Ұзақмерзімді жоспардың
тарауы: Практикалық программалау
|
Мектеп: І.Кеңесбаев атындағы жалпы білім беретеін
мектебі
|
Күні: 03.05.2024ижыл
|
Мұғалімнің аты-жөні: Г.Бейсеева
|
Сынып:8Ә
|
Қатысқандар: Қатыспағандар:
|
Сабақтың тақырыбы
|
§5.5. Программаны тестілеу
|
Оқу мақсатты
|
8.3.1.1Python программалау
тілінде тапсырма модельдерін жасау
8.3.2.1 алгоритмнің трассировкасын жүзеге
асыру
|
Сабақтың мақсаты
|
Программаны тестілеу ұғымын
анықтау;
Программада жіберілетін қателіктерді
салыстыру;
Программаны тестілеудің маңыздылығын
тұжырымдау.
|
Сабақтың барысы
|
Сабақ кезеңі/Уақыты
|
Педагогтің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:
1-10
мин.
|
Сәлемдесу, оқушыларды
түгендеу
І. Қызығушылықты ояту
«Күн! Тас! Қоршау!» ойыны
Ойын
оқушылардың зейіні мен қозғалыс жылдамдығын дамытуға бағытталған.
Ойын шарты: оқушылар бірнеше топтарға бөлініп отырады. Кезек-кезек
балаларға «Күн», «Тас», «Қоршау» атты бұйрықтар беріледі. Сөздердің
айтылу ретін үнемі өзгерту қажет. Оқушылар әрбір сөзге қимылмен
жауап берулері шарт. Егер «Күн» деген сөз айтылса, олар алақандарын
ашып, саусақтарын тарбитып, қолдарын жоғары көтереді. «Тас» сөзінде
қолдарын түюлі жұдырықтарымен көтереді. «Қоршау» сөзінде
алақандарын ашып, қолдарын көтереді, бірақ саусақтары бір-біріне
тығыз жанасып тұруы керек. Ойын жылдамдығы біртіндеп жоғарылауы
қажет. Ешбір қате жібермеген топ жеңімпаз атанады.
|
Топтастыру:
|
«Тұрғындар мен үй» ойыны
Оқушылaрдың білім деңгейін ескере отырып,
«Тұрғындар мен
үй» ойынын
пайдаланып оқушылaрды тaңдaп aлу әдісімен шығaрa отырып, шыққaн
оқушылaр екеу-екеуден қолдaрын көтеріп ұстaсып, үйдің шaтырын
жaсaйды. Келесі шaқырылғaн оқушы шaтырдың aстынa кіріп тұрғын
болaды. Сәлден соң мұғaлімнің нұсқaуымен тұрғын екеу болaды. Осылaй
төрт оқушыдaн шaғын топтaр құрaлaды.
І топ: Тұрғындар
ІІ топ: Үйлер
Мақсаты: белсенді оқу, оқушының мұғалімді мұқият тыңдап
қана қоймай, белсенді жұмысқа тартылуын көздейтін оқыту мен оқу
әдістерінің бірі болғандықтан, оқу мақсаттарына қол жеткізуде
оқушылардың қажеттіліктерін, қабілет деңгейлері мен қызығушылығын
ескере отырып топтастыру жоспарланды.
Тиімділігі: топтық жұмыста – ойларын ортаға салып,
пікірлесуге; жұптық жұмыста – ақылдасып, келісімге келуге, өзгенің
пікірін тыңдап, құрметтеуге; жеке жұмыста – өзіндік пікір
қалыптастырып, сын тұрғысынан ойлануына мүмкіндік
болады.
Саралау: оқытудың қажеттілігіне қарай топ құруда
саралаудың «Жіктеу» тәсілі қолданылады.
|
Қызығушылықты
ояту
Өткен сабақты
пысықтау
Миға шабуыл
|
«Екі жақты күнделік»
әдісі
Миға шабуыл стратегиясы арқылы өткен сабақ пен
жаңа сабақты ұштастырып продлеманы топта шешу сұрақтарын
айту
|
Оқушылар дәптердің бетін (не
таратылып берген парақты) ортасынан вертикаль сызықпен бөледі.
