Материалдар / ҚМЖ 6 сынып Сымсыз желілер
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ҚМЖ 6 сынып Сымсыз желілер

Материал туралы қысқаша түсінік
6 сынып оқушыларына арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Қаңтар 2021
537
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Зайсан ауданы әкімдігінің

«Абай атындағы орта мектебі» КММ





Авторы: Нұржанқызы Райана 5 «б» сыныбы



Жұмыстың атауы:«Ұялы телефондағы ойындардың балаларға тигізетін кері әсері»



Жұмыстың бағыты: информатика



Секциясы: физика, техника







Жетекшісі: Шаймарданова Аңсаған Серікқызы

информатика пәнінің мұғалімі





















Зайсан қаласы

2020-2021 оқу жылы





Мазмұны:

І.Кіріспе

ІІ.Негізгі бөлім

2.1 Фри Фаер ойыны

2.2 Майнкрафт ойыны

2.3 Ұялы телефондағы ойындардың балаларға тигізетін кері әсері

ІІІ. Зерттеу бөлімі

ІҮ. Қорытынды бөлім

Ү. Қолданылған әдебиеттер тізімі






























Аңдатпа


Зерттеу жұмысында ұялы телефондағы ойындардың бала психологиясына тигізетін кері әсері қаралған. Мобильді ойындардың, ғаламтордың бала өміріне қаншалықты зиян екендігі ашып көрсетілген. Мектеп оқушыларының қалай және не үшін мобильді ойындарды қолданатыны туралы сипатталған. Бұл ғылыми жұмыс күнделікті тұрмысымыздың ажырамас бөлігіне айналып кеткен ұялы телефондағы ойындардың зияндылығы жөнінде. Ұзақ жылдар бойы мобильді ойындардың зияндылығы белгісіз болды. Осы уақыттан ғана барлық дамыған елдер мобильді телефондағы ойындардың бала ағзасына тигізетін кері әсері жөнінде дабыл қаға бастады, алайда Қазақстанда осы мәселе ғылыми тұрғыдан өз деңгейінде қарастырылған жоқ. Бұл жобаның авторы өз жас ерекшелігіне сай зиянды ойындардың себеп-салдарын тереңірек ұғуға тырысып, құрбы-құрдастары мен жастардың сауаттылығын арттыруға күш жұмсады. Осы қозғалып отырған тақырып мектеп педагогтары және оқушыларының арасында қолдау тауып, әрі қарай жалғасын табады деген ойдамыз.


Аннотация


В исследовательской работе рассматривались негативные последствия игр на мобильном телефоне, майнкрафт на детскую психологию. Было раскрыто, насколько вреден мобильный интернет для жизни ребенка. Описано, как и для чего учащиеся школы используют мобильные игры. Данная научная работа связана с вредностью игр на мобильном телефоне, которые стали неотъемлемой частью повседневной жизни. На протяжении многих лет вредность мобильных игр была неизвестна. Только с этого времени все развитые страны начали тревогу о негативном влиянии игр на мобильный телефон на организм ребенка,однако в Казахстане этот вопрос не рассматривается на должном уровне. Автор этого проекта, стремясь к более глубокому осмыслению причин и последствий вредных игр в соответствии со своим возрастом, прилагая усилия для повышения грамотности сверстников и молодежи. Мы надеемся, что данная тема будет поддержана и продолжена среди педагогов и учащихся школы.


Annotation


The research paper examined the negative effects games on mobile phones and mancraft on children's psychology. It was revealed how harmful mobile Internet is to a child's life. It describes how and why school students use mobile games. This scientific work is related to the harmfulness of mobile phone games, which have become an integral part of everyday life. For many years, the harmfulness of mobile games has been unknown. Only since that time, all developed countries have begun to worry about the negative impact of games on the mobile phone on the child's body,but in Kazakhstan this issue is not considered at the proper level. The author of this project, striving for a deeper understanding of the causes and consequences of harmful games in accordance with their age, making efforts to improve the literacy of peers and young people. We hope that this topic will be supported and continued among teachers and students of the school.















Зерттеу жұмысының өзектілігі: Пандемия уақытында, оқушыларымыздың сабаққа онлайн, қатысуына байланысты ұялы телефондарда телефон ойындарын ойнауы қазақ балаларының күннен-күнге ойынға тәуелді болуы кері әсерін тигізуде. Бұл ойындардың бала психологиясына зиян келтіретіні жөнінде ғылыми тұрғысынан зерттеу кезек күттірмейтін мәселе болғандықтан тақырыптың өзектілігі айқындалды.


Зерттеудің мақсаты: Қазақстан әлемдік қауымдастықта лайықты орын алу үшін, бүгінгі жас ұрпақтың санасына осы ойындардың зиянды екенін көрсету, оның бала ағзасына тигізетін кері әсерін насихаттау, зерттеу. Бұл ойындардан оқушылардың назарын басқа ермекке аудару.


Міндеттері:

  • Жоба бойынша презентациялық материал мен құжаттарды дайындау.

  • Ойындардың адам ағзасына келтіретін зияндылығын теориялық және практикалық тұрғыдан қарастыру.

  • Ғылыми тұрғыдан зерттеу әдістерін қолдана отырып, мәліметтер жинау.

  • Фри Фаер, Майнкрафт ойындарының келтіретін зияның оқушылар арасына түсіндіру және қауіпсіздік шараларын қолдану жөнінде сауаттылығын кеңейту.


Материалдық құндылықтар:фотосуреттер, слайд.

Зерттеудің құндылықтары: теориялық тұжырымдар, зерттеу.

Зерттеудің әдістері: бақылау, салыстыру, сауалнама, сараптау, қорытындылау.

Зерттеу ақпарат көздері: ғылыми әдебиет, мұрағат материалдары, интернет, баспасөз материалдары.

Зерттеудің орындалу мерзімі – 2020 – 2021 оқу жылы

Орындалу түріне қарай – жекелей орындалған ғылыми жоба болып табылады.

Зерттеудің кезеңдері:

  1. Дайындық кезеңі: Тақырып және оның мақсаты белгіленіп, керекті әдебиеттер, мақалалар жинақталды.

  2. Жоспар құрылып, мақсаттар қойылды.

  3. Зерттеу жұмыстары жүргізілді.

  4. Қорытынды шығарылды.

  5. Оқушылар арасында ағарту жұмыстары жүргізілді(сауалнама жүргізу).





















































І.Кіріспе

Ұялы телефон қазіргі заманда адамның ажырамас көмекшісіне айналды. Мобильді телефондар, смартфондар, қалта компьютерлері кеңседе де, одан да тыс жерлерде де, жәй өмірде де, қысылтаяң күтпеген кезеңде де қолдан түспейді. Бұрын ұялы телефон дегенді тек қана қалталы азаматтардың қолынан көретін болсақ, осы күні жас балалардың да қолынан түспейтін нәрсеге айналды. Қазақстанда ұялы байланыс 1998 жылдан бері қолданыста жүр. 15 миллион 300 мың халқы бар Қазақстанның 5 миллион 600 мың тұрғыны ұялы байланыс құралын тұтынушылар санатына кіреді. Болжамдар бойынша 2014 жылы Қазақстанда әрбір екі адамның бірі ұялы байланыс қызметін пайдаланады.[14]

