Материалдар / ҚМЖ Алматы метросы 10-сынып ЖМБ

ҚМЖ Алматы метросы 10-сынып ЖМБ

Материал туралы қысқаша түсінік
Алматы метросы 10-сынып ЖМБ 10.2.3.1 көпшілікке арналған дәрістің құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау 10.4.3.1 белгілі бір тақырып аясында сөздерді іріктеп, түрлендіріп, талғаммен қолдана білу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қазан 2024
103
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тексерілді:

Қысқа мерзімді жоспар

Бөлім:

«Индустрияландыру: ұлттық өндіріс. Сөз мәдениеті» бөлімі

Педагогтің аты-жөні

Кумисбаева Э.Е.

Күні:

2.12.2024

Сынып: 10 «А»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Алматы метросы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

10.2.3.1 көпшілікке арналған дәрістің құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау

10.4.3.1 белгілі бір тақырып аясында сөздерді іріктеп, түрлендіріп, талғаммен қолдана білу

Сабақтың мақсаты

- көпшілікке арналған дәрістің құрылымы мен рәсімделуін, жанрлық ерекшеліктерін талдайды

-белгілі бір тақырып аясында сөздерді іріктеп, түрлендіріп, талғаммен қолданады

Құндылықтар

  • қоғамдағы әлеуметтік нормаларды, ережелерді білу және түсіну;

  • сенімді қарым-қатынас орнату және сыныпта жағымды ахуалды сақтай білу;

  • басқалармен жағымды қарым-қатынас орната білу және қоғамдық өмірге үлес қосу.


Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу

Үй тапсырмасын сұрау: 6-жаттығу,

Ой қозғау:

1.Алматы қаласындағы метромен жүріп көрдіңдер ме?

2.Метро бекеттерінің сәулетін қалай бағалайсыңдар?

Сабақтың тақырыбымен, оқу мақсатымен таныстыру




Оқушылар үй тапсырмаын тексертіп, берілген сұрақтарға жауап береді.




Дескриптор

-үй тапсырмасын тексертеді

-сұрақтарға жауап береді

10-сынып қазақ тілі

Сабақтың ортасы

Сыныппен жұмыс

1-тапсырма. Білімлендтен алынған «Отандық автокөлік өндірісінің жай-күйі қандай?» тақырыбында берілген араласмәтін тапсырманы орындау.

Елімізде өткен жылдың қорытындысы бойынша, машина жасау саласындағы 19,2% үлес автомобиль жасау өндірісіне тиесілі екен. 2018 жылдың қорытындысына сүйенсек, өндіріс көлемі 205,9 миллиард теңгені және жалпы саны 32 298 көлік құралын құраған.

Жұппен жұмыс

2-тапсырма, 63-бет.

Мәтінді оқып, құрылымы мен рәсімделуін, жанрлық ерекшеліктерін талдау.


Алматы метросы

Тақырыбы


Тілдік ерекшелігі


Стилі



Есте сақта! Сөз дәлдігі туралы ақпарат беру


Жеке жұмыс

3-тапсырма, 64-бет.

Оқылым мәтінін 4 дәйексөзбен қорытып, «Қосжазба күнделігін» толтырады. Осы тақырып аясындағы сөздерді іріктеп, түрлендіріп, талғаммен қолданады.


Дәйексөз (цитата)

Түсіндірме (комментарий)




Жеке жұмыс

5-тапсырма, 65-бет.

«Артық болмас білгенің» мәтінін азат жолдарға бөліп, логикалық

және стильдік түзетулер енгізіп, редакциялаңдар.


Оқушылар білімлендтен алынған тапсырманы мұғаліммен біріге отырып орындайды.


















Оқушылар мәтінді оқып, құрылымы мен рәсімделуін, жанрлық ерекшеліктерін талдайды







Оқушылар сөз дәлдігі туралы ақпаратпен танысады.

Оқылым мәтінін 4 дәйексөзбен қорытып, «Қосжазба күнделігін» толтырады. Осы тақырып аясындағы сөздерді іріктеп, түрлендіріп, талғаммен қолданады.







Оқушылар «Артық болмас білгенің» мәтінін азат жолдарға бөліп, логикалық

және стильдік түзетулер енгізіп, редакциялайды.


Дескриптор

- араласмәтін тапсырманын мәтін ашады.



















Дескриптор:

- мәтінді түсінеді;

-құрылымы мен рәсімделуін ажыратады;

-жанрлық ерекшелігін талдайды;







Дескриптор:

-қос жазба күнделігін толтырады

-сөздерді іріктеп, талғаммен қолданады.








Дескриптор:

-мәтінді редакциялайды.

- азат жолдарға бөледі

-логикалық

және стильдік түзетулер енгізеді.

https://onlinemektep.org/schedule/1670457600/lesson/9cdc159d-1f7d-451f-9263-5f5d79b69d04


10-сынып қазақ тілі

Сабақтың соңы

Рефлексия

«Аяқталмаған сөйлемдер» әдісі:

Мен бүгін білдім...

Мен бүгін сезіндім...

Мен келесі сабақта білгім келеді...


Үйге тапсырма: 7-жаттығу, 65-бет.


Бүгінгі сабаққа кері байланыс береді.


Үй тапсырмасын жазып алады.

Оқушылардың тапсырмаларды орындау деңгейіне қарай ФБ бағаланады.


Қосымша ақпарат

Тілдік бағдар.

