ҚМЖ §5.7. Олимпиадаға дайындық. Практикалық тапсырмалар

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ҚМЖ §5.7. Олимпиадаға дайындық. Практикалық тапсырмалар

Материал туралы қысқаша түсінік
8.3.1.1 Python программалау тілінде тапсырма модельдерін жасау 8.3.2.1 алгоритмнің трассировкасын жүзеге асыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тексерілді:

Ұзақмерзімді жоспардың тарауы: Практикалық программалау

Мектеп: І.Кеңесбаев атындағы жалпы білім беретеін мектебі

Күні: 17.05.2024 жыл

Мұғалімнің аты-жөні: Г.Бейсеева

Сынып:8Ә

Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

§5.7. Олимпиадаға дайындық. Практикалық тапсырмалар

Оқу мақсатты

8.3.1.1Python программалау тілінде тапсырма модельдерін жасау

8.3.2.1 алгоритмнің трассировкасын жүзеге асыру.

Сабақтың мақсаты

есептің шарты мен программа кодын анықтау;

программа трассировкасын анықтау;

программаны тестілеудің маңыздылығын тұжырымдау.

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:

1-10 мин.

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу

І. Қызығушылықты ояту

«Арқаға сурет салу» ойыны

Бұл ойында барлық әрекетті үнсіз жасау керек. Оқушылар екі топқа бөлініп, бірінің артынан екіншісі тұрып, сап түзейді. Мұғалім ең артында тұрған оқушыларға бір заттың атауы жазылған қағаз ұсынады (мәселен, алма, алмұрт, жүзім, гүл, кітап, ағаш, автомашина т.б). Тапсырма: соңында тұрған оқушы үндемей, алдында тұрған оқушының арқасына әлгі заттың суретін саусағымен салады. Арқасына сурет салынған оқушы алдында тұрғанның арқасына өзінің арқасына салынған затты салады. Суреттер салынып біткеннен кейін мұғалім соңғы оқушыдан арқасына салынған заттың атын сұрап, оны қағазда жазылғанмен салыстырады. /Бұл ойын оқушыларға жағымды көңіл күй сыйлайды/.

Топтастыру:

Топтастыру: «The Hot» программасы арқылы оқушыларды екі топқа топтастыру. «Робот», «Қозғалыс» деген атаулармен топтастырамын. Оқушылар өз топтарының атаулары бойынша түсінік береді.

Мақсаты: белсенді оқу, оқушының мұғалімді мұқият тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа тартылуын көздейтін оқыту мен оқу әдістерінің бірі болғандықтан оқу мақсаттарына қол жеткізуде оқушылардың қажеттіліктерін, қабілет деңгейлері мен қызығушылығын ескере отырып топтастыру жоспарланды.

Тиімділігі: топтық жұмыста – бір-бірімен ой бөлісіп, пікірлесуге, өз ойын ортаға салуға; жұптық жұмыста – ақылдасып, келісімге келуге, өзгенің пікірін тыңдап, құрметтеуге; жеке жұмыста – өзіндік пікір қалыптастырып, сын тұрғысынан ойлануына мүмкіндік болады.

Саралау: оқытудың қажеттілігіне қарай топ құруда саралаудың «Жіктеу» тәсілі қолданылады.

Қызығушылық-ты ояту

Өткен сабақты пысықтау

Миға шабуыл/

«Ыстық

орындық » әдісі

Миға шабуыл стратегиясы арқылы өткен сабақ пен жаңа сабақты ұштастырып проблеманы бірге шешу

Оқушылар орындықта отырған оқушыға өткен тақырыпқа байланысты сұрақтар қояды. Оқушы тез жауап бермесе орындық ыстық күйіп қалады. Күйіп қалған жағдайда екінші оқушы шығады.

Оқушылар берілген сұрақтар бойынша пікірлерін еркін жеткізеді.

  • Күнделікті өмірде кездесетін қандай процесстерді программалау арқылы қызықты етіп орындауға болады?

  • Программа жазуда пайдаланушы қандай қателіктерді жиі жібереді?

Есепті шешу жолының алгоритмін табуда қандай

Қалыптастырушы бағалау

Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігі мен сұраққа жауап беру деңгейіне қарай

«Қошеметтеу» әдісі арқылы бағалайды.

Интерактивті тақта


Оқулық


Жұмыс дәптерлері




Орындық. Оқытудың белсенді әдістері

Сабақтың ортасы Мағынаны тану/ 28 мин

«Әрқашан күн сөнбесін!» ойыны

Тақтаға бұлт басқан күннің суреті ілінеді, әр бұлтта тапсырмалар берілген. Оларды орындау барысында күннің көзі ашылады.

1- тапсырма. Салыстыру*.

А және В сандарының қайсының цифрларының көбейтіндісі кіші

Мысалы

Нәтиже

121 43

121

2- тапсырма. Нөлге тең *.

К және Р сандарының арасында цифрларының ең болмағанда біреуі нөлге тең неше сан бар анықтаңдар. (1≤К≤Р≤1000)

Мысалы

Нәтиже

8 22

2


3- тапсырма Шарлар* Шарлар үшбұрыш тәрізді орналасқан болып, бірінші қатарда – 1, екінші қатарда – 2, үшінші қатарда – 3 және т.с.с

Егер N шар берілген болса осы шарлар көмегімен қанша қатар құруға болады. Кіру файлы: бірінші қатарда бір ғана N натурал саны берілген. (1<N<999).Шығу файлы : құруға болатын қатар саны тұрады.

Іnput.txt

Output.txt

15

5


4- тапсырма. Спортшы* Спортшы В күннен кейін өтетін жүгіру жарысына дайындықты 1 -күні К метр қашықтыққа жүгіруден бастады. Ол әр күні жүгіру қашықтығын М пайызға арттырып отырса, ең соңғы дайындық күні ол қандай қашықтыққа жүгіреді. Жауапты бүтін мәнге дейін жұықтап бер.

Мысалы

Нәтиже

10 1000 10

2593

Дескриптор:

  • есептің шартын анықтайды;

  • есептің алгоритмін анықтайды;

  • программа коды мен трассировкасын анықтайды

Программаны тестілейді.









3 балл






3 балл









2 балл














2 балл

Интерактивті тақта


Оқулық


Жұмыс дәптерлері


Компьютер

Сабақтың соңы

Ой толғаныс Сабақты бекіту/7мин

Кері байланыс:


Үй тапсырмасы


«Эссе» стратегиясы


«Смайликтер» әдісі.

Оқушылар тарау бойынша алған білімдері туралы эссе жазады.


Оқушылар сабақтан алған әсерлерін смайликтерді көрсету арқылы білдіреді


5-тапсырма. Сағатың соғуы. (136-бет)

Өздерін-өзі бағалайды

А4 парағы Смайликтер



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
12.00.2024
377
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі