Материалдар / қмж Компьютерлік желілер және оның жіктелуі 7 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

қмж Компьютерлік желілер және оның жіктелуі 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал ұстаздарға керек. Өз сабақтарында тәжірибелерін алмастыру үшін және оқушылармен жұмыс жасағанда ,ашық сабақта пайдалануға болады. Компьютерлік желілердің топологиясының ерекшкліктерін сипаттайды. компьютерлік желіге қосудың әртүрлі әдістерін түсіндіреді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Мамыр 2019
6001
13 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұзақ мерзімді жоспардың тарау:

7.1.В Желі және қауіпсіздік

Мектеп: №173

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Жусупбекова Кумискул

Сынып: 7

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Компьютерлік желілер және оның жіктелуі


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.1.3.1-компьютерлік желілерді топтастыру

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:

компьютерлік желілерді топтастырады

Оқушылардың басым бөлігі: Компьютерлік желі топологиясының ерекшеліктерін сипаттап топтастырады.

Кейбір оқушылар:

компьютерлерді желіге қосудың түрлі тәсілдерін біледі және схемасын сызады

Бағалау критерийі

Компьютерлік желілердің анықтамасын сипаттайды.

Желілік топология түрлерін анықтайды

Тілдік мақсаттар


Термин сөздерді пайдаланып компьютерлік желі түрлерін, ерекшеліктерін және олардың атқаратын қызметін сипаттап айтады.

Пәнге қатысты лексика мен терминдер

Компьютерлік желі, кабельдік арна, топология, Wi-Fi (Wireless Fidelity ), протокол, сымсыз желі, Web – сервер

Диалогтермен жазу үшін қолданылатын тіркестер

Компьютерлер арасында мәлімет алмасу үшін ... пайдаланған ақылға қонымды.

Деректерді тарату ортасына қарай ..................және ............ деп бөлінеді.

Желілерді топтастыру біз үшін .............................қажет.

Телекоммуникация-ғаламдық желі бойынша ...............процесі.

Құндылықтарға баулу




Достық қарым-қатынас жасауға (топтық, жұптық жұмыс жасауда), жауапкершілік, өмір бойы оқуға дайын болуға баулу.

Пәнаралық байланыс

Қазақ әдебиеті 5-сынып «Жұмбақтар» (жаңа тақырыпты ашуда)

Физика және астрономия 7-сынып «Физика және техника» (жаңа тақырыпты түсіндіргенде)

Тақырып бойынша алдыңғы білім


Компьютер құрылғыларының бір орталықтан басқарылуы, сервер, компьютерлік желі (5-сынып информатика)


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі:









Үй тапсырмасын сұрау.


















Тақырыпты ашу







Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу

Ынтымақтастық атмосферасын құру «Шаттық шеңбері» арқылы оқушыларға жақсы лебіздер айту.



«Мозаика» әдісі бойынша оқушыларды сурет қиындылары арқылы үш топқа бөлу

  1. топ «Сақина»тобы

  2. топ «Жұлдыз»

  3. топ «Шина»



«Өрмекші торы» әдісі арқылы үй тапсырмасын тексеру. Оқушылар шеңбер құрып тұрады, бір-біріне өткен «Файлды форматтау» тақырыбы бойынша сұрақтар қоя отырып, жіпті лақтырады.

1.Архивтеу деген не?

2.Фонограф бағдарламасы дегеніміз не?

3.Дыбыстық файлды қалай жасаймыз?

4.Дыбыстық файлды құжатқа енгізу жолы.

5.Компакт –дискідегі бағдарламаны орнату жолы.

6.Бағдарламаны орнату файлдары

7.Архивтелген файлға мысал келтір

8.Евгений Рошаль қандай программаның авторы?



Бағалау: «Кімнің сұрағы ұнады?», «Кімнің жауабы ұнады?» деген сұрақтар арқылы «мадақтау»әдісімен өзара бағалау жүреді.



Жаңа сабақтың тақырыбын ашу үшін «Ой толғау» әдісі бойынша оқушыларға жетелеу сұрақтарын қоямын:

 1.Қолымыздағы жіп қалай байланысқан?

 2. Бұл пайда болған өрмек не нәрсеге ұқсайды?

 3. Біздің бүгінгі сабағымызға қандай байланысы бар деп ойлайсыңдар ?

 4. Сыныптағы компьютерлер бірі-бірімен байланысып тұр ма?

5. Басқа бөлмеде немесе басқа ғимаратта орналасқан компьютермен қалай байланыс орнатуға болады?

7.Желі ұғымын қалай түсінеміз?

8.Желінің қандай түрлерін білеміз?

Сабақ тақырыбы және сабақ соңында оқушыларға қандай нәтижеге қол жеткізетіндеріне пайымдау жасатып, жаңа сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстырамын.




Сурет қиындылары

Түстер бойынша


























Сабақтың ортасы












Топтық жұмыс:









































Жұптық жұмыс


Жаңа сабақты «Компьютерлік желілер» тақырыбындағы бейнеролик көрсетуден бастаймын. Оқушыларға «Миға шабуыл» әдісімен бейнеақпаратқа байланысты сұрақтар қоямын:

  1. Бейнероликтен не көрдік?