Сөз дәлдігі – әдеби тіл стильдерінің көркем әдебиет, публицистика, ғылыми, ресми стиль бәріне бірдей қажетті сапа.

Сөз дәлдігі сөйлеу тіліне де қатысты.Мысалы: Университетті қызыл дипломмен бітірді-университетті үздік бітірді.

«Дәріс» латынның «lection» – оқу сөзінен шыққан. Дәріс ежелгі Грецияда пайда болып, көне Римде және орта ғасырларда өз жалғасын тапты.

Дәрістің жанрлық ерекшеліктері:

  • дәріс пен оқытудың байланыста болуы;

  • дәрістің ғылымилығы мен ақпараттылығы (қазіргі ғылыми деңгейге сәйкестігі);

  • ұтымды, сенімді мысалдардың, дәйектердің, негіздемелердің, ғылыми дәлдемелер санының барынша көп болуы;

  • баяндаудың эмоционалды формасы, тыңдармандардың ойын белсендіру;

  • баяндалатын мәселелерді шешудің нақты құрылымы мен логикасы;

  • әдістемелік өңдеу – басты ойлар мен ережелерді, шешімдерді іріктеу;

  • түсінікті тілмен баяндау, жаңа енгізілген терминдер мен атауларды түсіндіру;

  • мүмкіндігінше аудиовизуалды дидактикалық материалдарды қолдану.

Дәрістің түрлері

Кіріспе дәріс

Шолу-қайталау дәрісі

Шолу дәрісі

Мәселелік дәріс

Дәріс мәтіннің (курстың) мақсаты мен міндетін, оқу пәндері жүйесіндегі орны мен рөлін түсіндіреді. Әрмен қарай курстың қысқаша мазмұны (аталмыш ғылым дамуының кезеңде

і, танымал ғалымдардың аттары) беріледі. Мұндай дәрістерде ғылыми мәселелер қойылады, болжамдар алдыға тартылады, ғылым дамуының болашағы мен оның тәжірибеге қосқан үлес салмағы белгіленеді.

Бөлімнің немесе курстың соңында оқылады. Дәрісте аталмыш бөлімні

немесе курстың ғылыми-ұғымдық негізін құрайтын барлық теориялық мәселелер көрініс табуы қажет.

Бұл қысқаша конспект емес, барынша жоғары деңгейде білімдерді жүйелеу болып табылады. Шолу дәрісінде сондай-ақ, дәріс материалын баяндай отырып, оқытушы студенттердің конспект жазуына назар аударуы керек. Студенттерді конспектілеу әдісіне, яғни графикалық тұрғыдан дұрыс орналастыруға және жазбаны рәсімдеуге (абзацтарды бөлу, негізгі ойлар мен тірек сөздерді бөлу, т.б.) үйрету маңызды.

Мәселелік дәріс оқытудың белсенді әдістерімен байланысты. Дайын ақпарат айтылып, түсіндірілетін ақпараттық дәріске қарағанда мәселелік дәрісте жаңа білім «ашуға» тиісті беймәлім ақпарат ретінде алға тартылады. Оқытушының міндеті – мәселелік жағдаят тудыра отырып, студенттерді мәселе

ің шешімін табуға жетелеу болып табылады. Бұл үшін жаңа теориялық материал мәселелік міндет түрінде беріледі. Мәселені оқытушымен бірлесе отырып шешу барысында студенттер жаңа қажетті білім алады.Дәрістің құрылымы

Дәріс өзінің құрылымы бойынша бір-бірінен ерекшеленуі мүмкін. Барлығы баяндалған материалдың мазмұны мен сипатына байланысты, дегенмен кез келген дәріске құрылымдық сипат тән. Ең алдымен, бұл дәріс жоспарын хабарлау. Жоспарға негізгі мәселелерінің атаулары кіреді. Өткен дәрістердің мазмұнын еске түсіру, оны жаңа материалмен байланыстыру, пәндегі, басқа ғылым жүйесіндегі орны мен маңызын анықтау пайдалы. Тақырыпты ашу барысында индуктивті әдісті, сондай-ақ дедукция әдісін қолдануға болады. Дәріс соңында тыңдалған мәселелер бойынша қорытынды шығарып отырған дұрыс.

Дәрістің құрылымы негізінен төмендегідей бөліктерден тұрады:

Кіріспе

өтілетін тақырып, оның жоспары, қосымша ақпарат алатын әдебиеттер анықталады.

Мәселелік дәріс

ғылыми мазмұны мен негізгі мәселелері түсіндіріліп, дәлелдеулер жүйесі кел

Қорытындыіріледі.


негізгі түйінін ұғындырады;

қойылған сауал тұжырымдалады;

шағын қортындылау жасап, қойылған сауалдарға жауап беріледі.


Дәрістің мазмұны

  • Идеялық бағыты

  • Ғылымилығы

  • Теория мен практиканың ұштасуы

  • Дәлелдену

  • Өмірмен байланысы

  • Мысалдар айқындығы

  • Дәрістің құрылымы \ баяндау жүйелілігі

  • Негізгі сәттерді атап көрсетуі

  • Уақытты пайдалануы

  • Дәрісті түйіндеуі, негізгі сәттерді атап өтуі, қайталауы, жинақтауы


Дәрістің рәсімделуі

Дәріс оқушының аты-жөні:______

Күні мен уақыты:______________

Дәріс мәтіні: ___________________

Пән атауы:____________________

Дәрістің тақырыбы: _____________

Әдебиеттер тізімі: ______________


















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