Материалдар / ҚМЖ өзін-өзі тану
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ҚМЖ өзін-өзі тану

Материал туралы қысқаша түсінік
Ақиқат- ар -ұжданның айнасы. Халық мақалы «Ұят-жасаған әрекетіңнің жөнсіздігін түсінушілік. Намысқа кір келтірушілік, моральдық рухтың асқақтығын қорлау – масқара болушылық. Бізде «ар» сөзіне ғылыми тұрғыдан қандай анықтама беріледі? «Шәкәрім» энциклопедиясында А.Тоқсамбаева: «Ар-адамгершілік сана, этика-философиялық категория. Адамгершілік (адамшылық, адамдық) қазақ халқында адам бойындағы жақсы қасиеттердің жиынтық мағынасын білдіретін ұғым-өлшем болса, Ар оның шығу тегі, бұлақ бастауы. Арды адам бойындағы жақсы қисиеттердің өлшемі, адамгершілік санасы деуге негіз бар», - дейді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Ақпан 2022
569
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Өзін-өзі тану бойынша сабақ жоспары


Бөлім:

Таным қуанышы

Педагогтің аты-жөні


Күні:


Сынып: 9

Қатысушылардың саны:

Қатыспағандардың саны:0

1 сабақтың тақырыбы

Өмір жолын таңдау

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

  • өзінің өмірі мен денсаулығын құндылық ретінде сезінеді, салауатты өмір салты туралы білімді практикада пайдаланады, өмірден зиянды әдеттерді жоюға ұмтылады;


Құндылығы:

Ақиқат

Қасиеттер:

Шыншылық, өз – өзіне адал болу, ойдың, сөздің және істің бірлігі

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға дұрыс өмір жолын таңдауға бағыттай отырып, ақиқат құндылығының мәнін ашу


Сабақтың міндеттері:

  1. Білімділік

  2. Дамытушылық

  3. Тәрбиелік

Оқушыларға адам баласы өз – өзіне адал болу керек екендігін үйрету

Оқушылардың бойындағы шыншылдық қасиеттерін дамыту

Оқушыларды ойдың, сөздің және істің бірлігінде өмір суруге тәрбиелеу


Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі/ Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі












1.Жағымды көңіл-күй



Оқушылармен амандасу, түгендеу.

5 Т – ережесі:

1. Тәртіп

2. Талап.

3. Тыныштық.

4.Тазалық.

5. Татулық.
Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.


«Нұрға бөлену»


Оқушылар сабаққа дайындығын көрсетеді.

5-Т ережесін қайталайды









Оқушылар жандары жадырап, жағмды күйге келеді.















Баяу музыка қойылады.

2. Алдыңғы үй тапсырмасын тексеру (әңгіме)



Оқушылар сұрақтарға жауап береді


3. Жағымды ой-пікір (дәйексөз) әңгіме


2. Сабақтың дәйексөзі.

(Оқушыларға үш рет айтқызып, дәптерге жаздырту)

Іздесең – табасың, алыссаң – аласың.

М.Әуезов

Мұхтар Омарханұлы Әуезов – қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан ғылым академиясыныңакадемигі (1946), филология ғылымдарының докторы, профессор (1946), Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1957).

Сұрақтар:

  1. Ерік-күші мықты адам дегенді қалай түсінесіңдер?

  2. Алға қойған мақсатқа жету үшін не істеу керек?

  3. Саналы әрекет дегенді қалай түсіндірер едіңдер?

  4. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?

Оқушылар дәйексөзінің мағынасын талқылайды, оны бірнеше рет қайталайды және дәптерге жазады.


4. Оқиға айту (әңгіме)



Өмірдің мәні.

Бағзы бір заманда бір кісі өмірдің мақсатын түсінгісі келіпті. Әрі ойлайды, бері ойлайды. Бірақ санасын торлаған сауалға жауап таба алмайды. Енді бұл сұрақты көрген-білген адамдарынан сұрай бастапты. Бірақ ешкім де тұщымды жауап бере алмайды. Ауылдарды, көрші қалаларды аралап: «Маған бұл өмірдің мақсатын айтып беріңдерші» деп сұрастыра береді. Қанша жақсы болса да, алынған жауаптар бұл кісіні қанағаттандыра алмайды. «Еее, мұның жауабы жоқ екен ғой» деп күдерін үзетін шаққа жетеді. Сол кезде бір адам: «Сонау таудың арғы жағында көп жасаған қария бар. Содан сұрап бір көр. Бұл

Айтқан жерге жетіп, әлгі қартқа арнайы келген сауалын тастайды.Сонда ақсақал: «Шырағым, бұл сұрағыңа жауап беремін. Бірақ алдымен сені кішігірім бір сынақтан өткізуім керек. Соған көнесің бе?» - дейді.

