Материалдар / ҚМЖ Электрсыйымдылығы. Конденсаторлар. Конденсаторларды жалғау. 10 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ҚМЖ Электрсыйымдылығы. Конденсаторлар. Конденсаторларды жалғау. 10 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
10.3.1.8. – конденсатор сыйымдылығының оның параметрлеріне тәуелділігін зерттеу; 10.3.1.9. – конденсаторларды тізбектей және параллель жалғау формулаларын есеп шығаруда қолдану
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қырқүйек 2022
1457
7 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Шымкент қаласы Қаратау ауданы №103 жалпы орта білім беретін мектебі

Физика пәні мұғалімі Бекбосынова Бахыт Нурмахановна



Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Электростатика

Мектеп: №103 жоббм

Мерзімі:


Мұғалімнің аты-жөні:

Бекбосынова Бахыт Нурмахановна

Сынып: 10

Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Электрсыйымдылығы. Конденсаторлар. Конденсаторларды жалғау.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.3.1.8. – конденсатор сыйымдылығының оның параметрлеріне тәуелділігін зерттеу;

10.3.1.9. – конденсаторларды тізбектей және параллель жалғау формулаларын есеп шығаруда қолдану

Сабақтың мақсаты

1.Конденсатор сыйымдылығының оның параметрлеріне тәуелділігін зерттеу, конденсаторларды тізбектей және параллель жалғау формулаларын есеп шығаруда қолдану.

2. Конденсатордың өмірде қолданылуына мысалдар келтіру. Оның түрлері мен қолданылуы туралы түсіндіру. Есеп шығаруда конденсатор электрсыйымдылығын және конденсаторларды тізбектей және параллель жалғау формулаларын түрлендіру.

3. Конденсатор сыйымдылығының оның параметрлеріне тәуелділігін зерттей отырып, деңгейлік есептерді шығару

Бағалау критерийі

1.Конденсатор сыйымдылығының оның параметрлеріне тәуелділігін зерттейді, конденсаторларды тізбектей және параллель жалғау формулаларын есеп шығаруда қолдана алады.

2. Конденсатордың өмірде қолданылуына мысалдар келтіреді. Оның түрлері мен қолданылуы туралы түсіндіре алады. Есеп шығаруда конденсатор электрсыйымдылығын және конденсаторларды тізбектей және параллель жалғау формулаларын түрлендіре алады

3. Конденсатор сыйымдылығының оның параметрлеріне тәуелділігін зерттей отырып, деңгейлік есептерді шығару

Тілдік мақсаттар


Пәнге тән лексика мен терминология:

Электрсыйымдылық, фарад, электр өрісінің кернеулігі, потенциалдар айырымы, жазық конденсатор

Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер:

Конденсатор – жұқа диэлектрик қабатымен бөлінген екі өткізгіштен тұратын жүйе.

Жазық конденсатор - егер өткізгіштер жазық болса және параллель орналасса онда конденсатор жазық деп аталады.

Құндылықтарға баулу


"Мәңгілік ел" ұлттық идеясы.

4. Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу. Ынтымақтастық – топтық, жұптық, жеке жұмыстарды іске асыруда азаматтық жауапкершілікті жүзеге асыру

Пәнаралық байланыс

Математика, химия

Алдыңғы білім


8-сынып. Электр өрісінің потенциалы және потенциалдар айырымы, конденсатор


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы


Ұйымдастыру бөлімі:

- Оқушылармен сәлемдесу;

- Оқушыларды түгелдеу;

- Оқушыларды шаттық шеңберге «Шаттық шеңбері» әдісі арқылы тұрғызып, бір-біріне тілек айта отырып сыныпта психологиялық ахуал орнату

Оқушыларды суреттер арқылы 3 топқа біріктірдім.

Мақсаты: сыныпта сенімділік қарым-қатынас, жағымды ынтымақтастық атмосферасын орнату

Топтарға біріктіру: формулалар арқылы топтарға бірігеді.


Үй тапсырманы тексеру «Ойлан тап» әдісі

Мақсаты: оқушылардың сыни ойлау мен жылдам сұраққа жауап беруге айтылым дағдысын қалыптастыру.

Саралау диалог және қолдау көрсету

Тапсырма:

  1. Электр сыйымдылығы дегеніміз не?

  2. Зарядтың өлшем бірлігі?

  3. Электриктерге қандай заттар жатады?

  4. Диэликтрик заттарды ата.

  5. Қандай диэлектрикті полярлы деп атайды?

