.
-
Үзіндіні пайдалана отырып, қарияға сипаттама беру
Әңгіменің негізгі идеясы не?
Өздерің бұл әңгімеге қандай тақырып қояр едіңдер?
Қорытынды:
-
«Әңгіме кестесін» құру
-
Тақырыбы
-
Авторы
-
Кейіпкерлері
-
Негізгі идеясы
-
Қай
кезеңді суреттейді?
-
Немен аяқталды?
-
Не
үйретті?
Үй тапсырмасы:
Бағалау.