Ал оның адам ағзасына тигізетін зиянды әсері туралы не білеміз? Бізден басқа елдердің талайы ұялы телефонның адам ден­саулығына зияндылығы туралы неше түрлі дабыл қағып жатыр. Балаларымыздың сағаттап ұялы телефондардағы ойындарды ойнауы, кері әсерін тигізіп жатқаның біріміз білсек, біріміз біле бермейміз. Бұл мәселе әлемдегі жүздеген ғалымның зерттеу нысанына айналғалы біраз болды.Техниканың дамуы біз үшін жаңа ғасыр беттерін ашуда. Қай салада болмасын бүгінгі техника мүмкіндігі алға қадам басуда. Оның бүгінгі білімнің сапалы болуына тигізер әсері біршама. Атап айтсақ, қарапайым қолданыста жүрген калькулятордан бастап, ноутбуктерге дейінгі қажеттілік. Заман дамыған сайын қолданысқа енген жаңа құрылғылар тілімізге түрлі терминдер қатарын енгізді. Ғалымдардың айтуы бойынша, ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. [5]Бірақ, ең өкініштісі күн санап сыныптастарымның, достарымның ұялы телефондарсыз жүре алмайтындығы мені алаңдатты. Ұялы телефон қазіргі заманда мектеп оқушыларының ажырамас көмекшісіне айналды. Бұл ғылыми жобада ұялы телефондардағы ойын түрлеріне тоқталып, өзімнің зерттеу жұмысымды жан-жақты көрсететін боламын.

ІІ.Негізгі бөлім

2.1 Фри Фаер ойыны

Ұялы телефондағы Фри Фаер ойыны барлық елде өте танымал ойындардың бірі. Ойын ережесі жылдан жылға өсіп, ойын әлеміне жаңа жанр әкелді. 2017 жылы бұл ойынды барлық елдің балалары ойнай бастады. Бұл ойынды компьютермен, планшеттермен, ұялы телефондарда ойнауға болады.Қазіргі уақытта ойын бастапқы нұсқамен салыстырғанда айтарлықтай үлкен өзгерістерге ұшырады – және олардың барлығы жақсы жағынан ғана. Яғни әр-түрлі суреттер, кейіпкерлердің қимылы, қолданатын құралдары көбейді.

Фри фаер ойыны- үлкен аралдың аумағында өтеді, оған қатысушыларды тікұшақпен жеткізеді, ал олар парашютпен жер бетіне түседі.Қан шайқасы басталмас бұрын, сіз өзіңізбен бірге барлық қажетті заттарды алып, қаруға ерекше көңіл бөліп, патрондарды ұстайсыз, қамқорлыққа алынушының өмірі осыған байланысты. Сонымен қатар, сіз өз бетінше кейіпкерді түсіру нүктесін анықтайсыз. Басты міндет-барлық қарсыластарды кез келген жолмен жою. Фри фаер тактика таңдау кезінде сізді шектемейді, ол ашық атыс болуы мүмкін, немесе жасырын жерден ату.

Яғни ойын ережесіне сәйкес алдыныздағы қарсы шыққан адамдарды өлтіресіз, атасыз, солай жеңіске жетесіз. Неғұрлым көп адамды өлтірсеніз дәреженіз өседі. Және қола, күміс, алтын, алмаз, шеберге өтесіз. Бұл ойында ойнаудың бес тәртібі бар біріншісі классика, екіншісі рейтинг, үшіншісі шайқас, төртіншісі калахари, бесіншісі алмаз.

Бұл ойынды бір мезетте достарынмен бірге ойнауға болады. Микрафонды басқанда балалар бір бірімен сөйлесіп, бірігіп ойнап, адамдарды өлтіреді.

Міне ойын шарты осындай. Күнде ұялы телефонда сағаттап отырып, адам өлтірген баланың психологиясы бұзылары айтпасақ та түсінікті. Бұл ойын - ғасыр дерті. Мектеп оқушылары бұл ойынды үнемі ойнап, сабақта бір-бірлерімен пікір алмасып отырады. Ғалымдардың зерттеуі бойынша Фри фаерді ойнаған бала, осы ойынға тәуелді болып, жан-жағындағы адамдарды ұмытады. Тіпті тамақ ішуден қалып,үлкендердің айтқаның тыңдамайды. Әр кезеңнен өткен сайын баланың ойынға деген қызығушылығы артып, сабақ оқудан қалады.