Қалыптастырушы бағалау

Дескриптор:

- Электр сыйымдылығы туралы түсіндіреді

-Заттарды электр өтімділігіне байланысты ажырата алады

-Сыйымдылық, заряд ұғымдарын анықтайды

-Заттарды электрик немесе диэлектрик екенін ажыраталады

- диэлектриктердегі поляризация құбылысын түсіндіреді;


Сабақтың мақсатын анықтау

10.3.1.8. – конденсатор сыйымдылығының оның параметрлеріне тәуелділігін зерттеу;

10.3.1.9. – конденсаторларды тізбектей және параллель жалғау формулаларын есеп шығаруда қолдану

Оқулық, оқу құралдары

Формулалар жазылған кеспе қағаздар





































Интербелсенді тақта, слайд

Сабақтың ортасы


Тақырыпты түсіндіру

К онденсатор деп калындығы өткізгіштердің өлшемдерімен салыстырғанда өте аз, диэлектрик қабатымен бөлінген өткізгіштен тұратын денелердің жүйесі. Электр сыйымдылық - конденсатордың басты сипаттамасы.
































I. Жаңа материалды зерттеу. Ақпаратпен жұмыс.

Ойлау деңгейі - білу және түсіну, қолдану

Белсенді оқу әдісі «Эйлер шеңбері». Әр топ бөлінген бөлімдерді оқулықтан оқып меңгеріп қажетті мағұлматты постерге түртіп алады. Постер арқылы келесі топқа жаңа сабақты түсіндіреді.

Мақсаты Оқушылар алған білімдерін жинақтап, ең маңыздыларын ұсына алады, бірлікте жұмыс жасауға, тақырыпты ортаға салып талқылауға.

Жұмыс формасы - жеке, жұптық, топтық.

Дағдыларын дамыту – оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым.

Саралау дереккөздер, диалог және қолдау көрсету

Бағалауды ұйымдастыру формасы: топ топты бағалайды


Тапсырма №1

Оқулықпен жұмыс.

1 топ – Оқшауланған өткізгіштердің электрсыйымдылығы.

2 топ – Конденсатор. Конденсатор түрлері.

3 топ – Конденсаторларды параллель жалғау. Конденсаторларды тізбектей жалғау.

Есеп шығару

1 топ Оқшауланған өткізгішті 100 В потенциалға дейін зарядтап, 1 нКл электр зарядын берген. Өткізгіштің электрсыйымдылығын анықтаңдар?

2 топ Конденсаторды 1,4 кВ кернеуге дейін зарядтағанда ол 28 нКл заряд алатын болса, конденсатордың сыйымдылығы қандай болмақ?

3 топ Сыйымдылығы 3 мкФ конденсаторға 440 мкКл заряд беру үшін қандай кернеу қажет?


Қалыптастырушы бағалау

Бағалау критерийі

Дескриптор

Балл

1.Конденсатор сыйымдылығының оның параметрлеріне тәуелділігін зерттейді, конденсаторларды тізбектей және параллель жалғау формулаларын есеп шығаруда қолдана алады.


-конденсатор сыйымдылығының қандай шамаларға тәуелді екенін айтады

-сыйымдылық формуласын жазады;

-конденсаторлардың жалғану түрлерін ажыратады;

- тізбектей және параллель жалғау формулаларын тұжырымдайды

1-10


Кері байланыс:

нені білдім, нені үйрендім?

нені толық түсінбедім ?

Кері байланыс арқылы оқушылардан түсінбегенін мұғалім анықтайды.


Жаңа материалды меңгеру.

Ойлау деңгейі - түсіну, қолдану.

Белсенді оқу әдісі - «Сәйкестігін анықта»

Мақсаты: Оқушыны алған білімін саралай білуге дағдыландыру және қабілеттерін, қызығушылықтарын анықтау, идеялар мен ақпараттардың арасындағы байланыстарды жинақтау, тұжырымдау.

Жұмыс формасы - жеке.

Дағдыларын дамыту – тындалым, айтылым.

Саралау қарқын.

Бағалауды ұйымдастыру формасы: өзара бағалау

Тапсырма №2


Оқшауланған өткізгіштің электрсыйымдылығы

q=q1=q2=…=qn

Пластиналар арасындағы өріс кернеулігі

C=ε ε0S/d

Жазық конденсатор сыйымдылығы

U=U1+U2+…+Un

Конденсаторларды параллель жалғағандағы потенциалдар айырымы

С=q/φ

Конд.параллель жалғ.зарядтар шамасы

U=U1= U2=…=Un

Кон.параллель жалғ.сыйымдылық

E=q/ ε ε0S

Конденсаторларды тізбектей жалғағандағы потенциалдар айырымы

C=C1+ C2+…+Cn

Конд.тізбектей жалғ.зарядтар шамасы

1/C=1/C1+1/C2+ …+1/Cn

Кон.тізбектей жалғ.сыйымдылық

q=q1+q2+…+qn

Екі пластинадан тұратын конденсатордың элект

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!