Ойбай-ау, әрине көнемін. Сол үшін ел кезіп, жер кезіп жүрген жоқпын ба? Айтыңыз сынағыңызды. Қария бұл кісінің қолына бір қасық ұстатады. Сөйтеді де, оның бетіне дейін шүпілдетіп зәйтүн майын құйып береді: «Енді сен осыны ұстап мына бақшаны бір айналып келесің. Бірақ байқа, қасықтан бір тамшы май төгіліп кетсе, сынақтан құлағаның» деп ескертіп қояды. Жолаушы жақсы деп келіседі де, бақшаны айналып кете барады. Біраз уақыттан соң қайтып келеді.

Қалай, майды төгіп алған жоқсың ба?

Жоқ, бір тамшысы да төгілген жоқ.

Ал енді айтшы, бақшаның гүлдері әдемі ме екен?

Атам-ау! Оны қайдан білейін, менің есіл-дертім мына қасықта болған жоқ па?

Ендеше, бақшаны тағы бір айналып шық та, енді маған бақшаның көркемдігін айтып бер.

Жолаушы бір айналып қайтып келеді.

Бақша қалай екен, -дейді қария.

Әдемі екен, ата! Өте әдемі екен.

Осы тұста данышпан қарт сәл ғана жымияды да: «Бірақ қасықтағы майың не болды?», - дейді.

Қараса, бір тамшы да май қалмапты.

Осы бір өмірлік сабақтан кейін: «Қарағым, енді жақсылап тыңдап ал! Бұл өмірдің мәні сенің оған қарауыңа байланысты өзгере береді. Өмір бойы бір-ақ нәрсе көріп, қартайып қалғаныңды да байқамауың мүмкін. Сондай-ақ бұл дүниенің барлық ғажайыптарына таң қалып, оның жаратушысының шеберлігіне таң қалып, ағып жатқан уақытыңа мән беруің мүмкін. Біле білсең, бұл өмірдің мәні сенің оған көзқарасыңа жасырылып қойған», – дейді данагөй қария.

Сұрақтар:

  1. Өмірдің мәні ақиқатты тану дегенге қалай қарайсыздар?

  2. Адамдардың қандай қасиеттері өміріңізге шуақ сыйлайды?

  3. Уақытты қалай тиімді пайдалануға болады?

  4. Адам баласы қайткенде өмірге сүйіспеншілігін арттыруға болады?

Өмір деген тұрады:таң мен кештен,

Ғұмырлы екі араны жанмен кешкен.

Құпия,жұмбақ, сырлы дүниеге,

Адамдар Армен келіп,Армен көшкен.

Өмір деген екі өзен: Мұң - қуаныш,

Толқыны: Шындық - Жалған, Күлкі - Намыс.

Бір таяздап өмірде, бір тереңдеп,

Бір лайланып, өмірде бір тұнамыз.

Күн десең де,тірлікті түн десең де,

Өмірде өсімдіктей бүрлесеңдер,

Жолында жолығатын қос тағдыр бар:

Жусан - Жантақ, гүл - Тікен,гүл мен Шеңгел.

Өмір дәмі,екі дәм: Ащы - Тәтті,

Таңдайыңа тиеді: Жұмсақ - Қатты.

Жолында жолығатын екі тағдыр,

Күтеді Адам үшін сын сағатты.

Өмір дәмі - екі дәм: улы – усыз,

Тірлік татып жатады шулы - шусыз.

Кез келіп тағдырына келеді Адам, Жұмыр

Жер құрлығында сулы - сусыз.

Қолға түспес дүние жұрт таласқан,

Кітап - Өмір парағын құнттап ашқан.

Сезінер жүрегімен,жаныменен,

Өмір әр кез ашық Күн, Бұлт та басқан.


Оқушылар оқиғаның тыңдағаннан кейін, мұғалімнің сұрақтарына жауап бере отырып, қамқорлық пен мееейірімділікке байланысты жанүя сыйластығы туралы терең ойланады.