2.2 Майнкрафт ойыны

Minecraft (ағыл. mine «шахта», craft«кәсіп») - құмсалғыш жанрындағы компьютерлік ойын.Бұл ойынды Маркус Персон шығарған. [10] Ол «Notch» атымен де әлемге әйгілі. Өмір стиліндегі бұл ойын түгелдей блоктардан тұрады. Бұл ойында ландшафт, құбыжықтар, әртүрлі бұйымдар бар, ал осы заттарға түр беру үшін текстуралар қолданылады. Басында Minecraft ойыны Infiniminer ойынына плагиат болған ал ойналуы DwarfFortress ойынына ұқсатылып жасалды. MinecraftJava программасын қолдану арқылы жазылған. Minecraft бір апта бойы жасалған еді. Аз уақыт ішінде Minecraft әлемге әйгілі ойын болды.Осыдан кейін майнкрафттың өздік форумы пайда болды.Ойын көптеген уақыт аралығында альфа және бета тестілеу кездерінде болды. Ал 2011 жылдың 17 қарашасында ресми нұсқасы шықты. Minecraft ойынын WindowsLinux, OS X, Fire OS Android, iOSWindowsPhonePlayStation 3PlayStationVita, PlayStation 4, Xbox 360,Xbox One, және Raspberry Pi платформаларына да ойнауға болады. Құбыжықтар 5 түрге бөлінеді:достық, бейтарап, дұшпан, өзіне бағындырылған және жасалған. [13]Майнкрафт ойынында дұшпан құбыжықтар ойыншыға жақын пайда болады, ал дос құбыжықтар сіз пайда болған әлемге байланысты пайда болады және оларды ойыншы көбейте алады.

Minecraft — қазіргі танымал ойындардың бірі. Үлкендердің де, кішкентайлардың да сүйікті ойыны. Жалпы, компьютер ойындары тарихындағы үздік ойындардың бірі болып саналады. 2015 жылдың жазына дейінгі есеп бойынша барлық платформалардағы сатылым саны 70 миллионнан асқан, оның 20 миллионы дербес компьютерлерге арналған, тіркелген ойыншы саны 100 миллионнан астам. Mojang компаниясының бұл өнімін 2014 жылы Microsoft 2,5 миллиард долларға сатып алған.

Minecraft-тағы мақсат — ойын ішіндегі әлемде өмір сүру, бәрін өзің тауып, қиялыңдағын әр сені құрастыру. Бұл әсіресе балалардың қиялын, фантазиясын дамытуға жақсы. Шығармашылыққа, шешім қабылдауға, ізденімпаздыққа баулиды. 2011 жылы мектеп бағдарламаларымен айналысатын Teacher Gaming компаниясы Mojang-пен бірге Minecraft Edu атты нұсқасын шығарады. [1] Бұл нұсқа мектептерге арналған. Яғни, Minecraft ойынының мұғалімдерге арналған нұсқасы. Мұғалімдер балаларға осы ойын арқылы тапсырмалар беріп, олармен бірге ойнайды. Осылайша алдымен Финляндия мектептерінде басталған бұл жоба Еуропаның басқа елдеріне де тарай бастайды. Кей мектептерде үйірме ретінде оқытылса, кей елдерде мектеп бағдарламасына енгізіледі. 2015 жылы Солтүстік Ирландияның барлық мектептерінің оқу бағдарламасына кіргізілген. [12]Қазір балалар компьютер, планшеттен түспейтін болып кетті дейміз. Бірақ, ешқандай шара қолданылып жатқан жоқ. Қандай ойындар ойнайтындары да бақыланбайды. Балаға тыйым салғанша оған дұрыс альтернатив ұсыну керек деп ойлаймын.

"Minecraft" ойыншыларының саны рекордтық көрсеткішке жетті.

Алайда Қазақстанда бұл ойынды балалар жиі ойнауда. Мульфильмдерін көріп қана қоймай, күнделікті ойнауға әдетке айналдырған.