  2. Көргендерімізді информатика сабағында қолданып жүрміз бе?

  3. Компьютерлік желі туралы қандай мағлұматтар алдық?

  • Физика және астрономия пәнінде «Физика және техника» тақырыбындағы спутниктік байланыс жайлы білімдерін еске түсіремін.



«Бұл не?» әдісі арқылы топтық жұмыс жасатамын.

Алдын ала дайындалған 3 конверт 3 топқа таратылып беріледі. Барлық конверт ішінде қағаздан жасалған 5 компьютер және жіп беріледі. Үшінші топ конвертіне қосымша комутатор суреті салынған.

Конверт сыртына келесі жұмбақтар беріледі, жұмбақтың жауабы топтың атауы болады

1-топқа:

«Аналық тақшаның бөліктері арасында ақпарат тасымалдайдытын құрамдас бөлігі»

«ШИНА»

2-топқа:

«Әшекей бұйым болып табылады,

Арудың саусағына салынады»

«САҚИНА»

3-топқа:

«Көп моншақ үй үстінде қойдым шашып

Қарасам толып жатыр көзін ашып

Үйіме сәулеленіп түссе жарық

Кетеді әлгі моншақ бәрі қашып»

«ЖҰЛДЫЗ»


1/ Оқушылар берілген жұмбақты шешіп топ атын анықтауы керек.

2/ Сосын конвертті ашып ішіндегі заттарды көріп, оқулықтан іздене отырып, топ атына сәйкес топология моделін жасаулары керек.

3/ Және әр топ осы топология түріне байланысты мәліметті оқулықтан, қосымша ақпараттық ресурстардан ізденіп тұжырымдар жасап парақшаға жазады.

4/ «Автобус аялдамасы» әдісі арқылы топтар арасында жазылған ресурстарын сағат тілі бойынша айналдырып отырады.



Бағалау: Топтар бірін – бірі «Бутерброд» әдісі арқылы өзара бағалайды.



Оқушыларды жұптарға бөлемін. Оқушылар бос сызбаның ішіне желілер топологиясын толтырып, жұп болып жұмыс жасап оқушылар арасында сөздік қарым-қатынасы орнайды.

1-жұпқа: Оқушылар бос сызбаның ішіне желілер жайлы схеманы толтырыңыз

2-жұпқа: Ақпараттық диктантты толтырыңыздар

................-бұл бір – бірімен әр түрлі ресурстарды ортақ пайдалану үшін біріктірілген компьютерлер тобы. Компьютерлік желінің ................ бар:

..............-бір бөлменің немесе ғимараттың аумағында біріктірілген компьютерлер тобы;

.................. - қала, облыс, ел шегінде біріктірілген ................. тобы;

...................- бүкіл дүние жүзімен байланыс орнатуға болатын желі.

Компьютерлер бір-бірімен .......................арқылы байланысады.

Барлық компьютерлерден ..........................................қағаз басуға жіберіледі.


Бағалау: Жұптық жұмысты оқушылар бірін – бір «бағдаршам» арқылы бағалатамын.

Жеке компьютердегі жұмыс

  • К омпьютердің жұмыс үстеліндегі «Сеть» жарлығы арқылы осы компьютерлік сыныпта қанша компьютер барын анықта

  • компьютерлік сыныптағы компьютерлердің желіге қосудың түрлі тәсілдерін ойластырып, схемасын мәтіндік редакторда сыз.



Бағалау: түрлі-түсті стикерлер беру арқылы бағалаймын



Қосымша тапсырма:

Тапсырманы жылдам қарқынмен орындайтын оқушыларға:

Шағын зерттеу жаса. Әуежайда, ірі супермаркеттерде, үйде және сыныпта қандай желілер топологиясы қолданылатынын ойлан, интернет желісінен ақпаратар ізде.





https://youtu.be/2qlsT2Uop0w

























Қосымша ақпарат ресурстарды таратамын

стикер





























Қосымша ақпарат ресурстарды таратамын























Сабақтың соңы

5 мин













1 мин

Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары

Ойлау дағдыларының деңгейі: Білу және түсіну

Бағалау критерийі:

Білім алушы

  • Компьютерлік желілерді анықтайды

  • Компьютерлік желілердің қызметін сипаттайды


Тапсырма 1.

Қалып кеткен сөздерді жазыңыз. _______________желі — үлкен территорияны қамтитын және өзіне_____________ компьютерлер санын қоса алатын ___________________желі.

ҚАЛЫП КЕТКЕН СӨЗДЕР:

Компьютерлік, жергілікті, үй іші, спутниктік, ауқымды, кішкентай, үлкен, үлкен емес, кейбір






Дескрипторлар:

Білім алушы - компьютерлік желілер түрлерін сипаттайтын қалып кеткен сөздерді орнына қояды.


Тапсырма 2.

Компьютерлік желілердің түрлерін анықтаңыз және сипаттаңыз.

Дескрипторлар:

Білім алушы

- компьютерлік желілер түрлерінің атауын көрсетеді;

- компьютерлік желілер түрлерінің қызметін сипаттайды.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!