Материалдар / ҚМЖ 4 сынып Дүниетану
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ҚМЖ 4 сынып Дүниетану

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл бастауыш сынып мұғалімдеріне қажет
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Мамыр 2020
675
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚМЖ Дүниетану

Пәні: дүниетану

Мектеп: №6

Күні:

Мұғалімнің есімі: Ильясова Ж.С.

Сынып: 4

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Жасанды ортадағы қауіп-қатер

Сабаққа негізделген оқу мақсаты

4.1.4.3. түрлі дереккөздер негізінде жасанды ортадағы қауіп-қатерлерді анықтау және оларға баға беру

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: Климаттың адамзат дамуына әсері туралы, өз өңіріндегі және Қазақстан аймақтарындағы адамдардың табиғи жағдайларға байланысты шаруашылық іс-әрекеттерін анықтайды.

Көптеген оқушылар: өздерінің жауаптарын нақтылау үшін өмірден мысалдар келтіреді; оқулықта берілген ақпараттарды қолданады.

Кейбір оқушылар: Адамдардың табиғи жағдайларға (рельеф, климат, өсімдік және жануарлар әлемі, су нысандары) байланысты мамандануын түсінеді. Зерттеу негізінде өз өңіріндегі табиғи апаттардың туындауы ықтималдығын болжайды. Өзінің жасанды ортадағы қауіпсіздігін жоспарлайды. Нысандардың кеңістікте бір-біріне қатысты орнын анықтайды.

Бағалау критерийлері:

-зерттеу негізінде өз өңірінде табиғи апаттар туындау ықтималдығын

болжайды;

-климаттың адамзат дамуына әсерін талдайды;

-нысандардың кеңістікте бір-біріне қатысты орнын анықтайды;

-өзінің жасанды ортадағы қауіпсіздігін жоспарлайды.

Тілдік мақсаттар

Тілдік дағдылар

Оқушылар:

-зерттеу негізінде өз өңірінде табиғи апаттар туындау ықтималдығын болжайды;

-климаттың адамзат дамуына әсерін талдайды;

-нысандардың кеңістікте бір-біріне қатысты орнын анықтайды;

-өзінің жасанды ортадағы қауіпсіздігін жоспарлайды.

Пәнге тән лексика мен терминология

табиғи құбылыстар;

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Жасанды ортадағы қауәіп-қатерден қалай қорғану керек?

Құндылықтарды дарыту

Оқушы бойында отбасылық құндылықты қалыптастыру

Пәнаралық байланыстар

Математика, дүниетану, әдебиеттік оқу, көркем еңбек.

АКТ қолдану дағдылары

Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа

қатысты ақпаратты іздеу;

Ресурстар

Оқулық, үлестірме қағаздар

Алдыңғы оқу

3-сыныпта «Жанды табиғат» тарауында оқып танысқан. Оқушылар ауа-райының қолайсыз жағдайларында өзін-өзі ұстау ережелерін құрастыруды, табиғи ортадағы өзінің қауіпсіздігін жоспарлауды біледі.

Саралау

тапсырма біреу, алайда оқушылардан жеке нәтиже күтіледі.

Бағалау

Бір-бірінің жұмысын дискриптор арқылы бағалайды.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Басталуы









Психологиялық дайындық:
Даламдай кең пейілім (құшақтарын ашады).

Жүрегім толы мейірім (жүрек тұсын қолымен ұстайды).

Мен үшін жоқ уағың (қолымен кіші дегенді көрсетеді).

Бəріңе ортақ шуағым (екі қолын көтереді).

Тақырыпты анықтау

«Жедел жауап» әдісі

-Қандай табиғи құбылыстарды білесің?

-Олар адамның өмірі мен іс-әрекеттеріне қалай әсер етеді?

-Қандай табиғи қауіптер кездеседі?

Сұрақтар арқылы тақырыпты хабарлау

Жасанды ортадағы қауіп-қатер

Ортасы























«Мəтінмен диалог» стратегиясы.

Оқушылар мəтінді оқып шығады. Таңбамен (əріппен) белгіленген төрт түрлі тапсырманың біреуін немесе екеуін орындайды. Бұл тапсырмаларды мəтінді оқу барысында орындап отыру қажет:

С – мəтінге сұрақ қою;

Ж – қойылған сұраққа жауап беру;

Е – болашаққа ойша көз тастау, ары қарай қалай болатынын, оқиғалар қалай дамитынын елестету;

Т – өзіңді тексеру, жауабыңды мəтінмен салыстыру немесе болашаққа жасалған болжамыңды мəтінде жасалған болжаммен салыстыру.

МЕНІҢ ЖАСАНДЫ ОРТАДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІГІМ

Біз жасанды ортада өмір сүреміз.Бұл-адам қолымен жасалған жасанды дүниелер. Оның құрамдас бөліктері ретінде елді мекендерді, тұрғын үйлерді, жолдарды, көлік құралдарын, техникалар мен басқа да көптеген дүниелерді айтуға болады. Осылардың бәрін адам өзінің өмірін жақсарту үшін жасады.Алайда бұл ортада саналуан қауіп-қатерлер де кездеседі. Солардан өзіңді қалай сақтандыруың керек?
Көшеге шыққанда біз не жаяу жүргінші, не велосипед тебуші, не көліктегі жолаушы боламыз. Міне солардың бәрінде қауіпсіздік ережесін есіңнен шығармауың қажет. Сенің үйіңнің айналасында да қауіпті жағдайлар болуы мүмкін, сондықтан оны да ескере жүр:

құрылыс алаңында немесе трансформатор күркесінің жанында ойнамау;
– саябаққа немесе орманды жерге жалғыз бармау.
Қауіпсіздікті сақтаудың басты ережелерін есіңде сақта:
– қауіпті алдын ала сезу;
– мүмкіндігінше одан алшақ болу;
– қажет болған жағдайда ғана әрекет ету.

Дескриптор

-өзінің жасанды ортадағы қауіпсіздігін жоспарлайды.

Ұжымдық жұмыс

«Өрт шыққан кезде не істеу керек?»

Постер қоғау

Дескриптор

-өрт кезіндегі қауіпсіздік ережелерін атай алады;

Жұптық жұмыс

Жағдайды талқылау

1.Белгісіз біреу үйіңнің есігін ашпақшы болса не істер едің?

2.Бейтаныс адам телефон соғып,үйде кім бар екенін сұраса не істер едің?

3.Сабақтан келгенде үйіңнің есігі ашық болса ,қандай әрекет жасайсың?

Дескриптор

-әр жағдайға өз пікірін айта алады:

ҚБ: Түрлі-түсті қарындаштар арқылы

Жеке жұмыс

Дәптермен жұмыс

ҚБ: Тамаша. Жақсы. Мұқият бол

Аяқталуы

5 минут


Үй тапсырмасы. 80-83 бет

Рефлексия

«Білім гүлі» кері байланыс.

Қосымша ақпарат






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!