2.3 Ұялы телефондағы ойындардың балаларға тигізетін кері әсері

Білім мен қарулану бұл болашақ өсіп келе жатқан жас ұрпақтың міндетті парызы болса, сол білімді беру, оқушының санасына құю ұлағатты ұстаздардың міндеті. Ал, осы екі ортада шешілмей жүрген мәселенің бірі осы ұялы телефондағы ойындар. Ұстаздар қауымы оқушыларға: «Телефонды қой!, Ұстама!, Сабағыңды оқы!, «ҰБТ» — ға дайындал!»,- дейтін болса оқушылар қауымы Фри фаер мен Майнкрафт ойындарынсыз тұра алмауда.
Телефон ең алдымен байланыс яғни сөйлесу құралы. Бірақ, неге екенін білмедім, көптеген менің сыныптастарым, достарым оны ойын, уақыт өткізу құралына айналдырып жүр. Осылайша олардың алтын уақыттары осы ұялы телефонмен өтеді. Тәулігіне 24 сағат болса, олар соның 12-13 сағатын осы қалтателефондағы ойындарды ойнаумен өткізеді. Мектеп оқушыларының көбі, оны сабақ үстінде пайдаланады. Көбінесе сабақ уақытында да ойнап отырған балаларды көруге болады.

Бір алаңдататыны аз дегенде 10 жылдан бері ұялы телефон қолданған адамдарда кейбір ми қатерлі ісігінің кездесу жиілігі телефонды қолданбаған адамдарға қарағанда тым көп екені анықталып отыр. [9] Ойындарды ойнап отырғанда, ұялы телефоннан бөлініп шығатын зиянды заттар баланың әлі қалыптасып үлгермеген иммундық жүйесіне зақым келтіретіндіктен ойын баласына ұзақ уақыт телефонды ұстатып қоюға болмайды екен. Ал жақында шетелдің мықты мамандары: «Ұялы телефон ер балаларға басқа да зиянды заттарға қарағанда екі есе көп зиян келтіреді» деген тұжырымдар жасады. [11]Ата-аналар балаларына ұялы телефонды байланыс және бақылау құралы ретінде алып береді. Ал оның баларының қай бағытта пайдалануын үнемі бақылай алмайды. Мектеп әкімшілігімен мұғалімдері шаштарын ағартып білім беруде оқушыларға ұялы телефондарды сабақ үстінде пайдалануға тыйым салып, сынып жетекшілері ата-аналар жиналыстарында бұл жөнінде үнемі ескертеді. Мектепте ұялы телефон оқу құралдарының құрамдас бөлігі ретінде қарастырылмағандықтан, оны пайдалану тәртіп бұзушылық ретінде қарастырылып талаптар мен ережелерге, мектеп Жарғысына сәйкес шаралар қолданылады. Баланың сабақ кезінде ұялы телефонды пайдалануына Қазақстан Республикасының Заңдары бойынша тыйым салынбаған, сондықтан бұл жағдай әр мектептің ішкі ережесіне сәйкес, ата-аналардың келісімімен реттелуі тиіс. Осы Фрифаер, Майнкрафт ойындарын үнемі ойнаған  балаларға төмендегідей зияны бар екендігін дәлелдедім. Яғни, тапжылмай ұзақ уақыт компьютердің алдында отыру, біріншіден, баланың ой-өрісінің дамуын шектесе, екіншіден, оның мінез-құлқының өзгеруіне, логикалық ойлау қабілетінің бірте-бірте төмендеуіне әкеліп соғады, баланың, ақыл ойының дамуын тежейді. Сағаттап осы ойынды үзіліссіз ойнау баланың қан қысымын көтереді, және миопия, (көз жанарының алыстан немесе жақыннан көру қабілетінің төмендеуі) құлақтың есту қабілетін төмендетеді, баланың ұйқысы бұзылып асқа тәбеті болмайды. [8]Ал ұйқысы қанбаған баланың зейіні төмендейтіні белгілі. Сонымен қатар омыртқаға көп күш түсетіндіктен сколиоз (омыртқа буынының қисаюы) омыртқа ауруына шалдығуы мүмкін, бұған қоса электрленген сәулелер саусақ ұштарына әсер етіп , қолдың буындарына зақым келтіреді.Осылайша жалғаса берсе баланың әдеби кітаптарға, ізгілік қасиеттілік ойындарға қызығушылығы төмендеп, ұялы телефонға тәуелділікке әкеліп соғады. [4]

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!