5. Шығармашылық жұмыс




1-тапсырма. Қанатты өздердi оқып, негiзгi ойын анықтап, бүгiнгi өмiрмен байланыстырып, өз ойларыңызды ортаға салыңыздар. • Фалес: «Ең қиын іс – өзіңді-өзің тану, ең оңай іс – басқаға ақыл айту». • И. Гете: «Өзіңді қалай танып білуге болады? Тіпті де құр түйсінумен емес, тек қана іс-әрекет арқылы. Өзіңнің борышыңды орындап көрсең болды, өзіңді тани кетесің». • Абай: «Қашан бір бала ғылым-білімді махаббатпен көксерлік болса, сонда ғана оның аты адам болады». • М. Горький: «Мен армандағыш, ізденгіш, жаны тыным таппайтын кісілерді ұнатамын. Ал дегеніне жетісімен тоқтай қалған адамның мен үшін ешқандай қызығы жоқ». • Л. Фейербах: «Күшіне сенген адам ғана мақсатына жете алады». • Б. Момышұлы: «Үміт өрге тартады, үмітсіздік көрге тартады».

2-тапсырма. Кестеде берілген ұғымдарға сәйкес мағыналарын табыңыздар.

Ұғым 1. Ғалам 2. Мұрат 3. Мүдде 4. Рақым 5. Сенім 6. Талап

Анықтамалары а) Алға қойған мақсат, тілек, арман. ә) Күткен үміт, ықылас, ниет. б) Ынта, ықылас, жігер, міндет, жауапкершілік. в) Бүкіл жер жүзі, әлем. г) Қайырым, мейірім, шапағат. ғ) Белгілі бір істі, жоспарды орындау жолындағы ойлы мақсат, асқақ арман.

Оқушылар топқа бөлінеді.

Әр топ өздеріне берілген тапсырманы орындап, оны сынып алдында таныстырады.


8. Үй тапсырмасы



1. №1 – сабақ. 4 – тапсырманы орындау.

2. Келесі сабақ. №2, «Қыран қазақ» мәтінін оқып келу.


Оқушылар үй тапсырмасын күнделікке жазады.

Үй тапсырмасы экранда жазылып тұрады

7. Топпен ән айту

6. Топпен ән айту.

Арман жолдар

Сөзін жазған Арман Дүйсенбі

Әнін жазған Ұлықпан Жолдасов

Жол – жетелейді арман мен мұраттарға,

Жол – жауап жоқ алады сұрақтарға.

Сен адастырма, арманым, жол бастаған,

Үйреттің өмір сырын алғаш маған.

Сен – қиялы құсым сапарға алып ұшқан,

Сен – арман ару, жаралған сағыныштан.

Сен – жас дәуренім, жүзіндей ақ алмастың,

Мөп-мөлдір кәусарыңа қана алмаспын.

Сен – арман-қиял, жетелеп жас күнімді.

Сен – ұрлап алып кетпеші жастығымды.

Сен – қол жетпейтін тұратын сағымнансың,

Жолдарда жүріп өткен әнім қалсын.

Оқушылар мұғаліммен бірге ән шырқайды.

Экранға өлеңнің мәтіні көрсетіледі.

Үнтаспадан әуен ойнатылады

9. Сабақтың қортынды сәті

Баяу музыка қойылады.

Рахмет!

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.

Оқушылар рефлексия жасайды.

Баяу әуен қойылады





Өзін-өзі тану бойынша сабақ жоспары


Бөлім:

Таным қуанышы

Педагогтің аты-жөні


Күні:


Сынып: 9

Қатысушылардың саны:

Қатыспағандардың саны:0

2 сабақтың тақырыбы

Өмір жолын таңдау

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

  • өзінің өмірі мен денсаулығын құндылық ретінде сезінеді, салауатты өмір салты туралы білімді практикада пайдаланады, өмірден зиянды әдеттерді жоюға ұмтылады;


Құндылығы:

Ақиқат

Қасиеттер:

Шыншылық, өз – өзіне адал болу, ойдың, сөздің және істің бірлігі

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға дұрыс өмір жолын таңдауға бағыттай отырып, ақиқат құндылығының мәнін ашу


Сабақтың міндеттері:

  1. Білімділік

  2. Дамытушылық

  3. Тәрбиелік

Оқушыларға адам баласы өз – өзіне адал болу керек екендігін үйрету

Оқушылардың бойындағы шыншылдық қасиеттерін дамыту

Оқушыларды ойдың, сөздің және істің бірлігінде өмір суруге тәрбиелеу


Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі/ Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!