Өткен сабақта тапсырмаларды орындағанда олар: Бөліктің оң жағына –
есепті программалау кезіндегі қатты әсер еткен тұстар, үзінділерді
жазады.
Сол
жағына әсер еткен тиімділігін қалай тексеріп сынақтан өткізуге
болады?
|
ҚБ: Оқушылар тапсырманы
орындау белсенділіктеріне қарай өзін-өзі «Күлегештер» әдісімен
бағалайды
|
Интерактивті
тақта
Оқулық
Жұмыс дәптерлері
|
Сабақтың
Ортасы
30 мин
Мағынаны тану Оқулықпен
жұмыс
Топтық жұмыс
|
Оқулықтағы
ақпаратты оқушылармен бірге талдау, Диск
материалы арқылы көрсету
«Топтастыру» әдісі
|
Оқушылар оқулықтағы
ақпаратпен
танысады. Визуалды ақпарат
алады.
Мақсаты: аудиал және визуал
оқушыларды білімге қамту.
Оқушылар топтық жұмыс
жасайды.
Программада кететін қателіктерді
топтастырыңдар
|
Смайлик арқылы ҚБ
|
Интерактивті
тақта
Оқулық
Жұмыс дәптерлері
|
Практикалық жұмыс
|
Тапсырманы орындуына көмектесу, қолдау
көрсету
|
Оқушылар практикалық жұмыс
орындайды
«Бөлгіштер»
Берілген b натурал
саны а санына қалдықсыз
бөлінсе, онда а саны
b санының бөлгіші
болады. Мысалы, 15 санының 4 бөлгіші бар: 1, 3, 5, 15. Әрбір
берілген b саны үшін оның бөлгіштер саны жұп немесе тақ сан
болатынын анықтаңдар. Берілген N (1
< N <=
105) және b саны
берілген. Әрбірберілген b (1
<=b <=
1018) үшін бөлгішінің
саны жұпсан болcа 0, бөлгішісаны тақ сан болса 1 санын шығар.
Программаның әрбір тестке жауап беру уақыты 2 секундтан
аспайды.
Дескриптор
1-тапсырма**. 0 және 1 лерден
тұратын тізбек берілген. Осы тізбектегі ең ұзын 1 лер тізбегін
табыңдар. Тестілеу кезеңдерін пайдаланып, есептің дұрыстығын
анықтайын
5 түрлі жағдайды қамтитын тест
дайындаңдар.
Дескриптор
2-тапсырма**. Деталь
дайындау Жұмысшылар 5 сағатта N деталь дайындауы
керек. Олар жұмыс бастаған алғашқы сағатта Х деталь дайындайды және
қалған деталдардың әр бірін дайындауға Т минут уақыт жібереді. X, N
и T (X ≤ N ≤ 15, T ≤ 240). Жұмысшылар
5 сағатта қанша деталь
дайындап үлгереді? Анықтаңдар. Есепке түрлі жағдайды қамтитын 5
тест дайындаңдар. Прогрммасын жазыңдар.
Дескриптор
-
Есептің шартын анықтайды;
-
Есептің алгоритмін құрады;
-
Программа коды мен
трассировкасын анықтайды;
-
Есепке тест дайындайды.
|
3 балл
4 балл
3 балл
|
Компьютер, Оқулық
|
Сабақтың соңы
Ой толғаныс Сабақты
бекіту/5мин
Кері байланыс:
Үй
тапсырмасы
|
«Жуан-
жіңішке сұрақтар» әдісі
«БББ кестесі» әдісі
|
Оқушылар тараудың мазмұны
бойынша өздері тың сұрақтар құрастырады. Бұл дегеніміз, оқудың
барлық әдістерін меңгеру болып табылады. Өйткені, оқушы алдымен
қатесіз, түсініп оқуға тырысады, қойған сұрағына өзі жауап беруге
дайын тұрады, басқа балалардың сұрақтарын мұқият тыңдап, сұрақ
құрастырудың қиын жұмыс екенін біліп, ең үздік сұрақтарға ілтипат
білдіреді.
Оқушылар сабақ туралы
бұрыннан не біледі, сабақта не білгенін, сабақ туралы келешекте не
білгісі келетінін жазады.
Үй тапсырмасы. (134-бет.)
|
Өзара бағалау
|
А4 парағы
|